Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 Қаулысы
(2014.25.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 543 Қаулысымен күшi жойылды
ҚР Үкіметінің 2014.25.04. № 398 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2014.25.04. № 398 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 1293 қаулысымен
бекітілген
Инвестициялық стратегиялық жобалардың
тізбесі
| Р/с № | Жобаның атауы |
| 1 | 2 |
| 1 | Хлор мен каучук содасын мембраналық әдіспен өндіруді ұйымдастыру |
| 2 | Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту |
| 3 | Екібастұз МАЭС-1 қайта жаңарту және кеңейту |
| 4 | Ақтау пластикалық масса зауытында жол битумдарын өндіру |
| 5 | Метталлургиялық қайта бөлу мен инфрақұрылым объектілерін қамтитын металлургиялық кешен салу |
| 6 | Атырау облысында алғашқы ықпалдастырылған газ-химия кешенін салу |
| 7 | Қазақстанда поликристалды кремний өндіретін зауыт салу |
| 8 | Мұнай мен құрғақ жүктерді аудару көлемін ұлғайту үшін Ақтау халықаралық теңіз сауда портын кеңейту |
| 9 | Балқаш ЖЭС-ін салу |
| 10 | Шымбұлақ тау шаңғысы курортын кешенді дамыту |
| 11 | Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ магистралдық газ құбырын салу |
| 12 | Астана қаласында локомотив құрастыру зауытын салу |
| 13 | Жүк вагондарын шығаруды ұйымдастыру |
| 14 | Тараз металлургиялық зауытында ферроқорытпа өндірісін кеңейту және жаңғырту |
| 15 | Мойнақ СЭС-ін салу |
| 16 | Ақшабұлақ кен орнында ГТЭС салу |
| 17 | Орал ГТЭС салу |
| 18 | Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңғырту, 2-кезең |
| 19 | Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және жаңғырту |
| 20 | Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және жаңғырту |
| 21 | Павлодар мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және жаңғырту |
| 22 | Калий тыңайтқыштарын өндіру |
| 23 | Күкірт қышқылын өндіру |
| 24 | Р65 түріндегі магистралдық рельстер шығару |
| 25 | Цифрлы телевидение жасау |
| 26 | Астана қаласында фармацевтикалық фабрика салу |
| 27 | Мемлекеттік медицина ұйымдары үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасының бірыңғай дистрибуциясы жүйесін құру |
| 28 | Астана қаласындағы локомотив құрастыру зауытында шығарылатын тепловоздармен локомотив паркін жаңарту |
| 29 | Ақмола облысының Атбасар қаласындағы «Бәйтерек-А» акционерлік қоғамы базасында электровоздар шығаруды ұйымдастыру |
| 30. | «Казхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының феррорхром өндіру жөніндегі № 4 балқыту цехын жобалау және салу |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МАЭС - мемлекеттік аудандық электр станциясы
ЖЭС - жылу электр станциясы
СЭС - су электр станциясы
ГТЭС - газ-турбиналық электр станциясы