Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 шілдедегі № 1096 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1396 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 465 қаулысының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдар (келісім бойынша) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 18 шілдедегі
№ 1096 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық
қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша электр энергиясына шекті тарифтерді қолдану нәтижелерін талдау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, электр станциялары (келісім бойынша) | Жыл сайын, 2010 жылғы 20 қаңтар, 2011 жылғы 20 қаңтар, 2012 жылғы 20 қаңтар |
2 | Электр энергетикасы саласындағы субъектілердің қызметін реттеудің саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және электр энергиясы нарығындағы бәсекелестік қатынастарды дамытуға бағытталған әдістерін жетілдіру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА | 2010 жылғы 20 сәуір |
3 | Электр энергиясындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру және электр энергиясы нарығының оңтайлы құрылымының моделін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА, «KEGOC» АҚ (келісім бойынша), «КОРЭМ» АҚ (келісім бойынша), ҚЭҚ (келісім бойынша) | 2010 жылғы 20 шілде |
4 | Электр энергетикасы саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі өлшемдерін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА | 2010 жылғы 20 қазан |
5 | Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторының сауда алаңын пайдалана отырып, Орталық Азия энергетикалық сауда алаңы негізінде электр энергиясының мемлекетаралық нарығының моделін қалыптастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), «КОРЭМ» АҚ (келісім бойынша), «KEGOC» АҚ (келісім бойынша), ҚЭҚ (келісім бойынша) | 2011 жылғы 20 қаңтар |
6 | Электр қуаты нарығының моделін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА, «KEGOC» АҚ (келісім бойынша), «КОРЭМ» АҚ (келісім бойынша) | 2011 жылғы 20 наурыз |
7 | «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына электр энергетикасында нарықтық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу | Заң жобасының тұжырымдамасын Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу | ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА, ЭБЖМ | 2011 жылғы 20 қазан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҚА | - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі |
ТМРА | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі |
ЭБЖМ | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
ЭМРМ | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
ҚЭҚ | - Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы |
«KEGOC» АҚ | - «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» «KEGOC» (Kazakhstan Еlеktrісіtу Grіd Ореrаtіng Company) акционерлік қоғамы |
«КОРЭМ» АҚ | - «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамы |
электр станциялары | - уәкілетті органмен энергия өндіруші ұйымдардың жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, қолдауға, қайта жаңартуға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі инвестициялық міндеттемелерін көздейтін келісім жасасқан энергия өндіруші ұйымдар |