5) 64-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «Жобалардың» деген сөз «Жобаларға» деген сөзбен ауыстырылып, «техникалық регламенттерге сәйкестiгiне» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттілік берген заңды тұлғаның функциясын қайталауға жол берілмейді.»;».
2-тармақ мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) лицензиясы бар тұлғалар орындаған және қосымша жер учаскесін (аумақ кесіндісін) бөлуді талап етпейтін, конструкцияның есептік беріктігін төмендетпейтін, сәулеттік-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапасын нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбейтін, ол жөнінде жоба авторының (жобаның бас инженерінің, жобаның бас сәулетшісінің) тиісті жазбасы бар, тұрғын үй ғимараттарындағы (үйлеріндегі) тұрғын үй және тұрғын үй емес үй-жайларды қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау);
14) азаматтардың жеке пайдалануына арналған техникалық жағынан күрделі емес басқа да құрылғылар;»;
3-тармақ алып тасталсын;
6) 73-бапта:
5-тармақта:
1) тармақшадағы «бiр айдан» деген сөздер «жеті күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «жетi күннен» деген сөздер «бес күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының объектіні пайдалануға қабылдау рәсімінің ұзақтығын (қабылдау мерзімдерін), салынған объектінің күрделілігіне және функционалдық арналуына, оның технологиялық және пайдалану сипаты мен параметрлеріне қарап тағайындаған кезде мемлекеттік басқару органы белгілейді.
Бұл ретте азаматтық тұрғын үй мақсатында салынған объектілер бойынша қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) тиісті өтініш және жұмыс комиссиясы қол қойған акті келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайтын, ал ірі (техникалық жағынан күрделі) қоғамдық үйлер мен құрылыстарды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету саласына жататын өндірістік циклдағы өзге де объектілерді - жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асыруға міндетті.»;
7) 75-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын азаматтық (қоғамдық) және коммуналдық мақсаттағы жеке тұрған объектiлер. Техникалық жағынан күрделі емес, мемлекеттік инвестицияның қатысуынсыз қаржыландырылатын жеке тұрған объектілер пайдалануға осы Заңның 76-бабында белгіленген тәртіппен қабылданады;»;
8) 78-бапта:
7-тармақтың 3) тармақшасындағы «мемлекеттік өртке қарсы қадағалау» деген сөздер «мемлекеттік өртке қарсы қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 3) тармақшасындағы «мемлекеттік өртке қарсы қадағалау және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» деген сөздер «мемлекеттік өртке қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын.
37. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат):
1) 11-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары мен жол қызметi саласындағы қызметiне жалпы басшылық жасау;»;
2) 12-баптың 2-тармағының 15) тармақшасында:
«сақталуын бақылау» деген сөздер алып тасталсын;
«сапаны» деген сөз «сапаның сақталуын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-тарау алып тасталсын.
38. «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):
1) 1-бапта:
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрi - көлiктiк бақылау) - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде темір жол көлігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;»;
40) тармақша алып тасталсын;
2) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 26-3) тармақшамен толықтырылсын:
«26-3) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;
3) 66-2-бап алып тасталсын;
4) 88-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«88-2-бап. Темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
5) 88-3-бап алып тасталсын.
39. «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 320-құжат; 2004 ж., № 23; 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 24, 48-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат):
5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
«30) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту.».
40. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
1) авторлық құқық пен сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектілерін пайдалану саласында;
2) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласында ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийерін, жыл сайынғы тексеру жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 22-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-1-бап. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік
меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық
микросхемалар топологиясы объектілерінің
пайдаланылуына мемлекеттік бақылау
1. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектілерінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 24-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-2-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн
кейiннен жариялау саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
41. «Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат):
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
«28) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 11-баптың 17) тармақшасы алып тасталсын;
3) 15-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
4) 15-1-баптың 3) тармақшасындағы «әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында» деген сөздер «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
42. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):
1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) - уәкiлеттi органның өз құзыреті шегінде өсiмдiктердi қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;»;
2) 6-баптың 1-тармағының 25) тармақшасындағы «келісу енеді.» деген сөздер «келісу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:
«26) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту кіреді.»;
3) 8-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау мақсатында мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне баруға;»;
4) 10-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «тексерудi» деген сөз «талдауды және сараптауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
6) 20-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «жоғын тексеру» деген сөз «жоғына талдау және сараптау» деген сөздермен ауыстырылсын.
43. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат):
1) 8-баптың 23) тармақшасындағы «бақылау кiредi.» деген сөздер «бақылау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
«24) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту кіреді.»;
2) 14-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерінің жиынтығы.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
1-2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
3-1-тармақ алып тасталсын;
3) 14-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыру тәртібі
1. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық бақылау:
1) базарларда - жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөптi және жемшөптiк қоспаларды сату орындарын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орындарында;
2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткізу жөнiндегі ұйымдарда;
3) мынадай қызмет түрлерiн:
ветеринариялық емдеу-профилактикалық;
ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру мен өткізудi;
ветеринариялық мақсаттарға арналған биологиялық препараттарды, зоогигиеналық құралдар мен зооветеринариялық мақсаттағы атрибуттарды өткізу;
базарлардағы ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын тұлғаларда;
4) мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметтi жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттік кәсiпорындарда;
5) шекаралық және кедендiк пункттерде (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы мемлекеттік ветеринариялық бақылау бақылайтын жүктердiң орнын ауыстыру кезiнде;
6) мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде;
7) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерi бойынша;
8) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетiн мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
9) мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктердi өсiретiн, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндiрiстiк үй-жайларында және қызметiне;
10) мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктердi ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық бақылау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көрсетiлген объектiлерде ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды тиiстi аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары iлеспе ветеринариялық құжаттарды қарауды қоса алғанда, тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.
3. Базарларда, жануарларды өсiру, дайындау (сою), сақтау, пайдалану, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты шекаралық және кедендiк пункттерде (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын жүктердiң орнын ауыстыру кезiнде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауiптi және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы нысанасында ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау күн сайын өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру нәтижелерi бойынша тексерушi мемлекеттік ветеринариялық инспектор, тиiстi мемлекеттік органдардың объектiлерiн ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлiмшелерiнiң ветеринариялық инспекторларын қоспағанда, тексеру актiсiн жасайды.
Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын объектілерді мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиiстi мемлекеттік органдардың объектiлерiне ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлiмшелерiнiң ветеринариялық инспекторларын қоспағанда, тексерушi мемлекеттік ветеринариялық инспектор, Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын анықталған бұзушылыққа қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды алып қою туралы қаулы шығарады.
5. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік ветеринариялық инспектор тексеру нәтижелерi бойынша өз құзыретi шегiнде айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы нұсқама жасайды, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
6. Тексеру актісі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады.
Тексеру актiсi үш (ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргiзген тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторы қол қояды.
Актiнiң бiрiншi данасын тексерушi мемлекеттік ветеринариялық инспектор құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, екiншi данасы тексерiлетін адамға қолын қойғызып, берiледi, үшiншi данасы тексерушi мемлекеттік ветеринариялық инспекторда қалады, ал төртiншiсi сотқа талап-арыз беру үшiн тиiстi аумақтың ветеринариялық инспекторына берiледi. Тексерiлетін адам актiнi қабылдаудан бас тартқан жағдайда актiнiң тиiстi данасы поштамен жiберiледi.
7. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау актiсi нөмiрленген, тiгiлген және ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерiнiң, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлiмшелерiнiң мөрiмен бекітілген болуға тиiс арнайы тексеру актілерін тiркеу журналында тiркеледi.».
44. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 7-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «айқындау жатады.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту жатады.»;
2) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы
мемлекеттік бақылау
1. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге бағытталған және оны уәкiлеттi мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың баланың құқықтарын iске асыруға бағытталған қызметi баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау объектiсi болып табылады.
3. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
4. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
45. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 жылғы 6 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық
қолтаңба саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын iске асырады;
2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелерi бойынша практикалық және әдiстемелiк көмек көрсетедi;
4) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын қызмет түрiне өз құзыретi шегiнде лицензия бередi;
6) куәландырушы орталықтың үлгi ережесін әзiрлеп, бекiтедi;
7) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
3) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
46. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
«28) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 8-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұқым шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылау мақсатында тұқым шаруашылығының субъектiлерiне баруға және олардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұқым шаруашы-лығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру мәселелерi бойынша ақпарат алуға;»;