Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 1705 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 286-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 16 маусымдағы № 2828 заң күші бар Жарлығының 44-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргізудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 маусымдағы № 999 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 28, 250-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселелері бойынша кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 1 маусымдағы № 764 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қазандағы № 1575 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 508-құжат).
3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1705 қаулысымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға
салық сараптамасын жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже), оларда салық режимін белгілеу үшін жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келісім-шарттардың, сондай-ақ жасалған келісім-шарттарға дайындалған толықтырулар мен өзгерістердің салық сараптамасын жүргізу тәртібін белгілейді және салық сараптамасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органның, құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейді.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келісім-шарттардың ережелері, оның ішінде «Салықтар және төлемдер» бөлімі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен моделдік келісім-шарттың ережелерін ескере отырып әзірленеді.
3. Жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келісім-шарттарға салық сараптамасын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы (бұдан әрі - уәкілетті орган):
1) кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Фискальдық саясат және болжамдар департаменті;
2) кең таралған пайдалы қазбалар және жерасты сулары бойынша - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша кен орнын табу орны бойынша салық органдары жүргізеді.
4. Осы Ереже, сол сияқты бұрын жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға да қолданылады.
5. Осы Ереженің нормалары барлық мүдделі тараптардың орындауы үшін міндетті.
2. Салық сараптамасын жүргізу тәртібі
6. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келісім-шартты жер қойнауын пайдаланушының салықтарын және арнайы төлемдерін белгілеу үшін қажетті осы Ереженің 3-бөлігіне сәйкес, тиісті қосымшалармен бірге салық сараптамасын жүргізу жөніндегі тиісті уәкілетті органның атына жібереді.
7. Жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келісім-шарттың салық режимін келісу барысында уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыдан салық режимін белгілеу үшін қажетті қосымша деректерді сұратуға құқылы.
8. Салық сараптамасын уәкілетті орган отыз күннен аспайтын мерзімде жүргізеді. Салық сараптамасын жүргізу барысында жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келісім-шарттың салық режимі уәкілетті орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында келісілуі тиіс.
9. Жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келісім-шарттың «Салықтар және төлемдер» бөлімінің мәтінін жер қойнауын пайдаланушымен келіскеннен кейін, уәкілетті орган құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушының атына салық сараптамасын жүргізу нәтижелерін жібереді.
10. Салық заңдары салық сараптамасы жүргізілген күннен бастап келісім-шартқа қол қойылған күн кезеңінде салық заңнамасы өзгерген жағдайда, салық режимі, қайта салық сараптамасын жүргізе отырып, осы өзгерістерге сәйкес келтірілуі тиіс.
11. Салық сараптамасының нәтижелері бойынша белгіленген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың салық режимі қандай да болмасын өзгерістерсіз және түзетулерсіз жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың түпкі мәтініне міндетті түрде енгізуге жатады.
12. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлау және/немесе өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған келісім-шартты қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың қол қойылған және тіркелген көшірмесі он күндік мерзімде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мәселелеріне қатысты, оның шарттарының сақталуын кейіннен бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің және жер қойнауын пайдаланушының тіркелу орны бойынша аумақтық салық органының атына жіберіледі.
13. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлау және/немесе өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған келісім-шарттың қол қойылған және тіркелген көшірмесі он күндік мерзімде жер қойнауын пайдаланушының тіркелу орны бойынша аумақтық салық органының атына жіберіледі.
3. Салық сараптамасын жүргізу үшін ұсынылатын, жер қойнауын
пайдалануға арналған дайындалған келісім-шартқа қосымшалар
14. Пайдалы қазбаларды, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған дайындалған келісім-шарттың салық сараптамасын жүргізу үшін оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстық комиссияның хаттамасынан үзінді немесе құзыретті органның шешімі;
2) геологиялық бөлісім;
3) құзыретті органмен келісілген жұмыс бағдарламасы.
15. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын қоспағанда, пайдалы қазбаларды бірлескен барлау және өндіру және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған дайындалған келісім-шартқа салық сараптамасын жүргізу үшін оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстық комиссияның хаттамасынан үзінді немесе құзыретті органның шешімі;
2) геологиялық және/немесе тау-кен бөлісімі;
3) құзыретті органмен келісілген жұмыс бағдарламасы;
4) қаржы-экономикалық модель.
16. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған дайындалған келісім-шартқа салық сараптамасын жүргізу үшін тиісті мемлекеттік орган бекіткен пайдалы қазбалардың қорлары болмаған жағдайда, қаржы-экономикалық модель пайдалы қазбалардың қорларын бекіткеннен кейін ұсынылады.
17. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлау және өндіру және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған дайындалған келісім-шартқа салық сараптамасын жүргізу үшін оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстық комиссияның хаттамасынан үзінді немесе жер қойнауын пайдалану құқығына құзыретті органның шешімі;
2) геологиялық және/немесе тау-кен бөлісімі;
3) құзыретті органмен келісілген жұмыс бағдарламасы.
18. Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған дайындалған келісім-шартқа салық сараптамасын жүргізу үшін оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) тау-кен бөлісімі;
2) құзыретті органмен келісілген жұмыс бағдарламасы.
19. Қаржы-экономикалық модель келісім-шарт қолданылатын бүкіл мерзімге жасалған жылдар бойынша мынадай көрсеткіштерді қамтуы тиіс:
1) кірістердің сипаттамасы мен толық жазылуы (пайдалы қазбалардың түрлері бойынша өңдеу көлемі, ішкі және сыртқы рыноктарға бөлінуін көрсете отырып, өнімдердің түрлері бойынша сату көлемі, инфляцияны ескере отырып, қолданылып жүрген бағалардағы ішкі және сыртқы рыноктарға арналған бағаларды көрсете отырып, сату бағасын, жиынтық табысты);
2) шығындардың сипаттамасы мен толық жазылуы (жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың техникалық шарттарын, жабдықтардың жалпы сипаттамаларын және салық заңнамасында белгіленген топтар бойынша амортизациялық аударымдардың тәртібін көрсете отырып, көмекші және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуды ескере отырып, күрделі шығындар, негізгі баптарды тиянақты баяндай отырып, өңдеу және қайта өңдеу кезеңдері бойынша пайдалану шығыстары, персоналдың санын көрсете отырып, еңбекақы қорын, өнімдерді сыртқы және ішкі рыноктарға бөлуге байланысты пайдалы қазбаның бір табиғи көлеміне тарифті көрсете отырып, өнімдерді тасымалдауға арналған шығыстар, кен орнын өңдеудің салдарын жою қорын қалыптастыру мөлшерінің және тәртібінің есебі, қазақстандық персоналды оқытуға аударымдар мөлшері мен тәртібінің есебі, әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру мөлшері мен тәртібінің есебі, басқа да шығыстар);
3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынатын базаны көрсете отырып, салық режимінің бірінші моделіне жататын жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың шеңберінде төленетін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, бұл ретте есептемелерде тұтастай алғанда да, бөлінісінде де, төленетін салықтар мен төлемдердің мемлекет кірістерінің сомалары көрсетілуі тиіс;
4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынатын базаны көрсете отырып, салық режимінің екінші моделіне жататын өнімді бөлу туралы келісім-шарттың шеңберінде төленетін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, бұл ретте есептемелерде жер қойнауын пайдаланушылардың өтемдік өнімнің есебінен өтелетін шығындардың тізбесі мен сомаларын көрсете отырып, өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесін есептеу мен төлеу (беру), сондай-ақ шикі мұнай мен басқа да пайдалы қазбаларға акциздерді, үстеме пайдаға салынатын салықты, жер салығын және мүлікке салынатын салықты қоспағанда, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі көрсетілуі тиіс;
5) жобаның негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалауды, оның ішінде:
таза кірісті;
жиынтық және таза кірісті бөлу құрылымын;
жобаның өтелімдік мерзімін;
жоба бойынша қалыптасқан пайданың ішкі нормасын;
инвестициялық тиімділікті бағалауды (салынатын инвестициялардың көлемі, олардың өтелімділік мерзімдері, жобаның жалпы пайдалылығы) көрсетілуі тиіс;
несие алған жағдайда, оны қайтару және несие бойынша пайыздарды төлеу тәртібі көрсетілсін.
20. Қаржы-экономикалық модельдің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі көрсеткіштері жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың түрлеріне байланысты көрсетілуі тиіс.
4. Жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келісім-
шарттарға салық сараптамасын жүргізу кезінде қойылатын
талаптар
21. Уәкілетті орган жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргізу кезінде мынадай талаптарды сақтауы тиіс:
1) салықтар мен төлемдерді есептеуге тура немесе жанама қатысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар ережелерінің келісім-шартты жасау сәтінде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін;
2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін, жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерінің мөлшерлерін, жекелеген салықтар бойынша тұрақтылық нормаларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда және өнімді бөлу туралы келісім-шарттарда өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесін есептеу тәртібі мен мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтемдік өнімнің есебінен өтелетін шығындардың құрамын белгілеу.