Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 шілдедегі № 1109 Қаулысы
(2017.30.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 552 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 29 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 29 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 48-құжат):
32-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) автокөлік құралдары үшін - үлгіні мақұлдауды растайтын құжаттар.»;
Техникалық регламентке 1-қосымшада:
Сертификаттау схемаларын қолдануда:
8-тармақтың үшінші абзацы «өнімдерді» деген сөзден кейін «, сондай-ақ автокөлік құралдарын» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |