Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 және 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 347 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 26 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде:
89-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданған жағдайда шарттың жалпы сомасының 70 пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.»;
2) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
«Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде:
«Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету» деген 3-кіші бөлімде:
2-кезеңде: 2008 жыл:
«Бұл ретте, елдің ипотека нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар жағдайды реттеудің екі тетігін пайдаланатын болады.» деген абзацтағы «екі тетігін» деген сөздер «мынадай тетіктерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«3-тетік.
Бұл тетік ұсынысты қысқарту және сұранысты арттыру жолымен тұрғын үй нарығының теңгерімділігіне қол жеткізу мақсатында қолданылады. Ол өзіне мынадай іс-әрекеттерді қамтиды:
1) Астана қаласы әкімінің құрылыс объектілерінде құрылыс салушылардан пәтерлер сатып алуы;
2) ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы компанияның және олардың еншілес ұйымдарының қызметкерлер арасында одан әрі бөлуі үшін салынып жатқан үйлерде пәтерлер сатып алуы.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«20. | Тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтанды- ру жөнінде шаралар қабылдау | Қазақ- стан Респу- бликасы Үкіме- тінің қаулысы | Қаржы- мині, ИСМ, ЭБЖМ, Әділет- мині, Астана қаласы- ның әкімі | 2008 жылғы сәуір- желтоқсан | 41 млрд. теңге | Респуб- ликалық бюджет ». |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |