Негiзгi құралдардың көпшілігінің тозуы және техникалық прогрестен анағұрлым артта қалуы қызмет көрсету сапасының төмендеуiне және клиенттердiң кетуiне түрткi болды.
Бүгінгі күнi тасымалдау жиілігінiң ұлғаюымен байланысты почталық жөнелтімдердiң және ақша төлемдерiн жеткізу мерзiмiнiң қысқаруымен, мерзiмдiк баспа басылымдарын шыққан күнi жеткізудi қамтамасыз етумен және басқалармен байланысты проблемалар бар.
Қызметтер ұсыну сапасы саласында
Почта-жинақтау қызметтеріндегі қоғамдық қажеттілiктер халықтың барлық бөліктерiнiң және бизнес-құрылымдардың қызметiне еркiн қол жеткізудi қамтамасыз ететiн құптауға лайық деңгейдегi ұлттық желi құру және қолдау қажеттілігін таңдады. Бұл халықтың тығыздығына және елді мекендер арасындағы ара қашықтыққа қарай өндiрiстiк нысандарды орналастырудың белгiлi бiр нормативтерінің болуын, әмбебап қызметтер тiзбесiн, сондай-ақ оларды көрсету сапасының параметрiн анықтауды меңзейдi.
Бүгiнгi күнге тасымалдауды жиiлетумен, почта жөнелтiмдерi мен ақша төлемдерiн жеткізу мерзiмдерiн қысқартумен, мерзiмдiк баспа басылымдарын баспадан шыққан күнi жеткізудi қамтамасыз етумен байланысты проблемалар бар.
Қазiргі уақытта көптеген облыстардың аудан орталықтарында газеттердi жеткізу тек 2-3 күндерi, ал ауылдық елдi мекендерде баспадан шыққан кейiнгi 3-4 күндерi жүргiзiледi. Мерзiмдi баспа басылымдарын жеткізу жиiлiгi: облыс орталықтарында - аптасына 6 рет, аудан орталықтарында - аптасына 3 рет, ауылдық елдi мекендерде - аптасына 2 рет. Орталықсыздандырылған баспа пункттерi желілерiнің дамымай қалуы ауылдағы мерзiмдiк баспа басылымдарының уақытылы шығу және жеткізу проблемасын тереңдете түседi.
Ауылдық жерлерге тасымалданатын ақша қаражаттарының көлемiнiң өсуi олардың қауiпсiздігі мен сенiмділiгін қамтамасыз ету проблемасын күшейтедi. Сонымен қатар, ауылдық елдi мекендердi телефондандыру деңгейiнiң төмендігі ақпаратты таратудың автоматтандырылған процестерiн енгізудi қиындатады.
Почта қызметтерi сапасының төмендеуiне көп қабатты тұрғын үйлердiң кiре берiстерiне орналастырылған, көпшiлiгi жарамсыз жағдайға ұшыраған абоненттік почта жәшіктерiнің ағымдағы жай-күйi де септігін тигiздi. Бұрын абоненттiк жәшiктер үйдi басқару, тұрғын үй пайдалану кеңселерiнiң (ТҮПК) балансында болатын, оларға техникалық қызмет көрсеткенде, жөндеу, сырлау және ауыстыру жұмыстарын жүргiзген кезде почта байланысы органдарының жұмысына ақы төленетiн. ТYПК құлдырауымен почталық абоненттiк жәшiктердi орналастыру, пайдалану және ұстау мәселелерi қолданыстағы заңнамада көрiнiс таппады. Осыған байланысты абоненттiк почта жәшiктерiн орналастыруда және қызмет көрсетуде жеке меншiк құқығы туралы нормаларды енгізуге қатысты "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет.
Ұлттық почта операторының бөлiмшелерiнде көрсетілетін, почталық қызметтердi қоса, сондай-ақ жаңа қаржы қызметтерi шеңберiнiң ұлғаюын ескере отырып, компьютерлiк сауаты бар және басқару мен деректердi өңдеудiң автоматтандырылған жүйелерiмен жұмыс iстеу дағдысы бар мамандандырылған персоналды тарту қажеттілігі туындап отыр. Бiрақ, Ұлттық почта операторының біліктi және кәсiби дайындығы бар қызметкерлердi тарту үшiн бәсекеге қабілеттi төлем деңгейiн қалыптастыратын қаржы мүмкiндiгi жоқ. Сондай-ақ ауылдық жерлердегi оператор қызметiнiң тиiмсiздігі қызметкерлердiң еңбегiн төлеу деңгейiнiң төмендiгiне ықпалын тигiзедi және почта байланысы қызметкерлерiнiң әлеуметтiк қорғалуының әрi қарай төмендеуiне әкелiп соғады. Мамандықтың беделiн көтеру және қызметкерлердi бекіту үшiн почта байланысы қызметкерлерiнiң жалақы деңгейiн көтеруге мүмкiндiк беретiн, қолайлы экономикалық жағдайлар құру қажет.
Сонымен қатар елдiң жоғарғы оқу орындарында мамандарды дайындау проблемасы шешiлмей отыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жеке білім берудiң қазiргi жүйесiнде почта саласындағы мамандарды дайындау қарастырылмаған.
Осылайша, құқықтық қамтамасыз етудiң жетiлмегендігі, әсiресе ауылдық жерлерде почталық инфрақұрылымның дамымағандығы, еңбектiң төмен мотивациясы почта-жинақтау қызметтерiн көрсету сапасына керi әсерiн тигiзедi және қала мен ауыл арасындағы олардың қол жетiмділiгiнiң ажырауын қиындатады.
Күшті және әлсiз жақтарын бағалау
Почта-жинақтау жүйесiнiң әлсiз жақтарына мыналар жатады: қалалық деңгейдегi бәсекеге қабiлетсiздiк және ауылдық деңгейдегi жоғары шығын әкелетiн қызмет; негiзгi құралдардың тозуының жоғары деңгейi және жетiлдiру үшін қаржы көздерiнiң жоқтығы материалдық ресурстарды ұстауға кететін шығынның жоғары деңгейi материалдық-техникалық базаның жетiлдiрiлуi мен дамуы үшiн негiз қалыптастыруға және жаңа технологияларды енгізуге мүмкiндiк бермейдi; еңбекақы төлеу деңгейiнiң төмендігі кәсiби мамандардың кетуiне, нәтижесiнде көрсетiлетiн қызметтер сапасының төмендеуiне алып келедi.
Күшті жақтарына мыналарды жатқызуға болады. Бiрiншi кезекте, бұл халықтың қызметке қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн, iс жүзiнде елдiң барлық аумағын қамтитын аймақтық желiнiң бар болуы. Екiншiден, шұғыл депозиттерге орналастырылған халықтың салымдарының бүтiндiгін кепiлдендiру механизмi мен Ұлттық почта операторының мемлекеттік институт ретiндегі мәртебесi почта-жинақтау қызметi рыногында оның қызметiне деген сенiмдi арттырады. Үшiншiден, салынған үш деңгейлiк басқару жүйесi Ұлттық почта операторының барлық құрайтын буындарының қызметiн оңтайландыруға және жетілдiруге үлесiн қосады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты халыққа және экономиканың нақты секторына халықаралық стандарттар деңгейiнде көрсетілетiн почта-жинақтау жүйесiнiң қызметтерiне еркiн қол жеткізудi қамтамасыз ету болып табылады. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай мiндеттердi шешу қажет:
почта-жинақтау жүйесiн жаңғырту және қазiргi заманғы технологияларды енгізу үшiн экономикалық жағдай жасау;
почта-жинақтау жүйесiнің өңірлік инфрақұрылымының техникалық жағынан жайластырылу деңгейiн әсiресе селолық жерлерде күшейту;
клиенттердің қажеттіліктерiне бағытталған жоғары технологиялы қызметтерді енгізу есебiнен почта-жинақтау жүйесi ұсынатын қызметтер спектрін кеңейту;
почта-жинақтау қызметтерінің сапасын халықаралық стандарттар деңгейiне дейiн көтеру.
5. Бағдарламаның негiзгі бағыттары мен
iске асыру механизмдері
Мемлекеттің өңiрлiк саясатын қалыптастыру негiзi елдiң бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiнiң тұтастық принципі болып табылады. Осыған байланысты осы Бағдарламада басымды бағыт ретінде қалалық және ауылдық деңгейдегі әлеуметтiк маңызды қызметтердiң қолжетiмдiлігін, сапасын және ассортименттік қатарының деңгейiн көтеру белгіленген.
Бұдан бiрiншi кезекте почта-жинақтау жүйесiнің жабдықтары мен технологияларын жаңғырту үшiн қолайлы экономикалық жағдайларды болжайды. Басқа операторларға қарағанда, почта-жинақтау қызмет көрсету рыногында Ұлттық почта операторы бірден-бір құрылтайшысы және қатысушысы мемлекет болатын акционерлік қоғам болып табылады. Осыған байланысты почта-жинақтау қызметтер рыногының теңгерiмделiп дамуы үшін осы бағдарламада Ұлттық почта операторын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен капитализациялау жолымен жүзеге асыру болжануда.
Қолданыстағы технологиялар мен жабдықтарды жаңғырту ұсынылатын қызметтер спектрiн кеңейтуге, соның iшiнде жоғары технологиялық жабдықтарды, сондай-ақ Ұлттық почта операторы қызметінiң сапа көрсеткiштерiн күшейтуге ықпалын тигiзедi. Бұл Ұлттық почта операторын өңірлік инфрақұрылымға енгізу үшiн ауылдық аумақтарды, зейнетақы жүйесiн, шағын және орта бизнесті, тұрғын үй құрылысы жинақ ақша жүйесін, Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесiн, сондай-ақ "электрондық үкiмет" жүйесiн дамыту бойынша шараларды жүзеге асыруға бағытталған технологиялық қалыптасқан жобаға кiруге негiз болады.
Почталық, қаржылық және агенттік қызметтерді алуда тұтынушының сұранысын, бір байланыс бөлiмшесiнде қызмет көрсетілетін клиенттердің санын, халық тығыздығы көрсеткішінiң бағасын, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік факторларды ескере отырып, Ұлттық почта операторының тиiмдi өңірлік желісін құру мақсатында, 2005-2010 жылдары желілерді кезең-кезеңмен дамыту қарастырылуда.
1 кезең - 2007 жылға дейiн - облыс және аудан орталықтары деңгейiнде.
2 кезең - 2010 жылға дейiн - 2000 астам тұрғыны бар елдi мекендерде орналасқан ауылдық почта байланысы бөлiмшелерi деңгейiнде, ал iскерлiк белсенділік пен дамудың жоғары әлеуетi жағдайында - 1000 астам тұрғыны бар жерлер деңгейiнде.
Бұл ретте тұрғындардың саны аз елдi мекендер үшiн почта байланысы бөлiмшелерiнiң алыста орналасуы, зейнеткерлердiң саны, автомобиль жолдарының жағдайы және басқа да өлшемдерден шыға отырып жеке тұрғыда қарау қолданылатын болады.
Осы Бағдарламаның алдына қойған мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн мынадай механизмдер белгiленген.
5.1 Ұлттық почта операторының материалдық-техникалық
базасын жаңғырту және жаңаша технологияларды енгізу
Ауылдық жерлерде почта-жинақтау қызметтерiне қол жетiмдiлiк және әр түрлiлігін кеңейту мақсатында "2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының селолық аумақтарын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде селолық елдi-мекендердiң почта-жинақтау жүйесiн дамыту" бойынша iс-шараларды жүзеге асыру көзделiп отыр. Осыған байланысты 2005-2007 жылдар iшiнде болашағы бар ауылдық почта байланысы бөлiмшелерi қазiргі заманғы почта жабдықтарымен, көлiк құралдарымен жабдықталатын болады, ғимараттарды күрделi жөндеуден өткізудi және техникалық нығайтуды жүргiзу, сонымен қатар оларды қазiргi заманғы кеңселiк жабдықтармен жабдықтау жоспарлануда.
Қалалық жерлердегi почталық кеңселердiң техникалық стандарттарын отандық банктердiң есептесу-кассалық бөлiмдерiнiң деңгейiне көтеру үшiн "Қалаларда инфрақұрылымды дамыту" бойынша iс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Бұл ғимараттарды күрделi жөндеуден өткізудi және техникалық нығайтуды жүргiзудi, техникалық қауiпсiздiк құралдарын сатып алу және қондыруды, сондай-ақ бөлiмшелердi өндiрiстiк жабдықпен жабдықтауды болжайды.
"Магистралдық тасымалдау жүйесiн жетiлдiру" бойынша iс-шаралар почта жөнелтiмдерiн тасымалдау жүйесiнiң дамуына және оларды тасымалдау мерзiмдерiнiң қысқартылуына бағытталған. Бұл почта вагондарын күрделi-қалпына келтiрудi жұмыстарын жүргiзудi, сонымен қатар, почта жөнелтiмдерiн және ақша құралдарын тасымалдауға арналған автокөлiк құралдарын сатып алуды болжайды.
Жаңа қызмет түрлерiн және технологияларды енгізу мақсатында "Почта-жинақтау жүйесiн дамыту" бойынша iс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр, бұл компьютерлік, банктiк құрал-жабдықтарды, кассалық техниканы және бағдарламалық қамсыздандыруды сатып алуды, сондай-ақ резервтiк есептеу орталығын құруды болжайды.
Алға қойылған iс-шараларды жүзеге асыру почта-жинақтау жүйесiнiң өзiн-өзi қаржыландыру және өз шығынын өзi өтеу принциптерiнде әрi қарай тиiмдi және тұрақты дамуының негiзін қалайды.
5.2. Тарифтiк саясатты жетiлдiру
Почта операторлары үшiн тең бәсекелестiк жағдайларын құру мақсатында, әсiресе ауылдық жерлерде почта байланысы қызметтерiн ұсынатын почта операторлары үшiн баға белгілеудiң оңтайлы стратегияларын құру қажет.
Осыған байланысты, почта қызметтерi саласында қызмет түрлерi бойынша шығыстарды жеке есепке алуды енгізу қарастырылуда. Бұл қызметтердiң өзiндiк құнының шын мәніндегі деңгейiн анықтауға, ағымдағы шығыстарды жабу үшін кiрiстердi қалыптастыруға және пайда табуға мүмкiндiк бередi.
Темір жол көлiгiмен почта жөнелтiмдерiн тасымалдау бойынша Ұлттық почта операторының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн вагондардың жүру бағасы мен почта байланысының жалпыға бiрдей қызметтерiнiң бағасын бiрдей реттеу қажет.
5.3. Сапаның халықаралық стандарттарына көшу
Ұлттық почта операторының сапаның жаңа стандарттарына көшу процесi өндiрiстi жаңғырту, басқарудың жаңа технологияларын енгізу, персоналдың кәсiби деңгейiн көтеру, сондай-ақ қызметтердi дамыту және олардың жаңа түрлерiн енгізумен жүзеге асады.
А. Баршаға қолжетiмдi қызметтердi дамыту
"Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызметтердi тұтынушылардың жай хаттарын, почталық карточкалары мен бандерольдерiн жiберу бойынша қызмет көрсетуiнде белгiленедi. Қазiргi уақытта елдiң барлық аумағын қамтитын кең почта желісінiң бар екендiгiн ескере отырып, оларды ұсыну бойынша мiндет мемлекет атынан жеке меншiк иесi ретiнде почтаның Ұлттық операторына жүктелген.
Халықтың баршаға қолжетiмдi қызметтерге сұранысы өсуiне iшкi факторлар - елдегi қолайлы экономикалық жағдай (халықтың төлем қабілеттігі деңгейiнiң өсуi, экономиканың жеке және iскерлiк секторының дамуы, төмен деңгейдегi инфляция және басқалар) әсер етедi. Халықтың баршаға қолжетiмдi қызметтерге сұранысын әрi қарай ынталандыру үшін Бағдарлама мынадай сала iшіндегі механизмдердi жұмылдыру қажеттiлiгiн қарастырады:
Жалпы алғанда, почта рыногындағы бәсекелестiктiң дамуы баршаға қолжетімдi қызмет көрсету мүмкiндігі бар баламалы операторлардың пайда болуына ықпал етедi. Бұл аталған қызметтер бойынша монополистер қатарынан Ұлттық почта операторын шығарып тастау мүмкiншілігін қарастыруға және жеке операторлардың кiруiне құқықтық жағдайлар жасауға мүмкіндiк бередi.
Б. Қаржы қызметтерiн дамыту
Б.1. Төлем карточкалары
Бағдарламаны iске асыру үшiн микропроцессорлық карточкаларды пайдалану арқылы бiрыңғай ақысыз бөлшек төлем жүйесiн құрудың жоспарлануына сәйкес төлем карточкаларының Ұлттық банкарарлық жүйесiн дамыту бағдарламасын тарату үшiн Ұлттық почта операторының аймақтық желісін iске қосу қарастырылуда. Бұл жалақыны, зейнетақы мен әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу механизмiн жетiлдiруге; коммуналдық төлемдердi жинау, көлiк және байланыс қызметтерiн төлеу процесiн оңтайландыруға; ақысыз есеп айырысу формасында бюджеттік (салықтық, кедендiк) және де басқа мiндеттi жиындарды жүзеге асыруға және нақты ақша эмиссиясына шығынды қысқартуға мүмкiндiк бередi.
Осы мақсатта Ұлттық почта операторына төлем карточкаларын шығаруды, оларға қызмет көрсетудi ұйымдастыру және банкоматтар мен электрондық терминалдар желісін дамыту қажет.
Бағдарламаның ойдағыдай тарауы Интернет - коммерция (Е commerce), Электрондық әмиян (Е - саsh) сияқты жаңа қызметтердiң енгiзiлуiне және дамуына, сондай-ақ микропроцессорлық карточкалардың көмегiмен ақпараттық ресурстар мен қызметтердiң әртүрлi түрлерiне (медициналық сақтандыру карточкалары, электрондық жеке куәлiк, бонустық карталар және т.б.) қол жеткізуге мүмкiндiк туғызады.
Сонымен қатар, әртүрлi санаттағы салымшылардың талабын қанағаттандыру мақсатында салым операцияларын қосу арқылы несиелiк және қолма-қол ақша төлемiнсiз жүзеге асыру қызметтерi қарастырылуда. Халықтың басым бөлiгіне бағытталған стандартты қызметтердi таратумен қатар, Ұлттық почта операторымен дәулетті клиенттер үшiн жекелей қызметтер ұсынылатын болады.
Төленбейтін қосымшалары бар микропроцессорлық карточкалардың енгізiлуi деректердiң бiрыңғай негізiнде жеке және заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi жинақтауға, ақпаратқа еркiн қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету арқылы азаматтық қоғамның дамуы үшiн технологиялық алғышарттарды құру мүмкiндiгiн бередi. Өз кезегiнде Ұлттық почта операторының тармақталған өңiрлiк желісі "Электрондық үкiмет" жобасының ақпараттық ресурстарына халықтың қолын жеткізуiн ұсыну үшiн пайдалануы мүмкiн.
Б.2. Депозиттер
Республикадағы қалыптасқан депозиттiк рыноктың талдауы, салымшылардың көбi өз қаражаттарын салу туралы шешiмдi қабылдау кезiнде бәрiнен бұрын, олардың бүтiндiгi үшiн қаржы институтының сенiмдiлiгiн басшылыққа алатынын көрсетедi.
Елдiң барлық аумағында халыққа осы қызметке қол жеткізудi қамтамасыз ету және салымшыларды әлеуметтiк-экономикалық қорғау үшiн "Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген, Ұлттық почта операторымен тартылған, банктiк механизмге балама заңды тұлғалардың салымдарының бүтiндігін қамтамасыз ету механизмi енгiзiлген болатын. Бұл механизм Ұлттық почта операторымен шұғыл депозиттерге тартылатын халықтың салымдарын мемлекеттік бағалы қағаздарға және басқа өтiмдi қаржы құралдарына орналастыру жолымен олардың бүтiндiгiн мемлекет арқылы қамтамасыз етуiн қарастырады.
Ұлттық почта операторына почта-жинақтау жүйесiнде де, сондай-ақ жалпы қаржы рыногында да пайда болатын қауiп-қатердi ескере отырып, банктік қызметтерге шектеулi қолжетімдiгі бар тұлғалар үшiн қаржы қызметтерiн көрсету жүйесiн жетiлдiру қажет.
В. Агенттiк қызметтер
Елдiң барлық аумағын қамтитын Ұлттық почта операторының желісі, "тауар-почтамен", сақтандырудың бiрқатар түрлерi, зейнетақы келісімдерiн бекіту, басқа қаржы институттарымен, сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнің агентi ретiндегі, тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесi арқылы берілген қарыздарды беру және жабу сияқты агенттiк қызметтер түрлерiн халықтың басым бөлiгiне ұсыну үшiн қолайлы жағдайлар жасайды.
Осындай қызметтерге қол жеткізудi қамтамасыз ету жоспарында әлеуметтiк маңызды жобалардың ойдағыдай таратылуы, сондай-ақ әртүрлi деңгейлерде басқару органдарымен құрылатын, шағын бизнес субъектілерiн және халықты микронесиелендiру қорларына, банктік ресурстар мен қызметтерге агенттік бастамаларда почта-жинақтау жүйесiнiң желілiк инфрақұрылымының қосылу тиімділігін растайды.
Г. Трансфер-агенттiк қызметтер
Бағалы қағаздардың ұлттық рыногының техникалық инфрақұрылымын дамытудың негiзгі мiндетi болып, елдiң әртүрлi аймақтарында тұратын, Қазақстан халқының қаржылық ұйымдардың қызметтерiне қол жеткізуiн қамтамасыз ету болып табылады. Ұжымдық инвесторлаудың схемасын дамытуды ынталандыру үшiн брокер-дилерлер бағалы қағаздарды тарату үшін бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттердiң желісін пайдалана алады. Бұл схема инвестициялық бағдарламаға халықтың басым бөлігін тарту үшiн барлық мүмкiн ресурстарды пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Клиенттердi тартуға және бекітуге, ұзақ мерзiмдi өзара пайдалы серiктестiк жүйесiн құру алдыңғы қатарлы ақпараттық-технологияларды пайдалану, клиенттердiң қаражаттарын сенiмдi басқару қаржы рыноктарында жеке операцияларды қолдау бағдарламаларының дамуына ықпалын тигiзедi.
Ұлттық почта операторының бөлiмшелерiнiң кең желісі негiзiнде Қазақстанның облыс орталықтарында, аудандарында және қалаларында бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстейтiн, әртүрлi қаржы институттары арасындағы құжаттарды қабылдап-тапсыруды жүзеге асыратын пункттер ашылатын болады.
Д. Интернет - бағытталған қызметтер
Телекоммуникацияның дамуы интернет-коммерция базасы негiзiнде құрылған қызметтердiң дамуына септiгiн тигiзедi.
Интернет - бағытталған қызметтердi дамыту негізiнде филателиялық өнiмдердiң жобаларын енгізу, "Интернет арқылы жазылу" жобаларын енгізу, сонымен қатар алдағы уақытта өнiмдердi каталог бойынша Интернет арқылы сату жобасы жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, "Қазақтелеком" АҚ бiрге ауыл тұрғындарының Интернет-қызметтердi пайдалануына қол жеткізу жобасы қаралуда.
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi
1,2 млрд. теңге сомасындағы Ұлттық почта операторының жеке қаражаттары 2005 жылдан 2010 жылға дейiнгі кезеңде iстен шыққан негiзгi құралдарды қалпына келтiруге қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бiрақ, почта-жинақтау жүйесiн дамыту үшiн жоғарыда көрсетiлген қаражат жеткiлiксiз.
Осыған байланысты, почталық және қаржылық қызметтердiң кең спектрiне әсiресе селолық жерлерде тұратын, Қазақстан халқының еркiн қол жеткізуiн қамтамасыз етуге бағытталған осы бағдарламаны таратудың маңыздылығын ескере отырып, мемлекетпен, 2004-2006 жж. республикалық бюджет есебiнен Ұлттық почта операторының жарғылық капиталын ұлғайту механизмi iске қосылады. Почта-жинақтау жүйесiн капиталдандыру оның өзiн-өзi қаржыландыру және өз шығынын өзi өтеу принциптерiнде ары қарай дамуы үшiн экономикалық алғышарттар құруға мүмкiндiк бередi.
Мәселен, 2005-2007 жылдарда республикалық бюджет қаражаты есебiнен Ұлттық почта операторының жарғылық капиталын қосымша 5,77 млрд. теңгеге, оның iшiнде 2005 жылы - 1,4 млрд. теңгеге, 2006 жылы - 2,0 млрд. теңгеге, 2007 жылы - 2,3 млрд. теңгеге ұлғайту қажеттiлігі туындайды. 2005-2007 жылдары жоспарланған қаржы шығындарын болжау "Сәйкес қаржы жылына республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Тартылған қаржы көздерi келесi iс-шараларды таратуға бағытталады (2-кесте):
2-кесте
Қаржы салымы бағыттары
млдр.теңге
Іс-шаралар атауы | Қолданыс- тағы бюджеттік бағдарлама 2004 ж. | Жоспарлан- ған бюджеттік бағдарлама- лар, барлығы | Оның ішінде жылдар бойынша |
2005 ж. | 2006 ж. | 2007 ж. |
1. Инфрақұрылымды дамыту ауылдық жерлерде 0,4 1,83 0,73 1,10 қалада 2,04 0,33 0,61 1,10 2. Магистралды тасымалдау жүйесiн дамыту 1,02 0,05 0,06 0,91 3. Банктiк технологияларды дамыту 0,88 0,33 0,20 0,35 |
Барлығы: 0,4 5,77 1,44 1,97 2,36 |