Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 шілдедегі № 1038 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 380 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасына:
«Тұжырымдаманың негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері» деген 3-бөлімде:
«Медицина және фармацевтика кадрларын даярлау құрылымдарын өзгерту» деген 5.1-параграфта:
он жетінші абзацтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«медициналық-профилактикалық іс бакалавры академиялық дәрежесі беріле отырып «медициналық-профилактикалық іс» (5 жыл);»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны «, 2009 жылғы 2-тоқсан» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |