Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы
№ 1036 және 2006 жылғы 14 тамыздағы
№ 765 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 114 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 28 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ішкі нарықта мұнай өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 53-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші» деген бағанда:
«2710 19 310 0 - 2710 19 490 0» деген сандар «2710 19 310 0 - 2710 19 490 0***» деген сандармен ауыстырылсын;
«2710 19 610 0 - 2710 19 690 0» деген сандар «2710 19 610 0 - 2710 19 690 0***» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпелермен толықтырылсын:
«***СЭҚ TH 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 кодтарынан басқа жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңінде»;
«***жыл сайын 15 сәуір - 15 тамыз кезеңінен басқа»;
2) «Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 765 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 324-құжат):
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сай уақытша негізде қолданылатын кедендік әкету баждарының ставкалары»;
6-тармақта «әкелу» деген сөзден кейін «және әкету» деген сөздермен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі осы қаулыға қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 15 ақпандағы
№ 114 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасының
Кедендік тарифіне 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімдеріне сәйкес
уақытша негізде қолданылатын кедендік әкету баждарының
ставкалары
СЭҚ TH коды | Позицияның атауы | Қосымша өлшем бірлігi | Баж ставкасы (кеден құнынан пайызбен не евромен) | Уақытша кедендік баждардың қолданылу мерзімi |
2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 | Ауыр дистиляттар: өзге мақсаттар үшін газойлдар (дизель отыны) | - | 1000 кг үшін 130 евро | жыл сайын 15 ақпаннан 15 қазанға дейін |
2710 19 610 0 - 2710 19 690 0 | Ауыр дистиляттар: өзге мақсаттар үшін сұйық отын (мазут) | - | 1000 кг үшін 15 евро | жыл сайын 15 сәуірден 15 тамызға дейін |