Осы редакция 2009 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен
бекiтiлген
Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мен
қаржыландырудың
ережесi
ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды», «олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау», «олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға», «олардың біліктілігін арттырудан және қайта даярлауды», «оларды біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан», «біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды» деген сөздер тиісінше «қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды», «қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру», «қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға», «қайта даярлаудан және олардың біліктілігін арттырудан» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
16-тармақтың екінші абзацынан басқа, «жұмыссыздарды», «жұмыссыздардың», «жұмыссыздар», «жұмыссыз» деген сөздер тиісінше «табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды», «табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардың», «табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балалардың бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыссыздар», «табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылған және жеті жасқа дейінгі балалардың бағып-күтумен айналысатын адам, сондай-ақ жұмыссыз» деген сөздермен ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Осы Ереже білім беру ұйымдарында не білім беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шарасы болып табылады және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру:
1) мамандығы жоқ, мамандық алғысы және сол мамандық бойынша жұмыс iстегiсi келетiн адамдарды даярлауды (бастапқы кәсiби білім беру);
2) егер табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балалардың бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыссыздарға кәсіптері (мамандықтары) бойынша лайықты жұмыс ұсынылмайтын болса, не олар белгілі бір кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқан болса, оларды жаңа кәсіптер (мамандықтар) алу мақсатында қайта даярлауды (қайта оқыту) қамтиды.
3) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардың кәсiби шеберлiгiн жетілдiру, неғұрлым жоғары разрядтар (сыныптар, санаттар) алу, өндiрiстiк қажеттілiкті ескере отырып, үдемелі техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында біліктілiгiн арттыруды (қосымша білім беру);
Оқытудың әртүрлі түрлері мен нысандарын ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері мен ерекшеліктері "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық кесімдердің шеңберінде айқындалады.
2. Жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, қайта даярлауды және
олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мен жүргiзу
ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға, сондай-ақ жұмыссыздарға кәсіби бағдар беруде ақысыз қызметтер көрсетеді және халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасына сәйкес табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберуді жүзеге асырады.
4. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында не білім беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда (бұдан әрi - ұйымдар) жүргiзiледi.
5. Уәкілетті орган табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан және олардың біліктілігін арттыруды жүргізу үшін ұйымдарды іріктеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Уәкілетті орган табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру үшін ұйымдарды іріктеу кезінде:
1) ұйымдардың білім беру қызметiн мемлекеттік жалпыға бiрдей мiндеттi стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруын;
2) жұмыс берушінің жұмыс күшінің сапасына, сондай-ақ табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қоятын талаптарына сәйкестігін;
3) өндiрiстiк практиканы ұйымдастыруға қатысуын;
4) білім беру қызметiне лицензиясының болуын ескередi.
6. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру уәкілетті органдар жіберетін табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды даярлау жағдайларын қоспағанда, шарт негізінде мемлекеттік білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған Yлгi шарттың нысанын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы орган бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберу, егер өздерінде қажетті кәсіби біліктілігі болмауынан лайықты жұмыс табуы мүмкін болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Уәкілетті органның кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандармен және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адаммен, сондай-ақ жұмыссызбен Үлгі шартының нысанын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы орган бекітеді.
8. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мақсатты топтарға енетін табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардың кәсіби даярлаудан, біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан басым тәртіппен өтуге құқығы бар.
9. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың ұзақтығы, тараптардың құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес оқу бағдарламасына қарай белгіленеді және ол:
1) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды бастапқы даярлауды және қайта даярлауды жүргізу кезінде - алты айдан;
2) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардың біліктілігін арттыру кезінде үш айдан аспауы тиіс.
10. Ұйымдар табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды:
- дәлелді себепсіз сабақтан қалған;
- үлгермеген;
- оқу орнының ішкі тәртібін бұзған;
- заңнамада көзделген басқа да тәртіп бұзушылық жағдайларында оқудан шығаруға құқылы.
11. Кәсіби даярлауда, біліктілігін арттыруда және қайта даярлауда жүрген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды оқудан шығарған жағдайда, ұйым уәкілетті органды алдын ала хабардар етеді. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссызды оқудан шығарған кезде ұйым оқу ақысына қайта есептеу жүргізеді, бұл ретте көрсетілген қызметтердің нақты орындалған көлемі ғана ақы төлеуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен 12 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
12. Кәсiби даярлауды, білiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды дәлелдi себепсiз тоқтатқан, сондай-ақ ұйымнан шығарған кезде жұмыссыз уәкiлеттi органда қайта тiркелген (өтініш берген) күнiнен бастап бiр жыл өткеннен кейiн ғана оқуға қайтадан жiберіледi.
13. Жұмыс берушi жұмыс орындарын (бос орындарды) білiктi кадрлармен жасақтау және қызметкерлердiң біліктiлiк деңгейiн арттыру мақсатында кәсiби даярлау мен қызметкерлердi жеке қаражаты есебiнен өндiрiс ішiнде оқыту жүйесiн дамыту жөніндегi шараларды жүзеге асырады.
14. Шетелдiк инвесторлар шетелдік мамандарды жұмыссыздармен ауыстыру мақсатында оларды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жыл сайын уәкілетті органға ұсынылатын, кадрларды даярлаудың бекітілген бағдарламасының негізінде жүзеге асырады.
3. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды
кәсiби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қаржыландыру
15. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жергілікті бюджет қаражатынан қаражат бөлу аймақтық жұмыспен қамту бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады.
Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссызды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнына оқытумен тікелей байланысты шығындардан басқа, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындар енгізіледі.
Шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен ауыстыру мақсатында шетелдік инвесторлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған құзыретті органмен жасалатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға арналған қаражат көздейді.
16. Уәкілетті органдар білім беру ұйымдарына немесе кәсіпорындарына жіберген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды (мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда) кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау шығыстары табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде қызмет көрсетуге арналған шарттарға сәйкес белгіленген тәртіппен жұмыспен қамтудың жергілікті бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.
Уәкілетті органдар мемлекеттік білім беру мекемелеріне жіберген жұмыссыздарды бастапқы кәсіби даярлаумен байланысты шығыстар осы мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған шығыстар сметасында ескеріледі.
4. Бақылау және есептілік
17. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы орган және уәкілетті органдар ұйымдардың оқыту мерзімдері мен конкурстық шарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті білім беруді басқару органдары ұйымдардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа талдау жүргізеді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға ақпарат береді.
18. Кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде уәкілетті орган:
1) кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардыңесебін жүзеге асырады;
2) белгіленген нысан бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық статистикалық есептілікті жүргізеді;
3) белгіленген мерзімдерде кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға ұсынады.