халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес аккредиттелген зертханалардың жоқтығы;
Шаралар
қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толтыру үшін және техникалық және технологиялық қайта жарақтау үшін қаржы институттарынан алған кредит ресурстарының сыйақы ставкасын субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарламалармен барынша қамтуға жағдай жасау;
тауарлардың азық-түлік топтары бойынша тарифтік қорғау деңгейін көтеру;
ұлттық стандарттар мен АӨК өніміне әзірленген техникалық регламенттерді ИСО және ХАССП талаптарына сәйкес халықаралық сапа стандарттарымен үйлестіру;
АӨК өнімдеріне мемлекеттік стандарттарды және техникалық регламенттерді әзірлеу және оларды енгізу;
АӨК субъектілерінің менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға кеткен шығындарын субсидиялау;
мал шаруашылығы дамыған өңірлерде мал жүндері мен терілерін қайта өңдеу бойынша технологиялық жабдықтар салу және сатып алу;
халықаралық нормаларға сәйкес және ХЛП мен ХАССП принциптерін ескере отырып, АӨК қайта өңдеу салаларында өнімді және мал шаруашылығы шикізатын қайта өңдеудің қауіпсіздігін бақылаудың технологиялық тізбегін енгізу;
Қазақстан Республикасында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін тиімді бақылау жүйесін ұйымдастыру үшін шетел тәжірибесін тарту.
Күтілетін нәтиже
ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімі өндірісін жыл сайын кем дегенде 7.5 %-ға өсуі;
2011 жылы жалпы тұтыну көлемінде жеке тамақ өнімдері бойынша импорт үлесінің төмендеуі: сары май 27 %-ға дейін; өсімдік майы - 26,5 %-ға; шұжық - 36,0 %-ға; ірімшік - 48,0 %-ға; қант - 20,0 %; көкөніс және жеміс шырындары - 21,0 %-ға; жеміс-жидек консервілері - 80,0 %-ға;
2011 жылы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарының 160 бірлік жабдығын жаңарту;
халықаралық деңгейде сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу;
2011 жылы менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізген АӨК субъектілерінің санын 319 бірлікке дейін көбейту;
сынақ зертханаларын жоғары технологиялы және дәлдігі жоғары өлшеу құралдарымен, сынау жабдықтармен жарақтау;
жүнді бастапқы өңдеу бойынша фабрикалар салу және пайдалану;
жануарлар терісін өңдеу бойынша зауыттар салу және пайдалану;
медициналық-биологиялық құндылықтарды есепке ала отырып, ұйымдасқан ұжымдардың (мектеп, мектепке дейінгі, емдеу-профилактикалық және басқа да мекемелердің) тамақтану рационын қамтамасыз ету.
6. Республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына жетудің жолдары мен механизмдері
6.1. Жер құнарлылығын қорғау және арттыру, ауыл шаруашылығы өндірісін экологияландыру
Қазақстанның барлық облыстарында топырақ сапасы нашарлауының тұрақты тенденциясы байқалады: топырақ құрамындағы қарашірік пен қоректік заттардың; өсімдіктердің түрлік құрамы мен өнімділігінің төмендеуі, бұл азық базасының әлеуетін төмендетті. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер азып-тозуға, ластануға ұшыраған және құнарлығының қалпына келтіру қабілетін жоғалтуда.
Қазақстан Республикасы аумағында ауыл шарушылығы алқаптарының едәуір белігі жер құнарлығына кері әсер ететін белгілердің болуымен сипатталады.
Отарлы және басқа да жайылымдардың елді мекендерден алыс орналасуына байланысты, сондай-ақ, суландырылмау себебінен олардың көп бөлігі пайданылмайды. Республикада суландырылған жайылымдар көлемі үнемі азаюда. Суландыру құрылыстардың көбісі жөндеу және қайта құруды талап етеді.
Жем-шөптік алқаптар, әсіресе, елді мекендерге, мұнай шығарылатын жерлерге жақын орналасқан жерлердің экологиялық жағдайы республиканың барлық аумақтарында іс жүзінде нашарлай түсуде.
Жерлердің сапалық сипаттамасының деректері бойынша, су және жел эрозиясына ұшыраған ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің жалпы көлемі 30,7 млн. гектарды немесе 14,2 %-ды, оның ішінде егістік 1,6 млн. гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамында жем-шөптік алқаптардың әрбір жетінші гектары эрозияға ұшыраған жайылымдар ретінде көрсетілген, орташа және эрозияға қатты ұшыраған жерлер 11,3 %-ды алып жатыр.
Жыртылған жерлердің біршама аудандарында топырақтың қарашіріктенбеуі байқалады. Соңғы отыз жылда әртүрлі топырақтарда қарашіріктің құрамы 10-нан 20 %-ға дейін төмендеді.
Қазақстан аумағының шамамен 70%-ға жуық жерлері әртүрлі деңгейде шөлдену мен азып-тозуға ұшыраған.
Шаралар
жерді қорғауды, топырақ құнарлылығын арттыруды және агротехнологиялардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін арттыру, эрозиялық процестердің алдын алу және топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мақсатында егіс алаңдары мен ауыспалы егіс құрылымын оңтайландыру;
минералды және органикалық тыңайтқыштарды пайдалану көлемін ұлғайту арқылы қарашірік және негізгі қоректік заттардың теңгерімін жақсарту;
топырақты өңдеуде топырақ қорғау технологияларын пайдалануды кеңейту;
топырақтың ауыр металдармен, өнеркәсіптік қалдықтармен, пестицидтермен және басқа агрохимикаттармен ластануын болдырмау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
ауыл шаруашылығы алқаптарының құнарлылығына жүйелі мониторинг жүргізу, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жетістіктерін енгізу;
Күтілетін нәтижелер
топырақ құнарлығын тұрақты қалпына келтіру және қорғау.
6.2. Суармалы егіншілікті тиімді дамыту және өнімділігін арттыру үшін мелиоративті жағдай жасау
Суарылатын жерлер суарылмайтын және тәлімі жерлерден 5-6 есе өнімді. Қазіргі таңда Қазақстанда 2,1 млн.га қолда бар суарылатын жер қорының шамамен 1,3 млн.гектары пайдаланылады, олардың ішінде 90 %-ға дейіні еліміздің тығыз қоныстанған оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде орналасқан. Бұл жерлердің өнімділігі жобалық көрсеткіштердің 50 %-нан аспайды.
Жыл сайын суарылатын жерлерге агромелиоративтік тексерулер жүргізіледі. 2007 жылы бұл жұмыстар 1451,2 мың га алаңда жүргізілді, сондай-ақ жер асты суларының (38,9 мың өлшеулер) деңгейлі-тұздық режиміне станционарлы гидрогеологиялық бақылаулар және ағын суларға гидрологиялық бақылаулар жүргізіледі.
Сонымен бірге, бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне суғару суын жеткізу жөніндегі қызметтің құны субсидияланады, бұл 7423,4 млн. м3 көлемінде жерді суаруға қолданылған суды берудің құнын арзандатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Мәселелер
су жинағыш құрылыстардың, магистральды шаруашылық аралық каналдар мен коллекторлы-кәріздеу желісіндегі гидротехникалық құрылыстардың физикалық және моралдық ескіруі;
мелиоративтік жерлер сапасының нашарлауы;
суару желісінің пайдалы әсер коэффициентінің төмендігі;
суғаруға суын тиімсіз пайдалану.
Шаралар
агротехнологиялар мен ғылыми-негізделген ауыспалы егістерді қатаң сақтау;
суарудың алдыңғы қатарлы әдістерін енгізу, коллекторлы-кәріздік суларды қайта пайдалану;
суару жүйесінің ішкі шаруашылық желісін пайдаланудың маңызды бөлігі ретінде су пайдаланушылар кооперативтерін құруға көмек көрсету;
суғару суын жеткізу қызметін субсидиялау;
жерлердің мелиоративтік жай-күйін сақтау және жақсарту;
шаруашылық аралық каналдар мен гидромелиоративтік құрылыстардың аса апатты учаскелерін қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу;
гидротехникалық құрылыстарды қайта құру.
Күтілетін нәтижелер
2011 жылы жер мен суғару суын тиімді және ұтымды пайдалану есебінен ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамды суарылатын жерлердің алаңын 1,5 млн. гектарға дейін ұлғайту;
суармалы жерлердің өнімділігін сақтау және арттыру;
суармалы жерлердің 90%-ын суғару суымен қамтамасыз ету;
жерлер мен суғару суын тиімді және ұтымды пайдалану;
тұзданудың, ирригациялық эрозияның дамуының және топырақ құнарлылығы төмендеуінің алдын алу;
жерлердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін суарудың жаңа сапасына қол жеткізу;
ауыл халқын жұмыспен қамту.
6.3. Астана қаласының маңында азық-түлік белдеуін құру
Қазақстан аумағында мегаполис қалалар, сондай-ақ қатар өнеркәсіптік орталықтардың ірі қалалары қалыптасып әрі қарай дамуда. Елімізде және өңірлерде ауыл шаруашылығы өнімінің ірі және орта арнайы тауар өндірісінің жеткіліксіз дамуы, сондай-ақ тауар қозғалысы жүйесінің жетілмеуі салдарынан оларды азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі қиын болып тұр.
Астанаға қол жетерлік бағалар бойынша бірінші қажеттегі сапалы және жаңа тамақ өнімдерін тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету, маусымдық баға ауытқуларын ретке келтіру, ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін ұлғайту және импортты ығыстыру мақсатында Астана қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
Астананы азық-түлікпен жабдықтау жағдайына талдау жүргізілді, жобаларды қаржыландырудың басым бағыттары белгіленді, Астана қаласының айналасындағы аграрлық саланың шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында өндірісті кеңейту және жетілдіру тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Астананың рыноктарына мынадай көлемде: ет - 1832,2 тонна; құс еті - 1400 тонна; жұмыртқа 180-400 мың дана; шұжық өнімдері - 748 тонна; сүт - 2562,8 тонна; жеміс-көкөніс өнімі - 3786 тонна; ұн - 1650 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізу жүзеге асырыла бастады.
Қазіргі уақытта Астана қаласында өнімнің негізгі түрлері тапшылығының 10-20%-ға жауып тұр.
Мәселелер
өнімнің тасымалдауға жарайтын түрлерін өндіру үшін қала маңындағы аймақтарды пайдалану;
қала маңы аймақтарынан отандық тауар өндірушілерді ығыстыратын азық-түлік тауарлары импортының жоғарылығы;
қала маңы бағыты бар ауыл шаруашылығы өнімінің мамандандырылған тауарлы өндірісінің жеткіліксіз дамуы;
қалалардағы азық-түлік рыноктарының азық-түлікті жеткізушілер импорттаушылармен монополиялануы;
қала рыноктарындағы ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін жергілікті өндірушілердің және қайта өңдеушілердің қатысу деңгейінің жеткіліксіздігі;
өткізу жүйесінің нашар дамуы, делдалдардың көп деңгейлі жүйесі.
Шаралар
Астана қаласының маңында азық-түлік белдеуін құруды қамтамасыз ету;
мамандандырылған фермаларды, мал семірту шаруашылықтарын, агрофирмаларды, өндірістік кооперативтерді, жылы жай шаруашылықтарын ұйымдастыру жолымен қала маңы бағытындағы: ауыл шаруашылығы өнімін сиыр сүті, ет (сиыр еті, шошқа еті, құс еті), жеміс-жидек және көкөніс-бақша өнімдерін ауыл шаруашылығы өндірушілердің бәсекелі ортасын қалыптастыру;
азық-түлік белдеуінде тікелей байланыстарға негізделген көп арналы сату жүйесін қалыптастыру;
рынокты әлемдік стандарттардың жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы технологияларға сәйкес өндірістерді одан әрі құруды ынталандыру;
тұтыну кооперация жүйесін дамыту арқылы шағын ауыл шаруашылығы құрылымдарын нығайту;
Астана қаласында ауыл шаруашылығы өнімін сатудың қазіргі заманғы аса ірі орталығы болатын көтерме сауда рыногын салу;
күнтізбелік жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің оңтайлы тауар қозғалысын қамтамасыз ететін өндірістік және рыноктық инфроқұрылымын құру және дамыту;
тактикалық және де стратегиялық маркетингпен айналысатын маркетинг қызметін ұйымдастыру.
Күтілетін нәтижелер
шаруашылық жүргізудің әрбір нысандарының бәсекелік артықшылығын тиімді пайдалану;
өткізудің көп арналы жүйесін қалыптастыру;
өндірістік және рыноктық инфрақұрылым, бірінші кезекте өндіру орындарда жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын және қалаларда ірі терминалдар құру және даму, сондай-ақ фермерлік рыноктар, көтерме сауда базаларын, сауда фирмаларын ұйымдастыру, бұл өз кезегінде қалаларға өнімнің үздіксіз түсімін қамтамасыз етеді;
азаматтардың әлеуметтік-маңызды өнімдерге экономикалық қол жетімділігі өседі.
6.4. АӨК-нің ғылыми қамтамасыз етілуін жетілдіру және аграрлық ғылым мен білімді дамыту және қолдау
Қазақстанның аграрлық ғылымы Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін енгізу мен арттырудың маңызды әлеуетін иеленеді. Оларға селекциялық жетістіктің өсімдік сорттары, гибридтер, және ауыл шаруашылығы малдарының тұқымы, типі және желілігі, өндірістің топырақ қорғайтын және қор сақтайтын технологиялары, ауыл шаруашылығы өнімдері мен орман түзуші дақылдарды сақтау және қайта өңдеу жатады.
Соңғы 7 жыл ішінде (2001 - 2007) Қазақстанның аграрлық ғылымы агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін енгізуге және арттыруға маңызды әлеуеті бар ғылыми жетістіктерге жетті:
шетелдік ұқсастар мен салыстырғанда өнімділігі мен сапасы бойынша бәсекеге қабілетті әртүрлі дақылдардың 363 сорты мен гибридтері жасалды және мемлекеттік сорт сынауға берілді;
ҚР АШМ Ғылыми-зерттеу ұйымдарында жасалған ауыл шаруашылығы дақылдарының 34 жаңа сорты мен гибриді селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіміне қосылды;
сүтті малдың 3 жоғары өнімді типі, етті малдың 4 жоғары өнімді тұқымдық желісі, қаракөл қойының 4 типі және етті-майлы қойдың 8 тұқымдық желісі, жоғары сүтті құшым жылқыларының 2 тұқымдық желісі, түйелердің тұқымдық желісі, алдын алу, болжау және емдеу ветеринарлық 134 препараты жасалды.
Орман түзуші дақылдардың селекциясы - 35 және одан да көп жылға созылатын ұзақ процесс. Алғашқы рет соңғы 50 жыл ішінде Орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы қарағайдың бірегей жоғары декоративті морфотиптерін - көгалдандыруда пайдалану үшін ұсынылған «Бұланды» және «Сымбатты қарағайдың» жаңа сортклондарын және қарағайдың 3 сортклонын жасады.
Мәселелер
жаңа технологиялық шешімдерді және инновацияларды қолдануға негізделген кәсіпкерлік дықыл деңгейінің төмендігі;
өндіріске ғылыми әзірленімдерді енгізуді ынталандырудың тиімді жүйесінің жоқтығы;
қаржы ресурстардың шектеулілігі және АӨК-дегі ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) мемлекеттік қолдаудың тиімді механизмдерінің жоқтығы;
біліктілігі жоғары кадрлар мен жас ғалымдар үшін ғылыми қызмет саласының тартымсыздығы, ғылымдардың ұрпақтық сабақтастығының үзілуі;
инновациялық процестің барлық қатысушыларының арасында тиімді қарым-қатынасының жоқтығы;
отандық ғылымның әлемдік ғылымға ықпалдастық деңгейінің жеткіліксіздігі;
қазіргі заманғы ғылыми және материалды-техникалық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендегі.
Шаралар
Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (бұдан әрі - ҒЗИ) және А. Бараев атындағы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы 2 селекциялық-жылыжай кешендерін құру;
өсімдік және мал шаруашылығы саласында 2 орталық зертхана құру және әлемдік стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеу бойынша жұмыстар жүргізу;
сапасы әлемдік деңгейге және экологиялық талаптарға сәйкес келетін жаңа перспективті сұрыптарды жедел енгізу тұқым шаруашылығы компанияларын құру;
әлемдік стандарттармен сәйкес келетін ғылыми зерттеулер қамтамасыз ету үшін «ҚазАгроИнновация» АҚ ғылыми ұйымдарының ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жаңғырту;
«ҚазАгроИнновация» АҚ ғылыми ұйымы базасында АӨК саласындағы білімдерді тарату орталықтары желісін құру;
ғалымдардың, оның ішінде талантты жастардың қызметін ынталандыру, АӨК саласындағы ең үздік ғылыми жетістіктері үшін жыл сайынғы А. Бараев атындағы сыйлықты беру.
Күтілетін нәтижелер
2011 жылы аграрлық сектор кәсіпорындарында және ауыл шаруашылығы құрылымдарында ғылыми қамтамасыз етумен қамтылған өсімдіктен өнімдер алынатын өндірісі 15%-ға, малдан алынатын өнімінің өндірісі 7%-ға артады;
Қазақстан Республикасы экономикасының қажеттілігіне және әлемдік ғылым трендтеріне сәйкес АӨК-ні дамытудың басты бағыттарына ғылыми зерттеулерді шоғырландыру;
мемлекеттік және жеке меншік секторларындағы ғылымды теңгерімде қаржыландыру;
ғылыми зерттеулер мен әзірлерімдер гранттық жүйесінің дамуы;
«КазАгроИнновация» АҚ басқаруымен, салалық ғылыми ұйымдармен тәжірибелі кәсіпорындар және жоғары оқу орындар қатысуымен қазіргі заманғы «білім-ғылым-енгізу-өндіру» интеграциялық жүйесі қалыптасады;
селекцияның және биотехнологияның жаңа әдістерінің негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстардың, балықтардың және бал аралардың тұқымдарының, типтерінің, желілерінің, кросстары мен популяцияларының бәсекеге қабілетті сұрыптарын; мал шаруашылығына арналған вакцина және емдік препараттарды; машина мен жабдықтардың тәжірибелік үлгілерін, ауыл шаруашылығы салаларына үшін техника құралдарын жасау мерзімін 2 есе жеделдету;
2011 жылы ауыл шаруашылығы және басқа да дақылдардың 30 жаңа сұрыптары мен гибридтерін жасау; өндіріске жаңа аудандастырылған сұрыптар мен гибридтерді енгізуді қамтамасыз ету;
Тағам және азықтық, сондай-ақ басқа да өндірістік биоөнімдердің экологиялық таза түрлерінің жоғары сапалы компоненттерін өндіруге жарамды дәнді және майлы дақылдарды сұрыптары мен гибридтерді жасаудың тиімділігі жоғары әдістерін әзірлеу;
жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау және материалдық ынталандыру шараларын енгізу;
корпоративтік басқарудың, ғылым мен зертханалық тәжірибенің алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибесін енгізу және тарату;
отандық және шет елдік ғалымдардың өзара қарым-қатынасының тиімді механизмін құру;
ғылыми-техникалық және инженерлік-техникалық қызмет көрсетудің бәсекеге қабілетті рыноғын және аграрлық саладағы өндіріске білім берудің тиімді жүйесін жасау және дамыту;
2011 жылы АӨК саласындағы 25 бірлік экологиялық қауіпсіз және экономикалық пайдалы технологияларды әзірлеу және ресурс-энергия жинақтаушы технологияларды 22%-ға енгізуді қамтамасыз ету;
ҒЗИ және А. Бараев атындағы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы 2 селекциялық-жылыжай кешендерін салу және пайдалануға енгізу;
2011 жылы өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы сертификатталған және аккредиттелген 2 орталық жұмыс жасауының басталуы;
ауыл шаруашылығы дақылдарының отандық селекциясының егіс алаңын қабын 55%-ға дейін ұлғайту;
елдегі және шет елдердегі зерттеулер мен әзірленімдер нәтижелерін патенттеу белсенділігін арттыру;
ғылыми-зерттеу ұйымдарының, әр түрлі меншік нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының, кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың өзара әзірлестігінің тиімді механизмін әзірлеу және енгізу;
біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті ғылыми кадрлардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың тиімділігін жоғарлату есебінен ғылымды қажетсінетін өнімді әлемдік нарыққа шығару;
жас ғалымдардың ғылым саласын дамытуға қатысу тиімділігін арттыру;
Білімді дамыту
Агроөнеркәсіптік кешеннің қарқынды дамуын, қазіргі заманғы нарықтық принциптерде оның экономикасының көтеруін қамтамасыз ететін басты факторларының бірі - барлық деңгейдегі жоғары білікті мамандардың болуы болып табылады;
Мониторинг мәліметтері бойынша аграрлық сектордың жоғарғы бөлігінде шамамен 16 мың маман және орта бөлігінде 13 мыңнан астам маман қызмет істейді.
2000 жылдың басына қарай кәсіби мектептерде (лицейде) оқушылар құрамы 2,5 есе азайды, колледждерде - 2 есе, ауылдық кәсіби мектептердің оқушылар құрамы күрт азайды.
Республиканың бірқатар аудандарында техникалық және кәсіби білім беру оқу орындары мен жатақханалар жекешелендірілді және жабылды, бұл әсіресе ауылдық жастарға, техникалық және кәсіби білім алуға мүмкіндігін айтарлықтай төмендетті.
Республикада жоғары білімі жоғары білікті аграрлық кадрларға қосымша қажеттілігі 5,7 мың адамды, техникалық және кәсіби оқу білімі барларға (колледжді, кәсіби лицейлерді және мектептерді қоса) шамамен 40 мың адамды құрайды.
Жоғарғы оқу орнынан кейін кәсіби білімі бар кадрларға АӨК қажеттілігі мен қолда барын талдау ғылыми-зерттеу ұйымдардың ғылыми кадрлармен қамтамасыз етілмеу мәселесін көрсетті. Қазіргі таңда ғылым докторларының орташа жасы 60 жасты, ғылым кандидаттарының 53 жасты құрайды.
Сонымен қоса, ғылыми ұйымдарда аграрлық ғылымның басты бағытттары бойынша бірқатар мамандықтар қажет, олар бойынша елде кадрлар мүлде дайындалмайды бұл жас ғалымдарды жақын және алыс шет елдерде оқыту қажеттілігін тудырады.
Мәселелер
ауыл шаруашылығы саласының басты және тапшылығы бағыттары жоғары бойынша, оның ішінде ғылыми білім және әдістемелерді тарату саласында кадр әлеуетінің жеткіліксіздігі;
экономикада талап етілген мамандықтар бойынша мамандарға сұраныс туралы мониторинг өткізілмеуі;
жоғары білікті кадрлардың коммерциялық салаға және шет мемлекеттердің ғылыми ұйымдарына кетуі;
жас мамандардың ғылым саласына келуінің азаюы;
ауыл шаруашылығы өндірісінде және басқа АӨК салаларында жұмыс орындарының әлеуметтік тартымдылығының жоқ болуы.
Шаралар
АӨК, су, балық, орман және аңшылық шаруашылығы салаларының қажеттіліктері үшін жоғары білікті мамандарды дайындау;
студенттерді ауыл шаруашылығы жұмыстардың барлық циклымен таныстыру үшін студенттердің тәжірибелік оқыту мерзімдерін ұлғайту және материалдық-техникалық базаны жетілдіру;
АӨК салаларындағы мамандар құрамының сандық және сапалық қажеттіліктерін бағалау және мониторинг жүргізу;
кәсіби тәжірибені, оқушылардың тағылымдамадан өтуін және аграрлық мамандық бойынша ауылдық жерлерде мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруда оқу орындарына жәрдем беру;
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агратехникалық университеттік инфрақұрылымының қалыптасуы және әрі қарай дамуы;
тақырыптық және салалық семинарларда, алдыңғы қатарлы шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарында және мамандандырылған ұйымдарда қазақстандық аграрлық ғылым ғалымдарының тағылымдамадан өтуін және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Күтілетін нәтижелер
АӨК салаларын, оның ішінде ғылыми-зерттеу және индустриалды-инновациялық даму саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
экономиканың аграрлық саласына және АӨК, су, балық, орман және аң шаруашылығы саласына арналған мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарына жыл сайын талапкерлердің түсуі;
аграрлық сала өндірісінде білім беру жүйесі бойынша мамандар мен фермерлерді оқыту;
аграрлық ғылым саласындағы әлемдік стандарттарға сәйкес біліктілігі жоғары кадрлар даярлау есебінен АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін арттыру;
кадрлар даярлау саласына үздік тәжірибені енгізу;
кадрлар даярлауға арналған жаңа заманғы материалдық-техникалық база қалыптастыру.
7. Техникалық және технологиялық қайта жабдықтау
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында республика өңірлерінің өнеркәсіптік әлеуеті 122 машина жасау кәсіпорындармен ұсынылған, оның ішінде 52 кәсіпорын егін оратын машина, тұқым себетін машина, топырақ өңдейтін құрал, сондай-ақ жем дайындайтын құрал, өсімдік қорғауға арналған машиналар және басқа да ауыл шаруашылығы техникаларын, жабдықтар мен қосалқы бөлшектер шығарады. Қалған 70 кәсіпорын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. 15-ке жуық кәсіпорын соңғы өнімдерді өндірушілер болып табылады.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау айналымы өте төмен деңгейде тұр және соңғы бес жылда (2003 - 2007) 17,6 млрд.теңгеге бағаланды. Оның ішінде елдің ішінде өткізу 9 млрд.теңгені, экспортқа шығару 1,7 млрд.теңгені құрады.
2007 жылы ауыл шаруашылығы техникасы және қосалқы бөлшектер өндірісінің көлемі 6,7 млрд. теңгені, оның ішінде ішкі нарықта ауыл шаруашылығы машиналары мен қосалқы бөлшектерді өткізу көлемі 6,0 млрд. теңгені (өткен жылмен салыстырғанда 3,3 млрд.теңгеге көп), экспорт - 0,7 млрд. теңгені құрады.
Республикада 154,7 мың шынжыр табанды және дөңгелек табанды трактор, 46,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,7 мың егін оратын машина, 91,0 мың тұқым себетін машина, 1,9 мың егін егу кешендері, 315,9 мың топырақ өңдейтін машина, 80,7 мың трактор тіркемесі, 49,7 мың жүк көлігі және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары бар.
2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы жылжымалы мүлікті заңдастыру есебінен ауыл шаруашылығы техникалары санының айтарлықтай өсуі болды.
Соңғы жеті жылда (2001 - 2007) 26,7 мыңнан аса ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлері сатып алынды.
Ауыл шаруашылығы техникаларының тозу дәрежесі 80 % құрайды. 10 жылдан аса пайдаланылған тракторлар құрамы 94,5%-ды, астық жинайтын комбайндар - 77,7 %-ды құрайды. Физикалық тозумен бірге машиналардың моральдық ескіруі болады. Негізгі ауыл шаруашылығы техникаларының 8-10 жыл қызмет етуінің орташа мерзімде және істен шығып қалуын есептегенде 10 жыл ішінде машина-трактор паркін толық жабдықтау үшін едәуір қаражат керек.