Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1204 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» деген баған жаңа редакцияда жазылсын:
«Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» «0», «67,29», «44,86», «44,86», «44,86».
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |