Тауар биржасының клирингтік орталығы әрбір жасалған мәміле бойынша бұғатталған биржалық қамтылымды есепке алуды жүргізеді.
8. Осы баптың талаптары фьючерстiк және опциондық мәмiлелер жөніндегі клирингтік қызметке қолданылмайды, оларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен реттеледі.
18-бап. Биржалық баға
1. Тауарға биржалық баға биржалық тауарлардың бағасын белгілеу нәтижесінде қалыптасады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тауар биржалары биржалық тауарларға баға белгiлеудi өз интернет-ресурстарында орналастырады.
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
18-1-бап. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімі
1. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімі:
1) қойылатын талаптар және (немесе) баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген сатып алушылар;
2) жасалған биржалық мәмілелер бойынша шарттарға қол қою жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаған сатушылар мен сатып алушылар;
3) өздерімен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған сатушылар мен сатып алушылар тізбесін білдіреді.
2. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді монополияға қарсы орган жүзеге асырады.
3. Тізілімде болу мерзімі монополияға қарсы орган оларды биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма төрт айды құрайды.
Қатысушыны биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу туралы шешімге ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
4. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген сатушылар немесе сатып алушылар биржадағы сауда саттыққа қатысуға жіберілмейді.
Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізіліміне қамтылған мәліметтер осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, сондай-ақ монополияға қарсы органның қатысушыны биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімінің күші жойылған жағдайда аталған тізілімнен алып тасталады.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-тарау. Брокерлердің, дилерлердің және маркет-мейкерлердің қызметі.
Тауар биржасындағы коммерциялық құпия
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 19-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Тауар биржасы мүшелерінің қызметін жүзеге асыру тәртібі
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Тауар биржасындағы брокердің, дилердің, маркет-мейкердің қызметі тауар биржасында аккредиттеу негізінде жүзеге асырылады.
Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі биржадағы сауда-саттыққа дилер ретінде қатысады.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Тауар биржасы мынадай жағдайларда:
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) дилердің, маркет-мейкердің қызметі тауар биржасында аккредиттелген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жүзеге асырылмағанда;
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар биржасында брокердің, дилердің, маркет-мейкердің қызметін жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылданғанда;
3) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Тауар биржасы мүшелерінің өтінімдер ұсыну және мәмілелер жасасу үшін тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне жүгіну жылдамдығы секундына екі және одан да көп жолданымды құрайтын, деректерді автоматты түрде жеделдетіп өңдеу мен беру технологияларын және сыртқы бағдарламалық-техникалық жүйелерді пайдалануына тыйым салынады.
Осындай технологиялар пайдаланылып жасалған мәмілелер маңызсыз деп танылады және тауар биржасы олардың күшін жоюға тиіс.
Өтінімдерді жинаудың, енгізуге дайындаудың және оларды тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне жіберудің, сондай-ақ сауда жүйесі пайдаланылып жасалатын барлық әрекетті тауар биржасының мүшелері тарапынан бақылауды қамтамасыз ететін режимде жұмыс істейтін осындай жүйеден ақпаратты алу мен өңдеудің автоматтандырылған бағдарламалық-техникалық құралдары тауар биржасының шешімімен міндетті түрде сертификатталады.
Сауда-саттыққа қатысушылар тауар биржасы сертификаттамаған осындай бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдаланып жасасқан мәмілелер маңызсыз деп танылады және тауар биржасы олардың күшін жоюға тиіс.
Тауар биржасы күшін жойған мәмілелер бойынша биржалық тауарлар осы Заңның талаптары сақтала отырып, келесі және (немесе) қосымша сауда сессиясы шеңберінде сауда-саттыққа қайта шығарылады.
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Брокер, дилер және маркет-мейкер осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде, тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
Мінсіз іскерлік беделі жоқ адам брокер және дилер бола алмайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Брокер мен оның клиенттері арасындағы қатынастар брокерлік қызметтер көрсету туралы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормалары қолданылатын шарттың негізінде туындайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы ең төменгі қатысу үлесін тікелей немесе жанама түрде иеленетін, сондай-ақ өзінде бар азаматтық-құқықтық қатынастар негізінде жеке-дара басқаруды жүзеге асыратын жеке тұлға екі және одан да көп брокердің және (немесе) дилердің басшысы және (немесе) құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алмайды.
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5. Тауар биржасы мен маркет-мейкердің өзара іс-қимылы келісім, сондай-ақ тауар биржасының ішкі құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Маркет-мейкер биржадағы сауда-саттыққа қатысады және бағаны, сұранысты, ұсынысты немесе биржадағы сауда-саттық көлемін қолдауды жүзеге асырады.
Маркет-мейкердің биржадағы сауда-саттықта дилер ретінде кемінде үш жыл үздіксіз қатысу тәжірибесі болуға тиіс.
Маркет-мейкердің қызметі базалық активі биржалық тауарлар болып табылатын мерзімді келісімшарттармен биржадағы сауда-саттықта ғана жүзеге асырылады.
Маркет-мейкерлер қызметінің шарттары мен шектеулері биржа саудасы қағидаларында белгіленеді.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі және өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу)
1. Өзін-өзі реттейтін ұйым өз қызметін осы Заңға, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына, стандарты мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) ерікті негізде жүзеге асырылады.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылады. Брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер өзін-өзі реттейтін бір ұйымның ғана мүшелері (қатысушылары) бола алады.
4. Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қабылдау және ондағы мүшелікті (қатысуды) тоқтату шарттары мен тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында, стандарты мен қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қабылдаудан бас тарту, мүшелерінен (қатысушыларынан) шығару туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
5. Өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерінің (қатысушыларының) тізбесін өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Тізбеде мүшелердің (қатысушылардың) атауы, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Мүшелердің (қатысушылардың) басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде, өзін-өзі реттейтін ұйым үш жұмыс күні ішінде тізбені жаңартады.
6. Өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.
Бұл ретте өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) тексеруді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның уәкілетті органмен келісілген қағидаларында айқындалады.
7. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) мынадай негіздер бойынша:
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) брокердің, дилердің және маркет-мейкердің өтініші бойынша;
2) мүшесі (қатысушы) осы Заңды, биржа саудасы қағидаларын, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын, стандарттары мен қағидаларын бірнеше рет бұзған жағдайда тоқтатылады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелігі (қатысуы) теріс себептермен тоқтатылған мүшелері (қатысушылары), сондай-ақ осы Заңды бұзған басшылар мен қызметкерлер кемінде екі жыл мерзімде биржа саудасына қатыса алмайды.
8. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Брокердің және дилердің мәмілелер жасауы
1. Брокер биржалық мәмілелер жасауды - клиенттің бұйрығына сәйкес, дилер өз мүддесі үшін және өз есебінен жүзеге асырады. Клиенттердің бұйрықтарының түрлері, олардың мазмұны мен ресімделуі тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
2. Брокер клиенттің бұйрығын орындауды осы бұйрықта көрсетілген мәмілелерді жасау шарттарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мәміле жасау кезінде мәміле шарттарын өзгерту қажеттігі туындаса, брокер өз әрекеттерін клиентпен келісуге міндетті.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-бап жаңа редакцияда
21-бап. Брокер мен дилердің тауар биржасындағы өзара іс-қимылы
1. Тауар биржасы өз өкілеттіктері шегінде брокерлер мен олардың клиенттерінің өзара қатынастарын регламенттейді, биржа саудасын бұзушыларға шаралар қолданады.
2. Тауар биржасы брокерлер мен дилерлер үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі үлгі стандарттар әзірлейді және бекітеді.
Брокерлер мен дилерлер өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарттарды бекітеді және тиісті шаралар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды.
3. Клиенттермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) клиенттермен үлестес үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл кезінде брокерге:
1) биржалық мәміле жасау кезінде клиенттердің нарықтық мінез-құлқын өзгерту мақсатында оларға тікелей немесе жанама қысым көрсетуге;
2) биржадағы сауда-саттықта баға өтінімдерін әдейі жоғарылату (кеміту) мақсатында орындалуы көзделмейтін шарттар жасасуға (өтінімдерді беруге, кері қайтарып алуға);
3) өткізілетін биржалық тауарларға баға белгілеуге әсер ететін бағаларды белгілеу не ұстап тұру мәселелері бойынша екі және одан да көп клиент арасында келісімдер жасасуға (келіссөздер жүргізуге);
4) қандай да бір таңдалған клиенттің басқа клиентке мүліктік және өзге де зиян келтіруге әкеп соғатын артықшылығын беруге;
5) биржадағы сауда-саттыққа қатысу үшін басқа брокерлермен және (немесе) дилерлермен биржадағы сауда-саттықтың бәсекелестігін азайтуға бағытталған үлестес болуды пайдалануға тыйым салынады.
21-1-бап. 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22-бап. Брокерлер мен дилерлердің ішкі құжаттарына және жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізуге қойылатын талаптар
1. Брокерлер мен дилерлерге арналған тауар биржасының ішкі құжаттары тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ететін, биржа саудасына қатысушылардың, олардың өкілдерінің немесе үшінші тұлғалардың мүдделері үшін пайдалануға жол бермейтін шарттарды қамтуға тиіс.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Брокерлер жасалатын биржалық мәмілелердің есебін әрбір клиент бойынша жеке жүргізуге және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақтауға міндетті.
23-бап. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия
1. Коммерциялық құпия:
1) тіркелген биржа саудасына қатысушылар туралы мәліметтерді;
2) тауар биржасында жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді қамтиды.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Маркет-мейкерлер, брокерлер, дилерлер және тауар биржасының жұмыскерлері табиғи баға белгілеуді бұзуға және тауар нарығының тұрақсыздануына алып келуі мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) жол бермеуге міндетті.
3. Өзінің қызметтік жағдайына байланысты көрсетілген ақпаратты алуға мүмкіндігі бар адам коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ие адам болып табылады.
24-бап. Тауар биржаларының қызметі туралы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер жария етілуге жатпайды.
2. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер биржа саудасына қатысушыға оның құқықтарына қатысты не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде оның өкіліне берілуі мүмкін.
3. Тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: прокурордың санкциясымен олардың іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша;
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу үшін қажетті ақпаратты беру туралы олардың талап етуі бойынша;
2) соттарға: ұйғарым, қаулы негізінде олардың іс жүргізуіндегі істер бойынша;
3) прокурорға: оның құзыреті шегінде тексеру ісін жүргізу туралы қаулы негізінде оның қарауындағы материалдар бойынша;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған және прокурор санкциялаған сот орындаушысының қаулысы негiзiнде өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) уәкілетті органға: оның сұрау салуы бойынша өз құзыреті шегінде;
2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына;
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға: «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) монополияға қарсы органға: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мақсаттарда және тәртіппен, сондай-ақ осы Заңда көзделген құзыреті шеңберінде сұрау салуы бойынша ұсынылуға тиіс.
6-тарау. Тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру, жоспардан тыс тексеріс, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Тауар биржаларының, брокерлердің, тауар биржалары клирингтік орталықтарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау не Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
3. Жоспардан тыс тексеріс және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
26-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды монополияға қарсы орган олардың қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен жүзеге асырады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың жолын уақтылы кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға салынатын әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бақылау субъектілері ұсынатын есепті, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша тауар биржалары саласындағы бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау органы бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімдейді және жібереді.
5. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырыс хатпен;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) электрондық тәсілмен - монополияға қарсы орган сұрау салған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жіберілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынымды жіберген монополияға қарсы органға қарсылық жіберуге құқылы.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамалары
Монополияға қарсы органның нұсқамаларын тауар биржалары нұсқамаларда көзделген мерзімде, бірақ оларды алған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күнде жəне күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей орындайды.
7-тарау. Қорытынды ережелер
29-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
30-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған тауар биржалары 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін осы Заңға сәйкес келтіруге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын орындамау уәкілетті органның заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап қоюына негіз болып табылады.
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.