«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 904 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік маркалармен таңбалаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 386-құжат):
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін» деген сөздер «Темекі бұйымдарын және құрамында темекі бар өзге де бұйымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік маркалармен таңбалаудың тәртібінде:
тақырыбындағы және мәтініндегі «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін», «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне», «акцизделетін тауарларды», «акцизделетін тауарлар» деген сөздер тиісінше «Темекі бұйымдарын және құрамында темекі бар өзге де бұйымдарды», «Темекі бұйымдарына», «темекі бұйымдарын», «темекі бұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Темекі бұйымдары және құрамында темекі бар өзге де бұйымдар (бұдан әрі - темекі бұйымдары) акциздік маркалармен таңбалануға тиіс.»;
5 және 8-тармақтар алынып тасталсын;
9-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) өзге де материалдан жасалған қорапта акциздік марка қораптың артқы бетінің ортасында орналасуы тиіс (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта). Қорапты целлофанмен орау (егер көзделген болса) қорапқа желімделген акциздік марканың үстінен жүргізілуі тиіс.»;
10-тармақ алынып тасталсын;
2) «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциз таңбаларымен таңбалау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 792 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 32, 320-құжат):
тақырыбындағы және мәтініндегі «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін» деген сөздер «Темекі бұйымдарын және құрамында темекі бар өзге де бұйымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтініндегі «Алкоголь өнімдері мен», «алкоголь өнімдерін және», «алкоголь өнімдері мен» деген сөздер алынып тасталсын;
1 және 3-тармақтар алынып тасталсын;
7-тармақтағы «алкоголь өнімдері бойынша 2003 жылғы 10 тамыздағы және», «2001 жылғы үлгідегі алкоголь өнімдеріне акциз таңбаларының және» деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақ алынып тасталсын;
3) «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1254 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 48, 600-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесінде:
8-тармақтағы «ыдыстың» және «шөлмекке» деген сөздер тиісінше «сыйымдылықтың», «сыйымдылыққа» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |