Мынадай жүйе қалыптастыратын ірі инвестициялық жобаларды іске асыру көзделіп отыр:
энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға, сондай-ақ елдің оңтүстік өңірлерін тиімді әрі үздіксіз электрмен және жылумен жабдықтауға ықпал ететін жобалық қуаты 2 640 МВт Балқаш ЖЭС-ін салу;
Ақтау қаласында елдің батыс өңіріндегі электр энергиясының тапшылығы проблемасын шешуге және экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік беретін атом электр станциясын салу;
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің газға қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету және елдің энергетикалық қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында Бейнеу - Бозой - Шалқар - Ақбұлақ магистральдық газ құбырын салу;
Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін құру, бұл қосылған құны жоғары газ-химия өнімінің кең спектрін өндіруге, көмірсутек шикізаты бағасының ауытқуы кезінде елдің экономикалық қауіпсіздігін күшейтуге, өңірдегі халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді;
Астана - Щучинск автомобиль жолын салу, оны пайдалануға беру транзиттік әлеуетті ұлғайтуға, өнімнің өзіндік құнындағы көліктік құрамдауышты төмендетуге, экономикалық перспективалы аумақтарды игеруді жеделдетуге мүмкіндік береді;
елдің экспорттық әлеуетін арттыру, тауар айналымын ұлғайту және экономикалық перспективалы аумақтарды игеруді жеделдету мақсатында әр түрлі қаржыландыру көздерін тартуды көздейтін Өзен - Түркменстанмен шекара темір жол желісін салу.
Республикалық бюджет шеңберінде көлік инфрақұрылымын, оның ішінде су көлігі инфрақұрылымын қолдау, жаңарту мен кеңейту және авиациялық тасымалдау саласының дамуы бойынша іс-шараларды қаржыландыру жалғасады.
Осы шаралардың есебінен атқарылатын жұмыстардың сапасын міндетті түрде бақылауды жүзеге асыра отырып республикалық маңызы бар автожолдарды салу және жөндеу жұмыстарының теңгерімі, жергілікті маңызы бар автожолдарды күрделі жөндеу қамтамасыз етілетін болады.
Кеме қатынасы және өзен көлігімен жүк тасу көлемінің одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін жол жұмыстары кешені, сол сияқты навигациялық жабдықтарды қою (алып тастау) және күтіп ұстау, түбін тереңдету түзету, түбін тазарту жұмыстарын орындау, Өскемен, Бүхтарма, және Шүлбі шлюздерін жөндеу және апатсыз жұмыс істеуді қамтамасыз ету, Ертіс, Қара Ертіс және Жайық өзендері учаскелерінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу, флотты жөндеу, мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен экономика салаларына жүйелі мониторинг, талдау және бағалау, сондай-ақ басқа елдер мен трансұлт корпорациялардың бәсекелі салаларына салыстырмалы талдау жасау үшін жетекші елдер мен салалар компанияларының негізгі тауарлар нарығының рейтингінің статистикасы мен шолулары енгізілген Еuгоmоnіtor Іnternatіonal компаниясының Glodal Market Іnformatіon Datadase (GMІD) халықаралық іскерлік ақпараттардың онлайн ақпараттық ресурстарына қол жеткізу коды сатып алынатын болады.
Экономиканың өсуін қолдауға және басқаруға көмек көрсететін халықаралық техникалық стандарттарды тездетіп және кеңінен енгізуге мынадай іс-шаралар ықпал ететін болады:
1) қазіргі бар стандарттарды талдау және жүйелеу жөніндегі:
2) мыналарды әзірлеу жөніндегі;
темір жол саласындағы, автомобиль жолы мен көлік саласындағы стандарттарды;
көмір саласындағы каталогтар мен жіктеуіштерді;
өнеркәсіп саласындағы эталондарды;
энергия жабдықтарын пайдалану, жөндеу, монтаждау және реттеу кезінде электр энергетикасы мен электр энергиясы қондырғыларының сенімділігі саласындағы және қауіпсіз пайдаланылу мәселелері жөніндегі ғылыми-техникалық құжаттамаларды;
энергия тұтыну нормативтерін;
3) мыналарды өткізу:
Қазақстанның ІАҒ және ІLAC халықаралық ұйымдарына кіруі бойынша дайындық жұмыстары, соның ішінде халықаралық сарапшыларды тарту;
халықаралық сарапшылардың зерттеу және тексеру зертханалар аккредиттеуі;
халықаралық деңгейде аккредиттеу саласындағы мамандардың біліктілігін көтеру жөніндегі іс-шаралар.
Аграрлық сектор саласындағы мемлекеттік саясат 2008-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталатын болады.
2008-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бюджет шығыстары Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға кірген кезде ауыл шаруашылығының барабар жағдайларын қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, мыналардың негізінде айқындалатын болады:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы шешімімен мақұлданған Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы №654 қаулысымен бекітілген оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 963 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
2008-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы шығыстардың басым бағыттары мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
қолайлы эпизоотикалық және фитосанитарлық жағдайларды қамтамасыз ету;
субсидиялау жолымен ауыл шаруашылығын дамытуды қолдау.
Азық-түлік қауіпсіздігін, республиканың жұмылдыру қажеттілігін Қазақстанның астық нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін 500 мың тонна көлемінде мемлекеттік азық-түлік резерві жасалды. Бұл ретте, ең аз қор халықты астықпен және оның қайта өңделген өнімдерімен қамтамасыз етуді кепілдендіруі қажет. Сондай-ақ ішкі нарықты реттеу және нан-тоқаш өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін 600 мың тонна көлемде тұрақты астық ресурстары құрылды.
Азық-түлік астығының мемлекеттік резервін жаңарту және отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында жыл сайы 450-500 мың тонна шеңберінде астықты мемлекеттік сатып алу жүргізіледі Астықты сатып алу көлемі мен құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен белгіленеді.
2008-2010 жылдары елдің ветеринарлық және фитосанитарлық жағдайын қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды ұлғайту Халықаралық эпизоотикалық бюросының халықаралық стандарттары мен талаптарына сәйке көлемде қамтамасыз етілетін болады. Соның нәтижесінде ветеринария саласындағы Ұлттық заңнаманы ЖСҰ-ның санитарлық және фитосанитарлық шаралары жөніндегі келісімнің талаптарына сәйкес үндестіру; Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі алдында Қазақстан Республикасының ғимараттары мен зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру; жылына екі рет барлық мал басын диагностикалық зерттеумен 100% қамту жұмыстары жүргізілетін болады.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру мал ауруларының аса қауіпті жұқпаларының туындауынан экономикалық зиянға жол бермеуді қамтамасыз етуге және республика өңірлерінде эпидемиологиялық нашарлаудың алдын алуға, ветеринарлық-санитарлық жағынан қауіпсіз мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.
Алда республиканың ДСҰ-ға кіруін ескере келе, ауыл шаруашылығында субсидиялау жолымен мемлекеттік қолдау жалғасатын болады. Бұл ретте, ауыл шаруашылығын субсидиялау Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің келіссөз процесі нәтижелерін ескере отырып жүргізілетін болады.
Республиканың экспорттық әлеуетінің кеңеюі шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның нақты «серпінді» жобаларды іске асыруға арналған, соның ішінде: көрме-жәрмеңке кешенін салуға, ірі-тауарлы мал шаруашылығы фермаларын құруды қаржыландыруға, Поти (Грузия) және Амирабад (Иран) порттарында астық терминалдарын салу мен жарақтандыруға және қазақстандық тауарларды экспорттық нарыққа жылжыту мақсатындағы өзге де жобаларға арналған жарғылық қорды ұлғайту көзделіп отыр.
2008-2010 жылдары табиғи су қоймаларының су биоресурстарын сақтау, молықтыру және тиімді пайдалану, тауарлы балық шаруашылығын дамытуға жағдайлар жасау есебінен балық шаруашылығы кешенінің тұрақты жұмыс істеуі негізінде салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолымен балық ресурстарын қорғау және молықтыру шараларын іске асыру жалғасуда.
Балық шаруашылығын дамытуға арналған шығыстар көлемі Қазақстанның балық шаруашылығын тұрақты дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, экономиканың балық саласын сақтауды және жаңғыртуды, сондай-ақ балық шаруашылығы кешенін басқару құрылымын оңтайландыруды ескере келе айқындалатын болады, бұл тұтастай алғанда балық шаруашылығын басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге және бәсекеге қабілетті және сапалы қосымша құны жоғары отандық балық өнімдерін жасауға көмектесетін болады.
Туризм және спорт саласындағы мемлекеттік бюджет шығыстары халықтың денсаулығын нығайту мен жоғары жетістікті спортты дамыту үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия мен дене тәрбиесі мен спорттың тиімді жүйесін жасауға бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру шеңберінде елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру, визалық және тіркеу рәсімдерін оңайлату, туристік қызметтерді халықаралық сапа стандарттарына сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады, соның ішінде:
Қазақстан өңірлерінде туристік кластерлерді дамыту;
туристік инфрақұрылымы дамыған және Қапшағай су қоймасы жағалауы мен Шучье-Бурабай курорттық аймағында ойын-сауық объектілері бар туристік орталық құру;
Жібек жолы бойымен туризмді дамыту, сондай-ақ Каспийде жағажай және круизді туризмді дамыту үшін жағдай жасау.
Жүргізілген іс-шаралар есебінен кейінгі жылдардағы келушілер санының өсуіне байланысты ішкі және кіру туризмі бойынша туристер легінің 2007 жылға қарағанда 2009 жылы орташа 25% өсуі қамтамасыз етілетін. Сондай-ақ туризм саласындағы халықты жұмыспен қамту 499,4 мың адамға дейін қамтамасыз етілетін болады.
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру мақсатында бірінші кезекте жоғары жетістікті спорт пен халықтың салауатты өмір сүруін қалыптастыратын бұқаралық спорт дамытылатын болады, соның ішінде:
2011 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізу үшін спорт объектілерін қайта құру және салу;
жоғары жетістіктер спортының ғылыми-әдістемелік базасын жасау;
аудан орталықтарында, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу.
Шығыстар саясаты дамуға бағытталған бағдарламалар жағына ауыстырылатынын ескере келе, санға емес сапаға көңіл аударылады, ол бюджет заңнамалары ережелерін сақтау және мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Басым бағыттардан басқа, орта мерзімді кезеңге арналған шығыстар саясаты сондай-ақ экономикалық және бюджет саясаты басымдықтарына қарамастан - елдің қорғаныс, құқықтық, соттық, қүқық қорғау, қаржылық, сыртқы саяси қызметтері мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру - олар бойынша міндеттемелерді мемлекет көтеретін функцияларды қамтамасыз етуге де бағытталған.
Қорғаныс қажеттілігіне арналған шығыстар қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери-саяси, стратегиялық, экономикалық және техникалық міндеттерді және Қазақстан Республикасының халықаралық әскери ынтымақтастығын жүзеге асыруды негізге алып жоспарланатын болады.
Жоспарланған орта мерзімді кезең шығыстарында әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейту көзделген, ол:
әскери атақ жалақысын, жауынгер және сержант лауазымындағы келісім- шарт бойынша әскери қызметшілердің жалақыларын ұлғайтуды;
әскери қызметтің ерекше жағдайларына үстемақыны және үшу, үшу-көтеру, инженерлік-техникалық құрам мен құрылықтағы әскерлердің лауазымындағы келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің жалақыларын ұлғайтуды;
кем дегенде 8 жыл қызмет атқарған келісім-шарт бойынша істейтін әскери қызметшілер үшін елдің жоғары оқу орындарында оқу ақысы құнының 50 % өтеуді;
жалпы әскери паектің құнын ұлғайтуды қарастырады.
