7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже:
1) 2008 жылы 18 мемлекеттік стандарт және қолданыстағы стандарттарға 1 өзгеріс және бағдарламаны орындаудан бастап 42 стандарт және қолданыстағы стандарттарға 6 өзгеріс әзірленді;
2) Қаражыра, Сарыадыр, Кендірлі кенорындары көмір өнімдерінің каталогтары мен жіктеуіштері әзірленді;
3) ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2008 жылы электр энергетикасы саласындағы 20 нормативтік-техникалық құжат және бағдарламаның орындалуынан бастап - 143 әзірленді;
5) энергия үнемдеудің нормативтік базасын дайындау: 10 нұсқаулық пен әдістемелік нұсқау.
Түпкілікті нәтиже:
1) тұтастай алғанда, көмір саласы тиісті халықаралық талаптарға 2008ж. - 54,3%, 2009ж. - 75,3%, 2010ж. - 100% стандарттармен қамтамасыз етілетін болады;
2) тұтастай алғанда, электр энергетикасы нормативтік-техникалық құжаттамамен 15,4 %-ға қамтамасыз етілетін болады;
3) жол энергия үнемдеу үшін отын-энергетика қоры пайдалану тиімділігін арттыру, ел экономикасы аудармасына арналған шарттарды жасау;
4) өнімнің энергия сыйымдылығының төмендеуі, оның бәсекеге қабілеттілігінің артуы.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: әзірленімнің орташа құны: мемлекеттік стандартқа - 1554,0 мың теңге; қолданыстағы стандартты өзгертуге - 1070,0 мың теңге; каталог пен жіктеуішке - 2268,0 мың теңге; электр энергетикасы саласындағы нормативтік-техникалық құжатқа - 1516,0 мың теңге.
Уақытылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарларына сәйкес.
Сапасы: отын-энергетикалық кешен өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін халықаралық талаптарға сәйкес нормативтік-құқықтық, ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
296-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Курчатов қаласында «Ядролық технологиялар паркі» технопаркін құру»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2685000 мың теңге (екі миллиард алты жүз сексен бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 тамыздағы № 832қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ядролық энергетика саласында жаңа технологиялар мен технологиялық әзірлемелерді құру және енгізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоғары технологиялық әзірлемелерді нарыққа шығаруды жылжыту үшін, олардың өндірістік өнеркәсіпке енуін және жаңа технологияларды дамыту мен Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Курчатов қаласында «Ядролық техноло- гиялар паркі» технопаркін құру | «Ядролық технологиялар паркі технопаркін құру үшін төмендегі іс-шаралар бойынша жарғылық капиталын ұлғайту: 1. Ядролық технологиялар паркі АҚ-тың жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 2. радиациялық технологиялар кешенінің құрылысын бастау; 3. радиациялық технологиялар кешенінің құрал-жабдықтарын сатып алу және монтаждау; 4. ядролық реакторлық кешеннің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді жалғастыру; 5. ғылымды қажетсінетін кең өндірістердің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу; 6. ақпараттық-телекоммуникациялық байланыстар желісін құру; 7. мамандарды даярлау және қайта даярлауды жалғастыру; 8. «Ядролық технологиялар паркі» технопаркі базасында инновациялық жобаларды іске асырушы қорлар мен компаниялардың жарғылық капиталына үлестік қатынас жолымен инновацияларды енгізу, ғылымды қажетсінетін, оның ішінде бірлескен өндірістерді құру. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
«Ядролық технологиялар паркі» АҚ-тың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
радиациялық технологиялар кешенін салу; радиациялық технологиялар кешенінің жабдықтарын сатып алу және монтаждау ядролық реакторлық кешенінің жұмыс құжаттамасын әзірлеу; ғылымды қажетсінетін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу; ақпараттық-телекоммуникациялық байланыстар желісін құру бойынша жұмыстың басталуы; мамандарды даярлау және қайта даярлауды жалғастыру; «Ядролық технологиялар паркі» паркі базасында
инновациялық жобаларды іске асырушы қорлар мен компаниялардың қаржылық капиталына үлестік қатынас жолымен инновацияларды енгізу,
ғылымды қажетсінетін оның ішінде бірлескен өндірістерді құру.
Түпкі нәтиже: 2011 жылға қарай»«Ядролық технологиялар паркі» технопаркінің инфрақұрылымын құру ядролық және ілеспе технологиялар саласындағы отандық әзірленімдер негізінде ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға және республикада бар ғылыми-техникалық әлеуетті барынша пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ядролық және ілеспе технологиялар көмегімен инновациялық өндірістерді дамыту.
Уақтылығы: жоспар-кестеге сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
297-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Уран кеніштерін консервациялау және жою, техногендік қалдықтарды көму»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 635812 мың теңге (алты жүз отыз бес миллион сегіз жүз он екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Уранликвидрудник» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1311 қаулысы; «Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 шілдедегі № 1006 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: таратылатын уран өндіруші кәсіпорындар аудандарындағы тұрғындар мен қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: уран кеніштерін консервациялау және жою, аумақты қайт өңдеу және кеніштердің өнеркәсіптік алаңдары мен оған іргелес аумақта орналасқан техногендік уран қалдықтарын көму.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Уран кеніштерін консервациялау және жою, техногендік қалдықтарды көму | 1. Батыс кенішін тарату (Қызыл сай кенорны) таратуды аяқтау. Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы. 2. «Қошқар Ата» қалдық қоймасының екі радиациялық қауіпті учаскелерін қайта өңдеу жұмыстарын жалғастыру. Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы. 3. Қарасай кенішін (Жиделі, Қостөбе, Безымянное кенорындары) тарату - жұмысты бастау. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы. 4. Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы өткен геологиялық барлау қызметінің уран объектілерінің үстіңгі қабатын қайта өңдеу - жұмысты бастау және аяқтау. 5. Жамбыл облысының аумағында өткен геологиялық барлау қызметінің уран объекті- лерінің үстіңгі қабатын қайта өңдеу - жұмысты бастау және аяқтау. 6. Маныбай кенорны (№ 2 кен басқармасы) өндіріс алаңын қайта өңдеудің жұмыс жобасын әзірлеу. 7. Алматы облысының аумағында өткен геологиялық барлау қызметінің уран объек- тілерін қайта өңдеудің жұмыс жобасын әзірлеу. 8. Консервацияланған және таратылған уран кеніштерінің (№ 3 РУ-4, № 12 РУ-5, Қосашы кен орны мен № 8, № 9 және № 14 РУ-3 кеніштері) мониторингі - жұмысты бастау және аяқтау. Солтүстік Қазақстан облысы, Целинный және Айыртау аудандары; Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже:
1) Батыс кенішін (Қызылсай кенорны) таратуды аяқтау. Объекті таратылатын және Мемлекеттік комиссияға өткізілетін болады.
2) «Қошқар-Ата» қалдық қоймасының екі радиациялық қауіпті учаскелерін қайта өңдеу - жұмысты жалғастыру. Жұмыс жобасына сәйкес объектінің жалпы сметалық құнының кемінде 73% жұмыс көлемі орындалатын болады.
3) Қарасай кенішін (Жиделі, Қостөбе, Безымянное кенорындары) тарату - жұмысты бастау. Жұмыс жобасына сәйкес объектінің жалпы сметалық құнының кемінде 30,4% жұмыс көлемі орындалатын болады.
4) Шығыс Қазақстан облысының аумағында өткен геологиялық барлау қызметінің уран объектілерінің үстіңгі қабатын қайта өңдеу - жұмысты бастау және аяқтау. Объектілер қайта өңделетін және Мемлекеттік комиссияға тапсырылатын болады.
5) Жамбыл облысының аумағында өткен геологиялық барлау қызметінің уран объектілерінің үстіңгі қабатын қайта өңдеу - жұмысты бастау және аяқтау. Объектілер қайта өңделетін және Мемлекеттік комиссияға тапсырылатын болады.
6) Маныбай кенорнының (№ 2 кен басқармасы) өндіріс алаңын қайта өңдеудің жұмыс жобасын әзірлеуі. Жобалау орындалатын және Мемлекеттік сараптаманың тұжырымы алынатын болады.
7) Алматы облысының аумағында өткен геологиялық барлау қызметінің уран объектілерін қайта өңдеудің жұмыс жобасын әзірлеуі. Жобалау орындалатын және Мемлекеттік сараптаманың тұжырымы алынатын болады.
8) Консервацияланған және таратылған уран кеніштерінің (№ 3 РУ-4, № 12 РУ-5, Қосашы кенорны мен № 8, № 9, № 14 РУ-3 кеніштері) мониторингі - жұмысты бастау және аяқтау. Аталған кеніштер мен кенорындарының өнеркәсіп алаңдарында санитариялық-қорғау аймақтарын гамма-түсіру орындалатын, топырақ пен су қоймалары сынақтан өткізілетін, бақылау ұңғымаларының суынан сынама алынатын, радон эксхаляциясы өлшенетін, радиацияға қарсы баспаналардың бұзылған учаскелері қалпына келтірілетін және су мен топырақтың алынған сынамаларына талдау жасалынатын болады.
Түпкілікті нәтиже: жұмыстар аяқталғаннан кейін аумақтың радиациялық ластану деңгейі жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жобалық көрсеткіштерден аспауы тиіс.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: жобаны бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың бекітілген құнының шегінде жобаны іске асыру.
Уақтылылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес.
Сапасы: жобаларға сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
298-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қарағанды көмір бассейнінің шахталарын жабу»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 533499 мың теңге (бес жүз отыз үш миллион төрт жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қарағандыкөмір» мемлекеттік холдингтік компаниясының құрылымын қайта ұйымдастыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 1 қарашадағы № 1415 қаулысы; «Қарағанды көмір бассейнінің тиімсіз шахталарын одан әрі жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қыркүйектегі № 1479 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жабылатын газы мол шахталардан болуы мүмкін жағымсыз әсерлерден Қарағанды облысы тұрғындарының өмір тіршілігін қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қарағанды көмір бассейнінің шахталарын тарату жөніндегі техникалық іс-шараларды орындау және тау-кен жұмыстарынан бүлінген жерлерді қайта өңдеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Қарағанды көмір бассейнінің шахталарын жабу | 1. «Қарағанды көмір» АҮАҚ № 1 шахтасын жабу: 1) тарату жұмыстарын жүргізу; 2) жалпы шахталық және басқа; 3) жобалау-іздестіру жұмыстары. 2. «Қарағанды көмір» АҮАҚ № 2 шахтасын жабу: 1) тарату жұмыстарын жүргізу; 2) жалпы шахталық және басқа; 3) жобалау-іздестіру жұмыстары. 3. «Қарағанды көмір» АҮАҚ № 3 шахтасын жабу: 1) тарату жұмыстарын жүргізу; 2) жалпы шахталық және басқа; 3) жобалау-іздестіру жұмыстары. | Қаңтар- желтоқсан Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже:
«Қарағандыкөмір» АҮАҚ-тың № 1 шахтасын толық тарату; жобаларға сәйкес екі шахтаның тарату жұмыстарын жалғастыру; шахталар бойынша оларды жабу басталғаннан орындалған тарату жұмыстарының көлемі:
«Қарағандыкөмір» АҮАҚ № 2 шахтасы - 79,7%;
«Қарағандыкөмір» АҮАҚ № 3 шахтасы - 65,4% шахталары.
Түпкілікті нәтиже: Акті бойынша жергілікті атқарушы органдарға тапсырылған шұрайландырылған жердің көлемі 2008 жылы - 56,8 га және бағдарламаны іске асырудан бастап - 3153,8 га.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: жұмыстарды қаржыландыру бекітілген жобалау-смета құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады; жерді шаруашылық айналымға қайтару.
Уақтылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес.
Сапасы: жобалау-смета құжаттамасына сәйкес жұмыстарды орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
299-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 862385 мың теңге (сегіз жүз алпыс екі миллион үш жүз сексен бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 4, 5, 13-баптары; «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 5, 6, 9-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның радиациялық және ядролық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының аумағындағы қазіргі радиациялық жағдайды және халық үшін радиологиялық ахуалды бағалау; кейінгі радиоэкологиялық мониторингті жүргізу үшін радиациялық-ластанған аумақтар мен алаңдарды белдемдеу; зерттеулер нәтижелері бойынша радионуклидтермен ластанған аумақтарды оңалту және нормативтен жоғары радиоактивтік сәулелену жағдайларынан халықты қорғау жөніндегі ұсыныстарды дайындау; Ертіс химия-металлургия зауытына (бұдан әрі - ЕХМЗ) іргелес аумақтарда радиоактивтік заттар мен қалдықтардың бақылаусыз таралуын болдырмау; оның аумағының ерекшеліктерін ескерумен шаруашылық қызметін жүргізу үшін бұрынғы Семей сынақ полигонының (бұдан әрі - ССП) радиациялық және ядролық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ССП аумағындағы ядролық қару-жарақ қызметі қалдықтарының қорларын бағалау, бұрынғы ССП аумағында ядролық жерасты сынақтарын өткізу орындарының ағымды сейсмикалық жағдайын зерттеу, радиоэкология мәселелері жөнінде ақпараттандыру және түсіндіру; Қазақстан Республикасы территориясында құрамына мониторингтік мәліметтер базасы мен геоақпараттық жүйені қамтитын аймақтық және жергілікті мониторинг жүйесін құру; жерасты ядролық жарылыстарын жүргізу салдарын жеңу және радиациялық қауіпті объектіге жақын тұрып жатқан тұрғындардың күйзелу деңгейін оңалту жұмыстарының тиімділігін бағалау жолымен төмендету, техникалық базаны жасау және жерасты суларымен техногендік радионуклидтердің көшуіне ғылыми зерттеулер жүргізу.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Радиация- лық қауіпсіз- дікті қамтам- сыз ету | 1. Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық жағдайды зерделеу: 1) 2007 жылдың далалық жұмыстары бойынша барлық зертханалық талдаулар аяқталатын болады; 2) құрастыру бойынша жұмыстардың аяқталуы: радиациялық-химиялық ластану, радиациялық-гигиеналық паспорттар картасы, радиациялық факторлардың сомасы бойынша зондылау аймағының картасы және соңғы есеп. 2. Бұрынғы Ертіс химия-металлургия зауытының (ЕХМЗ), радиоактивті қалдықтарды көму пункттерінде және оған іргелес аумақтардағы радиациялық қауіпті жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу: 1) ЕХМЗ мен Первомай кенті аумақтарындағы жер асты және ағынды суларды радиациялық мониторингтеу жүйелерін құру бойынша жұмыстары аяқталды, 2008 жылға мониторинг жұмысын орындау. 2) 2005 жылы табылған оржолдық көмулерді қалпына келтіру және табиғатты қорғау ісшаралары аяқталды. 3) 22а цехында радиациялық қауіпсіздікті жою бойынша өндірісті топтау. 4) радиоактивтік қалдықтарды сақтау пунктінде ирригациялық жүйенің жобалық- сметалық құжаттарын әзірлеу. 3. Бұрынғы ССП-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету: 1) Бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының аумағының шекарасын тексеру және жайластыруды жүргізу және шаруашылық жұмыстарын қауіпсіз жүргізудің регламенттелген тәртібін, нормативтік-техникалық базасын әзірлеу. 1.1. Тәжірибелік алаңдардың және жалпы ССП шекараларының маркерларын жұмыс істеу қалпында ұстау 1.2. ССП аумағында және оған іргелес аумақтағы шаруашылық қызмет мониторингі 1.3. ССП ластанған аумағына енуді шектеу жүйесін құру және жұмыс істеу қалпында ұстау 1.4. Апаттық сипаттағы (ойық шұңқырлардың пайда болуы, газ бөлінісі және т.б.) көріністер орын алуы мүмкін деп саналатын қауіптілігі ықтимал аумақтарға ену жүйесін және шараларын әзірлеу және олардың қызметін бақылауға алу. 2) ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) Ядролық қару қызметінің қалдықтарын, радиоактивті және улы қалдықтарды консервациялау және жою және радиациялық-ластанған аумақтарды ремидациялау бойынша кешенді шаралар өткізу. 3.1. Радиоактивті ластанған төлімдерді түгендеу және оларды ранжирлеу мақсатында ССП телімдерінің және ластанған нысандардың толық тізбесін дайындау және бұдан бұрын зерттелмеген нысандардың ластану деңгейін бағалау бойынша алдын ала тексеру жұмыстарын жүргізу. 3.2. Дегелең таулы массивінен аққан су- лардағы радионуклидтердің жылыстау процесінің сипатын зерттеуді өткізу, Дегелең таулы массивінің су шыққан штольняларының бірінде ластануды шектеу жобасын әзірлеу. 3.3. Әскери радиоактивті заттармен ластанған төлімдерді ремедиациялаудың типтік жобасын әзірлеу. 3.4. «Шартты-таза аумақтардың» ластану деңгейін бағалау және оларды ранжирлеу (бөлу), ССП солтүстік бөлігінің ластану деңгейі жайлы деректерді верификациялау, зерттелген аумақтарға санитарлық-гигиеналық төлқұжаттарды дайындау. 4) Бұрынғы Семей сынақ ядролық полигоны аумағының радиациялық жағдайының шынайы картасын құру және жарылысалды көріністердің ауқымын бағалау 4.1. ССП су пайдалану нысандарын түгендеу және ластану деңгейін бағалау, су пайдалану нысандарының толық тізбесін дайындау, олардың гидрогеологиялық сипатын бағалау. 4.2. ССП шартталған апатты сипаттағы (өрттің, ойық шұңқырлардың пайда болуы және т.б.) ауқымды жарылысалды көріністің қатерін бағалау жұмыстарын өткізу, сонымен қатар ұңғымаларды тазалау, зерттеліп жатқан аумақтағы ауқымды қауіпті телімдерде топографикалық жұмыстарды өткізу; полигон аумағында қазіргі уақытта орын алған тектоникалық және сейсмикалық белсенділігін бағалау және зерттеу; жерасты ядролық жарылыстар өткізілген жерлерді паспорттау (Балапан, Сарыөзен алаңдарының әскери ұңғымалары) және олардың ауқымының бағасын зерттей отырып, қазіргі уақыттағы жерүстілік қаупі және геологиялық ортаның тереңдіктегі деструкциясының қаупін зерттеу және бағалау. 4.3. Жерасты ядролық жарылыстары өткізіл- ген жерлердегі ұңғымаларда газ бөліну сипаты мен олардың орын алуын, ойық шұңқырлар мен шығарындылардың, өрт шығу қаупін бағалау мақсатында ауқымды температуралық ауытқулар әдістемесін жасау, радонометрия және ртутометрия әдістерін табиғи тығыздық және жарылысалды аймақтарды карталандыру үшін пайдалану мүмкіндігін зерттеу. 4.4. Жерасты суларының мониторингі үшін бақылаушы ұңғымалар желілерін жетілдіру мақсатында Дегелең таулы массивінен тыс жерлердегі жерасты суларының мониторингі үшін жаңа ұңғымаларды құру. 4.5. ССП және оның маңайындағы (далалық стансалардың желілері) жерлердің сейсми- калық мониторинг жүйесін құру. Балапан, Сарыөзен алаңдарының сейсмикалық мониторингі. 5) Бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының радиоэкология мәселесі жөнінде халықты хабардар ету және ақпараттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және басқарушылық шешімдерді қабылдаудың ақпараттық жүйесін құру 5.1. «ССП» ГАЖ-жобасының ортақ құрылымын және «су пайдалану нысандары» қабатын құру, ақпараттық-ағарту шараларын іске асыру мақсатында, ССП мәселелері бойынша веб-сайт әзірлеу және құру, ҚР ҰЯО веб-сайтында «ССП» беттерін құру 5.2. Радиациялық қауіпсіздік және эко- логия институтының ССП мұражайының негізінде ақпараттықағарту орталығын құру, мұражай экспозициясын жаңарту және ССП-ға іргелес жатқан аудандардың оқушыларына тұрақты түрде баяндама негізінде дәрістер беруді ұйымдастыру. 5.3. ССП ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі жайлы ғылыми-танымал кітапша дайындау. 5.4. Жергілікті және республикалық БАҚ мемлекеттік және орыс тілдерінде ССП қауіп- сіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың нәтижелері жайлы ақпараттарды дайындау. 6) Құпия 4. ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. Құпия. | | |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайды зерттеу:
1) Қазақстан бойынша масштабы 1:1000 000 топырақ пен судың радиациялық-химиялық ластану карталары, барлығы 280 карта жасалатын болады; Республиканың облыстары бойынша тұрғындарға арналған радиациялық жүктемелердің карталары - 14 карта;
2) үлгілік учаскелер орналасқан шектерде 9 әкімшілік аудан бойынша рациациялық-гигиеналық паспорт; түрлі табиғаттың радиоактивтік ластануының 40 тау-кен объектісі және 40 локальды учаскесі бойынша радиациялық-гигиеналық паспорт; 14 облыс бойынша радиациялық-гигиеналық паспорт жасалды;
3) мониторингтік қадағалауларды жүргізу үшін алаңдар мен құрылымдар бөлінді; карталар мен паспорттардың, сондай-ақ Республика және облыстар бойынша толық радиациялық факторлардың сомасы жөнінде Республиканың аумағында нәтижеленуші зондылау картасының қосымшасымен бірге түпкілікті есебі жасалды (15 карта).
2. Бұрынғы Ертіс химия-металлургия зауыты (ЕХМЗ) аумағында, радиоактивтік қалдықтарды көму пункттері мен оған іргелес аймақтарда радиациялық-қауіпті жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу:
ЕХМЗ мен Первомай кенті аумағындағы ағынды және жер асты суларының радиациялық мониторинг жүйесін құру; өндірісті топтау (стандартты жабдықтарды сатып алу және Радиоактивті қалдықтарды (РҚ) тасымалдау үшін контейнерлер дайындау) 22а цехының ластанған технологиялық жабдықтарын демонтаждау; 2005 жылы табылған оржолдар аумағын тазалау және қатты радиоактивті қалдықтарды (ҚРҚ) РҚКП оржолдарына орын ауыстыру. РҚ көму пунктінің ирригациялық жүйесін құруға жобалы-сметалық құжатты келісімдеу және әзірлеу, ағынды және жер асты суларын мониторингтеу.
3. Бұрынғы ССП-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету: