«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1091 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-техникалық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қосымшаға сәйкес «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 27 қарашадағы
№ 1091 қаулысына
Қосымша
«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі»
акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің
құрамы
Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша) |
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары |
Құрманғалиева Жанна Дулатқызы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы |
Өтепов Эдуард Карлович | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы |
Байжанов Ерлан Сапарұлы | - «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |