Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат):
1) 48-баптың үшінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі «ол осы Кодекстің 49-бабының бірінші бөлігінде, 250-бабының төртінші бөлігінде, 259-бабының төртінші бөлігінде, 260-бабының төртінші бөлігінде, 261-бабының төртінші бөлігінде аталған ерекше» деген сөздер «ал аса» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 49-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өлім жазасы - ату жазасы адамдардың қаза болуына ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы өтініш ету құқығы беріледі.»;
3) 69-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Кодекс бойынша өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін қылмысты жасаған адамға талап қою мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот талап қою мерзімінің бітуіне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылады, ал өмір бойына бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.»;
4) 96-баптың екінші бөлігінде:
бірінші абзацтың в) тармағындағы «не адамды кепілге алумен» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы «не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өлім жазасына» деген сөздер алып тасталсын;
5) 160-бапта:
бірінші абзац «Геноцид» деген сөздің алдынан «1.» деген цифрмен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «өлім жазасына немесе» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«2. Соғыс уақытында жасалған нақ сол әрекеттер -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
6) 165-бапта:
бірінші абзацта:
«Мемлекеттік опасыздық» деген сөздердің алдынан «1.» деген цифрмен толықтырылсын;
«соғыс уақытында немесе» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацта:
«соғыс уақытында немесе» деген сөздер алып тасталсын;
«мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе» деген сөздер «он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«2. Соғыс уақытында жасалған нақ сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
7) 233-бапта:
төртінші бөліктің бірінші абзацы «не халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасаумен, адамды кепілге алумен, жайларды, ғимараттарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол құрамын айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өміріне қол сұғу» деген сөздермен толықтырылсын;
ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертулер.
1. Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарға дер кезінде ескертуімен немесе өзге тәсілмен терроризм актісін болғызбауға септігін тигізсе және егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Осы Кодекстің 162, 163, 167, 171, 233, 233-1, 233-2, 233-3, 234, 238, 239-баптарында көзделген қылмыстар террористік қылмыстар деп танылады.»;
8) 340-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
9) 367-бапта:
үшінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -»;
екінші абзацтағы «өлім жазасына кесіледі немесе өмір бойы» деген сөздер «өмір бойына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал ауырлататын мән-жайлар кезінде - өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
10) 368-бапта:
үшінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «соғыс уақытында немесе» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы «жазаланады, не өлім жазасына кесіледі немесе өмір бойы» деген сөздер «не өмір бойына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
11) 369-бапта:

12) 373-бапта:
үшінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Соғыс уақытында немесе ұрыс» деген сөздер «Ұрыс» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «жазаланады, не өлім жазасына кесіледі немесе өмір бойы» деген сөздер «не өмір бойына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Соғыс уақытында жасалған нақ сол әрекет -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
13) 374-бапта:
үшінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «соғыс уақытында немесе» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
14) 380-бапта:
үшінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -»;
екінші абзацтағы «жазаланады не өлім жазасына кесіледі немесе өмір бойы» деген сөздер «не өмір бойына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат):
1) 58-баптың екінші бөлігіндегі «Жаза» деген сөз «Жазалау» деген сөзбен ауыстырылып, «өлім жазасы» деген сөздерден кейін «немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 73-баптың екінші бөлігі «өлім жазасы» деген сөздерден кейін «немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 192-баптың бірінші бөлігінде:
«367-бабында (үшінші және бесінші бөліктерінде), 368-бабында (үшінші бөлігінде), 369-бабында (үшінші бөлігінде)» деген сөздер «367-бабында (үшінші, 3-1 және бесінші бөліктерінде), 368-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 369-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«373-бабында (үшінші бөлігінде), 374-бабында (үшінші бөлігінде)» деген сөздер «373-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 374-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 241-баптың 3-1) тармағы «өлім жазасы» деген сөздерден кейін «немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 291-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жасалғаны үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер, сондай-ақ жоғарыда аталған әрекеттерді есі дұрыс емес күйінде жасаған не оларды жасағаннан кейін жүйке ауруымен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бірінші саты бойынша облыстық және оған теңестірілген соттардың соттауына жатады.».
3. «Терроризмге қарсы күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
20-баптың 1-тармағындағы «заңдарында» деген сөз «Қылмыстық кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 10-ы.
№ 175-ІV ҚРЗ