Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 959 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер қаралған жағдайда, Комиссияның отырыстарына мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары шақырылады.
Комиссия отырысының материалдарына қоса тіркеу үшін мемлекеттік органның қорытындысы мемлекеттік орган басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, жазбаша түрде ұсынылуы тиіс».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 22 маусымдағы
№ 959 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 903 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Сауда саясаты және халықаралық
экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға |
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, төрағаның орынбасары |
Айтжанова Жанар Сейдахметқызы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, хатшы |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Евниев Арман Қайратұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Мағауов Әсет Маратұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Смайылов Әлихан Асханұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Құдайбергенов Ескендір Көпбосынұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары |
Қожахметов Жанат Мұратұлы | - Қазақстан Республикасы Бәселестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары |
Ерғожин Дәулет Еділұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы |
Тен Игорь Викторович | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары |