Ықтимал сел қаупі бар су объектілеріндегі нақ осындай қызмет - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен, ал су кемелері жүретін су объектілерінде су көлігі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.
4. Қолданылуы су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін жаңа объектілердің құрылысын немесе қолданыстағыларын реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) жобаларында техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ақпайтын) жүйесі көзделуге тиіс.
5. Су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін қолданыстағы (салынып жатқан) объектілерді консервациялау және жою (кейіннен кәдеге жарату) уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
6. Cу объектілерінің аумағы арқылы көліктік немесе инженерлік коммуникациялар салу жобалары тасқын суларды өткізуді, су объектілерін пайдалану режимін, судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жүргізілуін көздеуге тиіс.
Көрсетілген жобалар уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау саласындағы уәкілетті органмен келісілуге жатады.
7. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген жобалары болмаса және мемлекеттік экологиялық сараптаманың, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындыларын (экологиялық және басқа да сараптамалардың қорытындыларын қамтитын) алған жобалары болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.»;
13) 32-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«32-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер»;
14) мынадай мазмұндағы 145-1-баппен толықтырылсын:
«145-1-бап. Өтпелі ережелер
Осы Кодекстің 125-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының ережелері су қорғау белдеулері шекараларының шегінде 2009 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғызылған ғимараттар мен құрылыстардың пайдаланылуына қолданылмайды. Бұл ретте оларды пайдалануға ұйымдастырылған, орталықтандырылған кәріз, ластанған ағынды суларды бұрып жіберудің және тазалаудың өзге жүйесі немесе ішіндегі заттарды әкетуді қамтамасыз ететін су өтпейтін науалар болған кезде ғана жол беріледі.»;
15) мазмұнында:
119-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«119-бап. Су қорғау белдеулеріндегі жер учаскелерін уақытша пайдалануға беру және су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын бақылау»;
32-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«32-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер»;
мынадай мазмұндағы жүз сексен тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«145-1-бап. Өтпелі ережелер».
4. «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 22, 789-құжат; № 23, 916-құжат; 2001 ж., № 10, 126-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 71-құжат; 2004 ж., № 11-12, 65-құжат; 2006 ж., № 12, 71-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 24, 126-құжат):
18-бап мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, бірегей және сирек кездесетін ландшафтарды, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында шаруашылық қызметті жүзеге асыру.».
5. «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 26-құжат; № 24, 178-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат):
1) 9-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Шаруа немесе фермер қожалықтарын жүргізу үшін берілген жер учаскелерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ объектілер, оның ішінде тұрғын үйлер (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді. Бұл ретте мал шаруашылығы кешендерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде маусымдық жұмыстарға және шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстар мен шаруашылық-тұрмыстық қора-жайлар салуға суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлері, егістік, тыңайған жерлер және көпжылдық екпелер егілген жерлер жататын бағалы ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланыла алмайды.
Жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерінен төмен учаскелерге, алаңдарға бөлуге жол берілмейді.»;
2) 10-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «тұрғын үйлерді,» деген сөздер алып тасталсын.
6. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат):
1) 1-бапта:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) жобалардың мемлекеттік сараптамасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға жүзеге асыратын құрылыс жобаларын (жобалау алдындағы немесе жобалау-смета құжаттамасын) міндетті түрде кешенді бағалау;»;
16) тармақшада:
«және оны» деген сөздер «, оны бекіту және» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оның тиімділігін» деген сөздерден кейін «, жобаларда көрсетілген жұмыстардың көлемі мен қаржы шығындарының дұрыстығын және негізділігін» деген сөздермен толықтырылсын;
«етуге бағытталған» деген сөздерден кейін «, қала құрылысы мен техникалық регламенттерге,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) кешенді қала құрылысы сараптамасы - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган құратын сараптамалық комиссиялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жобалар бойынша және тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын сараптамалық жұмыс топтары мәслихаттар бекітетін жобалар бойынша жүзеге асыратын әр түрлі деңгейдегі қала құрылысы жобаларының мемлекеттік сараптамасы;»;
39) тармақша «актілер,» деген сөзден кейін «қала құрылысы және техникалық регламенттері,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ерекше реттелетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мен қала құрылысы регламентациясының аумақтық объектілеріне:
1) экологиялық апат және (немесе) төтенше жағдайлар аймақтары;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) су қорғау аймақтары мен белдеулері;
4) тарихи-мәдени мұра объектілері және (немесе) қорғалатын бірегей және сирек кездесетін ландшафтық объектілері бар аумақтар;
5) сауықтыру, курорттық, рекреациялық және резервтік мақсаттағы аумақтар;
6) қала маңындағы аймақтар;
7) режимдік аумақтар аймақтары және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ерекше реттелетін аймақтарға жатқызылған өзге де аумақтар жатады.»;
3) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аумақтарда қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларында, аумақты дамытудың аймақаралық схемаларында қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану, сондай-ақ экологиялық апат және төтенше жағдайлар аймақтарын оңалту шаралары ескерілуге тиіс.
Елді мекендердің бас жоспарларында, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында және өзге де қала құрылысы құжаттамасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті органдармен келісілген жобалардың болуы көрсетіле отырып, жоспарланатын аумақтарда бар су қорғау аймақтары мен белдеулері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы мәліметтер болуға тиіс.
Жоспарланатын аумақ үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерінің қолданыстағы жобалары болмаған жағдайда, аталған қала құрылысы жобаларын әзірлеуге арналған тапсырмада бұрын болмаған су қорғау құжаттамасын ауыстыратын арнайы бөлімнің міндеттілігі көзделуге тиіс.»;
4) 17-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы “сондай-ақ” деген сөзден кейін “мемлекет мұқтажын қамтамасыз етуге байланысты» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 19-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің бірыңғай тәртібін айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын:
«15-2) құрылыс жобаларының (жобалау алдындағы немесе жобалау-смета құжаттамасының) мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру, сондай-ақ жаңа объектілер салуға және қазіргі бар объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерден өту ережелерін белгілейді;»;
6) 20-бапта:
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және лицензиялауды, оның ішінде қала құрылысы тәртібі мен регламенттерінің, жобаларға сараптама жүргізу тәртібінің, құрылысқа рұқсат беретін рәсімдерден өту ережесінің, лицензиялар берген және өтініш иелері мен лицензиаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растаған кезде лицензиялау ережелерінің, құрылыстың сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру ережелерінің, сондай-ақ салынған объектілерді пайдалануға қабылдап алу ережелерінің сақталуы бөлігінде бақылауды жүзеге асыру;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың белгіленген нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану, оның ішінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық және лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және жұмыстардың жүргізілуін тоқтата тұру қажеттігі туралы лицензиарға нұсқама жіберу жолымен шаралар қолдану туралы шешімдер қабылдау;»;
20) тармақшаның төртінші абзацындағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
«21) аумақтарда құрылыс салудың, абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерін, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды сақтау және күтіп-ұстау ережелерін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мәслихаттары бекітер алдында оларды келісу жатады.»;
7) 21-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) құрылыс салудың, аумақты абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерін, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды сақтаудың және күтіп-ұстаудың ережелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;”;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егудің, күтіп-ұстаудың және қорғаудың облыс әкімдігі ұсынатын ережелерін бекіту;»;
8) 22-баптың 1-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қала салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген, қала әкімдігі ұсынатын ережелерін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қала шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егудің, күтіп-ұстаудың және қорғаудың қала әкімдігі ұсынатын ережелерін бекіту;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қала әкімдігі ұсынатын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды күтіп-ұстау ережелерін бекіту;»;
9) 24-баптың 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
«2-3) құрылыс салудың, аумақты абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерін, сондай-ақ тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды сақтау және күтіп-ұстау ережелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау ережелерін облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну;»;
10) 25-баптың 1-тармағында:
6) тармақшадағы «қамтамасыз етудің» деген сөздерден кейін «сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) қала шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп ұстау және қорғау ережелерін облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну;»;
11) 27-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша қалалардың бас сәулетшілері болып табылады.
Ауданның жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша аудандардың бас сәулетшілері болып табылады.»;
12) 28-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін, коммуникацияларды) жобалау және салу жөніндегі техникалық регламенттерді;»;
13) 31-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган республикалық маңызы бар объектілер құрылысына инспекция жүргізу, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы, құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау, осы Заңда белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы жолымен;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) су қорғау аймақтарының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бақылау жүргізу бөлігінде - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган;»;
14) 33-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзіміне рұқсат беру (рұқсат беруден негізді бас тарту). Егер объекті нормативтік ұзақтық мерзімі ішінде аяқталмаса, онда тапсырыс беруші (құрылыс салушы) құрылысты жалғастыру үшін жаңадан рұқсат алуға міндетті.
Елді мекеннің бас жоспарына немесе аудандық жоспарлау жобасына (аумақтың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасына) сәйкес орындалған, белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары немесе құрылыс салу жобалары болмаса, елді мекендерде немесе қонысаралық аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беруге жол берілмейді;»;
15) 34-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жобаны әзірлеуші объектінің құрылысына авторлық қадағалау жүргізуді (жүзеге асыруды):
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензияланатын қызметтің тиісті шағын түріне лицензиясы бар басқа тұлғаға;
2) тиісті лицензиясы бар авторлық қадағалауды жүргізу жөніндегі инжинирингтік қызмет көрсетушіні дербес таңдау үшін тапсырыс берушіге беруге құқығы бар.»;
16) 35-баптың 1-тармағында:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның республикалық маңызы бар объектілердің құрылысына, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлары;»;
2) тармақшадағы «объектілер бойынша - » деген сөздер «объектілердің құрылысына бақылауды жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 58-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы объектілерді орналастыру және олардың жұмыс істеуі халыққа қатер төндіруі және (немесе) қоршаған ортаға зиянды әсер етуі мүмкін болған жағдайда, тиісті санитариялық-қорғаныш аймағы көзделуге тиіс. Санитариялық-қорғаныш аймағының мақсатына қарай оның параметрлері және оған қойылатын талаптар көрсетілген объектілердің жұмыс істеуінің өнеркәсіптік қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламенттермен, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы және жануарлар әлемі, қоршаған ортаны қорғау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы мемлекеттік нормативтермен белгіленеді.»;
18) 60-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасына) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда жобалау (жобалау-смета) құжаттамасынсыз не оңайлатылған нобайлық жобалар бойынша құрылыс салуға жол беріледі.»;
19) 63-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер құрылыс жобасы объектіні су қорғау аймағына немесе белдеуіне, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа орналастыруды көздейтін болса, онда жобалық шешімдерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті органдармен келісуге жататын қажетті су және табиғат қорғау іс-шаралары қамтылуға тиіс.»;
20) 64-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «Жобалардың техникалық регламенттерге сәйкестігіне» деген сөздер «Жобаларға» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, құрылыс жобаларының (жобалау алды және жобалау-смета құжаттамасының) мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға сараптамадан басқа қандай да болсын өзге қызметті жүзеге асыру құқығынсыз жүзеге асырады.»;
1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. Әр түрлі деңгейдегі қала құрылысы жобалары осы Заңда, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтеді. Кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындылары тиісті деңгейдегі қала құрылысының жобаларын бекіту және оларды одан әрі іске асыру үшін негіз болып табылады.»;
4-тармақта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасы «сәйкестігі бөлігінде,» деген сөздерден кейін «сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, бірегей және сирек кездесетін ландшафтарды, тарихи-мәдени мұра объектілерін пайдалану белгіленетін бөлігінде,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «құжаттама да» деген сөздер «құжаттаманың болашақ объектінің күтіліп отырған және белгіленген көрсеткіштерін, параметрлері мен сипаттамаларын (техникалық ерекшеліктерін) қамтитын бөлігі де» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Сараптамаға жататын, бірақ мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын құрылыс жобаларының тапсырыс берушісі (инвесторы) сараптамалық жұмыстар нарығы субъектісінің лицензиясы бар кез келген жеке немесе заңды тұлғаны өз қалауы бойынша сарапшы ретінде таңдауға не жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлғаға өтініш жасауға құқылы.»;
21) 68-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Жаңа объектілер салуға және қазіргі бар объектілерді өзгертуге қажетті құжаттарды ресімдеу мен берудің тәртібі, мерзімдері жаңа объектілер салуға және қолданыстағы объектілерді өзгертуге рұқсат беру рәсімдерінен өтудің Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітетін ережелерімен белгіленеді.»;
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 10-ы
№ 180-ІV ҚРЗ