Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1189 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 6 тамыздағы
№ 1189 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 27 мамырдағы
№ 663 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік
қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің
тиістілік нормативі
| Р/с № | Мемлекеттік органның атауы | Лауазымның атауы | Автомобильдер саны | Қозғалтқыштың көлемі, текше см. (автобустардан басқа) | 1 автомобильдің бір айдағы жүруі (км) |
| қызметтік (1 бірлік) | кезекші (оның ішінде автобустар) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | | Парламент Палатасының Төрағасы | 1 | | | 2600 |
| Премьер-Министр | 1 | | | 2600 |
| Мемлекеттік хатшы | 1 | | | 2600 |
| 2 | Президент Әкімшілігі | Президент Әкімшілігінің Басшысы | 1 | | | 2600 |
| Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы | 1 | | | 2600 |
| Президенттің көмекшісі | 1 | | | 2600 |
| Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы | 1 | | | 2000 |
| Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары | 1 | | | 2000 |
| Президент Кеңсесінің бастығы | 1 | | | 2600 |
| Президенттің Баспасөз хатшысы | 1 | | | 2600 |
| Президенттің Протокол бастығы | 1 | | | 2600 |
| Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы | 1 | | | 2000 |
| Астана қаласында | 15 | | | 2600 |
| Алматы қаласында көліктік қызмет көрсету | | 5 | | 2600 |
| Қонақтарға арналған | | 25 | | *** |
| 3 | Президенттің Іс басқармасы | Президенттің Іс басқарушысы | 1 | | | 2600 |
| Президенттің Іс басқарушысының орынбасары | 1 | | | 2600 |
| Аппарат, ведомство басшысы | 1 | | | 2000 |
| 4 | Парламент | Парламент Палатасы Төрағасының орынбасары | 1 | | | 2600 |
| Тұрақты комитет төрағасы | | 1 | | 2000 |
| Депутаттар | | 3-не 1 бірлік | | 2600 |
| 5 | Парламент Аппараты | Парламент Палатасының аппарат басшысы | 1 | | | 2000 |
| Парламенттің аппарат басшысының орынбасары | 1 | | | 2000 |
| Қонақтарға арналған | | 4 | | *** |
| 6 | Премьер-Министрдің Кеңсесі | Премьер-Министрдің орынбасары | 1 | | | 2600 |
| Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | 1 | | | 2600 |
| Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының орынбасары | 1 | | | 2000 |
| 7 | Конституциялық Кеңес | Төраға | 1 | | | 2600 |
| Конституциялық Кеңес мүшелері | 1 | 1 | | 2000 |
| Конституциялық Кеңестің аппарат басшысы | 1 | | | 2000 |
| 8 | Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (оның ішінде Орталық сайлау комиссиясы) | Төраға | 1 | | | 2600 |
| Төрағаның орынбасары | 1 | | | 2600 |
| Есеп комитетінің мүшелері | 1 | | | 2000 |
| Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері | | 5-не 2 бірлік | | 2600 |
| Есеп комитетінің аппарат басшысы | 1 | | | 2000 |
| 9 | Жоғарғы Сот | Жоғарғы Соттың Төрағасы | 1 | | | 2600 |
| Жоғарғы Сот алқасының төрағасы | 1 | | | 2600 |
| Жоғарғы Соттың судьялары | | 3-не 1 бірлік | | 2600 |
| Жоғарғы Соттың аппарат басшысы | 1 | | | 2000 |
| Жоғарғы Соттың аппарат басшысының орынбасары | 1 | | | 2000 |
| Жоғарғы Сот жанындағы Комитет төрағасы | 1 | | | 2000 |
| Жоғарғы Сот жанындағы Комитет төрағасының орынбасары | 1 | | | 2000 |
| 10 | Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген соттар | Сот төрағасы | 1 | | | 2600 |
| Сот алқасының төрағасы | 1 | | | 2600 |
| 11 | Аудандық және оларға теңестірілген соттар | Сот төрағасы | 1 | | | 2600 |
| 12 | Бас прокуратура | Бас прокурор, Бас әскери прокурор | 1 | | | 2600 |
| Бас прокурордың, Бас әскери прокурордың орынбасары | 1 | | | 2600 |
| Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасы | 1 | | | 2000 |
| Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасының орынбасары | 1 | | | 2000 |
| 13 | Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген прокуратуралар | Прокурор | 1 | | | 2600 |
| Прокурордың орынбасары | 1 | | | 2600 |
| 14 | Аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралар | Прокурор | 1 | | | 2600 |
| 15 | Министрліктер мен агенттіктер | Министр | 1 | | | 2600 |
| Агенттік төрағасы | 1 | | | 2600 |
| Министрдің орынбасары | 1 | | | 2600 |
| Агенттік төрағасының орынбасары | 1 | | | 2600 |
| Жауапты хатшы | 1 | | | 2600 |
| 16 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері | Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі | 1 | | | 5000 |
| Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің бірінші орынбасары, орынбасары | 1 | | | 5000 |
| Облыстық мәслихат хатшысы | 1 | | | 2600 |
| Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің аппарат басшысы | 1 | | | 2600 |
| 17 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктері | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі | 1 | | | 3900 |
| Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасары | 1 | | | 3900 |
| Аудандық мәслихат хатшысы | 1 | | | 2000 |
| Аудандағы қала, қаладағы, селодағы, селолық округтегі, кенттегі, ауылдағы аудан әкімі | 1 | | | 3900 |
| 18 | Арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны: | | | | | |
| 100-ге дейін | | | 1 | 3000-нан көп емес | *** |
| 100-ден 200-ге дейін | | | 2 | 3000-нан көп емес | *** |
| 200-ден 300-ге дейін | | | 3 | 3000-нан көп емес | *** |
| 300-ден 500-ге дейін | | | 4* | 3000-нан көп емес | *** |
| 500-ден жоғары мемлекеттік органдардың орталық аппаратына, олардың ведомстволарын қоса алғанда, көлік қызметін көрсету | | | 5 | 3000-нан көп емес | *** |
| 19 | Арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны: | | | | | |
| 100-ге дейін | | | 1 | 3000-нан көп емес | *** |
| 100-ден 200-ге дейін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы** ведомстволарына көлік қызметін көрсету | | | 2 | 3000-нан көп емес | *** |
| 20 | Арнайы көлігі барларын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) ведомстволарына көлік қызметін көрсету | | | 1 | 3000-нан көп емес | *** |
| 21 | Облыстық бюджеттен қаржыландыр ылатын жергілікті атқарушы органдарға көлік қызметін көрсету | | | 1 | 3000-нан көп емес | *** |
| 22 | Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарға көлік қызметін көрсету | | | 1 | 3000-нан көп емес | *** |
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін сыртқы саяси органның ерекшелігін ескере отырып, саны 5 бірлік, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі үшін 7 бірлік қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі белгіленсін
** бұл норматив мемлекеттік органдардың облыстардағы филиалдарына, Байқоңыр қаласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне де қолданылады
*** мемлекеттік органдар көлік қызметін көрсететін автомобильдер үшін жүру лимиттерін дербес, бірақ бір айда көліктің 1 бірлігіне 2600 км-ден асырмай белгілейді