Астана және Алматы қалаларындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 519 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында:
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
«Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген III бөлім мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес «Самұрық- Қазына» қоры Астана және Алматы қалаларындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтау үшін құрылыс салушылармен мүлікті (ақшаны) өтеусіз уақытша пайдалану шарттарын жасасатын болады. Көрсетілген шарттарда берілген ақшаның қайтарымдылығын қамтамасыз ететін тиісті тетіктер көзделетін болады. Жылжымайтын мүлік объектілері мен ақшаның шекті лимиттерін қоса алғанда, осындай құрылыс салушылардың тізбесін «Самұрық-Қазына» қоры әзірлейді және Үкімет мақұлдайды. Кейіннен осы жылжымайтын мүлік объектілері «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының немесе «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.»;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген III бөлімде:
«Қосымша шаралар» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«
13-1 | Астана және Алматы қалаларындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтау үшін Қор өтеусіз уақытша пайдалануға ақша беретін құрылыс салушылардың тізбесін Үкіметке енгізу | ИСМ, ЭБЖМ, Әділетмині, Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Үкімет қаулысы | 2009 жылғы сәуір |
».
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Астана және Алматы қалаларындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтау үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы өтеусіз уақытша пайдалануға ақша беретін құрылыс салушылардың тізбесі мақұлдансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі
№ 519 қаулысымен
Мақұлданған
Астана және Алматы қалаларындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтау үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы өтеусіз уақытша пайдалануға ақша беретін құрылыс салушылардың тізбесі
№ р/с | Ақша алушы заңды тұлғаның атауы | Жылжымайтын мүлік объектісінің атауы | Ақша шекті лимиттері, теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | «Базис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Астана қаласындағы «Қала романсы» тұрғын үй кешені | 647 600 328 (алты жүз қырық жеті миллион алты жүз мың үш жүз жиырма сегіз) |
2 | «Номарх Лтд.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Астана қаласындағы «Меруертті орам» әкімшілік кешені | 800 000 000 (сегіз жүз миллион) |
3 | «Инвестқұрылыс-МА» акционерлік қоғамы | Астана қаласындағы «Сулы-нулы жасыл гүлзар» әкімшілік- тұрғын үй кешені | 1 275 336 000 (бір миллиард екі жүз жетпіс бес миллион үш жүз отыз алты мың) |
4 | «Еуразия Констракшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Астана қаласындағы «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешені | 795 340 800 (жеті жүз тоқсан бес миллион үш жүз қырық мың сегіз жүз) |
5 | «Астана капитал билдинг проджект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Астана қаласында салынып жатқан «Астана жұлдызы» объектісі | 800 860 000 (сегіз жүз миллион сегіз жүз алпыс мың) |
6 | «Құрылысмонолит Астана» концерні | Астана қаласында салынып жатқан «Мария» объектісі | 619 000 000 (алты жүз он тоғыз миллион) |
7 | «Лад құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Астана қаласындағы «Есіл» объектісі | 1 860 000 000 (бір миллиард сегіз жүз алпыс миллион) |
8 | «Каспиан Сервис Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Астана қаласында салынып жатқан «Каспиан Палас» объектісі | 1 720 000 000 (бір миллиард жеті жүз жиырма миллион) |
9 | «Аруана Хан Тәңірі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Астана қаласында салынып жатқан «Хан Тәңірі» объектісі | 800 000 000 (сегіз жүз миллион) |
10 | «Альянсқұрылысинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Астана қаласында салынып жатқан «Инфинити 1» объектісі | 1 740 133 639 (бір миллиард жеті жүз қырық миллион жүз отыз үш мың алты жүз отыз тоғыз) |
11 | «Альянсқұрылысинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Астана қаласында салынып жатқан «Инфинити 2» объектісі | 2 186 112 469 (екі миллиард бір жүз сексен алты миллион бір жүз он екі мың төрт жүз алпыс тоғыз) |
12 | «Альянсқұрылысинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Астана қаласында салынып жатқан «АСИ 33/23» объектісі | 1 862 421 475 (бір миллиард сегіз жүз алпыс екі миллион төрт жүз жиырма бір мың төрт жүз жетпіс бес) |
13 | «Айт Хаузинг Комплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Алматы қаласында салынып жатқан «Ахселькент» объектісі | 4 000 000 000 (төрт миллиард) |
14 | «Серт» акционерлік қоғамы | Алматы қаласындағы «Жайлы-3» тұрғын үй кешені | 1 915 000 000 (бір миллиард тоғыз жүз он бес миллион) |
15 | «А-corp» акционерлік қоғамы | Алматы қаласындағы «Бес тұлға» тұрғын үй кешені | 4 362 000 000 (төрт миллиард үш жүз алпыс екі миллион) |
ЖИЫНЫ: | 25 383 804 711 (жиырма бес миллиард үш жүз сексен үш миллион сегіз жүз төрт мың жеті жүз он бір) теңге |