5. Балалар арбасының тежегіш, тұйықтау жүйесіне баланың қолы жетпеуге тиіс немесе оларды ашып-жабу бір мезгілде екі қолмен, немесе арнайы аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Жылжымалы (жиналмалы тұтқалар) және (шанақтың) алмалы-салмалы бөлшектерді жұмыс жағдайынан өз бетімен алуға жол берілмейді.
6. Бұйымның тоқыма материалдары берік болуға тиіс, эталонның сұр шәкілі бойынша кемінде 3 балл бояудың өңі беруі орнықты болуы керек. Балалар арбасының жабық шанағының сыртқы қаптамасы су өтпейтіндей немесе су өтпейтін чехолы болуға тиіс.
7. Тасымалдауға арналған тұтқалар, белдіктер, қапсырамалар мен өзгеде құралдар 30 кг салмақты жүкті көтеруге тиіс. Реттегіштер мен құлыпты қосқанда, қауіпсіздік белдігінің беріктігі кемінде 15 даН болуға тиіс.
8. Материалдың түріне қарай бұйымның химиялық қауіпсіздігі мына нормаларға сәйкес келуге тиіс:
тоқыма материалдары: осы Техникалық регламенттің 8, 9-тармақтары 3-қосымшасының 6, 7-кестелері;
полимер материалдар: осы Техникалық регламенттің 8-тармағы 4-қосымшасының 4-кестесі.
9. Бұйымында бұйым арналған баланың жасы (немесе салмағы) көрсетілген қолдану; бұйымды құрастыру, орнату, реттеу және сақтау жөніндегі нұсқаулығы, бұйымды қауіпсіз пайдалану жөніндегі ұсынымдары болуға тиіс.
10. Балалар арбасының сәйкестігін растау осы Техникалық регламенттің 7-кестеде санамаланған бір сызба бойына міндетті түрде сертификаттаумен жүргізіледі.
3. Велосипедтердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
11. Осы талап ершіктің биіктігі 435-тен 635 мм мектеп жасына дейінгі балаларға арналған велосипедтерге; ершігі 635 мм биіктікте реттелетін мектеп жасындағы балаларға және жасөспірімдерге арналған көлік велосипедтеріне қолданылады.
12. Велосипедтің бөлшектері мен тораптарының конструкциялары берік болуға және осы бұйымды пайдаланған уақытта баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Шынжырмен жүретін велосипед тежегіш жүйемен немесе тежегіш жүйелерімен жабдықталуға тиіс. Жұлдызша тістерінің үстінде шынжырдың жинақталуына және шынжырды лақтырып тастауына жол берілмейді.
13. Мініп жүру процесінде баланың денесі тиетін бұйымның шығып тұрған бөлшектерінің айналасы үшкір болмауға тиіс. Ұзындығы 8 мм-ден асатын шеткі бөлшектері дөңгеленген болуға тиіс. Раманың үстіңгі құбырында шығыңқы жерлер болмауға тиіс.
14. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған тежегіші қолмен басылатын велосипедте тежегіштің тұтқасына 90 Н күш түсіргенде тежегіш күші кемінде 90 Н болуға тиіс. Аяқпен тежелетін велосипедте басқышқа түсетін күштің тежегіш күшіне арақатысы 2:1 аспауға тиіс.
15. Тежегіш жүйесі жасөспірімдерге арналған велосипедті массасы 70 кг, мектеп оқушыларынікін - 60 кг-мен жүк тиеп тежегіш жүйесін сынаған кезде «іркіліссіз» жұмыс істеуге тиіс. Дөңгелектерді толық бөгеуге рұқсат етілмейді. Тежегішке түскен күшті босатқан кезде тежегіш жүйесінің барлық элементтері бастапқы күйіне келуге тиіс.
16. Рульдік басқару велосипедті нық әрі сенімді басқаруды қамтамасыз етуге тиіс. Рульдің шеттері кемінде 70 Н тарту күшіне шыдайтын тұтқалармен немесе тығындармен жабдықталуға тиіс.
Рульмен басқару мектепке дейінгі балалар үшін екі жағынан да кемінде 600 және 750-ден аспайтын бұрышта дөңгелектің еркін айналуын қамтамасыз етуге тиіс (алдыңғы дөңгелекке қосылатын үш дөңгелекті велоспиедтен басқа). Мектеп оқушылары мен жасөсіпірімдерге арналған велосипедтің басқышы мен дөңгелектің (немесе алдыңғы дөңгелектің шиткасы) арасы кемінде 89 мм болуға тиіс.
«Руль - алдыңғы айыр» торабын сынаған кезде мектепке дейінгілерге арналған велосипедте көзге көрінетін жарықтар болмауға, руль өзегі сынбауға тиіс. Қалдық деформация дөңгеленген сәтте 500 Н - статикалық жүк, 30 Н.м. тең күш салғанда 20 мм-ден 100 мм-ге аспауға тиіс; рульдің екі жағынан 130 Н-тан жүк салғанда өзекке қатысты руль алынбауы тиіс.
Велосипедтің «руль - алдыңғы айыр» торабын сынаған кезде көзге көрінетін жарықтар болмауға тиіс. Мектеп оқушыларына арналған велосипедтерді кемінде 13,5 кг түсіп келе жатқан салмақпен сынаған кезде және торапқа кемінде 130 Н күш түсіргенде; жасөспірімдерге арналған велосипедтерді кемінде 22,5 кг салмақпен сынаған кезде және 200 н күш түсірген кезде - айыр мен раманың ұшы арасындағы өлшенетін тораптың қалдық деформациясы 40 мм-ден аспауға тиіс.
Рульдің өзегі мектеп оқушыларының велосипедін сынаған кезде кемінде 50 Н м, жасөспірімдерге арналған велосипедте кемінде 108 Н м болғанда айналған сәтте күш түсіргенде сынбауға тиіс. 150 Н м мектеп оқушыларының велосипедін, кемінде 25 Н м жасөспірімдерге арналған велосипедтерді сынаған кезде «руль өзегі - алдыңғы айыр» торабына айналған сәтте күш түсіргенде жарықтарға, сынықтарға және 4 мм-ден асатын сынақ валын араластыруға жол берілмейді.
17. Ершік пен ершікті ұстағыш велосипедке нық орнатылуға тиіс. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған велосипедке тігінен төменге бағытталған 300 Н тең салмақ түскен кезде ершікті ұстағышқа қатысты айналып кетпеуге тиіс; ершікке көлденең салмақпен 100 Н тең салмақ түсірген кезде рамаға қатысты ершік ұстағыш айналып кетпеуге тиіс.
Мектеп жасындағы балаларға арналған велосипедтерді сынаған кезде тиісінше ершікке кемінде 600 Н және 700 Н тігінен салмақ және 150 Н пен 200 Н көлденең салмақ түсірген кезде ершік ұстағышқа қатысты ершік және ершікке қатысты ершікті ұстағыш айналып кетпеуге тиіс.
18. «Рама-айыр» торабы берік болуға тиіс. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған велосипедтерді 50 мм биіктіктен салмағы 22,5 кг түсіп келе жатқан жүкпен және салмағы 30 кг жүкпен «рама-айыр» торабынан еркін құлатып сынаған кезде - көзге көрінетін жарық болмауға тиіс, айырдың аяқ жағы мен раманың арасындағы өлшенетін тораптың қалдық деформациясы 20 мм-ден аспауға тиіс.
19. «Басқыш-шатун» торабы динамикалық жүктемелерге шыдамды болуға тиіс. Динамикалық сынақ кезінде басқыштың немесе шатунның қиылысында қызып кетпеуге және көзге көрінетін жарықтар болмауға тиіс. Велосипедтің сымы басқышқа тігінен кемінде 600 Н (мектеп жасындағы балаларға арналған велосипедтерде), кемінде 1500 Н (жасөспірімдерге арналған велосипедтерде) күш түсірген кезде жұмыс істеуге тиіс.
20. Басқыштар мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған велосипедте - 200, мектеп жасындағы балаларға арналған велосипедте - 250 тік күйінде жүк тиелген велосипедпен орнынан қозғалғанда жерге тимеуге тиіс.
Велосипед шынжырдың негізгі жұлдызшамен қосылатын сыртқы бетін жабатын қорғаныш құрылғымен жабдықталуға тиіс.
21. Дөңгелектің айырдан өз бетімен түсіп қалуына жол берілмейді. Мектеп оқушыларына арналған велосипедтердің радиалды және бетіндегі дөңгелектері 4,0 аспауға, дөңгелектер жазықтығының араласуы - 7,0 аспауға тиіс.
22. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған велосипедтерге орнатылатын ұстап тұратын роликтер салмағы 30 кг жүкті тігінен қойғанда 25 мм артық иілмеуі, қалдық деформация 15 мм-ден артық болмауға тиіс. Велосипед пен әрбір роликтің ішкі тік беті симметриясының жазықтығы арасындағы көлденең қашықтығы кемінде 175 мм болуға тиіс.
23. Велосипедке жарық беру жүйесін жүргізген кезде электр сымы қозғалатын бөліктен немесе өткір жиектен басқа жағына орналастырылуға тиіс. Барлық қосылыстар 10 Н тартылыс күшіне шыдауға тиіс.
24. Әрбір велосипедте мынадай ақпаратты:
жинау және күтіп ұстау жөніндегі нұсқаулықты;
велосипедпен жүрген кезде қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықты қамтитын нұсқаулық болуға тиіс.
25. Велосипедтердің сәйкестігін растау осы Техникалық регламенттің 7-кестеде санамаланған міндетті түрде сертификаттау сызбасының біреуі бойынша жүргізіледі.
«Балаларға арналған өнімдер
мен бұйымдар қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
6-қосымша
Баспа (оқу, кітап, журнал) өнімдерінің, электронды
оқу басылымдарының; мектеп-жазу заттарының
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Өнімнің тізбесі
1. Осы қауіпсіздік талаптары:
оқу басылымдарына, соның ішінде, жалпы және бастауыш кәсіби білім беруге арналған электронды басылымдарға;
кітап, журнал басылымдарына;
балаларға арналған мектеп-жазу керек-жарақтарына қолданылады.
Осы Техникалық регламентке сәйкестігін растауға жататын өнімдер тобының тізбесі 1-кестеде келтірілген.
1-кесте
Өнімнің атауы | Өнімнің сипаттамасы |
Кітаптар және брошюралар | Оқу басылымдары Балалар әдебиеті Журналдар және балалар басылымын жалғастыратындар 95 3005, 95 6600, 95 3920, 95 2600 |
Бағдарламалық-ақпараттық өнімдері | Электрондық оқу баспалары |
Мектеп-жазу керек-жарақтары | кеңсе (қаламдар, сызғыштар және т.б.), көркем оқу қылқаламдары, сурет салуға арналған қылқаламдар 96 9280, 96 7703, 96 7753 |
2. Баспа өнімдерінің биологиялық және химиялық
қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
1. Егер баспа екі немесе үш жас топтарына есептелсе, баспа жас топтарының оқырмандар мекенжайында көрсетілгендердің ішінен кішісіне қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2. Мәтінді түрлі-түсті, сұр фонда, бояуы көп безендірілген күйде шығарған кезде фонның оптикалық тығыздығы кемінде 0,3; қаріпті теріс басып шығарған кезде - кемінде 0,4 болуға тиіс. Басылымдарды дайындау үшін кемінде 74 % аппақ көрсеткіш қағазды және қайтадан пайдалануға арналған басылымдардан (емтихан билеттері, тапсырмалары бар карточкалар, тест тапсырмалары, кроссвордтар) басқа, газет қағаздарын пайдалануға рұқсат етілмейді.
3. Басылымдарда қаріпті кішірек сызуға рұқсат етілмейді.
4. Мектепке дейінгі және мектеп жасына арналған басылымдағы сөздердің арасындағы бос жер қаріптің кегліне тең болуға тиіс.
5. Әріп, сан және химиялық формулаларды ресімдеу кезінде формулалардың көмекші элементтерінің қаріп кеглі кемінде 6 тармақ болуға тиіс.
6. Баспа жайылып тұрған кездегі түбір жолақ кемінде 26 мм болуға тиіс. Парақтардың жолақтарына шартты белгілерді, көрнекі бейнелерді салуға рұқсат етілмейді, көлемі 50 белгіден аспайтын мәтіннің жолақтан ара қашықтығы кемінде 5 мм.
7. Қара бояумен басқан кезде басылымда мәтіндегі және қағаздағы бейнелер элементтерінің оптикалық тығыздығы кемінде 0,7 болуға тиіс. Анық емес белгілердің («үзік-үзік») сызықтарымен мәтінді басуға жол берілмейді.
8. Басылым 2-кестеде көрсетілгеннен асатын санда үлгілі ортаға (су және/немесе ауа) зиянды заттар бөлмеуге тиіс.
2-кесте
Зиян заттың атауы | Сулы ортада | Ауа қабатында |
Норматив, мг/дм3, аспайды | Норматив, мг/м3, аспайды |
Фенол | 0,05 | 0,003 |
Формальдегид | 0,1 | 0,003 |
Қорғасын | 0,03 | - |
Мырыш | 1,0 | - |
Күшән | 0,05 | - |
Хром (III, ІҮ) | 0,1 тең | - |
9. Басылымдардың қаріптік ресімдеу өлшемдері типометрикалық Дидо жүйесінде берілген (1 тармақ = 0,376 мм).
10. Баспаның шығарылым мәліметтерінде мынадай ақпарат болуға тиіс: авторлар туралы мәлімет, басылымның тақырыбы, серияның тақырыбы, серияның шығарылым нөмірі, оқырмандарға арналған мәлімет, басылымның нысаналық мақсаты, шығарушының аты және оның мекенжайы, басылымның шығарылған жылы, полиграфиялық кәсіпорынның аты және жылы, басуға қол қойылған күні, басылымның форматы, қағаздың түрі, негізгі мәтін қарпінің гарнитурасы, баспаның түрі, таралымы, полиграфиялық кәсіпорын тапсырысының нөмірі.
4 жасқа дейінгі балаларға арналған басылымның шығарылым мәліметінде «Үлкендердің балалармен бірге оқуына арналған» деген оқырмандарға арналған ақпарат болуға тиіс.
3. Кітап оқу басылымдарына қойылатын қауіпсіздік талаптары
11. Бастауыш кәсіби білім беруге арналған оқу басылымдарының қаріптік ресімделуі 10-11 сыныптарға арналған оқу басылымдарына белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
12. Оқу басылымының салмағы аспауға тиіс:
300 г - 1-4 сыныптарға;
400 г - 5-6 сыныптарға;
500 г - 7-9 сыныптарға;
600 г - 10-11 сыныптарға.
13. Оқулық басылымдарында:
негізгі, қосымша мәтіндер мен ерекше бөліп көрсетулер үшін қаріпті айналдыру мен түрлі түсті бояуларды;
жазу қағаздары мен жұмыс дәптерлерінің жазуға арналған бөліктерінде түрлі түсті және күлгін фондарды;
негізгі және қосымша мәтіндерді үш және одан көп бағандарда теруді;
бекітудің тігілмейтін тәсілдерін пайдалануға болмайды.
14. Жазуға алғашқы дағдыларды қалыптастыруға арналған жазу үлгілеріндегі (әріп элементтері, әріптер, әріптер арасындағы байланыстырушы элементтер, жеке сөздер) әріп жолдарына арналған көлденең сызықтардың арасындағы ара қашықтық 8 мм-ден аспауы және 5 мм-ден кем болмауы қажет.
Жазу дағдысын нығайтуға арналған жазу үлгілеріндегі (жеке сөздер және сөйлемдер) әріп жолдарына арналған көлденең сызықтар арасындағы ара қашықтық 4 мм-ден кем болмауы қажет.
Жолдар арасындағы ара қашықтық 8 мм-ден кем болмауы тиіс.
Әріптердің үлгілері мен олардың элементтерінің бейнесі үшін нүктелерді пайдалануға болмайды.
15. Оқу пәніне, баспа түріне және оның оқырманына байланысты оқулық басылымдарын қаріптік ресімдеу өлшемі 3, 4, 5, 6, 7 және 8-кестелерде белгіленген.
1-4 сыныптарға арналған гуманитарлық пәндер бойынша
оқулық басылымдарын қаріптік ресімдеу талаптары
3-кесте
Сыныптар | Кегль, тар- мақтар, кемінде | Интер- линьяж, тармақ- тарын арттыру, кемінде | Жолдың ең аз ұзындығы, мм | Қаріптің сипаттамасы |
Тобы | Кескіні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Бірінші, оның ішінде әліппелер ** | 36* 18 | 2 | 117 | ұсақ немесе жаңаша | қалыпты немесе жалпақ; |
Екінші | 16 | 2 | 117 | аздап қанықтау | ашық немесе жартылай қарайтыл- ған; тік |
Үшінші және төртінші | 14 | 2 | 108 | | қалыпты немесе жалпақ; ашық; тік |
12*** | 2 | 81 | қалыпты немесе қалың; ашық |
Ескертпе:
* әліппенің бөліктеріндегі жекелеген әріптер үшін - асты сызылып жартылай қарайтылған немесе қою, тік;
** әліппе бөлімі үшін қалыпты ұсақ, жартылай қарайтылған немесе қою, тік кескінделген топтағы қаріптерге рұқсат етіледі;
*** Көлемі 200 белгіден аспайтын қосымша мәтін үшін ғана жол беріледі.
5-11 сыныптарға арналған гуманитарлық пәндер бойынша
оқулық басылымдарын қаріптік ресімдеу талаптары
4-кесте
Сынып- тар | Функцио- налдық белгіленуі | Кегль, тармақ- тар, кемінде | Интерлиньяж, тармақтарын арттыру, кемінде | Жолдың ең аз ұзындығы, мм | Қаріпті кескіндеу |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
5-6 | Оқулықтар мен оқу құралдары | 12 | регламент- телмеген | 63 | қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
10* | 2 | 63 | қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
9** | 2 | 54 | қалыпты |
Практика- лық сабақтар | 10 | 2 | 63 | қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
9** | 2 | 54 | қалыпты |
7-9 | Оқулықтар мен оқу құралдары | 10 | 2 | 72 | қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
9* | 2 | 54 | қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
8** | 2 | 50 | қалыпты |
Практика- лық сабақтар | 10 | 2 | 54 | қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
9* | 2 | 54 | қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
8** | 2 | 50 | қалыпты |
10-11 | Оқулықтар мен оқу құралдары | 12 | Регламент- телмеген | 81 | қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
10 | 2 | 72 | қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
9* | 2 | 54 | қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
8** | 2 | 50 | қалыпты |
Практика- лық сабақтар | 9 | 1 | 54 | қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
8* | 1 | 54 | қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
8** | 1 | 50 | қалыпты |
Ескертпе:
* тіл ғылымы бойынша баспаларға ғана рұқсат етіледі;
** көлемі 5-6 сыныптар үшін 1000 белгіден, 7-9 сыныптар үшін 1500 белгіден, 10-11 сыныптар үшін 2000 белгіден аспайтын қосымша мәтіндерге ғана рұқсат етіледі.
