7) Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару инспекцияларымен бірлесе отырып, балаларын тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөніндегі өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына керi әсер ететiн, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабының тәртібімен жазасын өтеу кейiнге қалдырылған сотталған әйелдерге қатысты материалдар дайындайды;
8) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға жат iс-әрекеттерi, оған итермелейтiн себептер мен жағдайлар туралы мүдделi органдар мен мекемелердi хабардар етедi;
9) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкiлдерiн құқықтық тәрбиелеуде білім беру органдарына жәрдемдеседi;
10) он сегiз жасқа толмаған және құқық бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмаған адамдарды, егер оларды дереу оқшаулау қажет болса, сондай-ақ арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерiне жiберiлетiндердi заңда белгiленген тәртiппен Уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында ұстайды және бағып-күтедi;
11) үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi, сондай-ақ ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспiрiмдердi Уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарына жеткізеді және бағып-күтедi, оларды кейiннен қамқоршылық және қорғаншылық органдарына бередi.
11-бап. Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау,
бейiмдеу және оңалту орталықтары
1. Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтары (бұдан әрi - Орталық):
1) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жеткенге дейiн қоғамға қауiптi әрекет жасаған;
2) өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде бұдан әрi тұру мүмкiндiгi болмаған жағдайларда қылмыс жасағандығы айыпталған;
3) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жiберiлген;
4) ата-аналарын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегіз жасқа дейінгi қадағалаусыз және панасыз қалған;
5) уақтылы орналастыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ олардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде қамқоршылық және қорғаншылық органы ата-анасынан (олардың біреуiнен) немесе оларды қамқорлыққа алған басқа да адамдардан алып қойған кәмелетке толмағандарды қабылдауды және уақытша ұстауды қамтамасыз ететiн iшкi iстер органдарының қарауында болатын арнайы балалар мекемелерi болып табылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандар Орталықта өзге де негiздер бойынша ұсталып отырған кәмелетке толмағандардан бөлек ұсталады.
2. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыруға:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандарға қатысты - прокурор санкция берген қылмыстық қудалау органының қаулысы немесе соттың қаулысы;
2) осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандарға қатысты - қамқоршылық және қорғаншылық органының қаулысы негiз болып табылады.
3. Түнгi уақытта, демалыс немесе мереке күндерi, сондай-ақ өзге де ерекше жағдайларда осы баптың 1-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандар Орталыққа қалалық, аудандық, желiлiк iшкi iстер органы бастығының (бастықтың орынбасарының) қаулысы негiзiнде орналастырылуы мүмкiн, бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде Орталық әкiмшiлiгi прокурорды жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Осы тармақта аталған кәмелетке толмағандарға қатысты материалдар оларды одан әрi ұстау не орналастыру туралы мәселенi шешу үшiн Орталыққа орналастырылған кезден бастап үш тәулiктiң iшiнде сотқа, прокурорға немесе қорғаншы және қамқоршы органына ұсынылады.
4. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыру үшiн қажеттi құжаттарды жинақтауды iшкi iстер органдары қамтамасыз етедi.
5. Осы баптың 1-тармағында аталған кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмi отыз тәулiктен аспауға тиiс. Осы баптың 1-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмi оларды орналастыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету, ата-аналарын немесе өзге де заңды өкiлдерiн анықтау не қылмыстық iстi жан-жақты тергеу үшiн тек алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Осы санаттағы кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмiн ұзартуға:
1) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған кәмелетке толмағандарға қатысты - прокурор санкция берген қылмыстық қудалау органының қаулысы немесе соттың қаулысы;
2) осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандарға қатысты - қамқоршылық және қорғаншылық органының қаулысы негiз болып табылады.
6. Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмiне денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жариялаған карантин кезеңi, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ауруына байланысты стационарлық медициналық мекемеде болу уақыты енбейдi.
7. Орталыққа алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқұмарлық мас болу күйіндегі кәмелетке толмағандар, сондай-ақ айқын психикалық аурудың белгiлерi бар кәмелетке толмағандар орналастырылуға тиiс емес.
8. Кәмелетке толмағандарды Орталықта ұстаудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органы бекiткен ережеде айқындалады.
12-бап. Білім беру органдарының құзыретi
Білім беру органдары өз құзыретi шегiнде:
1) девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы білім беру ұйымдарының және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының, сондай-ақ бала құқығын қорғау жөніндегі мiндеттердi жүзеге асыратын өзге де ұйымдар жүйесiн дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға қатысады;
3) дәлелсiз себептермен жалпы білім беретiн оқу орындарына бармайтын кәмелетке толмағандарды анықтайды және есепке алады, олармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкiлдерiмен жеке профилактикалық жұмыс жүргiзедi;
4) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын қалыптастыруға, олардың бойына имандылық пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлеп, білім беру ұйымдарының жұмыс тәжiрибесiне енгiзедi;
5) дамуында немесе мiнез-құлқында ауытқушылықтары бар кәмелетке толмағандарды анықтайтын психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияларды құрады, олардың кешендi түрде тексерiлуiн жүргiзедi және оларды одан әрi оқыту және тәрбиелеу нысандарын анықтау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
6) девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарды, тұрмысы қолайсыз отбасыларын анықтауға, оларды iшкi iстер органдарында есепке алуға және олармен жеке профилактикалық жұмыс жүргiзуге қатысады;
7) жалпы білім беретiн оқу орындарында қол жетерлiк спорт секцияларын, техникалық және өзге де үйiрмелер, клубтар ұйымдастыруды қамтамасыз етедi және оларға кәмелетке толмағандарды тартады.
13-бап. Арнаулы білім беру ұйымдары
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Арнаулы білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелерi болып табылады және әкiмшiлiк жазалау шараларына әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелi түрде жасайтын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алудан қасақана жалтаратын, отбасынан және балалардың оқу-тәрбие ұйымдарынан үнемi кетiп қалатын, өзге де қоғамға жат iс-әрекеттер жасайтын он бір жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және әлеуметтiк оңалту мақсатында құрылады.
2. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жiберудiң орындылығы туралы шешiмдi сот қабылдайды. Спирт iшiмдiктерiн, есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды құмарлықпен салынып пайдаланатын кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жiберу туралы мәселенi қарау кезiнде мiндеттi түрде оларға нашақорлық аурулардан емделу курсынан өтудi белгiлеудiң орындылығы зерттеледi.
3. Кәмелетке толмаған бала арнаулы білім беру ұйымына бір айдан бір жылға дейiнгi мерзiмге жiберiлуi мүмкiн.
4. Кәмелетке толмағанның арнаулы білім беру ұйымында болуы оның кәмелеттiк жасқа толуына байланысты, сондай-ақ мекеме әкiмшiлiгiнiң не кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссияның ұсыныстары негiзiнде сот кәмелетке толмаған бала өзiнiң түзелуi үшiн бұл шараны қолдануды бұдан әрi қажет етпейдi деген қорытындыға келген жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
5. Кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында болуының сот белгiлеген мерзiмi осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген тәртіппен, тек қана мына жағдайларда:
1) кәмелетке толмаған баланың жалпы білімiн немесе кәсiби даярлығын аяқтау қажет болған, бірақ ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн;
2) әкiмшiлiк жазалау шараларына әкелiп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелi түрде жасаған, орта білім алудан қасақана жалтарған, арнаулы білім беру ұйымынан өз еркiмен кетiп қалған, өзге де қоғамға жат ic-әрекеттер жасаған жағдайда ұзартылуы мүмкiн.
6. Арнаулы білім беру ұйымының тәрбиеленушiсi қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа дейiн қылмыс белгiлерi бар қоғамдық қауiптi әрекет жасаған жағдайда, ол осы Заңның 14-бабында белгiленген тәртiппен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жiберiлуi мүмкiн.
7. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жiберу туралы мәселенi қарау кезiнде прокурордың қатысуы мiндеттi болады.
8. Осы баптың 1-тармағында аталған кәмелетке толмағандарды анықтауды және есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына орналастыру үшiн қажеттi құжаттарды жинауды қамтамасыз етедi.
9. Арнаулы білім беру ұйымдарының әкiмшiлiгi:
1) кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң, аталған мекеменiң аумағын күзетудi, тәрбиеленушiлердiң жеке қауiпсiздiгiн және олардың терiс әсерден барынша қорғалуын, аталған мекеменiң аумағына бөгде адамдардың еркiн кiруiн және одан тәрбиеленушiлердiң өз еркiмен кетуiн шектеудi, кәмелетке толмағандарды тәулiк бойы, оның iшiнде ұйқыға бөлiнген уақытта қадағалау мен бақылауды, кәмелетке толмағандардың өздерiн, олардың заттары мен тынығатын бөлмелерiн тексерiп қарауды қамтитын арнайы жағдайларын қамтамасыз етедi;
2) аталған мекеменiң орналасқан жерi бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органдарына олардың өз еркiмен кетiп қалу фактілері туралы хабарлайды және оларды iздестiрiп, қайтаруға тiкелей қатысады;
3) кәмелетке толмаған баланы аталған мекемеден шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мiнездеменi және онымен алдағы уақытта жеке профилактикалық жұмыс жүргiзудiң, жұмысқа орналасуына және тұрмыстық жағдайын қалыптастыруға көмек көрсетудiң қажеттiлiгi туралы нұсқауларды кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жеріндегі кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға олардың болу мерзiмi аяқталғанға дейiн бір айдан кешiктiрмей жiбередi.
10. Арнаулы білім беру ұйымдарына өздерiн аталған мекемелерде бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулары бар кәмелетке толмағандар орналастырылмайды. Мұндай аурулардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
11. Арнаулы білім беру ұйымдарын құру, қызметiн ұйымдастыру тәртібі және оларда кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң шарттары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады.
12. Арнаулы білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдi жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды.
14-бап. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары
1. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелерi болып табылады және қылмыстық белгiлерi бар қоғамға қауiптi iс-әрекеттер жасаған, қылмыстық жауаптылықтан босатылған он бір жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудi, оқытуды және әлеуметтiк оңалтуды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2. Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жiберудiң орындылығы туралы шешiмдi кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның не iшкi iстер органының ұсынысы бойынша сот қабылдайды.
3. Кәмелетке толмаған бала ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына алты айдан екi жылға дейiнгi мерзiмге жiберiлуi мүмкiн.
4. Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуы оның кәмелеттiк жасқа толуына байланысты, сондай-ақ мекеме әкiмшiлiгiнiң ұсынысы негiзiнде сот кәмелетке толмаған бала өзiнiң түзелуi үшiн бұл шараны қолдануды бұдан былай қажет етпейдi деген қорытындыға келген жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
5. Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуының сот белгiлеген мерзiмi осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен, тек:
1) кәмелетке толмаған баланың жалпы білім алуын немесе кәсiби даярлығын аяқтау қажет болған, бірақ ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн;
2) қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа жеткенге дейiн қоғамға қауiптi қылмыстық белгiлерi бар iс-әрекеттер жасаған жағдайда ұзартылуы мүмкiн.
6. Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жiберу туралы мәселенi қарау кезiнде прокурордың қатысуы мiндеттi болады.
7. Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру үшiн қажеттi құжаттарды жинауды iшкi iстер органдары қамтамасыз етедi.
8. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының әкiмшiлiгi:
1) кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң, аталған мекеменiң аумағын күзетудi, тәрбиеленушiлердiң жеке қауiпсiздiгiн және олардың терiс әсерден барынша қорғалуын, аталған мекеменiң аумағына бөгде адамдардың еркiн кiруiн және одан тәрбиеленушiлердiң өз еркiмен кетуiн шектеудi, кәмелетке толмағандарды тәулiк бойы, оның iшiнде ұйқыға бөлiнген уақытта қадағалау мен бақылауды, кәмелетке толмағандардың өздерiн, олардың заттары мен тынығатын бөлмелерiн тексерiп қарауды қамтитын арнайы жағдайларын қамтамасыз етедi;
2) аталған мекеменiң орналасқан жерi бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органдарына олардың өз еркiмен кетiп қалу фактілері туралы хабарлайды және оларды iздестiрiп, қайтаруға тiкелей қатысады;
3) кәмелетке толмаған баланы аталған мекемеден шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мiнездеменi және онымен алдағы уақытта жеке профилактикалық жұмыс жүргiзудiң, жұмысқа орналасуына және тұрмыстық жағдайын қалыптастыруға көмек көрсетудiң қажеттiлiгi туралы нұсқауларды кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жеріндегі кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға олардың болу мерзiмi аяқталғанға дейiн бір айдан кешiктiрмей жiбередi.
9. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына өздерiн аталған мекемелерде бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулары бар кәмелетке толмағандарды орналастыруға болмайды. Мұндай аурулардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
10. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын құру, қызметiн ұйымдастыру тәртібі және оларда кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң шарттары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады.
11. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдi жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды.
15-бап. Денсаулық сақтау органдары
Денсаулық сақтау органдары өз құзыретi шегiнде:
1) кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе заңды өкiлдерiнiң арасында санитарлық-гигиеналық білімдi таратуды, сондай-ақ салауатты өмiр салтын насихаттауды;
2) кәмелетке толмағандар арасындағы маскүнемдiк, нашақорлық пен уытқұмарлық және осыған байланысты олардың мiнез-құлқындағы ауытқушылықтардың профилактикасы жөніндегі iс-шараларды әзiрлеп, iске асыруды;
3) ата-аналарының немесе заңды өкiлдерiнiң қамқорлығынсыз қалған үш жасқа дейiнгi адасқан, тастанды және басқа да балалардың тәулiк бойы қабылдануын және бағып-күтiлуiн;
4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесiнiң мемлекеттік органдары мен мекемелерiне, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне консультациялық көмек көрсетудi;
5) алкогольдiк, есiрткiлiк және уытқұмарлық мас болу күйіндегі кәмелетке толмағандарды тәулiк бойы қабылдауды және оларға медициналық көмек көрсетудi;
6) мiнез-құлқында ауытқушылықтары бар кәмелетке толмағандарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мамандандырылған диагностикалық және емдеу-қалпына келтiру көмегiн көрсетудi;
7) белгiленген тәртiппен арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жiберiлетiн кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайы туралы қорытындылар әзiрлеудi;
8) спирт iшiмдiктерiн, есiрткi құралдарын, психотроптық және адамның психикасына және дене мүшесiнiң функциялары мен мiнез-құлқына терiс әсерiн тигiзетiн өзге де күштi әсер ететiн заттарды құмарлықпен салынып пайдаланатын кәмелетке толмағандарды анықтауды, есепке алуды, тексеруден өткiзудi және медициналық әлеуметтiк оңалтуды;
9) жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың көздерiн анықтауды, осындай аурулармен ауыратын кәмелетке толмағандарды тексеруден өткiзудi және емдеудi;
10) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларға кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың, уытқұмарлықтың және маскүнемдiктiң таралуы, сондай-ақ осы бапта аталған функцияларды жүзеге асыратын денсаулық сақтау мекемелерiнiң орналасқан жерi, олардың қызметтерiнiң мүмкiндiктерi мен нәтижелерi туралы хабарлауды ұйымдастырады.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік
саясатты iске асыруды үйлестiретiн
мемлекеттік орган
Халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды үйлестiретiн мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандардың еңбек шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
17-бап. Әдiлет органдары
1. Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару инспекциялары қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталған кәмелетке толмағандардың өмiр салты мен мiнез-құлқын бақылауды қамтамасыз етедi, сондай-ақ олармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асырады.
2. Әдiлет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелеріндегі кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмысты аталған мекемелердiң әкiмшiлiгi өз құзыретi шегiнде жүргiзедi.
18-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз және
панасыз қалудың профилактикасына қатысушы
өзге де мемлекеттік органдар
1. Мәдениет, ақпарат, дене шынықтыру, спорт және туризм органдары өз құзыретi шегiнде:
1) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыз және панасыз қалуының профилактикасы жөніндегі нысаналы бағдарламаларды әзiрлеп, iске асыруға қатысады;
2) қызметтерi кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары, қадағалаусыз және панасыз қалуы профилактикасының шараларын жүзеге асыруға байланысты балалар мен жастардың қоғамдық бірлестiктерiне, әлеуметтiк мекемелерге, қорларға және өзге де мекемелер мен ұйымдарға жәрдемдеседi;
3) кәмелетке толмағандардың демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға қатысады;
4) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын және салауатты өмiр салтын насихаттау мен қалыптастыру жөніндегі қызметтi жүзеге асырады.
2. Қамқоршылық және қорғаншылық органдары өз құзыретi шегiнде 19-баптың 1-тармағында аталған кәмелетке толмағандармен, егер олар жетiм болса немесе ата-аналарының және басқа заңды өкiлдерiнiң қамқорлығынсыз қалса, жеке профилактикалық жұмысты жүргiзуге қатысады.
3-тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөніндегі қызметті
ұйымдастыру
19-бап. Жеке профилактикалық жұмыс
1. Жеке профилактикалық жұмыс:
1) қадағалаусыз және панасыз қалған;
2) арнаулы бiлім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында және Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында ұсталатын;
3) адамның психикикасына дене мүшесi функциялары мен мiнез-құлқына керi әсерiн тигiзетiн спирт iшiмдiктерiн, есiрткi құралдарын, психотроптық және өзге де күштi әсер ететiн заттарды шамадан тыс пайдаланатын;
4) дәлелсiз себептермен жалпы білім беретiн оқу орындарына бармайтын;
5) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған;
6) қылмыстық жауапкершіліктен немесе ақталмайтын негiздер, оның iшiнде рақымшылық немесе кешiрiм жасау актілерi бойынша жазадан босатылған;
7) қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатын жасқа толмауына байланысты қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын немесе психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуының кешеуiлдеуi салдарынан қылмыстық белгiлерi бар әрекет жасаған;
8) қамауға алуға байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдап алынған қылмыс жасады деп айыпталған немесе күдiктi болған;
9) жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған;
10) жазасын өтеу кейiнге қалдырылған немесе үкiмнiң орындалуы кейiнге қалдырылған;
11) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнен босатылған;
12) ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн сотталған және сот тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жазадан босатқан;
13) шартты түрде, қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына, бас бостандығынан айыруға байланысты емес өзге де жазалау шараларына сотталған кәмелетке толмағандарға қатысты жүргiзiледi.
2. Егер кәмелетке толмағандардың ата-аналары, басқа да заңды өкiлдерi оларды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз мiндеттерiн орындамаса, олардың мiнез-құлқына терiс әсер етсе, оларға қатысты да жеке профилактикалық жұмыс жүргiзiледi.
20-бап. Жеке профилактикалық жұмысты жүргiзудiң
негiздерi
Егер осы Заңның 19-бабында көзделген мән-жайлар мынадай құжаттарда:
1) соттың үкімінде, ұйғарымында немесе қаулысында;
2) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, прокурордың, анықтау органының қаулысында;
3) шағымдарды, өтiнiштердi немесе басқа да хабарларды тексерудiң нәтижелерi бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесi органының немесе мекемесiнiң басшысы бекiткен қорытындыда;
4) кәмелетке толмағанның не оның ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасын жүзеге асыратын органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың құзыретiне қатысты мәселелер бойынша оларға көмек көрсету туралы өтiнiштерiнде ресми көрсетiлген болса, олар кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне қатысты жеке профилактикалық жұмысты жүргiзудiң негiздерi болып табылады.
21-бап. Жеке профилактикалық жұмыс жүргiзу мерзiмдерi
Кәмелетке толмағандарға олардың ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне қатысты жеке профилактикалық жұмыс кәмелетке толмағандарға әлеуметтiк және өзге де көмек көрсету үшiн қажеттi мерзiмде немесе кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекет жасауына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жойғанға дейiн немесе олар он сегiз жасқа толғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да мән-жайлар туындағанға дейiн жүргізiледi.