- Мемлекеттік экологиялық саясатты қалыптастыру және орнықты дамуға көшу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; - энергияның қайта жаңартылатын ресурстарымен көздерін тиімді және ұтымды пайдалану және «серпінді» технологиялар жөніндегі саясатты құрастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; - халықаралық шарт- тарды іске асыруды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; - шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды өз құзыретінің шегінде бекіту немесе келісу; - қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру; - бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу; - қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды салааралық үйлестірілуін жүзеге асыру; - климатты және жердің озон қабатын қорғау, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, шөлейттену және жердің азып-тозуы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді өз құзыретінің шегінде жүзеге асыру; - қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және олардың орындалуын ұйымдастыру; - өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; - қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу; - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаларды және іс-шаралар жоспарларын келісу; - Табиғат ресурстары кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізуді ұйымдастыру; - Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастыру; - Зиянды заттарды, радиоактивтік қалдықтарды көмудің және жер қойнауына сарқынды суларды төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастыру; - қалдықтарды басқару жүйесін жүргізуді ұйымдастыру; - Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізуді қамтамасыз ету; - қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингті және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ Қоршаған ортамен табиғи ресурстарға мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізуді үйлестіруді жүзеге асыру; - Қоршаған ортамен табиғи ресурстарға мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу жөніндегі ақпараттың тізбесін, нысандарын және алмасу мерзімдерін бекіту; - жұртшылықтың дауларды өткізу тәртібін белгілеу; - парник газдарымен озон қабатын бұзатын заттардың шығарындыларына түгендеу тәртібін белгілеу; - ұлттық экологиялық атласты әзірлеуді және жариялауды ұйымдастыру; - соттың шешімі мен республикалық меншікке келіп түсуі танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін әзірлеу; - соттың шешімі мен республикалық меншікке келіп түсуі танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқаруды жүзеге асыру; - атмосфераға парник газдарының шығарындыларын шектеу, тоқтата тұру немесе азайту тәртібін және қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға квоталар және міндеттемелер саудасының тәртібін әзірлеу; - қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің бағдарламаларын әзірлеуі; - Мемлекеттік қалдықтар кадастрын жүргізу нәтижелері бойынша жыл сайынғы ақпараттық шолу жасау; - аумақтың экологиялық ахуалын бағалау критерийін әзірлеу; - қалдықтарды орналастыру полигондарының жою қорларын қалыптастыру тәртібін әзірлеу; - қоршаған ортаға - эмиссия үшін базалық және шекті ақы төлеу ставкаларын әзірлеу; - озық қол жетімді технологиялардың тізбесін әзірлеу; - қоршаған ортаны ластау учаскелерін мемлекеттік есепке алуды, оның ішінде қоршаған ортаны ластау учаскелерінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады; - Парник газдарының мемлекеттік кадастрымен Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастыру; - қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу есебінің әдістемесін бекіту; - міндетті экологиялық аудит туралы қорытындының нысанын бекіту; - техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестің құрамы және ережесін бекіту; - қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісімдер және меморандумдар жасасу; - сақтандыру жағдайында қоршаған ортаны авариялық ластауға әкеп соқтырған залал және салдарлар себебін, ауқымын белгілеу үшін құрылған құзыретті комиссияның құрылу тәртібін белгілеу; - зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және жер қойнауына ағынды сулар төгіндісін жүргізу жөніндегі нұсқау- лық-әдістемелік құжаттарды бекіту; - табиғатты пайдаланушылар мен қоршаған ортаны ластау көздерін есепке алу тәртібін белгілеу; - қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми негіздерді қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз ету; - болжанып отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және шешімдерді қабылдау үдерісіне жататын экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз ету мерзімі мен тәртібін белгілеу; - әртүрлі сыныпты полигондарда орналастыру үшін қалдықтар тізбесін белгілеу; - мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттар нысанын бекіту; - өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікке талаптарды белгілеу тәртібін әзірлеу және бекіту; - мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібін қоса алғанда, қоршаған ортаға әсер етуді бағалауды және мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу жөнінде нұсқаулық- әдістемелік құжаттарды бекіту; - мыналарды: қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін белгілеу әдістерін; - қалдықтар жіктегішін; - қауіпті қалдықтар жөніндегі есеп нысанын; - қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатқа табиғатты пайдалану шарттарын, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру үшін құжаттар нысанын және оларды толтыру тәртібін; - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгі тізбесін; - экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқару органдардың лауазымды тұлғаларының қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін; - мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нысанын; - топырақта химиялық заттардың жол берілетін концентрациясын; - қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту; - парник газдарының шығарындыларының және озон бұзатын заттарды тұтынудың шекті жол берілетін нормативтерін әзірлеу және бекіту тәртібін белгілеу; - мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібін белгілеу; - қоршаған ортамен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде қадағалау желілерін құруды келісу; - қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарын және кәсіптік білім берудің үлгі оқу бағдарламаларын келіседі; - пестицидтерді (улыхимикаттарды) мемлекеттік тіркеу тәртібін келісу; - жануарлар санын реттеу тәртібін келісу; - жер қойнауын пайдаланушы мен қоршаған орта жай-күйін қадағалау түрлерін және әдісін айқындау тәртібін белгілеу; - парник газдарының шығарынды көздерінің жекелеген түрлері үшін парник газдарының шекті жол берілетін түрлерін белгілеу; - статистика органдары мен келісім бойынша климатты және жердің озон қабатын тиісті аумақтарда қорғау саласында белгіленген тәртіппен статистикалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тізбесін белгілеу; - эмиссияны және парник газдарының жұтылуын жыл сайынғы мемлекеттік түгендеу жүргізуді ұйымдастыру; - атмосфераға парник газдарының және озон бұзатын заттардың шығарындыларын түгендеу тәртібін белгілеу; - өз құзырының шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыру. |