5-тарау. Тұрғын үйге жеке меншiк құқығының
Тоқтатылуы
28-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығының тоқтатылуы
1. Тұрғын үйге меншiк құқығы тұрғын үй иесi тұрғын үйдi басқа адамның иелiгiне берген кезде, меншiк иесi қайтыс болған жағдайда не тұрғын үй жойылған (қираған) жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2. Тұрғын үйге ортақ үлестi меншiкке қатысушылардың бiреуi өз үлесiн сатқан кезде ортақ үлесi бар меншiкке басқа қатысушының сатып алуға басым құқығы болады.
Егер сатылатын үлестi сатып алуға ортақ үлестi меншiкке қатысушылардың бiрнешеуi ниет бiлдiрсе, сатып алушыны таңдау құқығы сатушыға тиесiлi болады. Тұрғын үйге ортақ меншiктегi үлестi басымдықпен сатып алу құқығын iске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен белгiленедi.
ҚР 10.07.01 ж. № 227-II Заңымен 29-бап өзгертілді
29-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп тоқтату
1. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп (меншiк иесiнiң еркiнен тыс) тоқтатуға:
1) меншiк иесiнiң қарыздары бойынша жер учаскесiмен бiрге төлеттiрiп алуды тұрғын үйге аудару;
2) реквизициялау;
3) тәркiлеу;
4) үй орналасқан жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алу (сатып алу) жағдайларында жол берiледi.
2. Тұрғын үйге меншiк құқығын осы баптың 1-тармағындағы 2) және 4) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша күштеп тоқтатқан кезде меншiк иесiне оның қалауы бойынша:
1) тұрғын үйдiң және жер учаскесiнiң нарықтық құнын қоса, меншік иесiне құқығы тоқтатылғанға дейiн төленетiн ақшалай өтем төленуге, сондай-ақ меншiк иесiне келтiрiлген залалдардың орны толық толтырылуға;
2) осы Заңның 15-бабында көзделген тәртiп бойынша меншiгiне тұрмысқа жайлы тұрғын үй (пәтер немесе тұрғын жай) берiлуге;
3) реквизициялауды туғызған төтенше жағдайлар тоқтатылғаннан кейiн меншiк иесiне реквизициялаудан келтiрiлген залалдардың өтемақысын толық төлеу арқылы реквизицияланған тұрғын үй қайтарылуға тиiс.
3. Осы баптың 1-тармағындағы 1) және 3) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша тұрғын үйдi меншiктену құқығы тоқтатылған кезде меншiк иесi мен алынатын тұрғын үйде тұратын барлық адамдар басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс.
ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен. 30-бап толықтырылды
30-бап. Меншiк иесiнiң отбасы мүшелерiн және басқа да
тұрғындарды тұрғын үйден шығару
1. Осы Заңның 29-бабының 1-тармағындағы 2) және 4) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша тұрғын үйдi меншiктену құқығы тоқтатылған жағдайда меншiк иесiнiң отбасы мүшелерi (бұрынғы мүшелерi) тұрғын үйден шығарылады және бұрынғы тұрғын үйдiң өтемi ретiнде алынған тұрғын үйде тұру құқығын алады.
Бұрынғы тұрғын үйде тұратын басқа адамдар басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылады.
2. Меншiк иесiнiң еркi бойынша (сату, сыйға тарту) тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) меншiктену құқығы тоқтатылған жағдайда, егер тұрғын үйдi сатып алушымен жасалған шарт бойынша өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң отбасы мүшелерi, меншiк иесi отбасының бұрынғы мүшелерi және уақытша тұрғындар басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылады.
Меншiк құқығы тоқтатылуы, тұрғын үйдiң меншiк иесi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiне қатысты болса, ол осы Заңның 13-бабының 3-тармағында көзделген нормалармен реттеледi.
3 БӨЛIМ
6-тарау. Кондоминиум
31-бап. Кондоминиумның құрылуы және тоқтатылуы
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) екi және одан да көп меншiк иелерiне тиесiлi тұрғын үйлерде - кондоминиум құрылады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң әрқайсысы өзiне дара (бөлек) меншiк құқығы бойынша тиесiлi үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқылы.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі.
Тұрғын үй (тұрғын ғимарат) жанындағы жер учаскесі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен немесе ортақ жер пайдалану құқығымен тиесілі.
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Үй-жайдың әрбір меншік иесінің (өзге құқық иеленушінің) ортақ мүліктегі үлесі оған тиесілі үй-жайға дара (бөлек) меншіктен (өзге заттай құқықтан) бөлінбейді. Үлестің мөлшері, егер кондоминиум қатысушыларының келісімінде өзгеше белгіленбесе, дара (бөлек) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) тұрғын үй-жайлардың және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының кондоминиумның осы объектісіндегі бүкіл тұрғын үй-жайлардың және бүкіл тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының сомасына қатынасымен анықталады. Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Егер үй-жай тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) жапсарлас салынса немесе одан бөлiнсе, ортақ мүлiктегi үлес мөлшерi қайта есептеледi.
5. Үй-жайға (үй-жайларға) меншiк құқығының басқа адамға ауысуы ортақ мүлiктегi тиiстi үлестiң сатып алушыға ауысуына әкеп соғады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Үй-жай (пәтер) меншiк иелерiнiң ортақ мүлiктегi өз үлесiн өзiне дара (бөлек) меншiк құқығымен тиесiлi үй-жайдан (пәтерден) жеке бөлiп алуға құқығы жоқ.
7. Кондоминиум тұрғын үйдегi барлық үй-жайлар мен ортақ мүлiкке меншiк құқығы бiр меншiк иесiне (жеке, заңды тұлғаға, мемлекетке) ауысқан кезде немесе жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн алынған (сатып алынған) немесе төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйдiң көп бөлiгi бүлiнген (қираған) жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашуға міндетті, оған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кондоминиумның осы объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналары (төлемдері) аударылады.
Кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиумның осы объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын сомаларды жинақтау үшін кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте жинақ шотын ашуға құқылы.
Кондоминиум объектісінің барлық меншік иелерінің тікелей бірлесіп басқаруы екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашылмай жүзеге асырылуы мүмкін.
Заңды тұлға құрмай кондоминиум объектісін басқарған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат және (немесе) өзге де құжат негізінде уәкілетті жеке тұлға банк шоттарын ашуды жүзеге асырады, оларға сәйкес осы жеке тұлға банк шоттарын ашуға және жүргізуге уәкілетті болады. Уәкілетті жеке тұлға кондоминиум объектісін басқару үшін ағымдағы және жинақ шоттарын осы тармақта белгіленген мақсаттарда ғана ашады.
Кондоминиум объектісін басқару органы, уәкілетті жеке тұлға кондоминиум объектісі меншік иелерінің талап етуімен банк шоттары бойынша ақшалардың, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат ұсынады.
ҚР 07.06.99 ж. № 391-I Заңымен 32-бап өзгертілді
32-бап. Кондоминиум объектiсiн тiркеу
1. Кондоминиум объектiсi жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлеге құқықты тiркеу туралы заңдарға сәйкес бiртұтас кешен ретiнде тiркелуге тиiс.
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кондоминиум объектісін тіркеу кондоминиум қатысушысының не меншік иеленушілердің немесе кондоминиум басқармасы органының уәкілетті өкілінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Кондоминиум объектісін тіркеу кезінде ортақ мүлік құрамы мен әрбір үй-жайдың құқық иелерінің ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері айқындалады. Осылай тіркелгенге дейін, ортақ меншіктегі үлесі бар мәміле дара (бөлек) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) мүлікпен мәмілелерді жасау кезінде жасалған деп саналатын жағдайларды қоспағанда, ортақ мүлікпен жасалатын мәмілелер заңдық күшке ие болмайды.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Кондоминиумды тіркеген кезде кондоминиум объектісіне техникалық паспорт дайындау жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Көп пәтерлi тұрғын үйдi не мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендiру кезiнде кондоминиум объектiсiн бастапқы тiркеу iсiн жекешелендiрудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган жүргiзуге тиiс.
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Үй-жайлардың алаңын қатысушылардың келісімі немесе өзге де негіздер бойынша өзгерту нәтижесінде кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкінің құрамы және (немесе) олардың ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері өзгерген кезде тиісті өзгерістер мемлекеттік тіркелуге тиіс.
33-бап. Дара (бөлек) үй-жай иелерiнiң ортақ мүлiктегi үлестерi
1. Бiрнеше меншiк иелерiне тиесiлi дара (бөлек) үй-жайға меншiк иелерiнiң ортақ мiндеттемелеріндегі ынтымақтастық жауапкершiлiгiмен ортақ мүлiктегi бiр үлес сәйкес келедi. Мұндай меншiк иелерiнiң арасындағы өзара қатынастар олардың арасындағы келісімiмен реттеледi.
2. Ауызша немесе жазбаша келісім болмаған жағдайда әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiкте көрсетiлген үлеске меншiгiне байланысты бөлiнбейтiн құқықтары мен мiндеттерi тең болады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
34-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кондоминиумдағы құқықтары
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) барлық меншiк иелерi-кондоминиумға қатысушылар ортақ мүлiктi басқаруда тең құқыққа ие болады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Үй-жай (пәтер) иесiнiң ортақ мүлiктi, сондай-ақ жер учаскесiн басқа меншiк иелерiмен қатар пайдалануға құқығы бар.
3. Үй-жай иелерiнiң басқа жерде тұруы, сондай-ақ үй-жайды пайдалану құқығын басқа адамдарға беруi үй-жайды меншiктенушi құқықтарының шектелуiне әкелiп соқпайды және меншiк иесiн оған заңдармен, кондоминиум объектiсiн басқару жөніндегі меншiк иелерiнiң келісімiмен немесе меншiк иелерi бiрлестiгiнiң Жарғысымен жүктелетiн мiндеттерден босатпайды.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi ортақ мүлiктiң өздерiне бекiтіліп берiлген пайдаланылуы шектеулi бөлiгiн үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң келісімiнде белгiленген ережелермен пайдалануға құқылы.
Үй-жай (пәтер) иесiнiң пайдаланылуы шектеулi қандай да болсын ортақ мүлiктi өз атынан иелiктен шығаруға құқығы жоқ.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң мiндеттерi
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттердi атқарады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi ортақ мүлiк пен үйдi ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға мiндеттi, ортақ мүлiктiң және дара (бөлек) (өзiндiк) меншiктегi үй-жайлардың сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуына жауапты болады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ортақ мүлiктi ұстауға жұмсалатын шығыстардың мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келісімiнде өзгеше көзделмесе, үй-жай (пәтер) иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлi белгiленедi.
36-бап. Үй-жайлардың иесi емес адамдардың мiндеттерi
1. Үй-жайды жалдаушының (жалға алушының), сондай-ақ оның меншiк иесi емес басқа да адамдардың дауыс беруге құқығы жоқ және кондоминиум объектiсiн басқаруға өзге де түрде қатыса алмайды, бiрақ барлық тұрғындар мен кондоминиум объектiсiнiң үй-жайларын жалдаушыларға (жалға алушыларға) ортақ ереженi сақтауға мiндеттi.
2. 2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
37-бап. Тұрғын емес үй-жайлар иелерiнiң құқықтары
мен мiндеттерiнiң ерекшелiктерi
1. Тұрғын емес үй-жайдың иесi ортақ мүлiктiң тұрғын үй-жайларды пайдалануға ғана байланысты бөлiктерiне қатысты ортақ шығыстарға қатысуға мiндеттi емес.
2. Ортақ мүлiктiң тұрғын емес үй-жайларды пайдалануға ғана байланысты бөлiктерiне қатысты шығыстарды осындай үй-жайлардың меншiк иелерi көтередi.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Тұрғын емес үй-жайдың иесi өз мүдделерiне қатысы жоқ кондоминиум мәселелерiн шешуге қатыса алмайды.
Тұрғын емес үй-жайлар иелерiнiң мүдделерiне ғана қатысы бар мәселелердi шешуге басқа меншiк иелерi қатыса алмайды. Ортақ мүлікті пайдалануға қатысты мәселелер бұларға кірмейді.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
38-бап. Үй-жайларға кіру
Егер меншiк иесiнiң үй-жайынан ғана жүргiзiлуi мүмкiн ортақ мүлiктiң жай-күйiн тексеру, ортақ мүлiктi жөндеу немесе алмастыру қажет болса, алдын ала жазбаша хабар алу бойынша меншiк иесi не басқа бiр тұрушы үй-жайлардың (пәтерлердің) басқа меншiк иелерiнiң немесе кондоминиум объектiсiнiң басқару органының өкiлiн үй-жайға кiргiзуге мiндеттi.
