2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттары (олар болған жағдайда) орындалмаған;
3) жұмыс беруші өкілінің қатысуымен бос лауазымға орналасудан үміткер қазақстандық азаматтардың кандидатурасын қарау нәтижелері бойынша белгіленетін тиісті ұсыныстардың еңбек рыногында болған. Қазақстандық азаматтардың тиісті кандидатураларын қарау үшін уәкілетті орган кездесу уақытын айқындайды және жұмыс беруші мен қазақстандық азаматты хабардар етеді;
4) рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда жүзеге асырылмайды.
41. Жұмыс берушінің рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін рұқсатты ұзарту үшін ұсынған құжаттарын уәкілетті орган қарауға қабылдамайды.
42. Уәкілетті орган жұмыс берушіні себебін көрсете отырып, жазбаша хабардар етіп, рұқсаттың қолданылуын үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға немесе рұқсатты қайтарып алуға құқылы.
43. Рұқсатты тоқтата тұру шетелдік жұмыс күшінің рұқсаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін тұрғылықты тұратын жеріне кетуіне кепілдік беретін құжаттарды (банк пен жұмыс берушінің арасындағы шарттық көшірмесі мен жұмыс берушінің банктегі шотына кепілді жарнасын енгізуді растайтын құжат) уәкілетті органға осы Ереженің 27-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда жүргізіледі.
44. Тоқтатылған рұқсаттың қолданылуы уәкілетті органның шешімі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін қалпына келтіріледі, бұл туралы жұмыс берушіге қалпына келтіру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарланады.
45. Уәкілетті орган осы Ереженің 46-тармағында көрсетілген себептерді көрсете отырып, жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып рұқсатты кері қайтарып алады.
46. Уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуды:
1) жұмыс беруші осы Ережеде көзделген рұқсат берудің ерекше шарттарын орындамаған;
2) жұмыс беруші осы Ережеде көзделген рұқсат берудің ерекше шарттарын орындамаған;
3) шетелдік қызметкерді рұқсатта көрсетілген лауазымға (кәсіп немесе мамандыққа) сәйкес келмейтін лауазымға (кәсіп немесе мамандыққа) тартқан жағдайда жүргізеді.
47. Жұмыс беруші рұқсатты қайтарып алу туралы хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсат бланкісін уәкілетті органға тапсырады.
4. Қорытынды ережелер
48. Уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тарту, жұмыс берушінің орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша рұқсаттың ерекше шарттарын орындауы жөніндегі есепті орталық атқарушы органға ай сайын ұсынады.
Ережеге
1-қосымша
__________________________________________________________________
(рұқсат беретін органның толық атауы)
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған
РҰҚСАТ
№____ | 20__жылғы «__»______ |
Жұмыс беруші______________________________________________________
(заңды тұлға үшін: атауы, мекенжайы,
__________________________________________________________________
тіркеу нөмірі, тіркелген күні;
__________________________________________________________________
жеке тұлға үшін: Т.А.Ә, төлқұжат мәліметтері, үйінің мекенжайы)
__________________________________________________________________
Рұқсаттың қолданылатын
аумағы____________________________________________________________
__________________________________________________________________
Шетелдік
қызметкер_________________________________________________________
(Т.А.Ә., санаты, лауазымы/кәсібі)
__________________________________________________________________
(төлқұжат /жеке куәлік №, берілген күні және берген мекеме)
Жұмыс әдісі (тұрақты, вахталық)___________________________________
Рұқсат берудің негіздемесі________________________________________
Рұқсаттың қолданылу мерзімі___________бастап__________________дейін
(күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)
М.О. | қолы____________________________ (тегі, аты-жөні) |
Ережеге 2-қосымша
Іссапарға жіберілгендердің тізімі
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған күні | Шыққан елі және азаматтығы (казақстандық азаматтар үшін баратын елі) | Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және қолдану мерзімі | Білімі | Ұйымдағы лауазымы (орындап жүрген жұмысы) | Келу және кету күндерін көрсетіп, елде болу мерзімі (180 күнтізбелік күнге дейін) | Іссапардың мақсаты |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | | | |
КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН: Жергілікті атқарушы орган_________________________________________ (лауазымы, қолы, тегі, аты-жөні) М.О 20__жылғы «___»______________ | Жұмыс беруші___________________________________ (қолы, тегі, лауазымы) М.О |
Ережеге 3-қосымша
Жұмысқа тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер
Р/с № | Т.А.Ә. | Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және қолдану мерзімі | Білімі | Мамандығы немесе кәсібі бойынша жұмыс стажы | Еңбек шартының немесе өкілдікті, филиалды басқаруға шетелдік заңды тұлғаның берген сенімхатының мерзімі |
| | | | | |
Басшы________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
М.О.
Ережеге 4-қосымша
Жұмыс берушінің алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуының
Негіздемесі
Р/с № | Ұйым (толық атауы, заңды мекен-жайы) | Қызмет түрі | Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік) | ___ жылы шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі | Жобалар, келісім-шарттар, жоспарлар болған кезде оларды көрсете отырып, қажеттілік негіздемесі |
Барлығы: | Санаттар, лауазымдар, кәсібтер бөлінісінде |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
Басшы_______________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
М.О.
Ережеге 5-қосымша
Шетелдік қызметкердің біліктілік сипаттамасын бағалау
нәтижесі бойынша
АНЫҚТАМА
1) білімі:__балл;
2) кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыс стажы:__балл;
3) жергілікті атқарушы органдар ұсынысының негізінде жыл сайын орталық атқарушы орган белгілейтін тізімге сәйкес еңбек рыногында нақты мамандыққа (кәсіпке) сұраныстың болуы (болмауы):___балл.
Басшы__________________________________________________
(қолы, тегі, лауазымы)
200__жылғы «___»_____________»
Ережеге 6-қосымша
Рұқсат берудің ерекше шарттары бойынша жұмыс берушімен келісу
Р/с № | Ерекше шарттар | Кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға тиісті қазақстандық азаматтардың саны Жергілікті кадрлармен алмастырылуы тиіс шетелдік жұмыс күшінің саны | Ерекше шарттарды орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 |
| | | |
| | | |
Келісілген: | |
________________________________ (уәкілетті органның атауы) ________________________________ (қолы, тегі, лауазымы) 200__жылғы «___»_____________ М.О | ________________________ (жұмыс берушінің атауы) ________________________ (қолы, тегі, лауазымы) 200__жылғы «___»___________ М.О. |
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен 7-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Ережеге
7-қосымша
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
Басқармасына
_____________________________________________________________________________________________________
(облыс атауы, Астана, Алматы қалалары)
кімнен _______________________________________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
ӨТІНІШ
___________________________________________________________облысында(Астана немесе Алматы қалаларында)
_____________________________________________________________________________________________________
(лауазымы мен мамандығын көрсете отырып, тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаты, саны)
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді/ұзартуды сұраймын
_____________________________________________________________________________________________________
(керегі сызып көрсетілсін)
Негіздеме: ____________________________________________________________________________________________
(шетелдік жұмыс күшін бірнеше облыста және (немесе) Астана мен
_____________________________________________________________________________________________________
(немесе) Алматы қалаларында пайдалану қажеттігі)
_____________________________________________________________________________________________________
Жұмыс беруші туралы мәліметтер
Меншік нысаны _______________________________________________________________________________________
Құрылған күні ________________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелу туралы куәлік
______________________________________________________________________________________________________
(№, кім және қашан берген)
СТН / БИН / ЖИН ______________________________________________________________________________________
(керегі сызып көрсетілсін)
Жүзеге асырылатын қызмет түрі __________________________________________________________________________
Мекен-жай, телефон, факс _______________________________________________________________________________
Қоса берілетін құжаттар _________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
Егер шетелдік қызметкер Қазақстан Республикасындағы кызметін филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік
заңды тұлғаның қызметкері болып табылған жағдайда, онда шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші туралы келесі деректер толтырылады:
______________________________________________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға-жұмыс берушінің толық атауы)
______________________________________________________________________________________________________
Резиденттік еліндегі тіркеу туралы деректер
______________________________________________________________________________________________________
(№, мемлекеттік тіркеу күні және тіркеу органының атауы)
______________________________________________________________________________________________________
Резиденттік елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі
______________________________________________________________________________________________________
Жүзеге асырылатын қызмет түрі __________________________________________________________________________
Резиденттік елдегі мекен-жай, телефон_____________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
«Қолданыстағы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту және квота белгілеу ережесімен таныстым».
Басшы ________________________________________________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, дауазымы)
М.О.
20_жылғы «__» _________
Өтініш қарауға қабылданды 20_жылғы «__»________________
____________________________________________________________
(жауапты тұлғаның тегі, аты-жөні, қолы)
ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен 8-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Ережеге
8-қосымша
Бірінші және екінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін:
1) орталық атқарушы орган бекіткен Басшылар, мамандар мен қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес лауазымға (кәсіпке) қойылатын біліктілік талаптарын көрсете отырып, уәкілетті органға өтініш бергенге дейін кемінде бір ай бұрын және үш айдан аспайтын мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған бос орындар туралы хабарландырулар бар республикалық және жергілікті мерзімді басылымдардың түпнұсқасы;
2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат;
3) жұмыс берушінің бос орынға қазақстандық азаматтарды алудан бас тартуының негіздемесі;
4) осы Ереженің 34-тармағында көзделген жағдайда шетелдік қызметкерді тарту кезінде рұқсаттың түпнұсқасы;
5) орталық атқарушы орган бекіткен Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы және 01-99»"Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жылы, азаматтығы, тұрақты тұратын елі, келген елі, білімі мен алған мамандығы, кәсіптері мен лауазымдарының атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
6) тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар:
білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылса, көшірмелері);
оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері ретінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тарту кезінде шетелдік маманның кәсіптік деңгейінің сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым саласындағы орталық атқарушы органының қорытындысы туралы құжаттар;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен 8) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған, шетелдік қызметкердің табыс сомасы көрсетіле отырып, еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы ережеге 20-1-тармағына сәйкес тартылса);
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен 9) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісім-шарттың (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы ереженің 20-1-тармағына сәйкес тартылса).
Мыналар:
1) жарғылық капиталындағы шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалардың қатысуы кемінде 50%-ды құрайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бірінші басшылары ретінде;
акцияларының кемінде 50%-ы мемлекетке немесе шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдарының директорлары кеңесінің мүшелері ретінде шетелдік қызметкерді тартқан кезде осы қосымшаның 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген;
2) жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері ретінде;
«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдарға шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде осы қосымшаның 1) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Ережеге
9-қосымша
Үшінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттар:
1) орталық атқарушы орган бекіткен Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, Жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасына сәйкес лауазымға (кәсіпке) қойылатын біліктілік талаптарын көрсете отырып, уәкілетті органға өтініш бергенге дейін кемінде бір ай бұрын және үш айдан аспайтын мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған бос орындар туралы хабарландырулар бар республикалық және жергілікті мерзімді басылымдардың түпнұсқасы;
Қазақстандық азаматтардың мәліметтерді жіберуі үшін хабарландыруларда жұмыс беруші мен уәкілетті органның атауы, орналасқан жері мен байланыс телефондары қосымша көрсетіледі.
Үшінші санат бойынша (білікті жұмысшылар) бос жұмыс орындарына үміткер қазақстандық азаматтар уәкілетті орган атына мәлімет жібереді;
2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат;
3) жұмыс берушінің қазақстандық азаматтарды бос орындарға алудан бас тартуының негіздемесі;
4) осы Ереженің 34-тармағында көзделген жағдайда шетелдік қызметкерді тарту кезінде рұқсаттың түпнұсқасы;
5) орталық атқарушы орган бекіткен Қазақстан Республикасында қолданылатын Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (БТБА) сәйкес тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жылы, азаматтығы, тұрақты тұратын елі, келген елі, білімі мен алған мамандығы, кәсіптері мен лауазымдарының атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау қоса берілген еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөніндегі біліктілік талаптары болған жағдайда).
Мыналар:
немесе «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдарға тартқан кезде шетелдік қызметкерлерді осы қосымшаның 1) және 3) тармақшаларымен көзделген құжаттарын ұсыну талап етілмейді.
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен 7) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған, шетелдік қызметкердің табыс сомасы көрсетіле отырып, еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы ереженің 20-1-тармағына сәйкес тартылса);
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен 8) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісім-шарттың (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы ереженің 20-1-тармағына сәйкес тартылса).