Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 335 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 676 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 48, 572-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесінде:
4 және 6-тармақтардағы «ауыл (село)» деген сөздерден кейін «, ауылдық (селолық) округ» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Өтініш иесі келесі тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта өтініш берген жағдайда, осы Ережеге 2-4-қосымшаларда қамтылған мәліметтерде өзгерістер болмаған кезде осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш бланкісі ғана толтырылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі құжаттарды тіркейді және өтініш иесіне құжаттарды қабылдағаны туралы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес растау қағазын береді.
Уәкілетті орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін оларды учаскелік комиссияларға береді.
Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды алған күнінен бастап бес күн мерзімде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру (бұдан әрі - тексеру) нәтижелері негізінде қорытынды (6-қосымша) дайындайды және оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне береді.
5-1. Тексеру өтініш иесінің қатысуымен, ал ол болмаған жағдайда - отбасының кәмелетке толған іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің қатысуымен жүргізіледі.
5-2. Тексерудің мақсаты өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын және өтініш иесінің атаулы әлеуметтік көмек үшін өтініш беруіне байланысты мән-жайларды зерделеу болып табылады.
5-3. Жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша учаскелік комиссия 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру актісін (бұдан әрі - тексеру актісі) жасайды оған комиссия мүшелері қол қояды.
5-4. Учаскелік комиссия өтініш берушіні, ал ол болмаған жағдайда - отбасының тексеру жүргізуге қатысқан, кәмелетке толған іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің біріне актіні қол қойғызып таныстырады.
5-5. Өтініш иесінің, ал ол болмаған жағдайда - отбасының кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің тексеру жүргізуден бас тартуы тексеру актісіне тіркеледі.
5-6. Өтініш беруші бір күнтізбелік жылдың ішінде қайта өтініш берген кезде тексеру жүргізу өтініш берушінің тұратын жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), оның (отбасының) құрамы мен табысы өзгерген жағдайда және өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау қажет болған кезде жүзеге асырылады.»;
7-тармақтың бірінші абзацында:
«Уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «қабылданған құжаттар мен учаскелік комиссия қорытындысының негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
«, ауыл (село)» деген сөздерден кейін «, ауылдық (селолық) округ» деген сөздермен толықтырылсын»;
«шығарады» деген сөз «қабылдайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Астана және Алматы қалаларының» деген сөздер тиісінше «республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта «Астана және Алматы қалаларында» деген сөздер тиісінше «республикалық маңызы бар қалада, астанада» деген сөздермен ауыстырылсын;
Ережеге 1-қосымшада:
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын;
«Отбасының тіркелу нөмірі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Өтініш қоса беріліп отырған құжаттармен учаскелік комиссияға 200_ ж. «__» _________ берілді.
200_ж. «___»________ қабылданды
__________________________құжатты қабылдап алған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә және қолы;
уәкілетті органның құжаттардың ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімінен қабылданған күні туралы белгісі 200_ж. «__» _______ құжатты қабылдап алған тұлғаның Т.А.Ә., лауазымы, қолы ____________________________»;
Ережеге 4-қосымшада кестедегі «Үй жануарлары деген» бағаннан кейін «Жасы» деген бағанмен толықтырылсын;
осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 5, 6 және 7-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 16 наурыздағы
№ 335 қаулысына
1-қосымша
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті
тағайындау және төлеу ережесіне
5-қосымша
___________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
уәкілетті органына
___________________________________________
(елді мекен, аудан)
___________________________________________
(көшесі, үй және пәтер №, телефоны)
мекен-жайы бойынша тұратын
___________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
жеке куәлігінің № ______________
______________________________берген
берілген күні ______________________
ӘЖК № _______________________________
қызмет түрі_________________________
Өтініш
(Ереженің 4-тармағының 3 абзацында көзделген жағдайларда)
Менің отбасыма атаулы әлеуметтік көмек тағайындауыңызды өтінемін.
Менің отбасым____________ адамнан тұрады.
Мен бұрын Ережеге 2-4-қосымшаларда көрсеткен мәліметтерде өткен тоқсанда өзгерістер болған жоқ.
Өзгерістер пайда болған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескерту жасалды.
200___ ж. «____» _____________ ______________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттар қабылданды
200___ ж. «___» ____________ ______________________
(құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
_______________________________Отбасының тіркелу нөмірі
Өтініш учаскелік комиссияға
200___ж. «___»_________ берілді.
200____ж. «___»___________ қабылданды
_______________________________құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә. және қолы;
уәкілетті органның ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күні туралы 200_ «__» _______ белгі, құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, қолы _______________________;
____________________________________________________________________
(қию сызығы)
Мен бұрын Ережеге 2-4-қосымшаларда көрсеткен мәліметтерде өткен тоқсанда өзгерістер болған жоқ.
Өзгерістер туындаған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескерту жасалды.
Өтініш берушінің қолы______________________
Отбасының тіркелу нөмірі_________ азамат____________ өтініші 200__ жылғы «___» _____________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы_________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 16 наурыздағы
№ 335 қаулысына
2-қосымша
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмекті тағайындау және төлеу
ережесіне 6-қосымша
Учаскелік комиссияның №__қорытындысы
___ ______200__ж.
Учаскелік комиссия «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес отбасының (өтініш берушінің)___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
өтініш және оған қоса берілген құжаттарды қарап,
_____________________________________________________________________ (ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің
материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің)
негізінде отбасына (тұлғаға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берудің_____________________________________________________ туралы
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
___________________ ______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
__дана қоса берілген құжаттармен қорытынды
200__ж. «__» ___ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 16 наурыздағы
№ 335 қаулысына
3-қосымша
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмекті тағайындау және төлеу
ережесіне 7-қосымша
Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру
АКТІСІ
200__ж.«___» _______
___________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә.____________________________________
2. Тұратын мекен-жайы ________________________________________
____________________________________________________________________
3. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______ адам, оның ішінде
№ | Т.А.Ә. | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатысы | Білімі | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Өзін-өз жұмыс пен қамтуы | Жұмыс пен қамтылмауының себебі | Жұмыс пен қамту орган дарында жұмыссыз ретінде тіркелуі туралы деректер | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) туралы мәліметтер |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
Барлық еңбекке қабілеттілері_______адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _____ адам.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 2-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген себептер бойынша жұмыспен қамтылмағандары _____адам
Жұмыспен қамтылмаудың басқа да себептері (іздеуде, бас бостандығынан айыру орындарында) ______ адам.
Кәмілетке толмаған балалардың саны _____ адам, оның ішінде:
толықтай мемлекеттік қамсыздандырудағы оқитындар ________адам;
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ____ адам, жылына оқу құны ______ теңге.
4. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге де - көрсету керек)
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бөлме саны____________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар_________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Отбасының табысы:
№ | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер |
бір айда | бір тоқсанда |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
5. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түсетін табыс)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түсетін табыс)______________________
____________________________________________________________________
6. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
7. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Ата-аналардың балалар тәрбиесіне қатысуы:
мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілу
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
тұратын санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы_________________________
____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: ________________________
Комиссия мүшелері: _________________________
_______________________ ________________________
_______________________ ________________________
_______________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым:
____________________________________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізуден бас тартамын___________Т.А.Ә. және өтініш берушінің (немесе отбасының мүшелерінің бірінің) қолы, күні
_____________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)