Алдын ала тексеру сапасын жақсартуға, қылмыстық процесте кәмелетке толмағандар құқықтарын сақтауға бағытталған сот жүйесін жетілдіру және “Қазақстандағы ювенальды әділет” жобасын іске асыру мақсатында кәмелетке толмағандар істері бойынша экспериментальды (ювенальды) соттар кұруға арналған шығыстар көзделген.
“Қазақстандағы ювенальды әділет” жобасы міндеттерінің бірі кәмелетке толмағандарға қылмыстық іс қозғау санын азайту, ал ол қозғалған болса - тәрбиелік сипаттағы институттарды кеңінен қолдана отырып істі сотқа жібермеу мүмкіндігін іздестіру болып табылады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың 2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады, соның шеңберінде Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен қоршаған ортасын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, зақымдаудың қазіргі заманғы құралдары мен террорлық актілер салдарынан қорғау, олардың алдын алу мен жою күштері мен құралдарын дамыту жүйесі тиімділігін одан әрі жетілдіру және көтеру жүргізілетін болады.
Қылмыстық-атқару жүйесі жұмысының тиімділігін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдарға арналған қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамыту бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады, соның шеңберінде басқаруды ұйымдастыру жетілдірілетін және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде адамдарды ұстау жағдайлары жақсаратын, сотталғандардың қоғамнан оқшаулануына байланыссыз қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларының тиімділігі артатын болады, сондай-ақ бас еркінен айыру орындарынан босаған адамдарды әлеуметтік сауықтыру үшін жағдайлар жасалады.
Есірткіні пайдаланудың өсуін және оның заңсыз айналымын тоқтату, есірткінің таралуын біртіндеп қысқарту үшін жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы №1678 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын одан әрі іске асыру жалғасатын болады.
2005 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің инвестициялық құрамдас бөлігі ұлғаюда, ол мемлекеттік бюджеттің даму бағдарламасы шығыстары үлесінің өзгеруінен көрінуде. Орта мерзімді кезеңде бұл үрдіс жалғасатын болады және даму бюджетінің үлесі шығыстардың жалпы көлемінің 43,6 -34,4% шеңберінде болады.
2008-2010 жылдары бюджеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру Орта мерзімді жоспар шеңберінде және орта мерзімді кезеңде бекітілген Басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 (бұр.ред.қара); 2008.21.10. № 968 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 6-сурет жаңа редакцияда
6-сурет. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жалпы көлеміндегі ағымдағы
және инвестициялық шығыстар үлесінің өзгеруі
Экономиканың стратегиялық салаларын дамытуға мемлекеттік ықпал ету (құралдарының бірі мемлекеттің қаржы активтерін - заңды тұлғалардың акция пакеттері және меншікке қатысу үлесін сатып алу.
Орта мерзімді перспективада мемлекеттік активтерді басқару саласындағы мемлекеттік саясат экономиканың стратегиялық маңызды салаларын дамытуды, соның ішінде мемлекеттік меншіктің мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын бақылау жүйесін қалпына келтіру және күшейту, мемлекеттік меншіктің құрылымын оңтайландыруды жүзеге асыру жолымен реттеуге бағытталған.
Қаржы активтерін сатып алу экономиканың стратегиялық салаларының мемлекет тарапынан елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету сондай-ақ оларды тиімді дамытуға бағытталған тиісті бақылануын орнату құралдарының бірі болып табылады.
2007-2008 жылдары мемлекеттік холдингтер мен компаниялардың жарғылық капиталдарының ұлғаюы экономиканы жаңғырту, әртараптандыру жөніндегі міндеттерді одан әрі іске асыру үшін олардың қаржылық базасын қалыптастыруға, қосылған құны жоғары ғылымды қажет ететін, инновациялық өндірістердің санын ұлғайтуға, тиімді инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған.
“Каз Агро” Ұлттық холдингі” АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға бірқатар жобаларды іске асыруға бағытталған:
экспорттық инфрақұрылымы дамыған бордақылайтын алаңдарды құру;
биодизел және биоэтанол өндіру зауыттарының құрылысы;
Астана қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме нарығының құрылысы;
ҚР Үкіметінің 2008.21.10. № 968 қаулысымен 7-сурет алып тасталды (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген, 2008-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферттің мөлшерін, макроэкономикалық болжамды және даму бағдарламалары бойынша мемлекеттік шығыстардың болжамын негізге ала отырып, Ұлттық қордан 2010 жылға арналған кепілдендірілген трансферттің болжамды мөлшері айқындалды, ол 1075,7 млрд. теңгені құрайды. 2008 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі кезеңдегі кепілдендірілген трансферт орта есеппен қор активтерінің 29,6%-ын қүрайды.
Экономика мен оның мұнай-газ секторы, металлургия, химия, мұнай-химия, инфрақұрылым сияқты түйінді салаларын дамыту жөніндегі міндеттер шеңберінде 2008 жылы мемлекеттік активтерді біріктіретін және өңірлік және елдің жалпы серпінінің локомотиві болатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» жаңа мемлекеттік холдингі (бұдан әрі - холдинг) құрылды.
ҚР Үкіметінің 2008.21.10. № 968 қаулысымен 8-сурет алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қаржы секторын тұрақтандыру мақсатында холдинг банктермен шағын және орта бизнесті дамыту, Астана және Алматы қалаларындағы объектілер құрылысын аяқтау жөніндегі жұмыстарды жүргізетін болады.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 қаулысымен 9-сурет алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан он миллиард АҚШ долларын бөлуді болжайтын тұрақтандыру бағдарламасының шеңберінде оның бес миллиард АҚШ доллары жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін Холдингті капиталдандыруға жіберілетін болады.
Банк секторы активтерінің сапасын жақсарту және банк секторына инвесторлардың сенімін арттыру мақсатында 2008 жылы Үкімет тарапынан қаржылық тұрақтылықтың кепілі ретінде тұрақтандыру функцияларының орындалуын қамтамасыз ететін нарықтық институт ретінде Стрестік активтер қоры (бұдан әрі - Қор) құрылатын болады.
Қор өз функцияларын іске асыру үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен 2008 - 2010 жылдары бір миллиард АҚШ долларынан асатын оның жарғылық капиталы қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 қаулысымен 10-сурет алып тасталды (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік шығыстар мен ЖІӨ-нің өсу қарқыны, өткен жылға %-бен Мемлекетттік бюджеттің шығыстары 2008 жылы - ЖІӨ-ге 27,0 %, 2009 жылы ЖІӨ-ге 23,7 %, және 2010 жылы ЖІӨ-ге 23,4 % құрайды.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 (бұр.ред.қара); 2008.21.10. № 968 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 5-кесте жаңа редакцияда
2008 — 2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бюджет шығыстарының болжамы
5-кесте
Атауы | 2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл |
ЖІӨ-ге %-бен | үлесі,% | ЖІӨ-ге %-бен | үлесі, % | ЖІӨ-ге %-бен | үлесі, % |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
ШЫҒЫСТАР | 27,0 | 100,0 | 23,7 | 100,0 | 23,4 | 100,0 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 1,0 | 3,8 | 1,2 | 5,0 | 1,2 | 5,0 |
Қорғаныс | 1,0 | 3,7 | 1,1 | 4,4 | 1,1 | 4,8 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | 1,6 | 6,0 | 1,7 | 7,0 | 1,7 | 7,0 |
Білім беру | 3,5 | 12,9 | 3,6 | 15,1 | 3,6 | 15,5 |
Денсаулық сақтау | 2,4 | 9,0 | 2,6 | 10,9 | 2,7 | 11,4 |
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру | 3,9 | 14,5 | 4,1 | 17,3 | 4,2 | 17,9 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 1,7 | 6,3 | 1,9 | 8,0 | 1,9 | 8,0 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | 0,9 | 3,4 | 0,9 | 3,9 | 0,9 | 3,9 |
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану | 0,4 | 1,6 | 0,5 | 1,9 | 0,5 | 1,9 |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 1,0 | 3,6 | 1,0 | 4,4 | 1,0 | 4,5 |
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | 0,05 | 0,2 | 0,05 | 0,2 | 0,05 | 0,2 |
Көлік және коммуникация | 1,9 | 7,0 | 2,0 | 8,5 | 2,0 | 8,7 |
Өзгелері | 7,2 | 26,6 | 2,8 | 11,8 | 2,3 | 9,7 |
Борышқа қызмет көрсету | 0,4 | 1,4 | 0,4 | 1,6 | 0,3 | 1,4 |
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 қаулысысмен 6-тарау өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік кредит беру
Бюджеттік кредит беру Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында көрсетілген мемлекеттік және салалық бағдарламалардың құрамында іске асырылатын жобалардың шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Экономикалық және әлеуметтік тиімділік, өтелімділік өлшемдерін міндетті түрде сақтай отырып, бюджеттік кредит берудің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) кредит беру;
мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді және кепілгерліктерді орындау;
жергілікті атқарушы органдарға, оның ішінде ағымдағы қаржы жылында жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығының болжамы жағдайында кредит беру;
қаржы агенттіктері мәртебесі бар қаржылық даму институттарына кредит ресурстарын беру.
Жоспарланған кезеңде республикалық бюджет есебінен кредит берудің негізгі бағыттары «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын іске асыру, ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейін қолдау және Тұрғын-үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджетке тұрғын-үй салуға кредит беру жөніндегі іс-шаралар болып табылады.
Халықаралық қайта құру және Даму Банкінің қарыз қаражаты есебінен іске асырылатын ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейін қолдау жобасының екінші кезеңін іске асыру шеңберіндегі шығыстар фермерлердің, ауылдық шағын және орта кәсіпорындардың қаржылық қызметке қол жеткізуін ауылдық қаржылық консультациялық қызмет жүйесін құру арқылы қамтамасыз етуге, ұзақ мерзімді ауыл шаруашылығы инвестицияларын бағалау бойынша коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялардың функционалдық мүмкіндіктерін нығайтуға, микроқаржы мекемелерін институционалды дамытуға және олардың коммерциялық банктермен өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталатын болады.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында ішкі нарықта айналдыру үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруын қоспағанда республикалық бюджеттен бюджет кредиттерін алу нысанында ғана жүзеге асырылатын болады.
Жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредит беру фискалдық саясатқа және Үкімет пен өңірлердің 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 қаулысысмен 7-тарау өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджетаралық қатынастар
Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексінде белгіленген қағидаттардан және түсімдер мен шығыстардың бюджет деңгейлері арасында бөлінуінен бастау алады әрі өзара қатынастардың анықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әрбір басқару деңгейінің дербестігін күшейтуге, сондай-ақ тиімді бюджет саясатын жүргізуге бағытталған. Бюджет кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар трансферттер мен бюджеттік кредиттер арқылы реттеледі, ал облыстық және аудандық бюджеттер арасында бұдан басқа, кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.
2007 жыл Заңмен және облыстық мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген жалпы сипаттағы трансферттердің үшжылдық көлемінің әрекет етуінің аяқталу жылы болып табылады. Жалпы алғанда, орта мерзімді кезеңге субвенциялар мен алуларды жыл сайынғы өзгеріссіз бекіту өз тиімділігін көрсетті.
Жергілікті атқарушы органдардың барлық қосымша кірістері жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілмеген, олардың салық салу базасын кеңейтуге қосатын үлесі өздерінің иелігінде қалады.
Үш жылдық Заңның қолданыстағы кезеңінде жергілікті атқарушы органдар 497,7 млрд. теңге сомасында қосымша кіріс алды (2005 жылы - 78,5 млрд. теңге, 2006 жылы - 128,0 млрд, теңге, 2007 жылы - 291,2 млрд. теңге).