жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аймақтар құру;
жануарлар аурулары мен өндірілетін малдан алынатын тамақ өнімдердің қауіпсіздігін, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
ветеринарлық зертханалардың және шекара және көліктегі ветеринарлық-қадағалау бекеттерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту;
мал шаруашылығы және ветеринария саласы бойынша маман кадрлардың біліктілікті арттыру және қайта даярлау.
9.2. Фитосанитарлық қауіпсіздік жүйесін халықаралық талаптарға сәйкес дамыту
Республика аумағында 50 түрлі улы және 100 түрлі арнайы зиянкестер, 70 түрлі ауру және шамамен 120 түрлі арам шөп ауыл шаруашылығына шығын келтіреді. Сонымен бірге республикада 11 карантиндік объектінің шектеулі таралуы бар.
Қорғау және карантиндік шаралар жүргізбесек тек қана астықтың зиянкестерден келген шығыны 25-тен 40%-ға дейін болуы мүмкін.
Осыған байланысты, республика аумағында фитосанитарлық жағдайды тұрақты бақылау жүзеге асырылады, ағымдағы жылы және республикалық бюджет есебінен шамамен 3-3,5 млн.га алаңда аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы күрес жүргізу іс-шараларына 2,5-3 млрд.теңге, сондай-ақ шамамен 200 мың.га алаңда карантиндік объектілерді айқындау, оқшаулау және жою үшін 800 млн.теңге бөлінген.
2007 жылы аса қауіпті зиянды организмдермен күресу бойынша іс-шаралар шеңберінде 86,6 млн.га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын аса қауіпті зиянды организмдермен залалдануына тексеру жүргізілді, 3,2 млн.га, оның ішінде шегірткеге қарсы 1346 мың га, сұр астық көбелегіне қарсы - 350 мың га, зиянды бақашыққа қарсы - 100 мың га, астық қоңызына қарсы - 196 мың га, мақта көбелегіне қарсы - 130 мың га, өрмекше кенеге қарсы - 82 мың га, сарышұнақ және тышқан тәрізді кеміргіштерге қарсы - 15 мың га, астық дақылдарының көгеруіне және септориозына қарсы - 991 мың. га жер өңделді. Сонымен қоса, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер күшімен астық дақылдарының ауруларына қарсы 746 мың га, сұр астық көбелегіне қарсы 150 мың га алаңда күрес жүргізілді.
Сондай-ақ, 2007 жылы 3150 мың га алаңда карантиндік объектілерді анықтау бойынша, 197 мың га алаңда анықталған ошақтарды оқшаулау және жою, оның ішінде карантиндік зиянкестерге қарсы 30 мың га, карантиндік арам шөптерге қарсы 167 мың га алаңда іс-шаралар жүргізілді.
Сонымен қоса, ДСҰ-ға кіру кезінде Қазақстан санитарлық және фитосанитарлық (әрі қарай - СФС) шаралар немесе тек фитосанитарлық қауіптің ғылыми-негізделген принциптері негізінде СФС шаралар бойынша Келісімге сәйкес шектеулер қабылдауы керек.
2007 жылы осы бағытта республикалық бюджет есебінен 11 облыстық және 115 аудандық жаңа ветеринарлық зертхана құрылысының жоба-сметалық (ЖСҚ) құжатын әзірлеу басталды. Бір мезгілде, Дүниежүзілік Банк желісі бойынша 2008-2009 жылдары ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік бойынша референц-зертханалар салуға ЖСҚ әзірленуде.
