2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 15-3- бабымен толықтырылды
15-3-бап. Мемлекеттік инспектордың актілері
1. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар мынадай актілер шығарады:
1) тексеру жүргізу нәтижелері жөніндегі акт;
2) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
4) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы.
2. Акт нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
3. Мемлекеттік инспекторлардың актілерін жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 15-4-бабымен толықтырылды
15-4-бап. Мемлекеттік инспектордың әлеуметтік қамсыздандырылуы
Мемлекеттік инспекторлардың өмірі мен денсаулығының сақтандырылуы Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік инспекторлар отбасы мүшелерінің асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандырылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 15-5-бабымен толықтырылды
15-5-бап. Мемлекеттік инспектордың қызметтік
міндеттерін орындауына кедергі жасау
Мемлекеттік инспектордың өз қызметтік міндеттерін орындауы кезінде оған кедергі жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
16-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау
1. Өндірістік бақылау қауіпті өндірістік объектілерде авариялар туындау қаупін мейлінше азайту, олардың салдарынан болатын залал мен материалдық шығын мөлшерін кеміту мақсатында жүзеге асырылады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті өндірістік бақылаудың міндеттері қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, жолсыздықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау болып табылады.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын барлық ұйымдарда өндірістік бақылау туралы ереже әзірленеді.
Ережеде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары талаптарының іске асырылуын бақылайтын тұлғалардың өкілеттігі қамтылуға тиіс.
Бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың функциялары мен өкілеттігін бекіту ұйым бойынша бұйрықпен ресімделеді.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
2006.29.12. 209-III ҚР Заңымен қосымшамен толықтырылды
Қауіпті өндірістік объектілердегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы"
2002 жылғы 3 сәуірдегі
Қазақстан Республикасының Заңына
Қосымша
Олардың өнеркәсіптік объектіде болуы декларациялау
үшін негіз болып табылатын қауіпті заттардың шекті
сандары
Қауіпті зат атауы | Қауіпті заттың шекті саны (т) |
Аммиак | 10 |
Аммоний нитраты (аммоний нитраты немесе олардың құрамында салмағы бойынша аммоний нитратынан азоттың болуы 28 % артық болатын аммоний қоспалары, сондай-ақ ондағы аммоний нитратының шоғыры салмағының 90 % асатын аммоний нитратының сулы ерітінділері) | 1250 |
Тыңайтқыш түріндегі аммоний нитраты (аммоний нитраты негізіндегі қарапайым тыңайтқыштар, сондай-ақ олардың құрамында аммоний нитратының болуы салмағынан 28% артық болатын күрделі тыңайтқыштарда аммоний нитраты фосфатпен және (немесе) калиймен бірге келеді)) | 5000 |
Акрилонитрил | 200 |
Хлор | 10 |
Этилен оксиді | 50 |
Цианды сутек | 20 |
Фтор сутегі | 50 |
Күкірт сутегі | 50 |
Күкірт диоксиді | 200 |
Күкірт үшоксиді | 75 |
Қорғасын алкилдері | 50 |
Фосген | 0,75 |
Метилизоцианат | 0,15 |
Хлорпикрин | 0,55 |
Бромметил | 15 |
Металлил хлориді | 20 |
Тұз қышқылы | 40 |
Азот қышқылы | 25 |
Тұтанғыш заттар | 200 |
Тауар-шикізат қоймаларында және базаларында бар жанғыш сұйықтықтар | 2500 |
Технологиялық процесте пайдаланылатын немесе магистральды құбыржолы бойынша тасымалданатын жанғыш сұйықтықтар | 200 |
Тотыққыш заттар | 200 |
Жарылғыш заттар | 25 |
Уытты заттар | 200 |
Уыттылығы жоғары заттар | 20 |
Қоршаған табиғи орта үшін қауіп тудыратын заттар | 200 |
Егер қауіпті өндірістік объектілер арасындағы қашықтық 500 метрден кем болса, қауіпті заттың жиынтық саны есептеледі.
Егер бірдей санатты қауіпті заттардың бірнеше түрі қолданылса, онда олардың жиынтық шекті саны мына шартпен анықталады:
n
i = 1
мұнда m (і) - қолданылатын зат саны, M (і) - осы тізбеге сәйкес барлық і үшін 1-ден n-ге дейін сол заттың шекті саны.