байланыс құралдарын иелену, пайдалану, билік ету құқықтары (меншік құқығында не жалға алу құқығында);
таңдап алынған жабдық түрлері (коммутациялық, байланыс сызықтарындағы тарату жүйесі, абоненттік учаскедегі желі түрлері, түйісу аппаратурасы, терминалдық жабдықтар), өндіруші фирмалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаттарының болуы;
жиілікті иемденуді алуға қажетті жабдықтар (радиоэлектрондық құралдарды пайдалану кезінде);
пайдаланылатын жасанды жерсеріктерінің (бұдан әрі - ЖЖС) орналасуы және тиесілілігі (елі), олардың түрі және тұру нүктесі, қызмет көрсету аймағы, жүйе құратын ЖЖС-нің жүктеме шамасы, даму кезеңдері бойынша жүктеме өсуі, жоғары және төмен желілердегі жиілік ауқымы, модуляция түрлері, тығыздылық және станцияаралық қатынау, байланыс жүйесіне кіретін жердегі станция түрлері, өндіруші фирмалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаттарының болуы;
жүйенің энергетикалық параметрлері;
жердегі байланыс жолдарымен түйіндесуі;
кіріс және шығыс байланысын ұйымдастыру кезінде нөмірлеуді көрсетіп, нөмірлеу жоспары;
өтініш берушінің желісінде бір абонентке жоспарланған жүктеме;
тұтынушыларға кепілдік беретін ұсынылатын қызметтердің сапалы көрсеткіштері;
желі жұмысының сапалы көрсеткіштері (қосылуды күту уақыты, ең көбірек жүктеме сағаттарында бас тарту пайызы, зақымдануды жоюдың орташа уақыты).
ҚР Үкіметінің 2009.12.10. № 1561 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып) қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде мыналардың болуын қамтиды:
1) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған, тиісті білімі және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар, мамандар біліктілік құрамының;
2) бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын жүргізу үшін (тиісті шарт болған жағдайда өтініш берушіге меншік не жалға алу құқықтарында тиесілі) метрологиялық базаның (Қазақстан Республикасы мемлекеттік өлшеу жүйесінің тізіліміне енгізілген);
3) мыналар туралы ақпаратты қамтуы тиіс түсіндірме жазбаның:
кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілілігі (шағын, орта, ірі);
құрылатын желінің атауы;
лицензия алған сәттен бастап қызметтерді ұсынудың басталуы (жазбаша міндеттемелер);
құру және/немесе дамыту кезеңдері бойынша және Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінуіне байланыстыра отырып, қызметтер ұсынылатын аумақ;
қызметтерді тұтынушылармен өзара қарым-қатынастар бойынша дербестік дәрежесі (дербес жүзеге асырылады немесе делдалдар - «қызметтерді көрсетушілер» талап етеді);
желіні басқару және пайдалану жүйесін ұйымдастыру қағидаттары (Қазақстан Республикасының аумағында желіні басқару орталығын орнату жөніндегі жазбаша міндеттемелер);
желі түрі, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалар жүйесі;
желі сыйымдылығы, оның ішінде құру және/немесе даму кезеңдері бойынша, күтілетін трафик;
әкімшілік пункттерге және қажетті түсіндірмелермен желіні құру кезеңдеріне бірге байланысты ұйымдастыру схемасы;
Қазақстан Республикасының аумағында ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісімен, басқа да байланыс желілерімен өзара іс-қимыл;
станцияаралық қосылуларды ұйымдастыру тәсілдері (жалға алынған басқа желілер бойынша нақты техникалық құралдарды көрсетілген өтініш берушінің меншікті байланыс желісі құралдары бойынша);
өтініш беруші желісінің басқа операторлардың байланыс желісіне шығуын ұйымдастыру тәсілдері (ынтымақтастық мүмкіндігін растайтын ниет туралы хаттамалардың көшірмелерін немесе басқа құжаттарды қоса беру);
трафик есебінің жүйесі;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету үшін абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинауды және екі жыл бойы сақтауды жүзеге асыру мүмкіндігі бар сертификатталған аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдар;
байланыс құралдарын иелену, пайдалану, билік ету құқықтары (меншік құқығында не жалға алу құқығында);
таңдап алынған жабдық түрлері (коммутациялық, байланыс сызықтарындағы тарату жүйесі, абоненттік учаскедегі желі түрлері, түйісу аппаратурасы, терминалдық жабдықтар), өндіруші фирмалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаттарының болуы;
жиілікті иемденуді алуға қажетті жабдықтар (радиоэлектрондық құралдарды пайдалану кезінде);
пайдаланылатын жасанды жерсеріктерінің (бұдан әрі - ЖЖС) орналасуы және тиесілілігі (елі), олардың түрі және тұру нүктесі, қызмет көрсету аймағы, жүйе құратын ЖЖС-нің жүктеме шамасы, даму кезеңдері бойынша жүктеме өсуі, жоғары және төмен желелердегі жиілік ауқымы, модуляция түрлері, тығыздылық және станцияаралық қатынау, байланыс жүйесіне кіретін жердегі станция түрлері, өндіруші фирмалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаттарының болуы (әкімшілік пункттер арасында арналарды ұйымдастыру үшін спутниктік байланыс жүйесін құру немесе спутниктік байланыстың жердегі станцияларын қолдану кезінде);
кіріс және шығыс байланысты ұйымдастыру кезінде нөмірлеуді көрсетіп, нөмірлеу жоспары;
өтініш берушінің желісінде бір абонентке жоспарланған жүктеме;
тұтынушыларға кепілдік беретін ұсынылатын қызметтердің сапалы көрсеткіштері;
желі жұмысының сапалы көрсеткіштері (қосылуды күту уақыты, ең көбірек жүктеме сағаттарында бас тарту пайызы, зақымдануды жоюдың орташа уақыты).
ҚР Үкіметінің 2009.12.10. № 1561 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Ұтқыр телекоммуникациялық байланыс (оның ішінде жылжымалы радио (радиотелефондық) байланыс, транкингтік және пейджингтік байланыс қызметтері) қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде мыналардың болуын қамтиды:
1) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған, тиісті білімі және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар, мамандар біліктілік құрамының;
2) бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын жүргізу үшін (тиісті шарт болған жағдайда өтініш берушіге меншік не жалға алу құқықтарында тиесілі) метрологиялық базаның (Қазақстан Республикасы мемлекеттік өлшеу жүйесінің тізіліміне енгізілген);
3) мыналар туралы ақпаратты қамтуы тиіс түсіндірме жазбаның:
кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілілігі (шағын, орта, ірі);
құрылатын желінің атауы;
лицензия алған сәттен бастап қызметтерді ұсынудың басталуы (жазбаша міндеттемелер);
құру және/немесе дамыту кезеңдері бойынша және Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінуіне байланыстыра отырып, қызметтер ұсынылатын аумақ;
қызметтерді тұтынушылармен өзара қарым-қатынастар бойынша дербестік дәрежесі (дербес жүзеге асырылады немесе делдалдар - «қызметтерді көрсетушілер» талап етеді);
желіні басқару және пайдалану жүйесін ұйымдастыру қағидаттары (Қазақстан Республикасының аумағында желіні басқару орталығын орнату жөніндегі жазбаша міндеттемелер);
желі түрі, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалар жүйесі;
желі сыйымдылығы, оның ішінде құру және/немесе даму кезеңдері бойынша, күтілетін трафик;
әкімшілік пункттерге және қажетті түсіндірмелермен желіні құру кезеңдеріне бекіту арқылы байланысты ұйымдастыру схемасы;
Қазақстан Республикасының аумағында ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісімен, басқа да байланыс желілерімен өзара іс-қимыл;
станцияаралық қосылуларды ұйымдастыру тәсілдері (жалға алынған басқа желілер бойынша нақты техникалық құралдарды көрсетілген өтініш берушінің меншікті байланыс желісі құралдары бойынша);
өтініш беруші желісінің басқа операторлардың байланыс желісіне шығуын ұйымдастыру тәсілдері (ынтымақтастық мүмкіндігін растайтын ниет туралы хаттамалардың көшірмелерін немесе басқа құжаттарды қоса беру);
трафик есебінің жүйесі;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету үшін абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинауды және екі жыл бойы сақтауды жүзеге асыру мүмкіндігі бар сертификатталған аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдар;
байланыс құралдарын иелену, пайдалану, билік ету құқықтары (меншік құқығында не жалға алу құқығында);
таңдап алынған жабдық түрлері (коммутациялық, байланыс сызықтарындағы тарату жүйесі, абоненттік учаскедегі желі түрлері, түйісу аппаратурасы, терминалдық жабдықтар), өндіруші фирмалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаттарының болуы;
жиілікті иемденуді алуға қажетті жабдықтар (радиоэлектрондық құралдарды пайдалану кезінде);
таңдалған стандарт, жиілік ауқымы, жабдықтардың түрі, таратушы жабдықтарды орнатудың дәл орны (географиялық координаттар), ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісімен түйіндесуін ұйымдастыру тәсілдері;
қажетті жиілік арналардың саны;
радиоэлектронды құралдардың тәсілдік-техникалық деректері, сонымен қоса радиотаратқыштардың, шығарушы сигналдардың, радиоқабылдағыштар мен антенналардың мінездемесі;
пайдаланылатын жасанды жерсеріктерінің (бұдан әрі- ЖЖС) орналасуы және тиесілілігі (елі), олардың түрі және тұру нүктесі, қызмет көрсету аймағы, жүйе құратын ЖЖС-нің жүктеме шамасы, даму кезеңдері бойынша жүктеме өсуі, жоғары және төмен желілердегі жиілік ауқымы, модуляция түрлері, тығыздылық және станцияаралық қатынау, байланыс жүйесіне кіретін жердегі станция түрлері, өндіруші фирмалар, Қазақстан Республикасының мемлекетгік тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаттарының болуы (әкімшілік пункттер арасында арналарды ұйымдастыру үшін спутниктік байланыс жүйесін құру немесе спутниктік байланыстың жердегі станцияларын қолдану кезінде);
кіріс және шығыс байланысты ұйымдастыру кезінде нөмірлеуді көрсетіп, нөмірлеу жоспары;
өтініш берушінің желісінде бір абонентке жоспарланған жүктеме;
тұтынушыларға кепілдік беретін ұсынылатын қызметтердің сапалы көрсеткіштері;
желі жұмысының сапалы көрсеткіштері (қосылуды күту уақыты, ең көбірек жүктеме сағаттарында бас тарту пайызы, зақымдануды жоюдың орташа уақыты).
ҚР Үкіметінің 2009.12.10. № 1561 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.10.03. № 191 қаулысымен (бұр.ред.қара) (жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 12-тармақ өзгертілді
12. ҚР Үкіметінің 2011.08.12. № 1505 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.12.10. № 1561 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күндік мерзім өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. ҚР Үкіметінің 2011.08.12. № 1505 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Байланыс саласында және қызметтер және қызметтің кіші түрлерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сай мәліметтер және құжаттар (қажетті ақпаратты, схемаларды, кестелер мен фафиктерді қоса бере отырып) Лицензиарға мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіштерде ұсынылады.