Қазақстан Республикасы делегациясының іссапар шығыстарын өтеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 567 Қаулысы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) Еуропалық Комиссия Ұшу қауіпсіздігі комитетінің басшылығымен қазақстандық әуе кемелерін SАҒА инспекциялық тексеруі барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша мәселелерді талқылау жөніндегі келіссөздерге қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі делегациясының мүшелеріне қонақ үйде тұру, тәуліктік шығындарын және көліктік шығыстарды 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен өтесін:
Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновқа 2009 жылғы 23 - 24 наурыз кезеңіне Астана - Майндағы Франкфурт - Париж - Брюссель - Вена - Астана бағыты бойынша;
Азат Ғаббасұлы Бектұровқа 2009 жылғы 23 - 26 наурыз кезеңіне Астана - Майндағы Франкфурт - Брюссель - Мәскеу - Астана бағыты бойынша;
Мұхит Мұқатұлы Қубаевқа 2009 жылғы 23 - 24 наурыз кезеңіне Астана - Майндағы Франкфурт - Брюссель - Вена - Астана бағыты бойынша;
Нұрлан Тыныстанұлы Аққұловқа 2009 жылғы 23 - 27 наурыз кезеңінде Астана - Майндағы Франкфурт - Брюссель - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 21 сәуірдегі
№ 567 қаулысына
қосымша
Брюссель қаласына (Бельгия Корольдігі) іссапарға жіберілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі делегациясының құрамы
| Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі |
| Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
| Қубаев Мұхит Мұқатұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы |
| Аққұлов Нұрлан Тыныстанұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мемлекеттік авиациялық қадағалау басқармасының бастығы |