Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Машина жасау саласын дамыту жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы № 596 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Машина жасау саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Машина жасау саласын дамыту жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 18 маусымдағы
№ 596 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Машина
жасау саласын дамыту жөніндегі комиссияның құрамы
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Қосынов Алмас Олжабайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Дәрібаев Мұрат Аманкелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы, хатшы |
Пішембаев Мейрам Құдайбергенұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Баталов Асқар Болатұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Кармазина Лена Мағауияқызы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Мақажанов Нығмеджан Қойшыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары |
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы | - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Ізбасханов Қылышбек Сатылғанұлы | - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті - басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы | - «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша) |
Мусина Лилия Сәкенқызы | - «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Қизатов Ермек Әнуәрбекұлы | - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша) |
Беклемишев Павел Иннокентьевич | - «Белкамит» бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
Мәндиев Ержан Оразбекұлы | - «Азия Авто» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
Ким Виктор Владимирович | - «Қазақстан машина жасаушылар одағы» Заңды тұлғалары бірлестігінің басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Әбдіреев Батырбек Сейтенұлы | - «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» акционерлік қоғамы Технологиялар трансферті департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Әкеев Альберт Айтқожаұлы | - «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша) |
Ахметжанов Әліби Хәкімұлы | - «Шығыс Қазақстан машина жасау зауыты» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Едігенов Жетпісбай Кәрібайұлы | - «Алматы ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 18 маусымдағы
№ 596 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Машина
жасау саласын дамыту жөнінде комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Машина жасау саласын дамыту жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) қажеттіліктер мен ішкі және сыртқы нарықтарда өнімге сұраныстың даму перспективаларын ескере отырып, машина жасау саласын дамытудың перспективалы бағыттарын белгілеу;
2) машина жасау кәсіпорындарының ішкі және сыртқы өндірістік кооперациясын ынталандыру және дамыту;
3) машина жасау саласы үшін жоғары, бастапқы және орта техникалық және кәсіби білімі бар білікті кадрлар даярлау және оларды салаға тарту;
4) машина жасау саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыруда инновациялық, ақпараттық қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ететін машина жасау саласындағы қазіргі заманғы инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
4. Комиссия өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ жеке тұлғаларды Комиссияның отырысына шақыруға және тыңдауға;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
4) машина жасау саласының мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын және нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен енгізуге құқылы.
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияны төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссияның жүзеге асыратын қызметі үшін және Комиссия дайындайтын шешімдер үшін дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде, оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Комиссия отырыстарының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстардың хаттамаларын ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.
8. Комиссияның хатшысы отырысқа дейін үш күннен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне барлық қажетті құжаттарды жібереді.
9. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
10. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия хаттамасына қоса берілуі тиіс.
11. Комиссия отырыстарының өткізілу нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері қол қоятын хаттама жасалады.
Жұмыс органы Комиссия отырысының хаттамасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.
12. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.