1) 8-1-бап мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 70-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«70-2-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
15. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат):
1) 11-бап мынадай мазмұндағы жиырма екінші абзацпен толықтырылсын:
«- «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
16. «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат, 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат):
1) 1-баптың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;»;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
3) 9-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-5-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының басшысы;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторының орынбасарлары - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшысының орынбасарлары;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары - мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарының басшылары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторларының орынбасарлары - мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарының мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары жатады.
3. Ұлттық қауіпсіздік органдары, қорғаныс, қылмыстық-атқару жүйесі объектілерінде, шахталардың, кеніштердің, кен қазбаларының жерасты құрылыстарында, ашық көмір разрездерінде, орман және тоғай алқаптарының аумақтарында, сондай-ақ әуе, теміржол, теңіз және ішкі су көлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі өкілдіктерінің өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етілуін бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік инспекторлар жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актілер:
1) тексеру жүргізу нәтижелері бойынша акт;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
4) өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптары бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығарады.
5. Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, қағидаларды, техникалық регламенттерді және стандарттарды сақтауы бақылануға жатады.»;
4) 9-6-бап алып тасталсын;
5) 4-тарау мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Объектілерді өрт қауіптілігі дәрежесі бойынша бөлу
1. Ұйымдар өздерінің өрт қауіптілігі дәрежесі бойынша бірінші, екінші, үшінші және төртінші топтар объектілеріне бөлінеді. Аудандағы объектілер есебін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы жүргізеді.
2. Бірінші топтағы объектілерге: жалпы құрылыс алаңы үш мың бес жүз шаршы метрден асатын ірі өнеркәсіп орындары және республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары; электр станциялары; әуежайлар; теңіз сауда порттары; театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары, сегіз жүз және одан да көп адам сыятын медицина ұйымдары мен қонақ үйлер; жалпы алаңы екі мың бес жүз шаршы метрден асатын сауда объектілері; мұражайлар, сурет галереялары; жалпы алаңы екі мың бес жүз шаршы метрден асатын кітапханалар; жалпы сыйымдылығы екі мың текше метрден асатын мұнай базалары мен мұнай өнімдерінің қоймалары; сыйымдылығы бір мың текше метрден асатын газ сақтау қоймалары мен газ құю станциялары жатады.
3. Екінші топтағы объектілерге: бірінші топқа енбеген өнеркәсіп орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары; балық және өзен порттары; елу бірліктен астам техникасы бар автокәсіпорындар; темір жол станциялары, локомотив, вагон, вагон жөндеу, рефрижератор, жөндеу-жабдықтау деполары; атқарушы және өкілді органдардың ғимараттары; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер; ауысымда сегіз жүз және одан да көп оқушылар, студенттер, тыңдаушылар саны бар оқу мекемелері; бірінші топқа енбеген театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары; алаңының көлеміне қарамастан ғибадат мекемелері; жалпы алаңы бір мыңнан екі мың бес жүз шаршы метрге дейінгі сауда объектілері; жалпы алаңы бір мыңнан екі мың бес жүз шаршы метрге дейінгі мұражайлар, сурет галереялары және кітапханалар, төрт жүзден сегізге жүз дейін адам сыятын медицина ұйымдары мен қонақ үйлер; жалпы құрылыс алаңы бір мың бес жүз шаршы метрден астам ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілері мен құс фабрикалары жатады.
4. Үшінші топтағы объектілерге: екінші топқа енбеген білім беру ұйымдары; ғылыми-зерттеу және жобалау институттары; елу бірліктен аз техникасы бар автокәсіпорындар; жалпы алаңы бір мың бес жүз шаршы метрден аз ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілері мен құс фабрикалары; балалар, әкімшілік ғимараттары, жатақханалар, байланыс ұйымдары, коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтандыру кәсіпорындары, ойын мекемелері, дәріханалар, пошталар, байланыстың сөйлесу пункттері, телеграфтар, банк бөлімдері, көркемсурет шеберханалары, алаңы бір жүз елу шаршы метрден астам салтанат залдары; бірінші және екінші топтарға енбеген мұражайлар мен сурет галереялары, медицина ұйымдары мен қонақ үйлер, сауда объектілері, кітапханалар жатады.
5. Төртінші топтағы объектілерге: ашық автотұрақтар мен жеке гараждар; бір қабатты жер үсті және жер асты гараждары; автомобильдерге май құю стансалары, саяжай және бау-бақша шаруашылығы қоғамдары; сауда павильондары, жөндеу шеберханалары, дүңгіршіктер, қабылдау пункттері мен валюта айырбастау пункттері, тауарларды өткізуге арналған, оның ішінде базарлардың аумақтарында орналасқан контейнерлер; жеке тұрған және тұрғын үйлер мен құрылыстарға жапсарлас (қабаттас) салынған, алаңы бір жүз елу шаршы метрге дейінгі сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтандыру кәсіпорындары, ойын мекемелері, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, дәріханалар, медициналық кабинеттер, банк бөлімдері, көркемсурет шеберханалары, салтанат залдары, мұражайлар, көрме залдары, офистер, аудио-, бейнежазба және прокат пункттері, диспетчерлік пункттер мен басқа да шағын объектілер жатады.
6. Салынып жатқан объектілерді мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары олардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне тексереді.
7. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары:
қоныстану аумағында - өртке қарсы өтетін аралықтардың, кіреберістердің, өтпе жолдардың, өткелектердің және өртке қарсы сумен жабдықтаудың болуын және олардың жай-күйін;
көп пәтерлі тұрғын үйлерде - өрт қауіпсіздігінің, түтінді жою, өртті анықтау және сөндіру жүйелерінің, ғимараттар мен құрылыстарға өтетін өртке қарсы өтпе жолдардың жай-күйін, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын үй-жайлардың өртке қарсы жай-күйін;
жеке тұрғын және тұрғын емес құрылыстарда - жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ғана өрт қауіпсіздігінің нормалары мен қағидаларының сақталуын тексеруді жүзеге асырады.».
17. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):
1) 10-2-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 24-1) және 30) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібін белгілейді;»;
«30) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 10-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-3-бап. Сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін мемлекеттік бақылау
1. Уәкілетті органның сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін мемлекеттік бақылауының нысанасы тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын сақтауы болып табылады.
Мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы баптың мақсаты үшін сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің тараптары деп кредиторлар, борышкер, мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген орган, кредиторлар комитеті, сырттай байқау әкімшісі, конкурстық және оңалтушы басқарушылар түсініледі.
3. Уәкілетті орган мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары шеңберінде өз құзыретін іске асыру мақсатында сауалдар жасауды жүзеге асыруға құқылы.
4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары мынадай:
1) төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқаруға лицензиясы бар тұлғалардың банкроттық рәсімдерде тіркелу есебі;
2) мониторинг;
3) камералдық бақылау;
4) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықтың жүргізілу тәртібінің сақталуын бақылау нысандарында жүзеге асырылады.».
18. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 83-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат):
1) 1-баптың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде атом энергиясын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыреті:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін әзірлеу және өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде және оны орындау үшін атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті регламенттейтін нормалар мен қағидаларды әзірлеу, белгілеу және қабылдау;
3) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру және лицензиялардың қолданылу шарттарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуын тексеру;
4) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын қадағалауды жүзеге асыру;
5) өз өкілеттігін атқаруға байланысты инспекциялар жүргізу;
6) Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерін мемлекеттік есепке алу мен бақылауды жүзеге асыру;
8) жеке және заңды тұлғалардан өздеріне жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратуды және алуды жүзеге асыру;
9) осы Заңды бұзу фактілері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тарту туралы мәселелерді шешу үшін құқық қорғау органдарына материалдарды беру;
10) атом энергиясын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша және ядролық қаруды таратпау мен ядролық материалдарды бақылау проблемалары бойынша басқа мемлекеттердің өкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
11) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту болып табылады.».
19. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 жылғы 12 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-қоммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-2-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 10-3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
3) 10-4-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
4) 6-1-тараудың тақырыбындағы «қорын күтіп-ұстау ережелерінің сақталуына» деген сөздер «қоры саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 41-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«41-1-бап. Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылау
Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жергілікті атқарушы орган кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясы (бұдан әрі - тұрғын үй инспекциясы) лауазымды адамдарының тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырады. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
6) 41-2-бапта:
тақырыптағы «қорын күтіп-ұстау ережелерінің сақталуына» деген сөздер «қоры саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «кедергісіз» деген сөз алып тасталсын;
4-тармақтың 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздер «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Мемлекеттік статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 91-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; 2002 ж., № 1, 3-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142, 143-құжаттар; 2007 ж., № 4, 33-құжат):
1) 11-баптың он бірінші абзацындағы «ұйымдастыруға міндетті.» деген сөздер «ұйымдастыруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
«тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға міндетті.»;
2) 12-баптың он бірінші абзацындағы «табыс етуге міндетті.» деген сөздер «табыс етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
«тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға міндетті.».
21. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат):
1) 17-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 19-бап мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.».
22. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат):
1) 14-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде міндетті түрде түсіндірме жазбаны қоса тіркей отырып, сараптамалық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жібереді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аз болмауға тиіс.
Қорытындыны беру мерзімі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің жазбаша сауал салуы бойынша он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қосымша ұзартылады. Мерзімдерді қайта ұзартуға жол берілмейді.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыны мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұсынады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар бір сараптамалық қорытынды ұсынған және осы бірлестік сараптамалық кеңестің отырысын өткізуді табанды түрде талап еткен жағдайда, осындай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.
Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырысы сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.»;
2) 38-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түрінде қосымшалары болмаса;».
23. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат):
1) 10-бап мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 11-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) асыл тұқымды мал шаруашылығының аттестатталған субъектілеріндегі малды асылдандыру жұмысының, оны есепке алудың және оның есептілігінің жай-күйін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;»;