Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелiгi туралы
2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 264-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2017.30.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2017.30.10. № 103-VІ Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР 2017.30.10. № 103-VІ Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне (бұдан әрi - халықаралық ұйымдар) мүшелiгiнiң құқықтық шарттарын айқындайды.
ҚР 2017.30.10. № 103-VІ Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелiгi
1. Қазақстан Республикасы Халықаралық Валюта Қорының (бұдан әрi - ХВҚ), Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң (бұдан әрi - ХҚДБ), Халықаралық Қаржы Корпорациясының (бұдан әрi - ХҚК), Халықаралық Даму Қауымдастығының (бұдан әрi - ХДҚ), Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiнiң (бұдан әрi - ИККА), Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталықтың (бұдан әрi - ИДРХО), Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнiң (бұдан әрi - ЕҚДБ), Азия Даму Банкiнiң (бұдан әрi - АДБ), Ислам Даму Банкiнiң (бұдан әрi - ИДБ), Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің (бұдан әрi - АИИБ) мүшесi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы барлық түзетулерін қоса алғанда, ХВҚ, ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ, АИИБ келiсiмдерiнің баптарына, ИДБ-ның Құрылтай шартына, ИККА-ны құру туралы конвенцияға және Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердiң азаматтары арасындағы инвестициялар саласындағы дауларды реттеу туралы конвенцияға, ЕҚДБ-ны, АДБны құру туралы келiсiмдерге қатысушы мемлекет болып табылады және тиiсiнше ХВҚ, ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ, ИККА, ЕҚДБ, АДБ, АИИБ Басқарушылар кеңесi қарарларының Қазақстан Республикасының осы халықаралық ұйымдарға мүшелiгiне қатысты ережелерi мен шарттарын қабылдады.
3. Қазақстан Республикасы ХВҚ-ның Қарыз алудың арнайы құқықтары департаментiне қатысушының барлық мiндеттемелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне қабылдады.
2-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелігіне байланысты қаржылық өзара қатынастары
ҚР 2017.30.10. № 103-VІ Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi қарыздар туралы тиiстi келiсiмдердiң шарттарына және қарарлардың, тиiстi келiсiмдер баптарының, құру туралы келiсiмдердiң, конвенциялардың немесе Құрылтай шартының Қазақстан Республикасының ХҚДБ-ға, ХҚК-ға, ХДҚ-ға, ИККА-ға, ЕҚДБ-ға, АДБ-ға, ИДБ-ға, АИИБ-ға мүшелiгiне қатысты ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi арқылы қарыздар тартуға, қаржыландырудың басқа да нысандарын пайдалануға және Қазақстан Республикасының атынан осы халықаралық ұйымдарға сомалар төлеп отыруды қамтамасыз етуге уәкiлеттi.
ҚР 2017.30.10. № 103-VІ Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ, АИИБ келiсiмдерiнiң баптарына, ЕҚДБ-ны, АДБ-ны құру туралы келiсiмдерге және ИККА-ны құру туралы конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасының ХҚДБ-ға, ХҚК-ға, ХДҚ-ға, ИККА-ға, ЕҚДБ-ға, АДБға, АИИБ-ға мүшелiгiне қажет болуы немесе сай келуi мүмкiн, басқаға берiлмейтiн сыйақысыз борыштық мiндеттемелердiң кез келгенін шығаруға уәкiлеттi.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ХВҚ қаражатын оны сатып алу түрінде тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ХВҚ мүшелігіне қатысты қарарлардың және ХВҚ Келісімі баптарының шарттары мен ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының атынан ХВҚ-ға сомалар төлеп отыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ХВҚ Қарыз алу арнаулы құқықтары департаментінің қызметіне қатысуына байланысты төлемдерді жүзеге асыруға уәкілетті. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып басқа халықаралық ұйымдардан заемдар тартуға, заемдар тартудың қаржылық шарттарын айқындауға және осындай заемдар бойынша келісімдерді дербес жасасуға құқылы.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ХВҚ Келісімінің баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының ХВҚ-ға мүшелігіне қажет болуы немесе сай келуі мүмкін басқаға берілмейтін сыйақысыз борыштық міндеттемелердің кез келгенін шығаруға уәкілетті.
ҚР 2017.30.10. № 103-VІ Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-бап. Халықаралық ұйымдармен қатынас жасасуға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ХҚДБ Келiсiмi Баптарының 2-бөлiмi III бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы органы ретiнде әрекет етеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ХҚДБ, АИИБ келiсiмдерi баптарының, ЕҚДБ-ны, АДБ-ны құру туралы келiсiмдердiң, ИДБ Құрылтай шартының ережелерiнде көзделген барлық операциялар мен мәмiлелердi Қазақстан Республикасының атынан орындауға уәкiлеттi.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ХВҚ Келiсiмi Баптарының 1-бөлiмi V бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы органы ретiнде әрекет етеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ХВҚ Келiсiмi Баптарының ережелерiнде көзделген барлық операциялар мен мәмiлелердi Қазақстан Республикасының атынан орындауға уәкiлеттi.
3. ХҚК Келiсiмi Баптарының 10-бөлiмi IV бабының, ХДҚ Келiсiмi Баптарының 10-бөлiмi VI бабының, ИККА-ны құру туралы конвенцияның 38-бабы V тарауының, ЕҚДБ-ны құру туралы келiсiмнiң 34-бабы VI тарауының, АДБ-ны құру туралы келiсiмнiң 38-бабы VI бөлiмiнiң талаптарына сәйкес - Қаржы министрлiгi, ИДБ Құрылтай шартының 40-бабы V бөлімінің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын лауазымды адам, АИИБ Келісімі Баптарының 33-бабы VI тарауының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тиісті ресми орган Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық ұйымдармен байланыс арнасы ретiнде айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi келiсiмдердiң тиiстi баптарына, құру туралы келiсiмдерге, конвенцияларға немесе Құрылтай шартына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы түрiндегi барлық авуарлардың, сондай-ақ ХВҚ-ның, ХҚДБ-ның, ХҚК-ның, ХДҚ-ның, ИККА-ның, ЕҚДБ-ның, АДБ-ның, ИДБ-ның, АИИБ-ның басқа да активтерiнiң депозитарийi ретiнде тағайындалады.
5. Қазақстан Республикасының Yкiметi ХВҚ-ның, ХҚДБ-ның, ХҚК-ның, ХДҚ-ның, ИККА-ның, ЕҚДБ-ның, АДБ-ның, ИДБ-ның, АИИБ-ның басқарушылар кеңестерiне, ИДРХО-ның Әкiмшiлiк кеңесiне Қазақстан Республикасының атынан мiндеттердi орындау үшiн тиiстi лауазымды адамды Қазақстан Республикасының өкiлi (Басқарушы) ретiнде, сондай-ақ Басқарушы болмаған кезде, мiндеттерiн орындау үшiн барлық өкiлеттiктер берілген оның орынбасарын тағайындауға уәкiлеттi.
ҚР 2017.30.10. № 103-VІ Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Халықаралық ұйымдардағы мүшелiкке байланысты операцияларды жүзеге асыру
ХВҚ, ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ, АИИБ келiсiмдерi баптарының, ИККАны құру туралы конвенцияның, ЕҚДБ-ны, АДБ-ны құру туралы келiсiмдердің, ИДБ Құрылтай шартының ережелерiнде көзделген операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы төлеуге немесе Қазақстан Республикасына төленуге жататын сомалардың аударылуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы жүзеге асырылады.
5-бап. Қазақстан Республикасының ХВҚ-ға мүшелігіне байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі ХВҚ-мен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының ХВҚ-мен өзара қатынастарын дамытуды қамтамасыз етеді.
2. Қазақстан Республикасының ХВҚ-ға мүшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындаған кезде туындайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп қажетті шаралар қолданады.
6-бап. Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерi
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары осы Заңның 1-бабының 2-тармағында көзделген келісімдердің баптарын, Құрылтай шартын, конвенцияларды, құру туралы келісімдерді және қарарларды сақтау мақсатында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті