Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 399 Қаулысы
(2020.27.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 25 наурыздағы
№ 399 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның функциялары» деген 4-бөлімнің екінші абзацында «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес қабылдаған шешімдер негізінде» деген сөздер алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 5-1-бөлім алынып тасталсын.
2. ҚР Үкіметінің 2014.18.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысында:
1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережеде:
2-тармақта «ҚазАгро» ұлттық холдингі»,» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамы алынып тасталсын.
4. ҚР Үкіметінің 2020.27.03. № 142 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1183 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)