Халықаралық талап және нормаларға сәйкес өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жүйесін жөнге келтіру жұмыстары жалғасуда. Тексеру әдістерін жетілдіру және жеделдету үшін өсімдіктер карантині бойынша 38 шекаралық бекеттердің материалды-техникалық жабдықталуы бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Мәселелер
Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті ауруларына қарсы жүргізілетін фитосанитарлық іс-шаралар көлемінің жеткіліксіздігі;
«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдардың әдістемелік орталығы» ММ және оның филиалдарын орналастыруға жеке меншік өндірістік және зертханалық үй-жайлардың жоқтығы;
өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы мемлекеттік ұйымдардағы аса қауіпті организмдер мен карантиндік объектілердің таралу ошағын анықтау, оқшаулау және жою іс-шараларын уақыттылы өткізуді қамтамасыз ететін жабдықтардың, бүріккіш және басқа техникалардың физикалық тозуы және моралдық ескіруі;
ауыл шаруашылығы өндірісіне зиян келтіретін көптеген карантиндік, зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің таралуы;
шет елдерден, оның ішінде карантиндік жағдайы нашар мемлекеттерден әкелінетін өсімдіктен алынатын карантинге жатқызылған өнімдер ағымының ұлғаюы;
өсімдіктер карантині бойынша шекаралық бекеттердің әлсіз материалды-техникалық жарақталуы;
өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралардың ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етілмеуі, республиканың жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру орындарында өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша мамандар дайындалмауы;
шекаралық аумақтарда зерттеу жүргізуге арналған «Республикалық карантиндік зертхана» ММ филиалдарының жетіспеушілігі, өсімдік карантині бойынша мемлекеттік мекемелердің білікті мамандармен толық жүйелілікпен қамтылмауы.
Шаралар
мониторинг, болжау және аса зиянды организмдермен күресуді, оның ішінде карантиндік: республика аумағын карантиндік объектілерді енгізуден және олардың өздігінен кіруінен қорғауды, сондай-ақ республикада бар карантиндік объектілердің ошақтарын айқындау, оқшаулау, жоюды жүзеге асыру шараларын қамтамасыз ету;
химиялық өңдеуге болжанған алаңдарды толық қамтуды есепке ала отырып аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы фитосанитарлық шараларды толық көлемді жүргізу;
халықаралық талаптар мен нормаларға сәйкес өсімдіктер карантині бойынша шекара бекеттерін материалдық-техникалық жарақтау;
шекара аумағында «Республикалық карантиндік зертхана» ММ зертхана филиалдарының желісін кеңейту, мемлекеттік мекемелерді білікті мамандармен қамту;
«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдардың әдістемелік орталығы» ММ және оның филиалдарын орналастыру үшін жеке меншік өндірістік және зертханалық үй-жайлармен қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер
елде фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3,2 млн га аса қауіпті зиянды организмдер мен аурулардың, 148,8 мың га карантиндік объектілер мен аурулардың болжанған даму және таралу алаңында химиялық күрес жүргізу;
аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілердің таралуынан қорғану жүйесін қалыптастыру.
9.3. Ауыл шаруашылығын химиялау. Минералды тыңайтқыштар өндірісін өсіру
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алудың, Қазақстан топырағының құнарлылығын сақтау және арттырудың негізгі шарттарының бірі өз кезегінде тыңайтқыштарды қолданбау мүмкін емес агротехнологияларды сақтау болып табылады.
Республиканың егіс алаңдарын қамтамасыз ету үшін жыл сайын физикалық салмағы 2,6 млн.тонна минералды тыңайтқыш қажет етіледі.
Сонымен, 2007 жылы республикалық бюджеттен дизель майын, тыңайтқыштар (органикалықтан басқа), тұқым уландырғыштар мен гербицидтер сатып алуды субсидиялау үшін 12,8 млрд. теңге мөлшерінде ақшалай қаржы бөлінді.
Бұл минералды тыңайтқыштар енгізу алаңдарын ұлғайтуға ықпал етті. 2007 жылы тыңайтылған алаң 2279,0 мың га құрады, бұл 2003 жылғы көрсеткіштен 7 есеге көп, жалпы физикалық салмағы 205 мың тоннаны минералды тыңайтқыштар енгізілді, бұл қажеттіліктің тек 9%-ын құрады.
Мәселелер
отандық минералды тыңайтқыштар құнының жоғарғы болуы, көлемінің, түр-түрінің жеткіліксіздігі және сапасының төмендегі себебінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сұранысының төмендігі;
минералды тыңайтқыштарды жеткізу және сақтау бойынша инфрақұрылымның жоқтығы;
республикада калий тыңайтқыштары өндірісінің жоқтығы.
Шаралар
минералды және органикалық тыңайтқыштар енгізу көлемін ұлғайтуды ынталандыру;
әр түрлі қатты және сұйық минералды тыңайтқыштар өндірісіне бағытталған химиялық өнеркәсіпті дамыту;
концентрацияланған және күрделі түрдегі тыңайткыштар өндірісінің көлемін ұлғайту.
Күтілетін нәтижелер
2011 жылы минералды тыңайтқыштарды 225 мың тоннаға дейін қолдану көлемін ұлғайту есебінен топырақ құнарлылығын жоғарлату;
өсімдіктен алынатын өнімдердің өнімділігі мен сапасын арттыру.
9.4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу
бойынша ауылдық тұтынушылар кооперативтері жүйесін қалыптастыру
Бүгінгі таңда шаруа (фермерлік) және жеке қосалқы шаруашылықтар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде, ауыл отбасыларын азық-түлікпен қамтамасыз етуде, азық-түлік нарығында ұсыныс қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Олардың үлес салмағы жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруда республикада ет-сүт саласында 90%-ды және өсімдік шаруашылығында 37 %-ды құрайды.
Шаруа (фермерлік) және жеке қосалқы шаруашылықтардың өндірістік және әлеуметтік әлеуеті олардың дамуының қажеттілігі мен ерекшелігі болып саналатын өткізу, жабдықтау, қаржыландыру, қызмет көрсетудің жөнге салынған жүйесінің жоқтығынан тиімді пайдаланылмауда.
Сондықтан, кооперацияның барлық қатысушыларының мүддесінде өзара тиімді экономикалық қатынастар механизмі бар тиімді нарықтық құрылым нысанында ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту қажеттілігі туындайды.
Кооперация әлемнің көптеген елдерінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді біріктірудің басым нысаны болып отыр, онда агросервистік қызмет көрсетудің, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сатудың барлық жүйесі ауылдық өндірушілердің меншігінде және кооперация арқылы олар басқарады.
Швецияның фермерлік кооперативтері, мысалы елдің тамақ өнеркәсібін бақылап отырады, сүт өндірісін - 100 %, ет ендірісін 80%.
Германияда, Францияда, Ұлыбриатанияда, АҚШ-та, Данияда кооперациялар кеңінен таралған. Онда фермерлерді техникамен, құрама жеммен, тұқыммен жабдықтауда ауыл шаруашылығы кооперативтері маңызды рөл атқарады. Кооперативтер арқылы 98 %-ға дейін тауарлы сүт, 80 % астық, 75 % жұмыртқа сатылады.
Ауыл шаруашылығы тұтыну кооперативтері экономикалық әлеуетті, бәсекеге қабілеттілікті және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің әлеуметтік мәртебесін нығайтуда, шаруашылық жүргізу жағдайын жақсартуда және тауар өндірісінің өсуін ынталандыруда негізгі рөл атқаруына қарамастан, оның Қазақстанда дамуы бастапқы кезеңде қалып отыр.
Қазіргі уақытта Аграрлық кредит корпорациясының қолдауымен өндірісті бірлесіп жүргізу бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу, сақтау, қайта өңдеу және тасымалдау, тауарлы-материалдық құндылықтармен жабдықтау бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бірлестіктері мен ауыл халқын кредит беру бағдарламасы шеңберінде құрамына 3300 қатысушы, оның ішінде 2635 жеке қосалқы шаруашылық пен 665 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші кірген, 135 Бірлестік құрылды.
Сонымен қатар, республикада суармалы егіншіліктің өнімділігін арттыру мақсатында суару жүйесінің шаруашылық аралық желісін ұстау мен пайдаланудың маңызды бөлігі ретінде су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері (СПАТК) құрылуда.
Жалпы елімізде СПАТК суармалы жерлердің тек 46 % ғана қамтыды, ол 2007 жылмен салыстырғанда 27 % көп.
Мәселелер
ауыл шаруашылығы өнімдері мен ауыл шаруашылығына арналған өндіріс құралдар бағасының теңсіздігі;
кооперативтік қозғалыстың заңнамалық және нормативтік құқықтық базасының жетілмеуі;
ауыл шаруашылығы тұтыну кооперативтерінің дамуына көмек көрсетуге қабілетті білікті кадрлардың тапшылығы;
ауыл шаруашылығы құрылымдары мен ауыл халқының кооперациялауға психологиялық дайын еместігі, көптеген кооперация мүшелерінің қызмет механизмін түсінбеушілігі;
жабдық орнатуға, тауарлы-материалдық құндылықтар сақтауға жарамды меншікті өндірістік үй-жайлардың жоқтығы;
кооперативтерге арналған салықтық жеңілдіктің жоқтығы.
Шаралар
қайта құрылған және қолданыстағы кооперативтерге мақсатты ұзақ мерзімді бюджеттік жеңілдетілген кредиттер мен өндірістік және қоймалық үй-жайлар салу мен жөндеуге, құрал-жабдық, көлік құралдарын және т.б. сатып алу шығындарына субсидиялар беру;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, ауыл шаруашылығы тұтынушылар кооперативтерінің кеңес беру қызметіне және ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасында кооперацияларды дамыту бағдарламасын әзірлеу.
Күтілетін нәтиже
ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өндірістік және трансакциондық шығындарының төмендеуі;
шаруалардың материалдық-техникалық, қаржы-ақпараттық ресурстар, ауыл шаруашылығы өнімдері және шикізаты нарығына шығу мүмкіндігін жақсарту;
ауыл шаруашылығы өндірушілерінің ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның теңсіздігінен болатын шығынын азайту;
ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарын тұтынушылар үшін тауар және қызмет сапасын арттыру;
ауыл экономикасын әртараптандыру, ауыл халқының жұмыспен қамтылуы саласын кеңейту және табыстылығын арттыру;
ауыл шаруашылығы өндірушілерінің экономикалық және әлеуметтік мүддесін топтастыру, олардың әлеуметтік мәртебесінің өсуі.
10. Институционалдық даму
10.1. Ауыл шаруашылығы өндірісінің кредит беру жүйесін дамыту және жетілдіру
10.1.1. Кредит серіктестіктерін, ауылдық тұтыну кооперативтерін және ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы түріне жатпайтын кәсіпкерлік қызметті кредит беру арқылы ауыл шаруашылығы өндірісіне кредит беру
Ауылдық тауар өндірушілерді кредит ресурстарымен қамтамасыз ету үшін «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Корпорация) қатысуымен 153 ауылдық кредит серіктестіктері құрылған (бұдан әрі - АНС), оның ішінде 2007 жылы - 7. Ауылдық өңірлерді қамту 86%-ды құрады, олардың жарғылық капиталының жалпы сомасы - 5 млрд. теңге. АНС құрамына 7,3 млн. гектар егіс алаңдары және жалпы 1,2 млн. мал басы бар 6 мың ауыл шаруашылығы құрылымдары кірді. Кредит ресурстарының қайтарылым пайызы 99,7 % құрады.
2008 жылы қосымша 8 АНС құру қарастырылған. Олардың құрылуымен АНС желісінің қалыптасуы аяқталатын болады және олардың саны 161 бірлікті құрайды.
2006 жылдан Корпорация ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу, сақтау және қайта өңдеу бойынша инфрақұрылымға кредит беру жөніндегі бағдарламаны іске асырып келеді (бұдан әрі - Бірлестіктер). Кредиттер негізінде сүт-ет және жеміс-көкөніс саласын дамытуға бағытталған.
2007 жылдың қорытындысы бойынша 74 Бірлестік қызмет етуде, оларға 2,1 млрд. теңге кредит қаражаты берілген. Бірлестіктер құрамына 635 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен 2665 жеке қосалқы шаруашылықтар кірген.
2007 жылдан бастап ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлікке кредит беру бойынша жаңа бағдарлама іске асырылуда. Кредит беру мақсаты: қонақ үй және туристік бизнес, жол бойындағы сервис объектілерін қайта құру және салу; қоғамдық тамақтану пункттері мен ауылдық сауда орындарын жаңғырту; азық-түлік өнімдерінің өндірісі бойынша жабдықтар сатып алу; балық өнімдерін молайту және қайта өңдеу.
2007 жылы 72 жоба бойынша 708 млн. теңге сомасына кредит берілген, оның ішінде жаңа өндірістер құру бойынша 30 жоба бар.
Мәселелер
ауылдық тауар өндірушілердің кредит қаражаттарына қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі;
ауылдық жерлерде екінші деңгейлі банктердің филиалдары мен өкілдіктерінің жоқтығына байланысты ауыл тұрғындары мен АӨК субъектілерінің банк қызметінің қажетті пакетімен қамтамасыз етілмеуі;
ауыл шаруашылығы өндірісі инфрақұрылымының дамымауы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, тасымалдау және сақтау сапасына әсер етеді, ауыл шаруашылығы өнімдер қозғалысының нарыққа дейінгі тұрақты логистикасының болмауы қосымша және күтпеген шығындарға әкеледі;
ауыл шаруашылығы құрылымдары мен ауыл тұрғындарының бірігуіндегі қиындықтар;
өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша бірлестіктер қызметі үшін заңды түрде бекітілген салық жеңілдіктерінің жоқтығы;
ауылда жеке бизнесін ұйымдастыру үшін ауыл тұрғындарында жеткілікті білім және қаражаттың жоқтығы.
Шаралар
бюджеттік және бюджеттік емес көздерден АНС-ге кредит ресурстарын тартуды ұлғайту;
АНС филиалдарына қайта құру жолымен кредит серіктестіктері желісін институционалды дамыту;
жеңілдетілген жағдайларда кредит беру жолымен өндірісті бірлесіп жүргізу бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, тауарлы-материалдық құндылықтармен жабдықтау бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бірлестіктері мен ауыл тұрғындарын ынталандыру;
ауылда ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнесті дамытуға кредит ресурстарын бөлу жолымен ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыру және жұмыспен қамту үшін жағдай жасау.
Күтілетін нәтижелер
ауылдық тауар өндірушілерді бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған агроөндіріс қалыптастыру үшін олардың қажеттіліктеріне сәйкес жеңілдетілген кредит ресурстарымен қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін қайта өңдеу бойынша жоғарғы технологиялық өндірістерді құруға, қосымша құны жоғарғы түпкілікті бәсекеге қабілетті өнім алуға бағытталған жолмен АӨК мемлекеттік инвестицияларының тиімділігін арттыру;
ауылдық инфрақұрылымды дамыту (сервистік орталықтар, дайындау пункттері, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бастапқы қайта өңделуі, кәсіпшіліктің дамуы, ауылдық сауда пункттерінің ұлғаюы және т.б.).
10.1.2. Ауыл тұрғындарына шағын кредит беру
Ауыл тұрғындарына шағын кредит беру жүйесін ұйымдастыру үшін 2007 жылы шағын кредиттерді пайдаланушыларға арналған семинарлар өткізілді және 1109,6 млн. теңге сомасында 5914 шағын кредит берілген. Олардың ішінде ең төменгі күнкөріс деңгейінде табысы бар үй шаруашылықтарына 386,2 млн. теңге сомасында 3022 шағын кредит және табысы орташа деңгейдегілерге 723,4 млн. теңге сомасында 2892 шағын кредит берілген.
2007 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының үлестік қатысуымен жарғылық капиталда 50 шағын кредит ұйымдары құрылды (бұдан әрі - ШНҰ), ШНҰ кредит беруге 900 млн. теңге бөлінген.
Мәселелер
ауыл тұрғындарында ауылдық жерлерде жеке бизнес ашу үшін қаражаттың жоқтығы;
ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін бөлінетін мемлекеттік қаражаттың жеткіліксіздігі;
жеке бизнесті жүргізуде тұрғындардың білімі және тәжірибе деңгейінің төмендігі;
ШНҰ-ның институционалдық даму деңгейінің әлсіздігі, оның ішінде техникалық және кадрлық жабдықталуының жеткіліксіздігі, ауылдық жерлердегі ШНҰ әдістемелік дағдылардың жоқтығы;
ШНҰ мен ауыл тұрғындарына кредит беру кезінде кепілдік базасының жеткіліксіздігі;
кәсіпкерлік бастамалар ашуға кедергі жасайтын ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылық деңгейінің төмендігі;
тұрғындардың тығыздығының теменгі.
Шаралар
ауыл тұрғындарына шағын кредит беру және ауылдағы ауылдық шағын кредит ұйымдарына кредит беру үшін бөлінетін мемлекеттік қаражаттың көлемін ұлғайту;
жеке секторлардан, екінші деңгейдегі банктерден, халықаралық жеке және зейнетақы жинақтау қорларынан жаңа қаржы ресурстарын тарту;
ауыл тұрғындарын кешенді қолдау бойынша қызмет көрсету үшін шағын кредит беру инфрақұрылымын дамыту;
шағын кредит ұйымдарын институционалдық дамытуда техникалық көмек көрсету.
Күтілетін нәтижелер
ауылдағы шағын кредит ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы мен өсуін жоғарлату;
2011 жылы ауылдық аудандар 50 шағын кредит ұйымдарын құру;
экономикалық белсенді ауыл тұрғындарының кредит ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету және ауыл халқының мақсатты топтарының үй шаруашылықтарын 2011 жылы 3,5%-ға шағын кредиттермен қамтуды қамтамасыз ету;
ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік қабілеттіліктерін жоғарлату, ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлерін дамыту;
Шағын кредит беруден басқа қызмет тізбесін кеңейту: шағын жинақтау қоры, шағын сақтандыру және лизинг;
ШНҰ-ға мемлекеттік қаражатты берудің айқын және тиімді механизмінің дамуына көмек көрсету.
10.1.3. Қаржы институттары беретін қарыздар (кредиттер) бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің міндеттемелерді орындауы кепілдендіру жүйесін енгізу
Кредит ұйымдарының ауыл шаруашылығына кредит беру жасаған талдауы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржыландыруда тәуекелдің дәрежесі жоғары болатынын көрсетті. Қаржыландыру мәселесінде негізгі проблеманың салдары кредит алу үшін қажетті кепілдік ұсыну болып табылды.
Осы факторды ескере отырып, кредит ұйымдары көп жағдайда қаржыландыруға келіп түскен өтінімдерді қабылдамайды немесе сомасы кредит сомасынан біршама жоғары болатын өтімді кепілдікті қамтамасыз етуді талап етеді, сондай-ақ жоғары сыйақы ставкасын қояды.
Мәселелер
екінші деңгейлі банктер мен басқа да кредит ұйымдардың АӨК-ні жеткіліксіз көлемде кредит беру;
қаржы институттары беретін қарыздар (кредиттер) бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің міндеттемелерді орындауына кепілдік беруді жүзеге асыратын арнайы ауыл шаруашылығы қаржы агентінің жоқтығы.
Шаралар
Қаржы институттары беретін қарыздар (кредиттер) бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің міндеттемелерді орындауына кепілдікті қамтамасыз ету үшін қаржылық негіз құру.
Күтілетін нәтижелер
«ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдемесі (кепілдік беруші) бойынша капиталдың ішкі және сыртқы нарықтарында кредит ресурстарын тарту есебінен ауыл шаруашылығының түрлі салаларына (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу) жеке инвестициялар ағынын ұлғайту;
ауыл шаруашылығына кредит беру өсімі бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру тиімділігін арттыру.
10.2. АӨК өнімдерінің көтерме саудасы
Артық делдалдар тізбегін жою және ауыл шаруашылығы өнімін жеткізу мен сату жүйесін реттеу мақсатында «ҚазАгро» ҰХ» АҚ Астана қаласында өңірлік терминалдар желісі бар қазіргі заманғы көтерме сауда базарының құрылысын бастады.
Мәселелер
ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының күрт мезгіл аралық құбылуы;
ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен соңғы тұтынушылар арасындағы делдалдар санының көп болуы;
ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауды логистикалық қамтамасыз етудің нашарлығы;
республика өңірлеріне ауыл шаруашылығы өнімдері тауарлық ағымдарының біркелкі таратылмауы;
шетел сауда компаниялар бірлестігі тамақ өнімдерінің өктемдігі;
өнімді өткізу мәселесінің қиындауы.
Шаралар
қазіргі заманғы көтерме сауда құрылымдары арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты өткізуге жағдай жасауға мүмкіндік беретін өңірлік терминалдары бар көтерме сауда базарларын салу.
Күтілетін нәтижелер
елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
астананың, елдің орталық және солтүстік аудандарының тұрғындарын жалпы тұтынатын азық-түліктің шамамен 20-30 %-ы көлемінде төмен бағада азық-түлік тауарларымен жыл бойы үздіксіз жабдықтау;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме бағасын қадағалайтын бенчмарканың болуы;
ауыл шаруашылығы өнімдеріне мезгіл аралық бағаның ауытқуының төмендеуі;
сауда делдалдары санының азаюы;
нарық бәсекелестігі принципі негізінде баға түзілудің тиімді жүйесін құру;
азық-түліктің көтерме сауда базарларын, қалыптастыру, азық-түлікті тарататын орталықтар және басқаларының қызмет етуі негізінде тауар қозғалысының тиімді жүйесін құру.
10.3. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жүйесінің әрі қарай дамуы
Қазақстан Республикасының «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңында астықтың ішінара немесе толық жойылуына әкелетін қолайсыз табиғат құбылыстарының салдарынан өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілердің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін сақтандыру жағдайлары туындаған кезде сақтандыру ұйымдарына төлемдердің 50 % қайтарып беру көзделген.
«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ агент болып айқындалды.
2007 жылы сақталынған егістік көлемі 11,8 млн гектарды құрады (немесе 2006 жылға қарағанда 1,3 есеге өсті). 2006 жылы сақтандыру компанияларға 441 млн. теңге, 2007 жылы - 309,3 млн. теңге өтелді.
Балама сақтандыру жүйесін қалыптастыру мақсатында «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 30 өзара сақтандыру қоғамдары құрылды. 2007 жылы олардың сақтандыруымен қамтыған алқаптар 15 млн. гектарды құрады немесе барлық сақтандыруға жататын алқаптың 13%-ы.
Мәселелер
ауыл шаруашылығында сақтандыру қызметтерін пайдалану үлесінің төмендігі;
сақтандыру нарығына қатысушылардың міндетті сақтандыру туралы заңнама талаптарын орындамауы;
сақтандыру компанияларының агенттік және филиалдық торабының дамымауы;
өзара сақтандыру қоғамын құруға және қатысуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жеткілікті белсенділік танытпауы.
Шаралар
өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін, сақтандыру компанияларын және өзара сақтандыру қоғамдарын ақпараттық қамтамасыз ету;
өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды қолдау;
ауыл шаруашылығында өз еркімен сақтандыру үшін жағдайлар жасау;
өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру шарттары бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне төленетін сақтандыру жарналарының 50 % өтеу.