7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже:
Қазақстандық АЭС жобасына техникалық талаптарының 2-томында мазмұндалған Қазақстан АЭС жобасының реакторлық бөлігіне талаптар анықтауды;
Қазақстандық АЭС жобасына техникалық талаптардың 3-томында мазмұндалған Қазақстан АЭС электрлік генерлеуші бөлігіне талаптар анықтауды;
Қазақстан Республикасында атом электростанциясын жобалау мен құрылысына тендер жүргізу бойынша конкурстік құжаттардың толық жинағын әзірлеуді орындау керек.
Қазақстанда атом станцияларын салуға неғұрлым жарамды пункттер анықталуы;
ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін, сонымен қатар электр энергиясын өндірудің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін АЭС келешекті жобаларының анықталуы;
АЭС салу мен пайдаланудың халық пен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін бағалаудың өткізілуі.
Соңғы нәтиже:
АЭС жобасының техника-экономикалық негіздемесін кейіннен әзірлеуге арналған АЭС салу және бастапқы алғашқы деректер мәселесі бойынша Үкімет қаулысын қабылдауға негіз болатын Қазақстанда атом электр станцияларын жобалау және салуды бастаудың мақсатқа лайықтылығы мен дұрыстығы туралы ғылыми-негізделген материалдардан тұратын құжаттар топтамасы.
Қазақстан Республикасы аумағында атом станцияларын құру үшін конкурс негізінде неғұрлым перспективті АЭС жобасын анықтау үшін нормативтік-құқылы және техникалық құжаттар дайындалды.
Маңғыстау облысында ВБЭР-300 РҚ-бар атом станциясын салу инвестициялық жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Реакторлық қондырғының (РҚ) техникалық жобасын әзірлеудің басы. Турбиналық қондырғының (ТҚ) техникалық жобасын әзірлеудің басы. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің техникалық жобасын әзірлеудің басы (ТП БАЖ).
Қаржылық-экономикалық тиімділігі: елдің АЭС неғұрлым тиімді жобаларына бағытталған атом-энергетикалық саласын дамыту.
Уақытылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес.
Сапасы: атом энергиясы саласындағы қолданылып жүрген нормативтік-техникалық талаптардың сақталуымен.