2) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы және iндетке қарсы iс-шараларды жүргiзу;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік материалдық резервтi пайдалану, заңды тұлғалардың ресурстарын тарту, олардың жұмыс режимiн өзгерту және төтенше жағдай кезiнде қажеттi өнiмдер шығаруға қайта бағдарлау;
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу және қамтамасыз ету қажеттiлiгiне байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын мiндеттi түрде сақтай отырып, еңбекке жарамды тұрғындарды және жеке тұлғалардың көлiк құралдарын аталған жұмыстарды жүргiзуге тарту көзделедi.
5-тарау. Төтенше жағдай кезіндегі жеке және заңды
тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар құқықтарының
кепілдігі және олардың жауапкершілігі
17-бап. Төтенше жағдай кезiнде шаралар мен уақытша шектеулердi қолдану шектерi
1. Төтенше жағдай кезiнде қолданылатын шаралар және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын шектеу, оларға қосымша мiндеттер жүктеу төтенше жағдайды енгізуге негiз болған мән-жайлар туындатқан шектерде жүзеге асырылуға тиiс.
2. Төтенше жағдай кезiнде қолданылатын шаралар мен шектеулер адам құқықтары саласында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға қайшы келмеуге тиiс.
18-бап. Төтенше жағдайдың күшiнде болуы кезеңіндегі жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Төтенше жағдайды енгізуге негiз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар берiледi, материалдық зиянның орны толтырылады, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және шекте қажеттi көмек берiледi.
2. Төтенше жағдай енгізуге негiз болған мән-жайларды жою қажеттiлiктерi үшiн мүлiктерi мен ресурстары пайдаланылған жеке және заңды тұлғаларға материалдық залалды сонымен бiрдей өтеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
19-бап. Дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды қолданудың, әскери техниканы пайдаланудың шарттары мен шектерi
Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн органдар қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiнiң дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды қолдануының, әскери техниканы пайдалануының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттары мен шектерi төтенше жағдай кезiнде өзгертiлмеуге тиiс.
20-бап. Коменданттық сағат ережелерiн бұзған жеке тұлғаларды ұстау тәртібі
1. Коменданттық сағат ережелерiн бұзған жеке тұлғаларды iшкi iстер органдарының қызметкерлерi (полиция) немесе әскери патрульдер коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал жеке басын куәландыратын құжаттары өзiмен бiрге болмағандарды жеке басын анықтағанға дейiн, бiрақ iшкi iстер органы бастығының немесе оның орынбасарының шешiмi бойынша 48 сағаттан аспайтын уақытқа ұстайды. Ұсталған адамдар және олардың өздерiмен бiрге болған заттары мен көлiк құралдарының тексерiлуi мүмкiн.
2. Iшкi iстер органы бастығының немесе оның орынбасарының ұстау туралы шешiмi жөнiнде жоғары тұрған лауазымды адамға, прокурорға немесе сотқа шағым берiлуi мүмкiн.
3. Төтенше жағдай енгiзiлген жерде адамдар мен жануарлардың қауiптi жұқпалы ауруларының таралу қаупiнiң туындауы салдарынан карантин енгiзiлген жағдайда, төтенше жағдай режимiн бұзған, көрсетiлген жерлерде тұрмайтын және басқа да жағдайларда бұл аумақтың шегiнен мiндеттi түрде шығарылуға тиiс жеке тұлғалар оларды байқауға алудың денсаулық сақтау органдары белгiлеген мерзiмi аяқталғанға дейiн жалпы негiзде ұсталып, кiдiртiледi.
4. Ұсталып кiдiртiлген адамдарды ұстау тәртібі Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарымен белгiленедi.
21-бап. Төтенше жағдайдың күшiнде болуын тоқтатудың құқықтық салдары
Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету мақсатында қабылданған және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеуге байланысты нормативтiк құқықтық актiлер төтенше жағдай енгiзiлген мерзiм iшiнде ғана қолданылады және төтенше жағдайдың тоқтатылуымен бiр мезгiлде ол туралы арнайы хабарландырусыз-ақ күшiн жояды.
Төтенше жағдайдың күшiнде болуын тоқтату төтенше жағдай режимiн бұзу туралы iстер бойынша әкiмшiлiк iс жүргiзудiң тоқтатылуына негiз болады.
22-бап. Жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың төтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн жауаптылығы
1. Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар төтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз етуге қатысушы органдардың қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiнiң дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды заңсыз қолдануы және әскери техниканы заңсыз пайдалануы, сондай-ақ лауазымды адамдардың қызметтiк өкiлеттiгiн асыра пайдалануы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
23-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген жерде сот төрелiгiн жүзеге асыру
Төтенше жағдай енгiзiлген жерде сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес соттар жүзеге асырады.
6-тарау. Қорытынды ережелер
24-бап. Халықаралық iзгiлiк көмек
Төтенше жағдай енгiзiлген жерде халықаралық iзгiлiк көмек Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен бөлiнедi.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
"Төтенше жағдайдың құқықтық режимi туралы" 1993 жылғы 15 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 17, 408-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 4, 101-құжат);
"Төтенше жағдайдың құқықтық режимi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 15 қазандағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 17, 409-құжат).
Қазақстан Республикасының