2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
25-бап. Даму Банкінің президентi
1. Даму Банкінің президентi Даму Банкінің атқарушы органы және лауазымы бойынша директорлар кеңесiнiң мүшесi болып табылады.
2. Даму Банкінің президентін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз ұлттық басқарушы компания қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
3. Даму Банкінің президентiне жарғыға сәйкес Даму Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша оралымды және атқарушылық-өкiмдiк шешiмдер қабылдау, Даму Банкi атынан шарттар (келісімдер) жасасу өкiлеттiгi берiлген.
6-тарау. Қосымша ережелер
26-бап. 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алынып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 27-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
27-бап. Даму Банкінің жауапкершiлiгі және дауларды шешу тәртібі
1. Даму Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiпте жауапты болады.
2. Даму Банкiнің, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
3. Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының