«3-1. Жұмыстар, қызметтер көрсету экспорты (импорты) бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру кезіндегі резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер хабарлама режимінде жүзеге асырылады. Хабарлауды осындай төлемдерге қызмет көрсететін уәкілетті банк жүргізеді.
3-2. Валюталық реттеу режимдері мәміле паспортын ресімдеу талап етілетін экспортқа (импортқа) байланысты коммерциялық кредиттерге қолданылмайды.»;
7-тармақ алып тасталсын;
13) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Резиденттер бағалы қағаздарды сатып алуға, жарғылық капиталға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында салымдарды енгізуге байланысты валюталық операциялар туралы, сондай-ақ туынды қаржы құралдарына байланысты валюталық операциялар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлауға міндетті.»;
14) 24-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша «ерекше құқықтарды» деген сөздерден кейін «толығымен» деген сөзбен толықтырылсын;
3) тармақша «орындау» деген сөзден кейін «, сондай-ақ сенімгерлік басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуға байланысты резидент еместердің пайдасына резиденттердің төлемдері, резиденттердің пайдасына резидент еместердің төлемдері, сондай-ақ резиденттердің резидент еместерге (резидент еместердің резиденттерге) ақшаны және өзге мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі хабарлама режимінде жүзеге асырылады.»;
4-тармақтағы «ерекше, құқықты» деген сөздер «ерекше құқықты толығымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 25-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банктерді және Ұлттық почта операторын қоспағанда, резидент заңды тұлғалар шетелдік банкпен шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде шетелдік банктерде банк шоттарын ашқаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлауға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жеке тұлғадан шетелдік банктегі шоты туралы хабарлау талап етілмейді. Резидент жеке тұлғалардың шетелдік банктердегі меншікті шоттарынан (меншікті шоттарына) аударымдардың көлемдері туралы осындай аударымдарды жүзеге асыратын уәкілетті банк хабарлайды.»;
16) 28-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті банктер және уәкілетті ұйымдар валюталық бақылау агенттері болып табылады.»;
17) 29-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) валюталық операциялар бойынша есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді;»;
3-тармақтың 4) тармақшасы «операциялар туралы» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 31-баптың 3-тармағындағы «растамасын» деген сөз «куәлігін» деген сөзбен ауыстырылсын;
19) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Арнайы валюталық режим
1. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген жағдайда, егер ахуалды экономикалық саясаттың басқа шараларымен шешу мүмкін болмаса, арнайы валюталық режим енгізіледі.
Арнайы валюталық режим елдің экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына төнген қатерді жою үшін жағдайлар жасауға бағытталған валюталық реттеу шаралар кешенін көздейтін және резиденттер мен резидент еместердің валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуіне жекелеген валюталық шектеулер енгізуге жол беретін, валюталық операцияларды жүргізудің айрықша режимі болып табылады. Арнайы валюталық режим оны енгізу үшін негіз болған жағдайларды жою мақсатында ғана қолданылатын уақытша шара болып табылады. Арнайы валюталық режим шеңберінде енгізілуі мүмкін шектеулерге мыналар жатады:
1) валюталық операция сомасынан процент ретінде айқындалатын мөлшердегі депозитті уәкілетті банкке не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне белгіленген мерзімге сыйақы төлеместен орналастыруды талап ету;
2) валюталық операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы рұқсатын алуды талап ету;
3) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сатуды талап ету;
4) шетелдік банктерде шоттарды пайдалану бойынша шектеулер, валюталық түсімді қайтару мерзімін және валюталық операциялар бойынша көлеміне, санына және есеп айырысу валютасына лимиттерді белгілеу.
Қазақстан Республикасының Президенті өзге де уақытша валюталық шектеулерді енгізуі мүмкін.
2. Арнайы валюталық режим Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлескен консультациялар негізінде дайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісі мыналарды:
1) енгізілетін шаралардың және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуге уақытша шектеулердің тізбесін;
2) арнайы рұқсат беру шарттарын қоса алғанда, арнайы валюталық режимнің талаптарын орындау тәртібін;
3) арнайы валюталық режимді енгізу уақытын және қолданылу мерзімін қамтиды.
4. Арнайы валюталық режимнің қолданылу мерзімі бір жылдан асырылмайды.
Арнайы валюталық режим енгізілген мерзім аяқталғаннан кейін арнайы валюталық режимнің күші жойылды деп саналады.
Қазақстан Республикасының Президенті тиісті акт шығару арқылы оның қолданылуын осы тармақта белгіленген мерзімдер шегінде ұзартуға не оның күшін толық немесе ішінара мерзімінен бұрын жоюға құқылы.
5. Арнайы валюталық режимнің қолданылуы кезеңінде резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісінде белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.».
6. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-баптың үшінші бөлігіндегі «32 және 37-баптарында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға және валюталық құндылықтарды пайдалануға» деген сөздер «32-бапта көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-баптың 26) тармақшасы алып тасталсын;
3) 37-бап алып тасталсын;
4) 42-баптың 5-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
5) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «, сондай-ақ валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты» деген сөздер алып тасталсын.
7 тармақ 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат):
1) 1-баптағы «2009 жылғы 1 шілдеден» деген сөздер «2010 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 1-1, 9-1 және 9-2-баптармен толықтырылсын:
«1-1-бап. Егер заңды тұлға 2009 жылғы 1 тамыздан кешіктірмейтін мерзімде өзі орналасқан жер бойынша және құрылымдық бөлімшелердің тіркелген жері бойынша салық органына жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшін оларды дербес төлеушілер ретінде қарауға шешім қабылдау туралы хабарлаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері 2009 жылы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшін дербес төлеушілер болып танылады деп белгіленсін.
Бұл ретте, осы бапқа сәйкес осындай төлемдерді дербес төлеушілер ретінде танылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей салық қызметі органдарына салық есептілігін жасау және табыс ету, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы осындай заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы болып табылады.»;
«9-1-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 448-бабының 3-тармағы 3) және 4) тармақшаларының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
9-2-бап. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және ауылдық тұтыну кооперативтері үшін 2009 жылы арнаулы салық режимін қолдануға арналған салықтық өтінішті беруді салық төлеуші ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді деп белгіленсін.
Бұл ретте көрсетілген арнаулы салық режимін қолдану құқығы, осы Заңның 9-1-бабының ережелері ескеріле отырып, салық төлеуші «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 448-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келген айдың 1 күнінен бастап туындайды.»;
3) 12-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Шот-фактураны көрсетуге арналған ұялардың саны электронды түрде мыналарды:
1) есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары);
2) есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін табыс ету кезінде шектелмейді.».
2009.30.12 № 234-ІV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 3-тармағының 1) - 3) тармақшаларын және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 4) - 16), 19), 20) тармақшаларын және 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 4-і.
№ 167-ІV ҚРЗ