Жол қозғалысы туралы конвенция
(Вена, 1968 жылғы 8 қараша)
(1971 жылғы 1 мамырдағы түзетулермен)
ҚР 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 237-ІV Заңымен ратификацияланды
І-тарау. Жалпы ережелер
ІІ-тарау. Жол қозғалысы ережелері
ІІІ-тарау. Автомобильдер мен тіркемелерді халықаралық қозғалысқа жіберу жағдайлары
ІV-тарау. Автомобиль жүргізушілері
V-тарау. Велосипедтерді және аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді халықаралық қозғалысқа жіберу жағдайлары
VІ-тарау. Қорытынды ережелер
Қосымша
Уағдаласушы тараптар, халықаралық жол қозғалысын жеңілдету және жолдарда қауіпсіздікті арттыру ниетімен төмендегілер туралы келісті:
І-тарау
Жалпы ережелер
1-бап. Анықтамалар
Осы Конвенцияның ережелерін қолданған кезде төмендегі терминдер осы бапта берілген мағынада болады:
а) Уағдаласушы тараптың «ұлттық заңнамасы» термині осы Уағдаласушы тараптың аумағында қолданыстағы ұлттық немесе жергілікті заңдар мен ережелердің жиынтығын білдіреді;
b) көлік құралы қандайда бір мемлекеттің аумағында «халықаралық қозғалыста» деп есептеледі, егер ол:
і) бұл мемлекеттен тыс тұрақты тұратын жері бар, жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болса;
іі) бұл мемлекетте тіркелмесе;
ііі) оған уақытша енгізілсе; алайда әрбір Уағдаласушы тарап, оның ұзақтығын осы Уағдаласушы тарап белгілеуі мүмкін бір жылдан артық уақыт елеулі үзіліссіз оның аумағында қалған кез-келген көлік құралын «халықаралық қозғалыста» деп есептемеуге құқылы.
Көлік құралдарының құрамы «халықаралық қозғалыста» деп есептеледі, егер құрамның бір көлік құралы қалай болғанда да осы анықтамаға жауап берсе;
с) «елді мекен» термині оған кіретін және одан шығатын жолдар тиісті белгілермен арнайы белгіленген салынған аумақты білдіреді;
«тұрғын аймақ» термині арнайы жол қозғалысы ережелері қолданылатын және оған кіретін және одан шығатын жолдар тиісті белгілермен белгіленген арнайы жайластырылған аумақты білдіреді;
d) «жол» термині қозғалыс үшін ашық кез-келген жол немесе көше бөлігінің барлық жолағын білдіреді;
е) «жолдың жүріс бөлігі» көбінесе, көлік құралдарының қозғалысы үшін пайдаланылатын жолдың бөлігін білдіреді; жолдың нақты, әсіресе бөлу жолағымен шектелген, немесе әр түрлі деңгейдегі бірнеше жүріс бөлігі болуы мүмкін;
f) шеткі жолақ немесе қозғалыстың немесе веложолдардың шеткі жолақтары белгілі бір көлік құралдарының қозғалысына арналған жүріс бөлігінде «жүріс бөлігінің шеті» термині жолдың басқа пайдаланушылары үшін жолдың қалған бөлігінің шетін білдіреді;
g) «қозғалыс жолағы» термині жолдың жүріс бөлігінің бөлінуі мүмкін, бойлық таңбамен белгіленген немесе белгіленбеген, бірақ автомобильдердің, мотоциклдерден басқа, өзге де көліктердің бір қатарының қозғалысы үшін жеткілікті жолағы бар ұзына бойғы жолақтардың кез-келгенін білдіреді;
h) «көше қиылысы» термині бір деңгейдегі кез-келген қиылысты, осындай қиылыстармен, қосылған жерлермен немесе тармақтармен құрылған аумақты қоса алғанда, жолдардың қосылған жерлерін немесе тармақтарын білдіреді;
i) «темір жол өтпесі» термині тәуелсіз төсемі бар, жолдың темір жол немесе трамвай жолдарымен бір деңгейдегі кез-келген қиылысын білдіреді;
g) «автомагистраль» автокөлік құралдарының қозғалысы үшін арнайы салынған және соған арналған, жол жиегіндегі жолдарға қызмет көрсетпейтін және
і) жекелеген орындарды қоспағанда немесе уақыт тәртібінде, қозғалысқа арналмаған бөлу жолағы арқылы немесе ерекше жағдайларда, басқа құралдармен бір-бірінен бөлінген, қозғалыстың екі бағытына арналған жеке жүріс бөліктері бар;
іі) жолдармен де, трамвай жолдарымен де, жаяу жүргінші жолдарымен де бір деңгейде қиылысы жоқ;
ііі) автомагистраль ретінде арнайы белгіленген жолды білдіреді;
k) көлік құралы:
і) егер адамдарды отырғызу немесе түсіру, не болмаса жүктерді тиеу немесе түсіру үшін қажетті уақыт кезеңіне қозғалыссыз күйге келтірілген болса, «тоқтатылған»;
іі) егер басқа да жол пайдаланушысымен немесе қандайда бір кедергімен кақтығысудан аулақ болу немесе қозғалыс ережелерінің ұйғарымдарын орындау қажеттігінен өзге себеп бойынша қозғалыссыз күйге келтірілген болса және оны тоқтату адамдарды отырғызу немесе түсіру, не болмаса жүктерді тиеу немесе түсіру үшін қажетті уақытпен шектелмесе, «тұрақта тұрған» деп есептеледі;
Алайда Уағдаласушы тараптар жоғарыда, іі) тармағында белгіленген жағдайларда қозғалыссыз күйге келтірілген көлік құралдарын, егер бұл:жай-күйдің ұзақтығы ұлттық заңнамада белгіленген уақыт шегінен аспаса «тоқтатылған» және жоғарыда, і) тармағында белгіленген жағдайларда қозғалыссыз күйге келтірілген көлік құралдарын, егер бұл жай-күйдің ұзақтығы ұлттық заңнамада белгіленген уақыт шегінен асса «тұрақты тұрған» деп есептеуі мүмкін;
1) «велосипед» термині қалай болғанда да екі доңғалағы бар және осы көлік құралындағы адамның бұлшық еті энергиясымен, әсіресе, тепкі мен тұтқыштың көмегімен қозғалысқа келтірілетін кез-келген көлік құралын білдіреді;
m) «аспалы қозғалтқышы бар велосипед» 50 куб. см (дюймнің 3,05 кубы) аспайтын цилиндр көлемінде ішкі тұтанғыш қозғалтқышымен жабдықталған және ең жоғарғы конструктивтік жылдамдығы 50 км/сағ (сағатына 30 миль) аспайтын, кез-келген екі немесе үш доңғалағы бар көлік құралын білдіреді; алайда Уағдаласушы тараптар өз ұлттық заңнамаларына сәйкес оларды пайдалану мүмкіндігіне, әсіресе оларды тепкілердің көмегімен қозғалысқа келтіру мүмкіндігіне қарай велосипедтердің сипатына жатпайтын немесе өзінің ең жоғары конструктивті жылдамдығы, салмағы немесе қозғалтқыштың кейбір сипаттамалары бойынша белгіленген шектен асатын көлік құралдарын аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер деп есептемеуі мүмкін. Осы анықтамалардың бірде-бір ережесі жол қозғалысына қатысты өз ұлттық заңнамаларының ұйғарымдарын қолданған кезде аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді велосипедтерге толық теңеу үшін Уағдаласушы тараптарға кедергі ретінде түсіндірілмеуі тиіс;
n) «мотоцикл» термині қозғалтқышы бар, коляскалы және коляскасыз кез-келген екі доңғалақты көлік құралын білдіреді. Уағдаласушы тараптар өз ұлттық заңнамасында мотоциклдерге жүктемесіз салмағы 400 кг (900 фунт) аспайтын, үш доңғалақты көлік құралдарын теңестіре алады. «Мотоцикл» терминіне аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер кірмейді, алайда Уағдаласушы тараптар осы Конвенцияның 54-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті өтініш білдірген жағдайда, осы Конвенцияны қолданған кезде аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді мотоциклдерге теңестіре алады. Мотоциклдерге жүктемесіз салмағы 400 кг аспайтын үш доңғалақты көлік құралдары теңестіріледі.
о) «механикалық көлік құралы» термині аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді қоспағанда, оларды мотоциклдерге теңестірмейтін Уағдаласушы тараптардың аумағында және рельстік көлік құралдарын қоспағанда, кез-келген өзі жүретін көлік құралын білдіреді;
р) «автомобиль» термині жолдар бойынша адамдарды немесе жүктерді тасымалдауға немесе адамдар мен жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарын жолдарда буксирге алуға арналған механикалық көлік құралын білдіреді;
g) «тіркеме» термині оны механикалық көлік құралымен буксирге алуға арналған кез-келген көлік құралын білдіреді; бұл термин сондай-ақ жартылай тіркемелерді де қамтиды;
r) «жартылай тіркеме» термині оның бөлігін автомобильге таяп, автомобильге тіркеуге арналған кез-келген тіркемені білдіреді және оның соңғысы жартылай[ тіркеме мен оның жүгінің салмағының едәуір бөлігін тартады;
s) «жеңіл тіркеме» термині рұқсат етілген ең жоғары салмағы 750 кг (1650 фунт) аспайтын барлық тіркемені білдіреді;
t) «көлік құралдарының құрамы» термині жол қозғалысына тұтастай қатысатын, тіркелген көлік құралдарын білдіреді;
u) «жартылай тіркемесі бар көлік құралы» термині автомобиль мен оған тіркелген жартылай тіркемеден тұратын құрамды білдіреді;
v) «жүргізуші» («мал айдаушы») термині көлік құралын, автомобильді және т.б. (велосипедтерді қосқанда) басқаратын немесе жол бойында мал, табын, жегілген, теңдеп жүк артылған немесе салт мінетін жануарларды айдайтын барлық адамды білдіреді;
w) «рұқсат етілген ең жоғары салмақ» термині көлік құралы тіркелген мемлекеттің құзырлы органы рұқсат берілгенін жариялаған тиелген көлік құралының ең жоғары салмағын білдіреді;
х) «жүктемесіз салмақ» термині көлік құралының экипажсыз, жолаушыларсыз және жүксіз, бірақ толық отын қорымен және қажетті аспаптардың жиынтығымен салмағын білдіреді;
у) «жүктемелі салмақ» термині тиелген көлік құралының, экипаждың және жолаушылардың нақты салмағын білдіреді;
z) «қозғалыстың бағыты» және «қозғалыс бағытына сәйкес» терминдері егер көлік құралының жүргізушісі ұлттық заңнамаға сәйкес басқа көлік құралымен кездескен жағдайда, оны сол жағынан өткізуге тиіс болса, оң жақты білдіреді; керісінше жағдайда, бұл терминдер сол жақты білдіреді;
аа) жүргізушілерге арналған басқа көлік құралдарына «жол беру» ұйғарымы, егер жүргізуші басқа көлік құралдарының жүргізушілерін кенеттен қозғалыс бағытын немесе жылдамдықты өзгертуге мәжбүр етсе, қозғалысты жалғастыруға немесе қайта бастауға немесе маневр жасауға тиіс еместігін білдіреді;
Жаяу жүргіншілерге баланың коляскасын, ауру адамға арналған колясканы, мүгедектердің коляскасын немесе көлемі шағын және қозғалтқышсыз басқа да көлік құралдарын жетектеген адамдар, велосипед немесе аспалы қозғалтқышы бар велосипед жүргізген адамдар, сондай-ақ оларды қозғалысқа өздері келтіретін немесе жаяу жүргіншінің жылдамдығымен қозғалатын мүгедектер коляскасымен қозғалатын мүгедектер теңестіріледі.
2-бап. Конвенцияға қосымшалар
Осы Конвенцияға төмендегі қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады:
1-қосымша: Автомобильдер мен тіркемелерді халықаралық қозғалысқа жіберу міндеттемелерінен бас тарту
2-қосымша: Халықаралық қозғалыстағы автомобильдер мен тіркемелердің тіркеу нөмірлері
3-қосымша: Халықаралық қозғалыстағы автомобильдер мен тіркемелердің ерекшелік белгілері
4-қосымша: Халықаралық қозғалыстағы автомобильдер мен тіркемелердің тану белгілері
5-қосымша: Автомобильдер мен жүктемелерге қатысты техникалық жағдайлар;
6-қосымша: Ұлттық жүргізуші куәлігі
7-қосымша: Халықаралық жүргізуші куәлігі
3-бап. Уағдаласушы тараптардың міндеттемелері
1. а) Уағдаласушы тараптар олардың аумағындағы қолданыстағы жол
қозғалысы ережелері өз мәні бойынша осы Конвенцияның 2-тарауының
ережелеріне сәйкес болуы үшін тиісті шаралар қабылдайды. Бұл ережелер
ешқандай аталған ережеге қайшы келмеген жағдайда;
і) бұл ережелер осы Уағдаласушы тараптың аумағында орын алмайтын жағдайларға қатысты ережелерді қоспауы мүмкін;
іі) бұл ережелер II-тарауда көзделмеген ережелерді құрай алады.
b) Осы тармақтың ережелері Уағдаласушы тараптарды олар өздерінің жол қозғалысы ережелеріне енгізген, ІІ-тараудың кез-келген ережесін бұзғаны үшін санкцияларды көздеуді міндеттемейді.
2. а) Уағдаласушы тараптар олардың аумағында қолданылатын, оларға автомобильдер мен тіркемелер сәйкес болуы тиіс техникалық жағдайларға қатысты ережелер осы Конвенцияға 5-қосымшаның ережелеріне сәйкес болуы үшін тиісті шаралар қабылдайды; егер бұл ережелер 5-қосымшаның ережелерін айқындайтын қауіпсіздік қағидаттарына қайшы келмейтін болған жағдайда, олар 5-қосымшада көзделген ережелерді құрамауы мүмкін. Сонымен қатар олар өз аумақтарында тіркелген, халықаралық қозғалыстағы автомобильдер мен тіркемелердің осы Конвенцияға 5-қосымшаның ережелеріне сәйкес болуы үшін тиісті шаралар қабылдайды.
b) Уағдаласушы тараптардың аумағында қолданыстағы ережелерге қатысты осы тармақтың ережелері осы Конвенцияға байланысты автомобильдер болып табылмайтын механикалық көлік құралдары жауап беруі тиіс техникалық жағдайларға қатысты бұл тараптарға қандай да бір міндеттемелер белгілемейді.
3. Осы Конвенцияға 1-қосымшада көзделген шегіністерді ескере отырып, Уағдаласушы тараптар өз аумағы бойынша халықаралық қозғалысқа осы Конвенцияның III-тарауында көзделген талаптарға жауап беретін
автомобильдер мен тіркемелерге және IV-тараудың талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беруді міндеттенеді; сонымен қатар Уағдаласушы тарапта III-тараудың ережелеріне сәйкес берілген тіркеу туралы куәліктерді, егер олар берілген көлік құралдары аталған ІІ-тарауда көзделген жағдайларға жауап беретіні басқаша дәлелденбесе, куәландырушы ретінде тануды міндеттенеді.
Женевада 1971 жылы 1 мамырда қол қойылған Еуропа келісіміне сәйкес осы Конвенцияның 3-бабының 4-тармағында олар туралы айтылған шаралар Конвенцияның 39-бабын қолдану аясын өзгерте алмайды да, ондағы ережелерді міндетті емес те дей алмайды.
4. Уағдаласушы тараптар олардың аумақтарында осы Конвенцияның III-тарауында көрсетілген барлық жағдайларды қанағаттандырмайтын автомобильдер мен тіркемелерді халықаралық қозғалысқа жіберу және IV-тарауда көзделген жағдайлардан басқа, қандайда бір басқа Уағдаласушы тарап берген жүргізуші куәліктерінің олардың аумағында жарамдылығын тану мақсатында қабылдаған немесе бір жақты тәртіппен не болмаса екі жақты немесе көп жақты келісімге қол қою арқылы қабылдайтын шаралар осы Конвенцияның мақсаттарына сәйкес деп есептеледі.
5. Уағдаласушы тараптар өз аумағы бойынша осы Конвенцияның V-тарауында көзделген техникалық жағдайларға жауап беретін және олардың жүргізушілері басқа Уағдаласушы тараптың аумағында кәдімгі тұрғылықты жері бар велосипедтер мен аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді халықаралық қозғалысқа жіберуге міндеттенеді. Ешбір Уағдаласушы тарап халықаралық қозғалыстағы велосипедтер мен аспалы қозғалтқышы бар велосипедтердің жүргізушілерінен жүргізуші куәлігінің бар-жоғын талап ете алмайды; алайда осы Конвенцияның 54-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес велосипедтер мен аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді мотоциклдерге теңестіруге қатысты өтініш жасайтын Уағдаласушы тараптар халықаралық қозғалыстағы велосипедтер мен аспалы қозғалткышы бар велосипедтердің жүргізушілерінен жүргізуші куәлігінің бар-жоғын талап ете алады.
6. Әрбір Уағдаласушы тарап кез-келген Уағдаласушы тарапқа оның
өтініші бойынша оның аумағында атына автомобиль немесе автомобильге
тіркеме тіркелген адамды анықтауға мүмкіндік беретін, егер ұсынылған
өтініште осы көлік құралының осындай өтініш білдірген Уағдаласушы
тараптың аумағында орын алған жол-көлік оқиғасына қатысты екені көрсетілсе, ақпарат беруге міндеттенеді.
7. Уағдаласушы тараптар кедендік, полиция, санитарлық немесе өзге де осындай формальдылықты жеңілдету жолымен халықаралық қозғалысты жеңілдету мақсатында қабылдаған немесе бір жақты тәртіппен не болмаса екі жақты немесе көп жақты келісімге қол қою арқылы қабылдайтын шаралар, сондай-ақ бір және сол шекара пунктіндегі кеден бөлімшелері мен бекеттерінің құзыреті мен жұмыс уақытын сәйкес келтіруге бағытталған шаралар осы Конвенцияның тиісті мақсаттарына сәйкес деп есептеледі.
8. Осы баптың 3, 5 және 7-тармақтарының ережелері әрбір Уағдаласушы тараптың оның аумағы бойынша автомобильдерді, тіркемелерді, велосипедтерді, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді халықаралық қозғалысқа жіберу, сондай-ақ олардың жүргізушілері мен жолаушыларын өздерінің оларды коммерциялық тасымалдау ережелеріне, жүргізушілерді азаматтық жауапкершіліктен сақтандыру саласындағы ережелерге және өзінің кедендік ережелеріне, сондай-ақ жол қозғалысына қатысты емес салалардағы ұйғарымдарға бағындыру құқығын пайдалануына кедергі жасамайды.
4-бап. Жол белгілері мен сигналдары
Венада осы Конвенциямен бірге бір уақытта қол қою үшін ашық Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенцияның Уағдаласушы тараптары болып табылмайтын осы Конвенцияның Уағдаласушы тараптары:
а) олардың аумағында белгіленген барлық жол белгілері мен сигналдардың, жарықтандыратын жол сигналдары мен жол белгілерінің бірыңғай жүйе құрауына;
b) сигнал түрлерінің санын шектеуге және сигналдарды олардың болуы пайдалы деп есептелетін жерлерге ғана орнатуға;
с) ескерту сигналы белгілерін олар туралы жүргізушілерді уақтылы ескерту үшін кедергілерден жеткілікті ара қашықтықта орнатуға шаралар қабылдауға;
d) мыналарға:
і) сигнал белгісіне, оның таянышына немесе қозғалысты реттеуге арналған кез-келген басқа да құрылғыда осы сигнал белгісіне немесе құрылғыға ешқандай қатысы жоқ бір нәрсе орналастыруға тыйым салуға міндеттенеді; алайда, егер Уағдаласушы тараптар немесе олардың аумақтық бөліністері материалдық пайда алуды мақсат етпеген қандайда бір қауымдастыққа сілтеуіш белгілерін орнатуға рұқсат берсе, олар осы қауымдастықтың эмблемасын белгіде немесе оның таянышында оны түсінуді қиындатпайтын жағдайда ғана көрсетуге рұқсат береді;
іі) плакаттарды, жарнамаларды орналастыруға, белгілер жасауға және оларды не болмаса қозғалысты реттеуге арналған сигналдық белгілер немесе басқа да құрылғылар ретінде қабылдауға не болмаса олардың көрініп тұруын немесе тиімділігін төмендетуге не болмаса жолды пайдаланушылардың көзін шағылыстыратын немесе олардың назарын аударатын және осылайша жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін құрылғыларды орнатуға тыйым салынады.
II-тарау
Жол қозғалылсы ережелері
5-бап. Жол белгілері мен сигналдарының мағынасы
1. Жолды пайдаланушылар жол белгілері мен сигналдардың,
жарықтандыратын жол сигналдарының немесе жол белгілерінің ұйғарымдарын, егер аталған ұйғарымдар басқа қозғалыс ережелеріне қайшы келетін болса да, оларды орындауға тиісті.
2. Жарықтандыратын жол сигналдарының ұйғарымдары жүрудің басым
құқығын айқындайтын жол белгілері ұйғарымдарынан да басым болады.
6-бап. Жол қозғалысын реттеуге уәкілетті адамдардың сигналдары
1. Жол қозғалысын реттеуге уәкілетті адамдар жақсы танылатын және күні-түні алыстан көрінетін болуы тиіс.
2. Жолды пайдаланушылар жол қозғалысын реттеуге уәкілетті
адамдардың кез-келген нұсқауын шұғыл түрде орындауы тиіс.
Женевада 1971 жылы 1 мамырда қол қойылған Еуропа келісіміне сәйкес бұрын Конвенцияда ұсыныстар болған, 6-баптың 3-тармағының ережелері міндетті болып табылады.
3. Ұлттық заңнамада жол қозғалысын реттеуге уәкілетті адамдардың нұсқаулары ретінде төменде берілген сигналдарды есептеуді қарастыру ұсынылады:
а) тік көтерілген қол; бұл белгі жеткілікті қауіпсіздік жағдайларда тоқтай алмаған жүргізушілерден басқа, жолды пайдаланушылардың барлығы үшін «тоқта» сигналын білдіреді; сонымен қатар бұл белгі көше қиылысында берілсе, қиылысқа шығып үлгерген жүргізуші қозғалысты жалғастыра береді;
b) қолын немесе қолдарын көлденеңінен созу; бұл белгі олардың қозғалыс бағытына қарамастан, жол қозғалысын реттеуге уәкілетті адам қолын немесе қолдарын созып көрсеткен бағытты қиып өтетін бағыттан қозғалатын барлық жолды пайдаланушылар үшін «тоқта» сигналын білдіреді; осы сигналды бергеннен кейін реттеуші бір қолын немесе екі қолын төмен түсіруі мумкін; ол кеудесімен немесе арқасымен қарап тұрған жүргізушілер үшін де «тоқта» сигналын білдіреді;
с) қызыл отпен тербелту; бұл белгі олардың жағына осы от бағытталған жолды пайдаланушылар үшін «тоқта» сигналын білдіреді.
4. Жол қозғалысың реттеуге уәкілетті адамдардың сигналдары жол белгілері мен сигналдары және жарықтандыратын жол сигналдары мен жол белгілері ұйғарымдарынан, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінен басым болады.
7-бап. Жалпы ережелер
1. Жолды пайдаланушылар өздерін қозғалысқа қауіп немесе кедергілер жасамайтындай, адамдарға қауіп төндірмейтіндей және мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке мүлікке залал келтірмейтіндей ұстауы тиіс.
Женевада 1971 жылы 1 мамырда қол қойылған Еуропа келісіміне сәйкес бұрын Конвенцияда ұсыныстар болған, 7-баптың 2-тармағының ережелері міндетті болып табылады.
2. Ұлттық заңнамада жолды пайдаланушылардың жол қозғалысын қысуы немесе жолға бұйымдар немесе материалдар лақтырып, жерге қойып немесе қалдырып немесе оған қандайда бір басқа кедергілер құрып, оның қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуі керек екенін қарастыру ұсынылады. Осындай кедергі құрудан немесе осындай қауіптен құтыла алмаған жолды пайдаланушылар оларды өте жылдам жою үшін және оны шұғыл түрде орындай алмаса, басқа жолды пайдаланушыларды ол туралы ескеру үшін қажетті шаралар қабылдауы тиіс.
3. Ұлттық заңнамада қауіпсіздік белдіктерін немесе балалардың және балаларды алдыңғы отырғышта тасымалдауға арналған осындай құрылғыларды пайдалану ережелері белгіленуі тиіс.
8-бап. Жүргізушілер
1. Қозғалыстағы әрбір көлік құралында немесе көлік құралдарының құрамында жүргізуші болуы тиіс.
2. Ұлттық заңнамада жүк артылған, жегілген немесе салт мінетін жануарларға, сондай-ақ малға және табынға, тиісті түрде белгіленген аймақтардан басқа барлық жағдайларда, жануарларды ұдайы бағыттауға қабілетті мал айдаушы ілесіп жүруі тиіс екенін қарастыру керек.
3. Жүргізуші қажетті дене және психикалық қасиеттерге ие болуы тиіс және оның дене және ақыл-ойының жай-күйі оған көлік құралын басқаруға мүмкіндік беруі керек.
4. Механикалық көлік құралының жүргізуші көлік құралын басқару үшін қажетті білім мен дағды алуы тиіс; алайда, бұл ереже ұлттық заңнаманың ережелеріне сәйкес жүргізуге оқуға кедергі болмайды.
5. Жүргізуші өз көлік құралын оны әрқашан басқаруға тиісті жағдайда болу үшін бақылауы тиіс. Ол жол қозғалысы ережелерімен, жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы ұйғарымдармен, сондай-ақ шаршағандық, дәрі-дәрмектер қабылдау және көлік құралын алкогольдік мас күйінде және есірткінің әсерімен басқару сияқты оның мінез-құлқына әсер етуі мүмкін факторлармен таныс болуы тиіс.
6. Ұлттық заңнамада алкогольдің әсерімен көлік жүргізуге қатысты арнайы ережелер, сондай-ақ заңмен рұқсат етілген қандағы, ал тиісті жағдайларда - оның артуы көлік құралын басқарумен үйлеспейтін, дем шығарудағы алкогольдің деңгейі қарастырылуы тиіс. Барлық жағдайларда қандағы алкоголь құрамының ең жоғары деңгейі ұлттық заңнамаға сәйкес 1 литр қанда таза алкоголь 0,80 г немесе 1 литр дем шығаруда 0,40 мг аспауы тиіс.
Женевада 1971 жылы 1 мамырда қол қойылған Еуропа келісіміне сәйкес бұрын Конвенцияда ұсыныс болған, 9-баптың ережелері міндетті болып табылады.
9-бап. Жануарлардың табыны
Ұлттық заңнамада малды, табынды айдауды жеңілдету мақсаты болып табылатын отступленияларды есептемегенде, оларды біркелкі ұзындық бөлігіне бөлу керек, бұл бөліктердің арасындағы қашықтық қозғалыстың қолайлылығы үшін жеткілікті болуы тиіс.
10-бап. Жолда орналасу
1. Қозғалыстың бағыты, тек қана немесе басты түрде екі басқа
мемлекеттің арасындағы транзит үшін пайдаланылатын тиісті жағдайларды
қоспағанда, осы мемлекеттің барлық жолдарында бірдей болуы тиіс:
а) жүргізуші, аса қажеттілік жағдайларын қоспағанда, оның санатындағы жолды пайдаланушылардың қозғалысына арналған жолдар, жолдың жүретін бөліктері, қозғалыс жолақтары және шағын жолдар болғанда, олармен жүруге тиісті;
b) олар үшін арналған қозғалыс жолақтары немесе шағын жолдар болмаған жағдайда, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтердің жүргізушілері, велосипедшілер және басқа да қозғалтқышсыз көлік құралдарының жүргізушілері, егер бұл басқа жолды пайдаланушылар үшін қолайсыздық туғызбаса, қозғалыс бағытында кез-келген жүріп өтуге жарамды жолдың жағасын пайдалана алады.
2. Жолда келе жатқан жануарларды қозғалыстың бағытына сәйкес келетін жүретін бөліктің шетіне қарай айдауға болады.
3. Осы Конвенциядағы қарама-қайшы сипаттағы 7-баптың 1-тармағының, 11-баптың 6-тармағының өзге де ережелерін және басқа да ережелерді бұзбай, көлік құралының жүргізушісі жағдайға байланысты шамада қозғалыс бағытына сәйкес келетін жүретін бөліктің шетіне жақын жүруі тиіс. Алайда Уағдаласушы тараптар немесе олардың аумақтық бөліністері жүк таситын көлік құралдарының жүретін бөліктерінде орналасу ережелерін нақты реттей алады.
4. Екі немесе үш жүретін бөлігі бар жолда көлік құралының жүргізушісі қозғалыс бағытына сәйкес келетін қарсы жақтың жүретін бөлігіне шықпауы керек.
5. а) Кем дегенде төрт қозғалыс жолағы бар екі жақты қозғалыс жолында қозғалыс жүргізушісі, көлік құралының жүргізушісі қарсы бағытта қозғалыс жасалып жатқан жолаққа шықпауы керек.