«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 707 Қаулысы
(2011.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының ұсыныстарын ескере отырып, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөнінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген III бөлімде:
«Қосымша шаралар» деген кеші бөлім мынадай мазмұндағы 13-1-тармақшамен толықтырылсын:
«
13-1. | «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы сатып алатын тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың құнын айқындау тәсілдерін Үкіметтің мақұлдауына енгізу | ИСМ, ЭБЖМ, Әділетмині, Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Үкімет қаулысы | 2009 жылғы сәуір |
».
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 659 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы ұсынған, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік қоры) қаржыландыратын және/немесе сатып алатын тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың құнын айқындау тәсілдері мақұлдансын:
Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды мынадай құн бойынша сатып алуды жүзеге асырады:
1) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың сатып алынатын алаңының (бұдан әрі - сатып алынатын алаң) бір шаршы метрі үшін сатып алу құны бойынша;
2) сатып алынатын алаңның бір шаршы метрінің құрылысына жұмсалатын шығындардың өзіндік құны бойынша.
3. Сатып алынатын алаңның 1 шаршы метрін сатып алу құны мына формуланы қолдану жолымен айқындалады:
Бс = Бт* К
мұндағы
Бс - сатып алынатын алаңның 1 шаршы метрін сатып алу құны,
Бт - осы қаулының 4-тармағына сәйкес айқындалған сатып алынатын алаңның 1 шаршы метрі үшін орташа теңдестірілген құн,
К - құрылыс объектісінің орналасуымен (аймағымен) және басқа да сапалық сипатымен айқындалатын коэффициент.
ҚР Үкіметінің 2011.03.07. № 772 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қосымша құрылыс-монтаждау, әрлеу, ішкі қаптау, бояу, түсқағаз жапсыру жұмыстарын жүзеге асырмай, таза еден орнатпай, санитарлық-техникалық жабдықтар мен құралдарды, тұрмыстық мақсаттағы электротехникалық құралдарды, асханалық газ және электр пештерін, пәтер ішіндегі және пәтердегі есік блоктарын, терезелерді орнатпай және инженерлік-техникалық желілерді орнатпай объектіні (үй-жайды) тиістілігі бойынша (тұруға) пайдалануға болатын дайын күйдегі жылжымайтын мүлік объектісінің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларының сатып алынатын алаңының 1 шаршы метрі үшін орташа теңдестірілген құн:
Астана қаласы мен Ақмола облысында - 96000 теңгені;
Алматы қаласы мен Алматы облысында - 120000 теңгені құрайды.
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 659 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сатып алынатын алаңның бір шаршы метрінің құрылысына жұмсалатын шығындардың өзіндік құны бойынша құрылысы аяқталмаған объектілерді қаржыландырылған және/немесе сатып алған кезде өзіндік құн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс жобасына тәуелсіз сараптама жүргізуге құқығы бар ұйымның қорытындысымен расталған құрылысты аяқтауға арналған сметалық құжаттаманың негізінде айқындалады.
ҚР Үкіметінің 2011.13.12. № 1513 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алуының өзге шарттары белгіленуі мүмкін.
6. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |