Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1350 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:
3-тармақта:
үшінші абзацтағы «шаруа (фермер)» деген сөздер тиісінше «шаруа немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарын Орталыққа:
заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар мен адвокаттар қызметкерлерге төлейтін табысынан - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
жеке кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар мен адвокаттар өз пайдасына - есептіден кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде;
арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде;
арнаулы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде;
арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар - біржолғы талондар сатып алынған отыз күннен кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
Орталық - әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірмей аударады.»;
5-тармақта:
екінші абзацтағы «заңды тұлғалар, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке меншік нотариустар» деген сөздер «заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жеке меншік нотариустар мен адвокаттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке меншік нотариустар» деген сөздер «жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке меншік нотариустар мен адвокаттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «шаруа (фермер)» деген сөздер тиісінше «шаруа немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 12), 17) тармақшаларымен, 156-бабы 1-тармағының 10), 12) (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа), 18), 21), 24), 30), 32) тармақшаларымен және 357-бабы 3-тармағының 4), 5) тармақшаларымен белгіленген төлемдерден, сондай-ақ егер мүгедектігі мерзімсіз деп белгіленген болса, І және II топтағы мүгедектерге еңбек қабілетінен айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдерден жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды.»;
14-тармақтағы бірінші абзацындағы «жинақтаушы зейнетақы қорына» деген сөздер «Орталыққа» деген сөзбен ауыстырылсын;
15-тармақта:
бірінші абзацта:
«жинақтаушы зейнетақы қорына» деген сөздер «Орталыққа» деген сөзбен ауыстырылсын;
«не осы салымшы бойынша барлық аударымдар көрсетілген салымшы қаражатының түсімі мен қозғалысы туралы Орталық берген мәліметтер» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық ұсынылған құжаттардың негізінде салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін, осы Ережеге 1-3-қосымшаға сәйкес нысандағы салымшының (алушының) нотариалды куәландырылған өтінішінің электронды көшірмесін қоса отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларына электронды өтінімді ресімдейді.»;
15-1-тармақтың екінші абзацында:
бірінші сөйлем «туралы» деген сөзден кейін «осы Ережеге 1-4-қосымшаға сәйкес нысандағы» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем «куәландырылған» деген сөзден кейін «осы Ережеге 1-5-қосымшаға сәйкес нысандағы» деген сөздермен толықтырылсын;
16-2-тармақтағы «агент немесе банк қате жіберген төлем құжаттарының деректемелерін (төлем тапсырмасының нөмірі, күні мен референсі),» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-3-тармақпен толықтырылсын:
«16-3. Егер қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға арналған өтініш Орталыққа зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударуды жүзеге асыру кезеңінде келіп түссе, Орталық:
1) агенттің хатында көрсетілген қате міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімақының түсуі фактісін тексереді;
2) қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімақының расталған түсімдері бойынша қайтарулардың болмауы фактісін тексереді;
3) қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтаруға арналған электронды өтінімді, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді.»;
17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қате есептелген зейнетақы жарналары және (немесе) өсімақыны зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударуды жүзеге асыру кезеңінде қайтару аударым сомасын алған күннен бастап он банктік күннің ішінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы өтеу сомасын есептеу кезінде ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылуға жатпайды.»;
22-тармақтағы «төлем тапсырмасында» деген сөздер «агенттің өтінішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-3-тармақтың екінші абзацындағы «мемлекет алдындағы салық міндеттерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті орган» деген сөздер «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-4-тармақта:
«банктік шотындағы (шоттарындағы)» деген сөздер «банктік шоттарындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өндіріп алуды қолма қол ақшаға айналдырады» деген сөздер «касса бойынша шығыс операцияларын тоқтатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату, кейіннен оларды салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрін жүзеге асыратын ұйымға ақша тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.»;
35-6-тармақтың бірінші абзацындағы «мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті орган» деген сөздер «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 1-3, 1-4, 1-5-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1350 қаулысына
1-қосымша
Міндетті зейнетақы жарналарын
есептеудің, ұстап қалудың
(қоса есептеудің) және жинақтаушы
зейнетақы қорларына
аударудың ережесіне
1-3-қосымша
Салымшының (алушының) зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының деректемелеріне
өзгерістер енгізу туралы өтініш
Мен, __________________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күні)
осы арқылы міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде менің деректемелерімде қателер жіберілгендігін хабарлаймын, атап айтқанда:
_____________________________________________________________________
(қате жіберілген деректемелер көрсетіледі)
Мынадай деректемелерді жарамды деп есептеулеріңізді сұраймын:
ӘЖК________________________________________________________________
Т.А.Ә._____________________________________________________________
Туған күні_________________________________________________________
__________ _________
(қолы) (күні)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсанда
№ 1350 қаулысына
2-қосымша
Міндетті зейнетақы жарналарын
есептеудің, ұстап қалудың (қоса
есептеудің) және жинақтаушы
зейнетақы қорларына
аударудың ережесіне
1-4-қосымша
Агенттің қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасын қайтаруға арналған өтініші
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы
төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК
бас директоры
_________________________
1. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеушінің (агенттің) деректемелері атауы____________________________________________
СТН_____________БСК____________________ЖСК______________________
2. Қате жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері
№______________ күні «______________» 200____________ жыл
төлем тапсырмасының жалпы сомасы_______________________________
3. Салымшының деректемелері__________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күні)
ӘЖК____________________________________________________________
салымшы жарнасының сомасы______________________________________
қайтарылуға тиісті сома________________________________________
4.___________________________________________________________________
(қайтару талап етілетін себеп көрсетіледі, мысалы, қызметкер жұмыстан босатылды, механикалық қате, банктің қатесі және т.б.)
келесі төлемдермен түзету мүмкін емес.
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз____________
_____________________________________________________________________
(кәсіпорынның толық деректері, барлық банктік деректемелер көрсетіледі)
____________________ ________________________
(басшының қолы) (бас бухгалтердің қолы)
М.О. ______________
(күні)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1350 қаулысына
3-қосымша
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің,
ұстап қалудың (қоса есептеудің) және
жинақтаушы зейнетақы қорларына
аударудың ережесіне
1-5-қосымша
Салымшының (алушының) қате есептелген соманы өзінің жеке
зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісуі туралы өтініші
Мен,__________________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күні)
ӘЖК_________________________________________________________________
Осымен менің жеке зейнетақы шотыма қате аударылған____________
___________________________________________________________________,
(сомасы жазбаша)
____________________________________________________________________
(Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары сомаларының бірнеше төлем тапсырмалары бойынша қайтару қажет болған жағдайда, қайтарылуға тиіс сома әрбір төлем тапсырмасына жеке көрсетіледі)
сомасындағы міндетті зейнетақы жарналарының қайтарылуына келісім беремін.
_________________ ________________
(қолы) (күні)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқcандағы
№ 1350 қаулысына
4-қосымша
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің,
ұстап қалудың (қоса есептеудің) және
жинақтаушы зейнетақы қорларына
аударудың ережесіне
2-қосымша
Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылуға тиіс міндетті
зейнетақы жарналарының сомасы туралы
хабарлама
20__ж. «__»______ №______
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-4-бабына сәйкес
_____________________________________________________________________
(салық органының атауы)
Сізді________________________________________________________________
(Т.А.Ә., агенттің атауы, СТН-і, сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________________________________________
(ЖСН/БСН (ол болған жағдайда), мекен-жайы)
20__ж.»___»__________________жағдай бойынша
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің барлығы | Негізгі төлем сомасы | Өсімақы сомасы |
| | |
мөлшеріне жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегіңіздің бар екендігі туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты Сіз осы хабарламаны алған күннен бастап бес
жұмыс күні ішінде____________________________________________________
(салық органының атауы)
_____________________________________________________________________
пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін табыс етуіңіз қажет.
Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдері табыс етілмеген жағдайда___________________________________________________
_____________________________________________________________________
(салық органының атауы)
агенттің банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Банктік шоттар болмаған немесе банктік шоттарындағы ақша жеткіліксіз болған жағдайда__________________________________________
(салық органының атауы)
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Бұл ретте Сізге «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-4-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімақы есептеледі.
Салық қызметі органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жаза шаралары қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің салық қызметі органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) салық қызметінің жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
Салық органының
басшысы (Басшының орынбасары)__________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Хабарламаны алдым______________________________________________
(Т.А.Ә., агенттің атауы, қолы, мөрі, күні)
Хабарлама агентке тапсырылды_____________________________________________________
(салық қызметі органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күні)
Хабарлама агентке жіберілді____________________________________
(жіберу және алу фактісі туралы растаушы құжат)