Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 Қаулысы
(2018.02.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2010.28.07. № 757 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 663 Қаулысын қараңыз (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Үкіметінің 2010.28.07. № 757 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2010.28.07. № 757 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қоса беріліп отырған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерін және «Алтын сапа» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1059 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 449-бап) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2018.02.07. № 402 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 шілдедегі
№ 1167 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған
конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (бұдан әрі - Жарлық) сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа (бұдан әрі - конкурс) қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді.
2. Материалдарды ресімдеу және ұсыну тәртібі
3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін конкурсқа қатысушылар өңірлік кәсіпкерлер палаталарына www.altynsapa.kz сайтында электрондық нысанда және (немесе) қағаз нысанда 1 шілдеге дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді және мыналарды:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама-декларацияны;
2) конкурсқа қатысушының өз қызметінің және сапа саласындағы нақты нәтижелерінің деңгейін өзіндік бағалауды білдіретін А4 пішіміндегі 38 парақтан аспайтын есебін;
3) есепке қосымшаны (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшірмелері) - А4 пішіміндегі 30 парақтан аспайды;
4) конкурсты ұйымдастырушы белгілеген нысан бойынша өлшемшарттар көрсеткіштері негізінде толтырылған конкурсқа қатысушының сапа саласындағы қызметін өзін-өзі бағалау бойынша сауалнаманы;
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
6) менеджмент жүйелеріне арналған сертификаттардың көшірмесін қамтитын құжаттар жиынтығын тапсырады.
4. Конкурсқа қатысушының есебі мыналардан тұруға тиіс:
1) конкурсқа қатысушы қызметіне қысқаша шолу;
2) Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының моделіне сәйкес белгіленген өзіндік бағалау өлшемшарттарының сипаты.
5. Көлемі А4 пішіміндегі 6 парақтан аспайтын қысқаша шолуда мыналар қамтылуға тиіс:
1) конкурсқа қатысушының тарихы;
2) өнімнің (қызметтердің) негізгі түрлерінің сипаты;
3) ұйымдық құрылымы;
4) өнімнің (қызметтердің) сапасына қойылатын негізгі талаптар;
5) өнімді өткізетін негізгі нарықтар немесе көрсетілген қызметтер туралы ақпарат (өңірлік, республикалық, халықаралық);
6) өнімді (қызметтерді) негізгі тұтынушылардың сипаттамасы;
7) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат;
8) конкурсқа қатысушының маңыздылығын білдіретін өзге ақпарат.
6. Конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысуға өтінім берген сәттен бастап конкурсты ұйымдастырушы, конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылған конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы) және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының шешімімен құрылған сараптамалық топтар (бұдан әрі -сараптамалық топтар) конкурс материалдарында қамтылған ақпаратқа қатысты толық құпиялылықты қамтамасыз етеді.
Өңірлер мен номинациялар бөлінісіндегі қатысушылар тізімі конкурстың ресми сайтында қолжетімді болады. Толық емес құжаттар жиынтығымен өтінім берген кәсіпкерлік субъектілері конкурсқа қатысушылардың тізіміне енгізілмейді.
7. Конкурсқа қатысушының мүмкіндіктері мен қызметінің нәтижелерін сипаттайтын өлшемшарттарды (бұдан әрі - өлшемшарттар) конкурсты ұйымдастырушы айқындайды.
3. Материалдарды алдын ала бағалау тәртібі
8. Ұсынылған материалдарға алдын ала бағалау жүргізу:
1) конкурсқа қатысушылардың материалдарына және қызметіне жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізуді;
2) конкурс ұйымдастырушысы сараптамалық тобының конкурсқа қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалауын және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындауын қамтиды.
Конкурсқа қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалауды сараптамалық топтар және конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы жүзеге асырады.
9. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметіне жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізу үшін конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері арасынан сараптамалық топтар құрылады.
Сараптамалық топтардың жергілікті жерлердегі сандық құрамы 3 (үш) адамнан кем болмауға тиіс.
10. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметін жергілікті жерлерде алдын ала бағалауды сараптамалық топтар конкурсты ұйымдастырушы бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметін жергілікті жерлерде алдын ала бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық топтар өңірлерде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сараптамалық қорытындыны жасайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес балл түрінде баға қояды.
11. Сараптамалық топтар жергілікті жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiне алдын ала бағалау жүргiзгеннен кейiн құжаттар жиынтығы мен сараптамалық қорытынды 15 тамызға дейінгі мерзiмде конкурсты ұйымдастырушыға жiберіледi.
12. Конкурсқа қатысушылардың материалдарына алдын ала бағалау жүргізу және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындау үшін республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы, мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы құрылады.
Конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобының сандық құрамы 9 (тоғыз) адамнан кем болмауға тиіс.
13. Конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы конкурсқа қатысушылардың материалдарын, сараптамалық топтардың сараптамалық қорытындыларын қарайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес балл түрінде алдын ала бағаларды қояды.
Қазақстан Республикасы
Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау қағидаларына
1-қосымша
Тіркеу нөмірі__________
Конкурсты ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысуға
өтінім
1. Өтінім беруші
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы ________________________________
Мекенжайы ______________________________________________________
Ресми сайт _______________________________________________________
Жұмыс істеу кезеңі ________________________________________________
2.Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің басшысы____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________________
Лауазымы ________________________________________________________
Мекенжайы ______________________________________________________
Қызметтік/ұялы телефоны, факс, e-mail ________________________________
3. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің сипаттамасы
Жұмыскерлердің жалпы саны ________________________________________
Филиалдар саны (болған кезде) _______________________________________
Қосымша:
Құжаттар жиынтығы.
Басшының қолы
______ жылғы «__»___________
МО
* Электрондық нысанда тапсырылған кезде өтінім электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылады.
** Өтінімге осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қағаз және/немесе электрондық нысанда (сканерленген) конкурстық құжаттар қоса беріледі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау қағидаларына
2-қосымша
Тіркеу нөмірі ____________________
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушының
сауалнама-декларациясы
Номинациясы ______________________________________________________________
Санаты ___________________________________________________________________
Өңір _____________________________________________________________________
1. Конкурсант
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы ________________________________________
Заңды мекенжайы __________________________________________________________
Нақты мекенжайы __________________________________________________________
Ресми сайты_______________________________________________________________
2. Басшы
Тегі, аты, әкесінің аты_______________________________________________________
Лауазымы________________________________________________________________
Пошталық мекенжайы ______________________________________________________
Қызметтік телефоны (оның ішінде ұялы телефоны) ______________________________
e-mail: __________________________________________________________________
3. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы туралы мәліметтер
Кәсіпорынның құрылған күні _______________________________________________
Жұмыскерлердің жалпы саны _______________________________________________
Филиалдар саны (болған кезде) ______________________________________________
Негізгі қызмет түрлері _____________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)
аса маңызды түрлерінің үш атауы, СЭҚ ТН коды ________________________________
4. Уәкілетті және конкурсқа жауапты адам
Тегі, аты, әкесінің аты______________________________________________________
Лауазымы_______________________________________________________________
Телефоны (оның ішінде ұялы телефоны) ______________________________________
e-mail: ________________________ факс __________________________
5. Декларация
Кәсіпорын атынан біз конкурсқа қатысушылар үшін белгіленген қағидаларды орындауға келісетінімізді және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы лауреаттарының атақтарын беру жөніндегі комиссияның шешімін түпкілікті деп қабылдайтынымызды мәлімдеймін. Жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізу қажет болған жағдайда, біз оны ашық және шынайы өткізуге көмек көрсетеміз. Біз кәсіпорынның осындай сараптамаға байланысты шығыстарды көтеретінін түсінеміз.
Басшының қолы
_____жылғы «___»________
МО
Қазақстан Республикасы
Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау қағидаларына
3-қосымша
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпаратты ұсыну нысаны
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына үміткер ұйымның атауы _______________________________________________________
Р/с № | Көрсеткіштер атауы | Өлшем бірлігі* | Алдыңғы 3 жылда | Өсу қарқыны % | Жоспар |
20__ жылы | 20__ жылы | 20__ жылы |
1. | Негізгі капиталға инвестициялар көлемі | млн. тг. | | | | | |
2. | Өндірілген өнім көлемі | млн. тг. | | | | | |
3. | Сатылған өнім көлемі | | | | | | |
4. | Сатудың жалпы көлеміндегі экспорт | % | | | | | |
млн. тг | | | | | |
5. | Рентабельділігі | % | | | | | |
6. | Қазақстандық қамту дәрежесі | % | | | | | |
7. | Жұмыс істеушілердің орташа айлық саны | адам | | | | | |
8. | Орташа айлық еңбекақысы | тг | | | | | |
9. | Ұйым өнімдерінің нарықтағы үлесі | %. | | | | | |
* алдыңғы жылға (салыстырмалы цифрларда) % түрінде көрсетуге болады
Кәсіпорын басшысы__________ ________________
Бас бухгалтер _______________ ________________
Қазақстан Республикасы
Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау қағидаларына
4-қосымша
Сараптамалық қорытынды
Номинациясы _________________________________________________________
Санаты ______________________________________________________________
Кәсіпорынның атауы ___________________________________________________
Өңір ________________________________________________________________
Басшысы (ресми лауазымы) _______ ______________________________________
Басшының Т.А.Ә. _____________________________________________________
Кәсіпорын _______ жылы құрылды
Жұмыскерлер саны ______ адам.
Негізгі қызмет түрлері ______________________________________________
Ұйым өнімдерінің (көрсетілетін қызметтердің) нарықтағы үлесін, экспортты, жаңа өнім түрлерін игеруді, заттық және (немесе) ақшалай нысанда өндіру және сату көлемін, өнімдегі қазақстандық қамту дәрежесін, сертификатталған менеджмент жүйелерінің болуын, кәсіпорынның сала мен қоғамды дамытуға қосқан үлесін, өнертабыстардың, патенттердің болуын, конструкциялар жаңалығын, кәсіпорынның (ұйымның) норма шығармашылығы процесіне, қайырымдылыққа қатысуын және т.б. қоса алғанда, жалпы қызмет нәтижелерінің сипаттамасы (А4 пішімінде көлемі 1 парақтан аспауға тиіс).
Қорытындылар:
Күшті жақтары ______________________________________________________
Әлсіз жақтары _______________________________________________________
Ұсыныстар: _________________________________________________________
Конкурсанттың құжаттары: | Балл түрінде сараптамалық баға |
| |
Қолы
_____жылғы «___»________
Қазақстан Республикасы
Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау қағидаларына
5-қосымша
Бағалаудың жиынтық кестесі
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы)
Өлшемшарттар және өлшемшарттардың құрамдас бөліктері | Балмен берілген ең жоғары баға | Өзін-өзі балмен бағалау | Балл түріндегі бағалар |
Өңірдегі сарапта- малық топ | Конкурсты ұйымдастырушы-ның сараптамалық тобы | Кәсіпорынға барудың қорытынды- лары бойынша |
Мүмкіндіктерді сипаттайтын өлшемшарттар (1-5) | 500 | | | | |
1. Көшбасшылық | 100 | | | | |
2. Стратегия | 100 | | | | |
3. Персонал | 100 | | | | |
4. Серіктестік және ресурстар | 100 | | | | |
5. Процестер, өнімдер және көрсетілетін қызметтер | 100 | | | | |
Нәтижелерді сипаттайтын өлшемшарттар (6-9) | 500 | | | | |
6. Тұтынушы үшін нәтижелер | 150 | | | | |
7. Персонал үшін нәтижелер | 100 | | | | |
8. Қоғам үшін нәтижелер | 100 | | | | |
9. Бизнес үшін нәтижелер | 150 | | | | |
Барлық өлшемшарттар бойынша балдардың жалпы саны | 1000 | | | | |
Қорытындылар:_______________________________________________________
Ұсыныстар:__________________________________________________________
_____жылғы «___» _______
Т.А.Ә. ________________________________________
(сараптамалық топ төрағасының қолы)
ҚР Үкіметінің 2010.28.07. № 757 Қаулысымен ережемен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2018.02.07. № 402 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 шілдедегі
№ 1167 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына
ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (бұдан әрі - Жарлық) сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына (бұдан әрі - өңірлік конкурс, республикалық конкурс) ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді.
3. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының (бұдан әрі - конкурс) ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астананың кәсіпкерлер палаталары (бұдан әрі - өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) болып табылады.
4. Республикалық конкурсты және оның дипломанттарын марапаттау рәсімін өткізу салтанатты түрде өткізіледі.
2. Өңірлік конкурстарға ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау тәртібі
5. Өңірлік конкурсқа қатысуға:
1) Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіп, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы (қару-жарақ пен әскери техника өндірісін қоспағанда) өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын;
2) өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі түрде жақсарту бойынша оң нәтижелері бар заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер (бұдан әрі - конкурсқа қатысушылар) үміткер бола алады.
6. Конкурсқа қатысушылар www.altynsapa.kz сайтында электрондық нысанда және (немесе) қағаз пішімде кәсіпорынның тіркеу орны бойынша өңірлік кәсіпкерлер палаталарына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінім;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сауалнама-декларация;
3) сәйкестік сертификаттары мен сапа және қауіпсіздік туралы қорытындылардың көшірмелері (болған кезде);
4) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмелері (болған кезде);
5) негізгі параметрлер мен сипаттамалардың сандық мәндері көрсетілген өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттерінің сипаты, сондай-ақ өнімнің бәсекеге қабілеттілік артықшылықтары (өнімнің ерекшелігі мен сапасын растайтын құжаттар);
6) ұйым өз нәтижелерін бағалайтын негізгі экономикалық көрсеткіштер және осы көрсеткіштердің өзгеру үрдістері;
7) өз қызметінің нәтижелері туралы ақпарат (ұсынылған сандық деректердің маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік беретін қысқаша түсініктер мен деректері бар кестелермен сүйемелденуге тиіс графиктер немесе диаграммалар түрінде ұсынылады).
7. Өңірлік конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімдерді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін өңірлік сараптамалық топ құрылады.
8. Өңірлік сараптамалық топтар өңірлік конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылады.
Сараптамалық топтардың құрамына сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіреді.
Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде 3 (үш) адамнан тұруға тиіс.
9. Жергілікті жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдары мен өнімін алдын ала сараптамалық бағалауды өңірлік конкурсты ұйымдастырушы бекіткен графикке сәйкес сараптамалық топтар жүзеге асырады.
10. Өңірлік конкурстар өңірлік конкурстарды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде, бірақ конкурстар өткізілетін жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей өткізіледі.
Өңірлік сараптамалық топтар:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;
3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша өңірлік конкурстардың 9 жеңімпазын (әр номинация бойынша үшеуден) анықтайды.
Сараптамалық топтар конкурсқа қатысушылардың материалдары мен өнімін алдын ала сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес алдын ала сараптамалық қорытынды жасайды.
11. Өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары конкурстар өткізілетін жылдың 15 тамызынан кешіктірмей, өңірлік конкурстар жеңімпаздарының қажетті құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
Құжаттар жиынтығы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген қосымшаларға сәйкес сараптамалық қорытындыларымен және сараптамалық бағаларымен өңірлік конкурстар жеңімпаздарының материалдарын қамтиды.
12. Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.
3. Республикалық конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалау тәртібі
13. Республикалық конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сараптамалық топтар (бұдан әрі - сараптамалық топтар) құрылады.
Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде 5 (бес) адамды құрауы тиіс.
14. Сараптамалық топтардың құрамына сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшылар мен тиісті білім саласындағы мамандар, қоғамдық бірлестіктердің, атқарушы органдардың, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді, олар осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген қосымшаларға сәйкес кестелерде қойылған бағаларымен алдын ала сараптамалық қорытынды дайындайды
15. Сараптамалық қорытындылардың және қойылған бағалардың қорытындылары бойынша сараптамалық топтар онлайн-дауыс беруді ұйымдастыру үшін осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген үш номинация бойынша 27 финалға қатысушыны анықтайды.
Финалға қатысушылар конкурстардың ресми сайтындағы онлайн-дауыс беруге қатысады.
Республикалық конкурсты ұйымдастырушы онлайн-дауыс беруді әрбір номинация бойынша жеке, конкурс өткізілетін жылдың 15 - 25 қазан аралығында күнтізбелік 10 күн ішінде өткізеді.
Аралық дауыс беру нәтижелері конкурсты ұйымдастырушының сайтында қолжетімді.
16. Конкурсты ұйымдастырушы сараптамалық топтардың 27 финалға қатысушының жинақталған құжаттары мен онлайн-дауыс беру нәтижелерін қамтитын алдын ала сараптамалық қорытындыларын Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияға жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілгенге дейін бес күн бұрын жібереді.
«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау қағидаларына
1-қосымша
Тіркеу нөмірі__________
Конкурсты ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының
Ұлттық кәсіпкерлер палатасына
Өтінім
1. Өтінім беруші
Конкурсқа қатысушының толық атауы ___________________________________
__________________________________________________________________