1-11 сыныптарға арналған математика пәні бойынша оқулық
басылымдарын қаріптік ресімдеу талаптары
5-кесте
Сы- ныптар | Кегль, тармақ- тар, кемінде | Интерли- ньяж, тармақ- тарын арттыру, кемінде | Жолдың ең аз ұзындығы, мм | Қаріптің тобы/ қаріпті кескіндеу |
1 | 14 | 2 | 90 | ұсақ/қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
2-4 | 14 | 2 | 90 | ұсақ, жаңаша аздап қанықтау/қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
12 | 2 | 90 | ұсақ/қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
5-6 | 10 | регламент- телмеген | 50 | қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
9* | 1 | 50 | қалыпты |
7-11 | 9 | 1 | 50 | қалыпты немесе қалың; ашық; тік |
8* | 1 | 50 | қалыпты |
Ескертпе:
* тек қосымша мәтіндерге ғана рұқсат етіледі
1-11 сыныптарға арналған жаратылыстану пәндері бойынша
оқулық басылымдарын қаріптік ресімдеу талаптары
6-кесте
Сы- ныптар | Кегль, тар- мақтар, кемінде | Интерли- ньяж, тармақ- тарын арттыру, кемінде | Жолдың ең аз ұзындығы, мм | Қаріптің тобы/ қаріпті кескіндеу |
1-2 | 14 | 2 | 108 | ұсақ, жаңаша аздап қанықтау/қалыпты немесе қалың; ашық немесе жартылай қарайтылған; тік |
3-4 | 12 | 2 | 81 |
10* | 2 | 81 | ұсақ, жаңаша аздап қанықтау/қалыпты немесе қалың; ашық немесе жартылай қарайтылған |
5-6 | 10 | 2 | 50 | қалыпты ашық тік |
9* | 1 | 50 | қалыпты |
7-9 | 10 | 1 | 50 | қалыпты ашық тік |
8* | 1 | 50 | қалыпты |
10-11 | 9 | 2 | 50 | қалыпты ашық тік |
8* | 2 | 50 | қалыпты |
Ескертпе:
* көлемі 1-4 сыныптарға арналған басылымдарда 200 белгіден аспайтын, 5-6 сыныптарға арналған басылымдарда 1000 белгіден аспайтын, 7-9 сыныптарға арналған басылымдарда 1500 белгіден аспайтын, 10-11 сыныптарға арналған басылымдарда 2000 белгіден аспайтын қосымша мәтіндерге ғана рұқсат етіледі.
Оқулық басылымдарында мәтінді екі және
одан көп бағандарда ресімдеу талаптары*
7-кесте
Пән- дер | Сынып -тар | Екі бағанда теруге рұқсат етіледі | Бағандар арасын- дағы ара қашық- тық, мм, кемінде | Жолдың ұзын- дығы, мм, кемінде | Көп бағанда теруге рұқсат етіледі | Бағандар арасын- дағы ара қашықтық, мм, кемінде | Жолдың ұзын- дығы, мм, кемінде |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Гума -ни- тар- лық пән- дер | 1-4 | тек өлеңдер үшін | 9 | - | мәтін- дерге арналған кестелер үшін | 12 | 63 |
5-6 | тек тіл ғылымы бойынша баспалар үшін | 9 | 63 | 6 | 50 |
7-11 | Негізгі мәтін үшін | 9 | 63 | 6 | 32 |
Қосымша мәтін үшін | 9; 6** | 63 |
1-11 | басы- лымның сөздік бөлі- гінде | 9; 6** | - | - | - | - |
- | - | - | сөздер- дің, сөз тіркес- терінің, хроноло- гиялық матер- иалдар- дың тізімі үшін | 12; 6** | - |
Мате- мати- калық пән- дер | 1-4 | - | - | - | мысал- дар мен тапсыр- малар бағанда- ры үшін | 12; 9** | - |
5-11 | Негізгі мәтін үшін | 9 | 50 | мысал- дар мен тапсыр- малар бағанда- ры үшін | 9; 6** | - |
Қосымша мәтін үшін | 9; 6** | 50 |
Жара- ты- лыс- тану пән- дері | 1-4 | - | - | - | мәтін- дерге арналған кестелер үшін | 12 | 63 |
5-6 | тек қосымша мәтін үшін | 9 | 63 | 6 | 50 |
7-11 | Негізгі мәтін үшін | 9 | 63 | 6 | 32 |
Қосымша мәтін үшін | 9; 6** |
Ескертпе:
* жолдың ұзындығынан басқа қаріптік ресімдеу өлшемдері 6.3-6.6-кестелердің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
** бөлуші сызық болған жағдайда
Жалпы білім беретін мектептерге арналған көрнекі
құралдар қаріптерінің көлеміне қойылатын талаптар
8-кесте
Жасына қарай топтары | Бақылау ара қашықтығы (см), кемінде | Қаріптің көлемі (тармақтар), кемінде |
Мектеп жасына дейінгі (5-6 жас) | 30 | 16 |
50 | 37 |
300 | 180 |
1-сынып | 30 | 14 |
50 | 29 |
300 | 175 |
2-сынып | 30 | 12 |
50 | 25 |
300 | 150 |
3-4 сыныптар | 30 | 10 |
50 | 21 |
300 | 125 |
5-6 сыныптар | 30 | 9 |
50 | 19 |
300 | 112 |
7-11 сыныптар | 30 | 8 |
50 | 17 |
300 | 100 |
4. Кітап және журнал басылымдарының қауіпсіздік талаптары
16. Әдеби-көркем және ғылыми-көпшілік басылымдардағы мәтіндер үшін түрлі түсті бояуларды және қаріпті айналдыруды қолдануға болмайды.
17. Анықтамалық және тынығуға арналған басылымдарда түрлі түсті фонда түрлі түсті бояулармен басылған жағдайда қаріптің кеглі 20 тармақтан, мәтіннің көлемі 200 белгіден аспауы тиіс.
18. Түрлі түсті бояулардағы сурет элементтерінің ең үлкен көлемі 5 мм-ден кем болмауы қажет.
19. Кітап және журнал басылымдарын басылым түріне, бір мезгілде оқылатын мәтіннің көлемі мен оқырманына байланысты қаріптік ресімдеу өлшемдері 6.9-6.14 кестелерде белгіленген.
20. Аралас басылымдардың (мәтінмен бірге ойыншықтарды, кеңсе тауарларын, CD-дискілерді қамтитын басылымдар) мәтіндік бөліктерін қаріптік ресімдеу өлшемдері 9-14 кестелерде белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Аралас басылымдардың химиялық және биологиялық қауіпсіздігі 2-қосымшадағы 14, 15, 16-кестелерде белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
5. Электрондық оқу басылымдарының, мектепке арналған
жазу құралдарының қауіпсіздігі талаптары
21. Стандартты бейнелеу құралы ретінде 15 немесе 17 дюйм диагональды электрлі-сәулелі түтігі бар мониторды тану қажет.
22. Электрондық басылымдар мәтіндерін балаларды мектепке даярлау үшін білімді дамытушы оқу құралы ретінде пайдалануға жол берілмейді.
23. Электрондық басылымда мәтіндік және/немесе белгілік ақпарат үшін:
қаріптің жіңішке және/немесе курсивті кескінделген түрлерін;
бір электрондық бетте әртүрлі ұзындықтағы толқынды төрттен артық түсті;
қызыл фонды;
көлденең және тігінен «жылжитын» жолдарды пайдалануға болмайды.
24. Электрондық басылым шеңберінде қаріптің жіңішке және курсивті түрлерінен басқа әртүрлі кескіндерінің біреуін ғана пайдалануға жол беріледі.
25. Электрондық беттерді оқырманы мен бір мезгілде оқылатын мәтін көлеміне байланысты жарқын сипаттамасымен және қаріппен ресімдеу талаптары 15-кестеде белгіленген.
6. Мектепке арналған жазу құралдарының
қауіпсіздігі талаптары
26. Мектепке арналған жазу құралдарының химиялық қауіпсіздігі талаптары 2-қосымшаның 15, 16-кестелерінде белгіленген талаптарына сәйкес келуі тиіс.
27. Баспа өнімдерінің, электрондық оқу басылымдарының, мектепке арналған жазу құралдарының осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестілігін бекітуді осы Техникалық регламенттің 7-қосымшаның схемалары бойынша декларациялаумен жүргізіледі.
Жоғары мектеп жасына дейінгі жастағы (4-6 жас)
балаларға арналған кітап және журнал басылымдарды
қаріптермен ресімдеу талаптары
9-кесте
Қаріптің кеглі, тармақтар, кемінде | Интерлиньяж, тармақтарын арттыру, кемінде | Жолдың ең аз ұзындығы, мм | Қаріптің тобы/ қаріпті кескіндеу |
20 және одан жоғары | 2 | 117 | ұсақ, жаңаша аздап қанықтау/қалыпты немесе қалың ашық тік |
16, 18 | 4 |
14 | 4 | 108 | ұсақ/қалыпты қалың немесе тым қалың ашық тік |
12* | 2 | 90 |
Ескертпе:
* бір беттегі 200 белгі және одан аз мәтін көлемі үшін
Кіші мектеп жасындағы (7-10 жас) балаларға арналған
кітап және жорнал басылымдарындағы мәтінді қаріптік
рәсімдеу талаптары
10-кесте
Баспа түрі | Мәтінді бір мезгілде оқу көлемі, белгілер саны | Кегль, тармақ- тар, кемінде | Интерли- ньяж, тармақтарын арттыру, кемінде | Жолдың ең аз ұзындығы, мм | Қаріптің тобы/ қаріпті кескіндеу |
Әдеби көркем; ғылыми таны- мал; оқуды дамыта- тын | 600 астам | 14 | 2 | 81 | ұсақ, жаңаша аздап қанықтау/ қалыпты немесе қалың ашық тік |
12 | 2 | 81 | Ұсақ, жаңаша аздап қанықтау/ қалыпты немесе қалың ашық тік |
кемінде 600 | 10 | 2 | 41 | ұсақ/қалыпты тік |
Анықта- ма және қол жеткізу үшін | 600 астам | 14 | 2 | 81 | ұсақ, жаңаша аздап қанықтау/ қалыпты немесе қалың ашық тік |
12 | 2 | 81 | ұсақ/қалыпты немесе қалың ашық немесе жартылай қарайтылған тік |
200-ден 600-ге дейін | 10 | 2 | 41 | ұсақ/қалыпты тік |
200 астам | 12* | 2 | 41 | ұсақ/қалыпты жартылай қарайтылған тік |
10 | - | - | қалыпты тік |
Ескертпе:
* қаріпті әзірлеу және мәтінді басу түрлі-түсті бояумен рұқсат етіледі
Орта мектеп балаларына (11-14 жас)
арналған кітап және жорнал басылымдарын
қаріптік ресімдеу талаптары
11-кесте
Баспа түрі | Мәтінді бір мезгілде оқу көлемі, белгілер саны | Кегль, тар- мақтар, кемінде | Интерли- ньяж, тармақтарын арттыру, кемінде | Жолдың ең аз ұзындығы, мм | Қаріптің тобы/ қаріпті кескіндеу |
Әдеби көркем; ғылыми таны- мал; | 1500 астам | 10 | 2 | 72 | қалыпты немесе қалың ашық тік |
1500 кемінде | 9 | 2 | 41 | қалыпты немесе қалың ашық немесе жартылай қарайтылған тік немесе курсивті |
Анықта-ма және қол жеткізу үшін | 1500 астам | 10 | 2 | 72 | қалыпты немесе қалың ашық тік |
1000-нан 1500-ге дейін | 10* | 2 | 41 | ұсақ/қалыпты жартылай қарайтылған тік |
9 | Регламент- телмейді | 41 | қалыпты |
600-ден 1000-ға дейін | 8 | 2 | 41 | қалыпты тік |
600 кемінде | 8 | Регламент- телмейді | Регламент- телмейді | қалыпты |