Егер барлық ақпарат 15-деректеменің жолына сыймайтын болса, бұл ақпараттың бір бөлігі 16-деректеменің жолына ауыстырылуы мүмкін;
Егер өтінішке осы нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша қоса берілетін болса 15-деректеме жолында тауарды СЭҚ БТН бойынша бір 10 таңбалы жіктеуіштік кодқа сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тауардың сипаттамасы көрсетіледі және мынадай жазба жасалады «(... парақ қосымшаны қараңыз)»;
16-деректеме. «Қосымша ақпарат».
Қажеттілігіне қарай пайдаланылады. бұл деректеменің жолына 7, 8, 12, 13 және 14-деректемелерді нақтылау және ашып көрсету қажеттілігіне байланысты мәліметтер, сондай-ақ өтінішті ресімдеген күні қол қойылған келісім-шартқа (шартқа) енгізілген барлық өзгерістердің нөмірлері мен күндері жазылуы мүмкін;
17-деректеме. «Лицензия беру үшін негіздеме».
Мыналар көрсетіледі:
Комиссия шешімдерінің нөмірлері мен күндері, лицензия беру үшін (мұндай шешімдер қабылданған жағдайда) негіздеме болып табылатын Тараптардың немесе уәкілетті халықаралық органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нөмірлері мен күндері;
өтініш беруші мен өндіруші немесе егер өтініш беруші ретінде делдал қатысатын болса тауарды тұтынушы арасындағы келісім-шарттардың (шарттардың) нөмірлері мен күндері;
квота бөлуді растайтын құжаттың нөмірі мен күні (квоталанатын тауарға лицензия ресімделген жағдайда);
18-деректеме. «Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы».
5-деректемеде көзделген өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының мөрмен куәландырылған қолы қойылады, оның тегі, аты-жөні, лауазымы мен өтініш ресімдеген күн көрсетіледі.
Лицензияны ресімдеу тәртібі
6. Уәкілетті органдар кеден одағы комиссиясы әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, қолдан жасаудан арнайы қорғалған қағазда осы нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес лицензияны бір ізге түсірілген нысан бойынша ресімдейді.
Бұл ретте лицензия деректемелері мынадай түрде толтырылады:
1-деректеме. «№ лицензия».
Лицензия нөмірі көрсетіледі.
Нөмір 16 белгіден тұрады және мынадай түрде құрастырылады:
1 - 3 - белгілер - оның негізінде өтінішті ресімдеу тәртібі айқындалатын тауар тізімінің (санатының) нөмірі;
4 және 5 - белгілер - өтінішті тіркейтін кеден одағына мүше мемлекеттің (Беларусь Республикасы - ВҮ, Қазақстан Республикасы - KZ, Ресей Федерациясы - RU) альфа 2 коды;
6 және 7 - белгілер - жылдың соңғы 2 саны;
8 - 10 - белгілер - өтінішті тіркеуші уәкілетті орган мөрінің (кодының) нөмірі;
11 - 16 - белгілер - уәкілетті орган өтініштерді арнайы тіркеу журналында берген өтініштің реттік немірі;
2-деректеме. «Қолдану кезеңі».
Лицензияны қолдану кезеңі көрсетіледі (осы нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген өтініштің 2-деректемесіне ұқсас толтырылады);
3-деректеме. «Лицензия түрі».
Лицензия түрі және тауарды тасымалдау бағыты көрсетіледі (деректеме осы нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген өтініштің 3-деректемесіне ұқсас толтырылады);
4 - 14 және 16 - деректемелер осы нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген өтініштің 4 - 14 және 16-деректемелеріне ұқсас толтырылады.
15-деректеме. «СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы»
Тауардың сипаттамасы және оның СЭҚ БТН-ге сәйкес коды көрсетіледі (деректеме осы нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген өтініштің 15-деректемесіне ұқсас толтырылады);
Егер лицензияға осы нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша қоса берілетін болса 15-деректеме жолында тауарды СЭҚ БТН бойынша бір 10 таңбалы жіктеуіштік кодқа сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тауардың сипаттамасы көрсетіледі және мынадай жазба жасалады «(... парақ қосымшаны қараңыз)»;
17-деректеме. «Лицензия беру үшін негіздеме».
Мыналар көрсетіледі:
комиссия шешімдерінің нөмірлері мен күндері, лицензия беру үшін (мұндай шешімдер қабылданған жағдайда) негіздеме болып табылатын Тараптардың немесе уәкілетті халықаралық органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нөмірлері мен күндері;
өтініш беруші мен өндіруші немесе егер өтініш беруші ретінде делдал қатысатын болса тауарды тұтынушы арасындағы келісім-шарттардың (шарттардың) нөмірлері мен күндері;
квота бөлуді растайтын құжаттың нөмірі мен күні (квоталанатын тауарға лицензия ресімделген жағдайда);
лицензия беруді негіздейтін басқа қажетті ақпарат;
18-деректеме. «уәкілетті тұлға».
Лицензияға қол қоюға өкілеттік берілген уәкілетті лауазымды тұлғаның мөрмен куәландырылған қолы қойылады, оның тегі, аты-жөні, лауазымы мен қол қойған күні көрсетіледі.
7. Қолдан жасаудан қосымша қорғау мақсатында лицензия бланкісінің төменгі жағына толтырылған бағандардан тысқары жерге лицензияның негізгі деректемелерінде көзделген деректерді қамтитын штрих код орналасуы мүмкін.
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына
және (немесе) импортына лицензия беру туралы
өтінішті ресімдеу және осындай лицензияны
ресімдеу туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
(нысан)
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру
туралы өтініш
1. № өтініш | 2. Қолдану кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне | |
3. Лицензия типі | ЭКСПОРТ | 4. Келісім-шарт жылғы________№________ |
5. Өтініш беруші | | 6. Сатып алушы |
7. Тағайындалған елі | | 8. Сатып алушының елі | |
9. Келісім-шарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шыққан елі | | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | |
16. Қосымша ақпарат |
17. Лицензия беру үшін негіздеме | 18. Өтінім берушінің уәкілетті тұлғасы Т.А.Ә Лауазымы Телефоны Қолы және мөрі Күні |
(нысан)
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беру туралы
өтініш
1. № өтініш | 2. Қолдану кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне | |
3. Лицензия типі | ИМПОРТ | 4. Келісім-шарт жылғы________№________ |
5. Өтініш беруші | | 6. Сатушы |
7. Жөнелтілетін ел | | 8. Сатушының елі | |
9. Келісім-шарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шыққан елі | | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | |
16. Қосымша ақпарат |
17. Лицензия беру үшін негіздеме | 18. Өтінім берушінің уәкілетті тұлғасы Т.А.Ә Лауазымы Телефоны Қолы және мөрі Күні |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына
және (немесе) импортына лицензия беру туралы
өтінішті ресімдеу және осындай лицензияны
ресімдеу туралы нұсқаулыққа
2-қосымша
(нысан)
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе)
импортына лицензиясын беру өтінішіне қосымша
жылғы № лицензияға қосымша |
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны |
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны |
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны |
Р/с № | Тауар сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |

Барлығы парақ № парақ | 18. Өтінім берушінің уәкілетті тұлғасы Т.А.Ә Лауазымы Телефоны Қолы және мөрі Күні |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына
және (немесе) импортына лицензия беру туралы
өтінішті ресімдеу және осындай лицензияны
ресімдеу туралы нұсқаулыққа
3-қосымша
(нысан)
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия
Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы |
1. № лицензия | 2. Қолдану кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне | |
3. Лицензия типі | ЭКСПОРТ | 4. Келісім-шарт жылғы № |
5. Өтініш беруші | | 6. Сатып алушы |
7. Тағайындалған елі | | 8. Сатып алушының елі | |
9 Келісім-шарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шыққан елі | | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15 СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | |
16 Қосымша ақпарат |
17. Лицензия беру үшін негіздеме | 18. Уәкілетті тұлға Т.А.Ә. Лауазымы Телефоны Қолы және мөрі Күні |
(нысан)
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия
Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы |
1. № өтініш | 2. Қолдану кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне | |
3. Лицензия типі | ИМПОРТ | 4. Келісім-шарт жылғы № |
5. Өтініш беруші | | 6. Сатушы |
7. Жөнелтілетін ел | | 8. Сатушының елі | |
9. Келісім шарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шығу елі | | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | |
16. Қосымша ақпарат |
17. Лицензия беру үшін негіздеме | 18. Уәкілетті тұлға Т.А.Ә. Лауазымы Телефоны Қолы және мөрі Күні |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына
және (немесе) импортына лицензия беру туралы
өтінішті ресімдеу және осындай лицензияны
ресімдеу туралы нұсқаулыққа
4-қосымша
(нысан)
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе)
импортына лицензиясына қосымша
Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы |
жылғы № лицензияға қосымша |
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны |
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны |
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны |
Р/с № | Тауар сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны |
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны |
Р/с № | Тауар сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны |
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны |
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны |
Барлығы парақ № парақ | 18. уәкілетті тұлға Т.А.Ә Лауазымы Телефоны Қолы және мөрі Күні |
Тауарлармен сыртқы сауда
саласындағы лицензиялау ережелері
туралы келісімге
2-қосымша
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе)
импортына рұқсат беру жобасын ресімдеу және мұндай рұқсатты
ресімдеу туралы нұсқаулық
1. Осы Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру жобасын ресімдеу және мұндай рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулық (бұдан әрі - нұсқаулық) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру жобасын ресімдеу және Тараптар мемлекеттері атқарушы билігінің уәкілетті органдары беретін мұндай рұқсат беруді (бұдан әрі тиісінше - рұқсат беру, уәкілетті органдар) ресімдеу тәртібін айқындайды.
2. Кодталған ақпаратты Жекелеген деректемелерге енгізген кезде кодтарды көрсету үшін кедендік ресімдеу мақсаты үшін пайдаланылатын нормативтік-анықтамалық ақпараттың жіктеуіші (бұдан әрі - жіктеуіштер) қолданылады.
3. Осы нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетілген ақпарат кодтары аралары «|» (тік сызық) белгімен бөлінген деректеме алаңының оң жақ жоғары бұрышында орналасуы тиіс.
4. Рұқсат беру жобасын өтініш беруші қағаз жеткізгіште ресімдейді, осы нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша баспа құрылғыда толтырылады.
5. уәкілетті органдар Кеден одағының комиссиясы әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, рұқсат беруді осы нұсқаулыққа қосымшада көзделген нысан бойынша қолдан жасаудан қорғалған арнайы қағазда ресімдейді.
6. Рұқсат беру деректемелері мынадай түрде толтырылады:
1-деректеме «№ рұқсат беру».
Рұқсат беру нөмірі 12 белгіден тұрады және мынадай түрде құрастырылады:
1 және 2-белгілер - рұқсат беруді тіркеген кеден одағына мүше мемлекеттің (Беларусь Республикасы - ВҮ, Қазақстан Республикасы - KZ, Ресей Федерациясы - RU) альфа 2 коды;
3 және 4-белгілер жылдың соңғы 2 саны;
5 - 7-белгілер рұқсат беруді тіркеуші уәкілетті орган мөрінің (кодының) нөмірі;
8 - 12-белгілер рұқсат беруге өсу тәртібімен 5 таңбалы тіркеу нөмірін беру жолымен арнайы журналда уәкілетті орган берген рұқсат берудің реттік нөмірі.
Рұқсат беру нөмірін күнтізбелік жылдың басынан бастап өсу тәртібімен 5 таңбалы тіркеу нөмірін беру жолымен арнайы журналда рұқсат беру жобасын тіркегеннен кейін уәкілетті орган толтырады (мысалы, 00001);
2-деректеме. «Қолдану кезеңі».
Өтініш беруші сұрау салған мынадай түрде ресімделетін рұқсат берудің қолданылу кезеңі көрсетіледі:
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне,
мүнда:
ЖЖЖЖ - жылы;
КК - күні;
АА - айы.
Символдар бір-бірінен нүктелер арқылы ажыратылады (мысалы, 2008.01.01-дан бастап 2008.31.12 кезеңіне);
3-деректеме. «Рұқсат беру түрі».
Тауардың орнын ауыстыру бағыты көрсетіледі:
ЭКСПОРТ - тауардың экспортына рұқсат беруді ресімдеу үшін;
ИМПОРТ - тауардың импортына рұқсат беруді ресімдеу үшін;
4-деректеме. «Келісім-шарт».
Келісім-шарттың (шарттың) нөмірі және оған қол қойылған күн көрсетіледі. Күні 2-деректемеде көзделген талаптарға сәйкес көрсетіледі.
5-деректеме. «Өтініш беруші».
Өтініш беруші туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:
заңды тұлғалар үшін - толық ресми атауы, заңды мекен-жайы. Оң жақ жоғары бұрышында салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН) көрсетіледі;
дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, паспорттық деректері (сериясы, нөмірі, қашан және кім берді, тұрғылықты жері). Оң жақ жоғары бұрышында ССН көрсетіледі;
6-деректеме.
«Сатып алушы» - экспорттық рұқсат беруді ресімдеу үшін;
«Сатушы» - импорттық рұқсат беруді ресімдеу үшін.
Шарттың (келісім-шарттың) тілін сақтай отырып, шартта (келісім-шартта) көрсетілген тауарға арналған құқықтарды беруді көздейтін шарт (келісім-шарт) бойынша өтініш берушінің контрагенті болып табылатын шетелдік әріптестің толық ресми атауы және толық мекен жайы көрсетіледі.
Бұл ретте «Сатып алушы» ретінде өтініш берушіден тауарға құқық алған шетелдік әріптес, «Сатушы» ретінде өтініш берушіге мұндай құқық беретін әріптес көрсетіледі;
7-деректеме.
«Тағайындалған елі» - экспорттық рұқсат беруді ресімдеу үшін;
«Жөнелтілетін ел» - импорттық рұқсат беруді ресімдеу үшін.
«Әлем елдері және аумақтар» деген анықтамалыққа сәйкес тағайындалған (экспорттау кезінде) немесе жөнелту елінің (импорттау кезінде) атауы және елдің 2 альфа коды көрсетіледі.
Егер келісім-шартта (шартта) бірнеше тағайындалған (жіберу) елі көзделген болса «Келісім-шарт (шарт) талаптарына сәйкес» деген жазба жазылады, елдің 2 альфа коды көрсетілмейді. Егер бұл бірнеше елдер Еуропалық одақ елдеріне жататын болса «ЕО елдері» деп жазылады және елдің 2 альфа коды көрсетілмейді;
8-деректеме.
«Сатып алушының елі» - экспорттық рұқсат беруді ресімдеу үшін.
«Сатушының елі» - импорттық рұқсат беруді ресімдеу үшін.
Жіктеуішке сәйкес сатып алушы (сатушы) елдің атауы мен елдің альфа 2 коды көрсетіледі;
9-деректеме. «Келісім-шарт валютасы».
Валюта жіктеуішіне сәйкес келісім-шарт (шарт) валютасының қысқаша атауы және оның коды көрсетіледі;
10-деректеме. «Құны».
Тауардың келісім-шарт (шарт) валютасындағы тауардың құны көрсетіледі.
Егер құны бөлшек бірліктерде болса, онда ол дөңгелектеу ережелері бойынша толық шамаға дейін дөңгелектенеді;
11-деректеме. «Статистикалық құны»
Тауардың құны шартқа (келісім-шартқа) сәйкес АҚШ долларымен көрсетіледі.
АҚШ долларынан ерекшеленетін валютада көрсетілген тауардың құнын АҚШ долларына қайта есептеу валюта тепе-теңдігіне сәйкес жүргізіледі (келісім-шартта көрсетілген валютаның Тараптар мемлекетінің Ұлттық банкі келісім-шартқа (шартқа) қол қойылған күні айқындаған бағам бойынша АҚШ долларына құндық ара қатынасы).
Егер құны бөлшек бірліктерде болса, онда ол дөңгелектеу ережелері бойынша толық шамаға дейін дөңгелектенеді;
12-деректеме. «Шыққан елі».
«Әлем елдері және аумақтар» деген анықтамалыққа сәйкес шыққан елінің атауы және елдің 2 альфа коды көрсетіледі.
Егер келісім-шартта (шартта) бірнеше шыққан елі көзделген болса «Келісім-шарт (шарт) талаптарына сәйкес» жазба жазылады және елдің 2 альфа коды көрсетілмейді. Егер бұл бірнеше елдер Еуропалық одақ елдеріне жататын болса «ЕО елдері» деп жазылады және елдің 2 альфа коды көрсетілмейді.
Шыққан елі ретінде тауар толығымен шығарылған немесе жеткілікті түрде өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшыраған ел деп түсініледі;
13-деректеме. «Саны».
14-деректемеде көзделген тауардың саны өлшем бірлікпен көрсетіледі (салмақтық бірліктер үшін - таза салмағы).
Таза салмағы ретінде техникалық регламенттерге және/немесе стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар мен басқа да заңнамалық актілерге сәйкес айқындалатын тауардың орамсыз салмағы түсініледі;
14-деректеме. «Өлшем бірлігі».
Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына (СЭҚ БТН) сәйкес тауардың өлшем бірлігінің (негізгі және қосымша) қысқаша атауы көрсетіледі.
2 өлшем бірлігі болған кезде тауар санын көрсету - жолма жол;
15-деректеме. «СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы».
СЭҚ БТН-ға сәйкес тауардың және оның кодының сипаттамасы көрсетіледі. Тауардың сипаттамасы тауарды СЭҚ БТН бойынша бір 10 таңбалы жіктеуіштік кодқа сәйкестендіруге мүмкіндік беруі тиіс. Тауардың сипаттамасы оның атауын (сауда, коммерциялық немесе өзге дәстүрлі атауын) қамтуы тиіс.
Егер барлық ақпарат 15-деректеменің жолына сыймайтын болса, бұл ақпараттың бір бөлігі 16-деректеменің жолына ауыстырылуы мүмкін;
16-деректеме. «Қосымша ақпарат».
Қажеттілігіне қарай пайдаланылады. Бұл деректеменің жолына 7, 8, 12, 13 және 14-деректемелерді нақтылау және ашып көрсету қажеттілігіне байланысты мәліметтер жазылады, сондай-ақ рұқсат беру жобасын ресімдеген сәтте қол қойылған келісім-шартқа (шартқа) енгізілген барлық өзгерістердің нөмірлері мен күндері енгізіледі;
17-деректеме. «Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы».
5-деректемеде көрсетілген өтініш берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының мөрмен куәландырылған қолы қойылады, оның тегі, аты-жөні, лауазымы мен рұқсат беру жобасын ресімдеу күні көрсетіледі.
Рұқсатты ресімдеу кезінде өтініш беруші уәкілетті тұлғасының тегі, аты-жөні, лауазымы, рұқсат беру жобасын ресімдеу күні көрсетіледі, сондай-ақ «қолы және мөрі бар» деп жазылады.
18-деректеме. «Уәкілетті тұлға».
Уәкілетті органның рұқсат беруге қол қоюға өкілеттік берілген лауазымды тұлғасының мөрмен куәландырылған қолы қойылады, оның тегі, аты-жөні, лауазымы мен қол қойған күні көрсетіледі.
7. Қолдан жасаудан қосымша қорғау мақсатында лицензия бланкінің астында толтырылған бағандардан тысқары жерде лицензиялардың негізгі деректемелерінде көрсетілген деректерден тұратын штрих код орналасатын болады.
Тауарлардың жекелеген түрлерінің
экспортына және
(немесе) импортына рұқсат беру
жобасын ресімдеу және мұндай
рұқсатты ресімдеу туралы
нұсқаулыққа
ҚОСЫМША
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына рұқсат беру жобасы
Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы |
1. № рұқсат беру | 2. Қолдану кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне | |
3. Рұқсат беру типі | ЭКСПОРТ | 4. Келісім-шарт жылғы № |
5. Өтініш беруші | 6. Сатып алушы |
7 Тағайындалған елі | | 8. Сатып алушының елі | |
9 Келісім-шарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12 Шыққан елі | | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | |
16 Қосымша ақпарат |
17. Өтінім берушінің уәкілетті тұлғасы Т.А.Ә Лауазымы Телефоны Қолы және мөрі Күні | 18. Уәкілетті тұлға Т.А.Ә Лауазымы Телефоны Қолы және мөрі Күні |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына рұқсат беру жобасы
Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы |
1. № рұқсат беру | 2. Қолдану кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне | |
3. Рұқсат беру типі | ИМПОРТ | 4. Келісім-шарт жылғы № |
5. Өтініш беруші | 6. Сатушы |
7. Жөнелтілетін ел | | 8. Сатушының елі | |
9. Келісім-шарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12 Шыққан елі | | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. Тауардың СЭҚ ЕТН және оның сипаты бойынша коды | |
16 Қосымша ақпарат |
17. Өтінім берушінің уәкілетті тұлғасы Т.А.Ә Лауазымы Телефоны Қолы және мөрі Күні | 18. Уәкілетті тұлға Т.А.Ә Лауазымы Телефоны Қолы және мөрі Күні |