Дағдарысқа қарсы кеңес құру туралы
Қазақсан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 275 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 17 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Дағдарысты құбылыстарды еңсеру және Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық институттардың күш-жігерін шоғырландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Дағдарысқа қарсы кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Дағдарысқа қарсы кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 10 наурыздағы
№ 275 қаулысына
қосымша
Дағдарысқа қарсы кеңестің құрамы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Баталов Райымбек Әнуарұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі, төрағаның орынбасары |
Ыбраев Азамат Болатұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары, хатшы |
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша) |
Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Балиева Зағипа Яхянқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша) |
Қалетаев Дархан Аманұлы | - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы» төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | - «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқаттылық қоры» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасы |
Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы | - «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасы |
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы | - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Аханов Серік Ахметжанұлы | - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша) |
Қожасбай Ерлан Сәдуақасұлы | - Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті (келісім бойынша) |
Құрбанбаева Гүлнар Төретайқызы | - Қазақстан Кәсіпкерлер форумы Кеңесінің мүшесі (келісім бойынша) |
Рақымбаев Айдын Жұмадилұлы | - Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы | - «Астық индустриясы» шектеулі серіктестігі Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 10 наурыздағы
№ 275 қаулысымен
бекітілген
Дағдарысқа қарсы кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Дағдарысқа қарсы кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес қызметінің мақсаты мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың дағдарыстық құбылыстарды еңсеруге және Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерін шоғырландыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Дағдарысқа қарсы кеңес туралы ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары
4. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың, бизнес-қоғамдастықтың күш-жігерін шоғырландыру, мемлекеттік-жеке әріптестік тетігін оңтайландыру, экономиканың бәсекелес салаларын және іскерлік белсенділікті дамыту үшін жағдай жасау;
2) кәсіпкерлік саласындағы дағдарысқа қарсы шаралар тиімділігінің мониторингі негізінде оларды іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді түзету;
3) дағдарыстан кейін даму перспективаларын ескере отырып, толыққанды бәсекелес ортаны қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
4) бизнестің дамуын тежейтін әкімшілік кедергілерді түбегейлі жою жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.
5. Кеңес өз міндеттеріне сәйкес:
1) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
2) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін шақырады және тыңдайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан Кеңестің міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;
4) Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері бойынша сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мамандарын, отандық және шетелдік сарапшыларды тартады, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіру үшін жұмыс топтарын (штабтар) ұйымдастырады;
5) Кеңестің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан
Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Премьер-Министрдің шешімі бойынша Кеңесте Үкіметтің жекелеген, оның ішінде кәсіпкерлік мәселелері бойынша шешімдерінің жобалары қаралуы мүмкін.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
6. Кеңесті Төраға — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық
етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына
жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес Төрағасының орынбасары орындайды.
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
8. Кеңестің жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
9. Кеңестің жұмыс органы:
1) күн тәртібін жасайды;
2) Кеңесте қарау үшін ұсыныстар жинауды жүзеге асырады. Мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар жұмыс органына Кеңесте қарау үшін ұсыныстар енгізуге құқылы. Бұл ретте ұсыныстар жеке сипатта болмауға тиіс;
3) Кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
4) Кеңес қызметіне тартылған мамандар мен сарапшылардың жұмысын үйлестіреді.
10. Жұмысты ұйымдастыруды, Кеңестің отырыстарын өткізуге
дайындауды, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңестің
отырыстарынан кейін хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
11. Кеңес отырыстарының материалдары Кеңес мүшелеріне Кеңестің отырысына дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
12. Кеңестің отырысын Төраға өз бастамасы бойынша, Кеңес Төрағасы орынбасарының бастамасы бойынша не Кеңес мүшесінің бастамасы бойынша Кеңеске қарауға ұсынылатын материалдар негізінде шақырады.
13. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі және егер, оларға оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады.
14. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады, оған отырысқа қатысқан оның барлық мүшелері және хатшы қол қояды.
15. Кеңес шешімдері оның отырысқа қатысқан мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған
кезде Төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
16. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
4. Кеңестің қызметін тоқтату
17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіздеме болып табылады.