Инновациялық даму институттарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1201 Қаулысы
(2009.30.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 605 Қаулысымен күші жойылды
«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған инновациялық даму институттарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.30.10. № 1725 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 6 тамыздағы
№ 1201 қаулысымен
Бекітілген
Инновациялық даму институттарының тізбесі
1. «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы;
2. «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы;
3. «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» акционерлік қоғамы;
4. «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы.
5. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ».