«Тың машина сынау станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін республикалық меншіктен Ақмола облысының коммуналдық меншігіне беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 542 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тың машина сынау станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - серіктестік) мемлекеттік қатысу үлесі республикалық меншіктен заңнамада белгіленген тәртіппен Ақмола облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 17 сәуірдегі
№ 542 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
толықтыру мен өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
1) акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Ақмола облысы» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 68-8-жолмен толықтырылсын:
«68-8. «Тың машина сынау станциясы» ЖШС»;
2) акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Ақмола облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 13-4-жол алынып тасталсын.
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 205-4-жол алынып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 65-жол алынып тасталсын.
4. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2012.19.03. № 340 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)