Мемлекеттік мекемеге/квазимемлекетік сектор субъектісіне «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде қосымша мыналар:
1) қазынашылық пен мемлекеттік мекеме/квазимемлекетік сектор субъектісі арасындағы Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісімнің түпнұсқасы (бұдан әрі - ЭЦҚ туралы келісім);
2) ЭЦҚ кілттерінің қолданылу мерзімі өткен жағдайда ЭЦҚ пайдалану туралы келісімге Қосымша келісімнің түпнұсқасы беріледі.
Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгерген кезде оларға сәйкес мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгертілген нормативтік құқықтық актінің не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжаттың көшірмесін бір мезгілде ұсына отырып, жоғарыда санамаланғандарға ұқсас жаңа құжаттар ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 92-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
92. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі әр мемлекеттік мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне бір құжаттар жинағын қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 93-тармақ жаңа редакцияда
93. Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжаттар жинағын қалыптастырған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктегі/анықтамадағы, ережедегі (жарғыдағы) және мөр бедерінде (ММ үшін - елтаңбалы) мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісі атауының бірдейлігін, сондай-ақ бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрықтардың, қол қою құқықтарын және мөр бедері үлгілерін қоюды жүктеу туралы бұйрықтардың сәйкестігін тексереді. Алшақтықтар анықталған жағдайда сәйкестендіру үшін мемлекеттік мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 94-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
94. Қолдар мен мөр бедерінің үлгілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 40-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада ұсынылады. Бір данасы мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжаттар жинағында сақталады, екіншісін қаржылық құжаттардағы қолдар мен мөр бедерінің (ММ үшін - елтаңбалы) шынайылығын тексеру үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесі пайдаланады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 95-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
95. Бірінші қол қою құқығы мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы және/немесе ол уәкілеттік берген тұлғалар ие. Екінші қол қою құқығы бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына және/немесе мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы уәкілеттік берген бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 96-тармақ жаңа редакцияда
96. Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолдары мен мөр бедерінің үлгісі бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен расталады және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөр бедерімен (ММ үшін - елтаңбалы) бекітіледі не нотариалды куәландырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолдары мен мөр бедерінің үлгілері нотариалды куәландырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 97-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
97. Қолдар мен мөр бедерінің үлгілері өшпейтін төзімді сиялармен орындалуы тиіс, мөрдің бедері (ММ үшін - елтаңбалы) дәл және анық болуы тиіс. Ұшып кететін сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Мөр бедерін (ММ үшін - елтаңбалы) қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады.
Арнайы мақсаттарға арналған мөрлерді қолдануға жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 98-тармақ жаңа редакцияда
98. Қайта құрылған мемлекеттік мекемеде/квазимемлекеттік сектор субъектісінде мөр уақытша болмаған, мөрдің атауы өзгерген, ескірген немесе жоғалған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы мемлекеттік мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне оның өтінішінің негізінде жаңа мөр дайындауға уақыт (күнтізбелік 10 күннен аспайтын) береді және осы жағдайға байланысты құжаттарды сол елді мекенде орналасқан бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөр бедерімен бекітуге немесе құжаттарды мөр бедерінсіз беруге рұқсат бере отырып, мөр болмаған уақытта қаржылық құжаттарды ресімдеу тәртібін айқындайды. Қолдар мен мөр бедерінің үлгілері мөрдің (ММ үшін - елтаңбалы) дайындалу уақытында оның әрекет ету мерзімі көрсетіліп, «Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің мөр табанының үлігісі» ашық жолағында «уақытша мөрсіз» деген белгімен елтаңбалы мөрдің бедерінсіз (ММ үшін - елтаңбалы) ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 99-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 98-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
99. Ең болмағанда бір қол ауыстырылған немесе толықтырылған немесе мөр ауыстырылған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы тараудың 96-тармағында белгіленген тәртіппен куәландырылған қол қою және мөр бедерінің үлгілерімен жаңа құжат ұсынылады.
Бірінші немесе екінші қол қою құқығы бар тұлғалардың бірінің қолын уақытша ауыстырған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тұлғаны тағайындау және уақытша міндетін атқарушыға қол қою құқығын жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесін оның қолданылу мерзімін көрсете отырып, уақытша міндетін атқаратын тұлғалардың қолдарының үлгілерін қамтитын уақытша құжат ресімделеді. Жаңадан ұсынылған құжаттар мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжат жиынына тігіледі.
Екінші қол қою құқығы бар тұлға уақытша болмаған (демалыс немесе науқастанған) кезде төлем құжаттарына қол қою мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатта көрсетілген екінші қол қою құқығы бар тұлғалар қол қояды. Бұл жағдайда қол қою мен мөр бедерінің үлгілері бар уақытша құжат толтыру талап етілмейді.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 100-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
100. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, мемлекеттік мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне құжат жиынын қалыптастыру үшін қажетті құжаттарда көрсетілген деректердің шынайлығы үшін жауап береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін құжаттау туралы заңнамаға сәйкес тексерілген құжаттарды құжат жиынына тігеді және сақтайды.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-тарау. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды жүргізу
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 101-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
101. Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің мемлекеттік мекемелердің кодтарын, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргізуі тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, шетел валютасындағы шоттардан, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарынан, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарынан төлемдер жүргізуді және ақша аударуды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есептерді қалыптастыру мен ұсынуды қамтиды.
Бiр мемлекеттiк мекеменiң кодынан екiншi мемлекеттiк мекеменiң кодына ақша аударуға жол берiлмейдi.
Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейiн жетi жұмыс күнi iшiнде демеушiлiк, қайырымдылық көмек түрiнде түскен шетел валютасының бар болуына, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылының соңғы жұмыс күні 0900НП «Анықтауға дейiнгi шетел валютасындағы сомалар» шотына түскен сомалардың бар болуына рұқсат етiледi.
Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарында, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарында, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарда және жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.04. № 385 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 102-тармақ жаңа редакцияда
102. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын, тиісті бюджеттерінің, ақылы қызметтерінің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды/квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жүргізуді аумақтық белгісі бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшелері жүзеге асырады. Орналасқан орны бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікке қызмет көрсететін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жақын тұрған мемлекеттік мекемелердің кодтарын, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргізуге осы аумақтық қазынашылық бөлімшесімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жазбаша рұқсатымен жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.04. № 385 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 103-тармақ жаңа редакцияда
103. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының ақшасына билік етушілер бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шоттағы ақшасына билік етушілер - мемлекеттік мекемелердің басшылары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына - аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 104-тармақ жаңа редакцияда
104. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының пайдаланылмаған қалдықтарына және ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-дағы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарындағы ақшаға иелік етудi шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
105. Тиісті бюджеттердің ҚБШ шоттарында ақшаның қозғалысы және ҚР ББС-ға сәйкес шығыстар жөніндегі есептерді беруді мынадай нысандар бойынша күн сайын аумақтық қазынашылық органы жүзеге асырады:
осы Ереженің 41-қосымшасына сәйкес магниттік (электрондық) тасығышта 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп»;
осы Ереженің 42-қосымшасына сәйкес электрондық тасығышта 5-52 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп»;
осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес қағаз тасығышта 5-20 «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірме» және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға беріледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 106-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 106-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 106-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 106-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
106. Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, шетел валютасындағы шоттардағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарындағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардағы ақша қозғалысы жөніндегі есептерді беруді аумақтық қазынашылық органдар жүзеге асырады және:
мемлекеттiк мекемелерге:
1) төлемдер мен ақша аударымдарының жүргiзiлуiне қарай:
осы Ережеге 43-қосымшаға сәйкес «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшiрме» 5-20-нысаны бойынша;
осы Ережеге 44-қосымшаға сәйкес «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдықтар туралы есеп» 5-33-нысаны бойынша;
осы Ережеге 46-қосымшаға сәйкес 8-17 «Мемлекеттік мекемелердің шетел валютасындағы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттар бойынша үзінді» нысаны бойынша;
2) ай сайын:
осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдық» 5-30-нысаны бойынша;
осы Ережеге 48-қосымшаға сәйкес 8-07 «Шетел валютасындағы шоттардағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарындағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардағы қалдықтар туралы есеп» нысаны бойынша;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға есепті тоқсаннан кейінгі 3-ші күнге дейін тоқсан сайын және жыл сайын жылдық есепке осы Ережеге 49-қосымшаға сәйкес 5-34А «Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ-дағы және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» нысаны бойынша;
квазимемлекеттік сектор субъектілеріне төлемдерді жүргізу және ақшаны аудару шамасына қарай:
осы Ережеге 43-қосымшаға сәйкес «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірме» 5-20-нысаны бойынша берiледi.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 107-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
107. 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша тиісті жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарды ай сайынғы салыстыруды жүзеге асыру үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның арасында аумақтық қазынашылық бөлімшесі бір ай аяқталғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде 2 данада 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысанындағы есепті қалыптастырады, жауапты атқарушының мөртабан бедерімен ресімдейді, оған аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы және жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беріледі. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган өз кезегінде 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша тиісті жергілікті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шоты бойынша айналымдар мен қалдықтарды салыстырып, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның басшысына және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты атқарушысына қол қойдырады, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырады және бір данасын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді.
Қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеме мен аумақтық қазынашылық бөлімшесінің арасында кассалық шығыстарды салыстыруды жүзеге асыру үшін тоқсан сайын, ай аяқталғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде 2 данада осы Ереженің 31-қосымшасына сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны қалыптастырылады, олар жауапты атқарушының мөртабан бедерімен ресімделеді, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы мен жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады және мемлекеттік мекемеге беріледі.
Мемлекеттік мекемелер есептерді алғаннан кейінгі 2 жұмыс күні ішінде есептердің деректерін өзінің бухгалтерлік есебінің деректерімен салыстырады.
Мемлекеттік мекеме деректерінің 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны есебінің деректерімен алшақтығы болған кезде соңғысы алшақтық себебін анықтау үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жазбаша өтінім жасайды.
Алшақтықтар болмаған кезде есептерге мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтері не мемлекеттік мекеменің басшысы уәкілеттік берген тұлғалар (олар болмаған жағдайда) қол қояды және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады. Есептің бір данасы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қайтарылады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекеменің және (немесе) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жазбаша өтініші бойынша жоғарыда көрсетілген есептерді қалыптастырады, қол қояды және салыстыруды жүзеге асыру үшін соңғысына береді.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 107-1-тармақпен толықтырылды
107-1. Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекеттік мекеме кассалық шығыстарды салыстыруды жүзеге асыру үшін тоқсан сайын, ай аяқталғаннан кейін осы Ережеге 31-қосымшаға сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны бойынша есепті дербес қалыптастырады және есептің деректерін өзінің бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырады.
Алшақтықтар болмаған кезде есептерге мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтері не мемлекеттік мекеменің басшысы уәкілеттік берген тұлғалар (олар болмаған жағдайда) қол қояды және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады.
Мемлекеттік мекеме деректерінің 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны есебінің деректерінен алшақтығы болған кезде мемлекеттік мекеме алшақтық себептерін анықтау және жою үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жазбаша жүгінеді.
ҚР Үкіметінің 2010.04.08. № 793 Қаулысымен Ереже «Құпия» 11-1-тараумен толықтырылады
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-тарау. Кодтарды, қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын және шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына шоттарды жабу
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 108-тармақ жаңа редакцияда
108. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi күнтізбелік бір жыл ішінде бір рет есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын тексерудi жүргiзедi және 12 ай iшiнде оларда ақша қозғалысы мен қалдықтары болмаған кезде мемлекеттік мекемелерге/квазимемлекеттік сектор субъектілеріне осы ҚБШ жабу жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiлiгi туралы хабарлайды.
Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесі хатының негізінде кейіннен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне және мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылу туралы хабарлама бере отырып, өзі жабады.
109. Тиісті бюджеттердің ҚБШ шоттары әкімшілік-аумақтық бірлікті тарату кезінде жабылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 110-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 110-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
110. Мемлекеттік мекеменің коды осы Ережеге 50-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі бойынша, квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты осы Ережеге 50-1-қосымшаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің өтінімі бойынша, ал ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шоттары, шетел валютасындағы шоттар, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттар осы Ережеге 51-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекеменің өтініші бойынша:
1) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;
2) мемлекеттiк мекемелердiң билiгiнде қалатын олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны мемлекеттiк мекеменiң пайдалану құқығы айқындалатын заңнамалық акті жойылған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнен тиiстi ҚБШ мен шотты ашуға рұқсат беру үшiн негiз болып табылатын қаржыландыру көзiн алып тастаған;
4) тиiстi ҚБШ мен шотының болу құқығын беретiн заңнамалық негiздеменi жойған;
5) ақылы қызметтер, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттары бойынша операциялар күнтізбелік жыл iшiнде болмаған;
6) қарыз туралы шартта көрсетілген қарызды жабатын күн басталған немесе оның негізінде сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот ашылған байланысты грант туралы шарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайларда жабылады.
111. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.