Авариялық жағдайларда немесе адамның денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн өзге де төтенше жағдайларда кіруге алдын ала хабарлаусыз рұқсат етiлуге тиiс.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
39-бап. Ортақ мүлiкке немесе басқа үй-жайларға
келтiрiлген залалды өтеу
1. Егер үй-жайдың (пәтердің) меншiк иесi ортақ мүлiктiң кез келген бөлiгiне немесе кез келген басқа үй-жайға залал келтiрсе, ол залалды өз есебiнен жоюға, не оны жою жөніндегі шығындарды өтеуге мiндеттi.
2. Егер үй-жайда тұрушылар не үй-жайды пайдаланушы адамдар тiкелей залал келтiрушiлер болса, олар осындай мiндеттi меншiк иесiмен бiрлесiп көтередi.
40-бап. Кондоминиум объектiсіндегі үй-жайдың iшiн өзгерту
Меншiк иесiнiң үй-жайды ортақ мүлiкке қауiп төндiретiн немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргiзумен байланысты өзгертуiне, соның iшiнде қайта жоспарлауына және қайта жабдықтауына тыйым салынады.
41-бап. Үй-жайлар арасындағы, сондай-ақ үй-жайлар мен
ортақ мүлiк арасындағы шекаралардың өзгертiлуi
1. Үй-жайлар арасындағы, сондай-ақ үй-жайлар мен ортақ мүлiк арасындағы шекараларды өзгертуге құрылыс нормалары мен ережелерi, сондай-ақ өзге де мiндеттi қауiпсiздiк талаптары сақталған жағдайда жол берiледi.
2. Көршiлес (шектес) үй-жайлардың арасындағы шекараларды өзгерту осы үй-жайлар иелерiнiң өзара келісімi бойынша жасалуы мүмкiн.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Үй-жайлар мен ортақ мүлiктiң арасындағы шекараларды өзгерту басқа меншiк иелерiнiң және кондоминиум объектiсiн басқару органының келiсуiмен ғана жасалуы мүмкiн.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 6-1-тараумен толықтырылды
6-1-тарау. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылау
41-1-бап. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылау
1. Жергілікті атқарушы орган тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясы (бұдан әрі - тұрғын үй инспекциясы) лауазымды адамдарының кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырады.
Тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жоспарлы - жергілікті атқарушы органның тексеру жоспарына сәйкес жылына бір реттен жиі емес;
2) жоспардан тыс - адам денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін авариялық жағдайларға байланысты немесе өзге де төтенше жағдайлар кезінде, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштері бойынша тағайындалады.
Тұрғын үй инспекциясы жоспарлы тексерудің басталуы туралы кондоминиум объектісін басқару органына күнтізбелік он төрт күн бұрын хабарлауға міндетті.
2. Тексеру кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне тексеру тағайындау туралы актінің (бұдан әрі - тексеру тағайындау туралы акт) негізінде жүргізіледі.
Тексеру тағайындау туралы актіде:
1) актінің нөмірі мен күні;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тұрғын үй инспекциясының тексеру жүргізуге уәкілетті адамының (адамдарының) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
4) тексерілетін объекті туралы мәліметтер;
5) тағайындалған тексерудің нысаны;
6) тексерудің басталған және аяқталған күні;
7) тексерілетін кезең;
8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері;
9) тұрғын үй инспекциясының актіге қол қоюға уәкілетті лауазымды адамының қолы және мемлекеттік органның мөрі көрсетіледі.
3. Тексеруді тағайындау туралы акт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыреті шегінде статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда (бұдан әрі - құқықтық статистика жөніндегі орган) міндетті түрде тіркеледі.
4. Тұрғын үй инспекциясының тексеруге келген лауазымды адамдары:
1) құқықтық статистика жөніндегі органда тіркелгені туралы белгісі бар тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін;
3) тексеру жоспарын көрсетуге міндетті.
5. Кондоминиум объектісін басқару органына тексеру тағайындау туралы актінің тапсырылған күні тексеру жүргізудің басталуы болып саналады.
6. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе тексеруді жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамының тексерілетін объектіге кіруіне кедергі жасалған жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамы және тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамының кіруіне кедергі жасаған адам қол қояды.
Кондоминиум объектісін басқару органының уәкілетті адамы бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме беріп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тартылуы тексеру жүргізбеуге негіз болып табылмайды.
7. Тұрғын үй инспекциясының тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адамы (адамдары) ғана тексеру жүргізе алады.
8. Тексеру жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексерудің едәуір көлеміне байланысты тексеру жүргізу мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда, мемлекеттік орган міндетті түрде құқықтық статистика жөніндегі органда тіркей отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы осының алдындағы актінің нөмірі мен тіркелген күні және ұзартудың себебі көрсетіледі.
Тексеруді тағайындау туралы бір актінің негізінде тек қана бір тексеру жүргізілуі мүмкін.
9. Тексеру нәтижелері бойынша тұрғын үй инспекциясының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы тексерудің нәтижелері туралы екі данада акт жасайды.
Тексерудің нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) тексеруді жүргізген мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді жүргізуге негіз болған, тексеруді тағайындау туралы актінің күні және нөмірі;
4) тұрғын үй инспекциясының тексеруді жүргізген лауазымды адамының (адамдарының) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
5) тексерілетін объекті туралы мәліметтер;
6) тексеру жүргізудің күні, орны және кезеңі;
7) тексерудің нәтижелері, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) кондоминиум объектісін басқару органының уәкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың тексеру актісімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары және қол қоюдан бас тартуы;
9) тұрғын үй инспекциясының тексеру жүргізген лауазымды адамының (адамдарының) қолтаңбасы көрсетіледі.
10. Тексерудің нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, кондоминиум объектісін басқару органының уәкілетті адамы оларды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізудің нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл жөнінде тиісті белгі қойылады.
11. Тексерудің нәтижелері туралы актінің бір данасы кондоминиум объектісін басқару органының уәкілетті адамына тапсырылады.
12. Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей, тексерудің нәтижелері туралы актінің кондоминиум объектісін басқару органының уәкілетті адамына тапсырылған күні тексерудің аяқталған мерзімі болып есептеледі.
13. Кондоминиум объектісін басқару органы тексеру барысында тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің бұзылғаны туралы фактілерді анықтаған жағдайда, тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарады.
Нұсқама онда көрсетілген мерзімде орындалуға міндетті.
Нұсқамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
41-2-бап. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамдарының өкілеттіктері
1. Тұрғын үй инспекциясы:
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындау;
3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу бойынша өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Тұрғын үй инспекциясының өкілеттігіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мәселелер кіреді.
3. Тұрғын үй инспекциясы лауазымды адамдарының:
1) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге кедергісіз баруға;
2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға құқығы бар.
4. Тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамдары:
1) тексеруді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізуге;
2) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
3) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
4) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасауға;
5) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығаруға міндетті.
5. Тұрғын үй инспекциясының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.
7-тарау. Кондоминиум объектiсiн басқару
42-бап. Кондоминиум объектiсiн басқару нысандары
1. Кондоминиум объектiсi тiркелгеннен кейiн бiр айдан кешiктiрмей үй-жай иелерi кондоминиум объектiсiн басқару нысаны туралы мәселенi шешуге тиiс. Осындай шешiм қабылданғанға дейiн бiртұтас кешен ретiнде кондоминиумге, сондай-ақ тұрғын үйдi коммуналдық қызметтермен бiр орталықтан қамтамасыз етуге байланысты мiндеттемелер бойынша меншiк иелерi бiрдей жауап бередi.
Бiртұтас инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жүйесi бар және бiртұтас тұрғын үй-коммуналдық кешендi құрайтын көп пәтерлi тұрғын үйде (немесе оның бiр бөлiгiнде) кондоминиум объектiсiн бiрлесiп басқарудың бiр нысаны ғана қолданылуы мүмкiн.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кондоминиум объектiсiн басқару нысаны оған қатысушылардың келісімiмен белгiленедi. Ондай нысандар: