Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 704 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 маусымдағы № 816 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 704 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
«Барлығы» деген жолдағы «2180» деген сандар «2201» деген сандармен ауыстырылсын;
«Экономика мамандықтары» | 50 | - | 222,8» |
деген жол алынып тасталсын;
«Білім беру мамандықтары» | 85 | - | 155,8» |
деген жолдағы «85» деген сандар «156» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |